ВЕРНУТЬСЯ

   СҮТ ІЗДЕГЕН КЕМПІР-ШАЛ

немесе ит жетектеген бикелер

Бәрі бар!

Қажет емес түк те маған,

Кезегін кеп болса да күткен адам,

Кейде мен қос немерем келеді деп,

Ерінбей таңнан тұрып сүтке барам.

Сүт үшін ала таңнан жүрсем де мен,

Жетпей қап кейде бірақ құр сенделем.

Сүт іздеп келгендердің арасында

Жүреді кемпір-шалда бүрсеңдеген.

Бұзылған дейсің жұрттың сиқы неден,

Нарық қой, қашқан шығар ұйқы деген!

"Асыққан жұртпен бірге сүт алуға

Келеді бір келіншек итіменен...

Бір өзі... Иттен езге жоқ
серігі:

"Өмірде кердім талай кеп серіні,

Серігім - осы ит қана!" деп бөседі,

Түрі жоқ, ит десеңде ар көретін,

Жоқ шығар әйел бұған пар келетін!

Тегінде болады екен итке де әуес,

Қай бикеш сезімі жоқ нәр беретін...

Осында күшік ерткен бойжеткен бір

Тізеге жетер-жетпес көйлекпен жүр.

Бұл күнде бала орнына ит
асырау -

Салт-дәстүр болды ма әлде,

(ой жеткен бұл?!)

Жатқанда нарық деген дәуірге өтіп,

Жатқанда қоғам өшіп, қауым кетіп,

Әйел тұр дәу төбетін арпылдатып,

Бикеш тұр сұр күшігін шәуілдетіп.

Өтсек те ат сабылтып нелер жолдан,

Білмеймін, дәрмен қайсы келер қолдан.

Қазақтың, басқа ұлт түгіл, қыздарына

Бұл күнде ит асырау - өнер
болған!

Бұл жайлы көрелікші ойланып кең,

Қасиет осы ма еді бойға біткен?!

Кезекте тұрса кемпір бүрісіп кеп,

Жүреді қазақ қызы ойнап итпен...

Сөз айтсаң шап береді тілдеп тегі,

Мұндай қыз тағдырға ма,

Кімге өкпелі?!

Болашақ бақытына бұғау салған -

Қазаққа келген бұ да індет пе еді?

Жүретін сауық пенен сайран қылып,

Ата салт өшкенің бе, қайран ғұрып!

Ұл емес, ит өсірген бейбақтармен

Күресу керек шығар майдан құрып!