ВЕРНУТЬСЯ

Теңiздер де шөлдейдi,Шаршатты оны күнгей леп.Жартасқа да сенбейдi,Арғы тегiң құм ғой деп. Өкiнiшi тулайды,Толқын болып адасып.Шағалалар шулайды,Көк теңiзге таласып. Жаға.Жартас.Түйiн ғып,жұрты жатыр көп iздiң.Қалған сулар иiрiлiп,Сынықтары теңiздiң. Жүзiн желге жаниды,Маза бермей мың арман.Тағдырына налиды,Су мен шудан құралған.Меңiрейген дала, бел,Қысты бердi күзiңдi ап.Сөз бiлмейтiн қара жел,Миды ашытты ызыңдап. Көк теңiзiм, налыма,Сыздап көңiл жарасы,Балықтардың бағына,Қорған болдың, қарашы. Сен екеуiң – егiздер,Қорға оны жалықпай.Балығы жоқ теңiздер –Баласы жоқ халықтай.                    * *  *Қалалардан қашып шықты құла дүз,Сөзшең қоғам ортасында – мына бiз.Атқан таң мен батқан күннiң арасын,Апыл-ғұпыл, тапап өте шығамыз. Кешегi күн – көшiп кеткен көршiмдей,Бүгiнгi күн кешегiнi теңсiнбей.Күнтiзбенiң бетiнде де тай-талас,Мереке күн жай күндердi менсiнбей. Көңiл-дөнен.Басын жұла қашқанда,Аспаныңыз жарамайды астарға.Сәл нәрсеге мұңдануды қойғанбыз,Төзiмiмiз көшiп алған тастарға.Көшiп алдық, қалды еркелiк  наз- әнi,Тас та бiздi жатсынбады ғажабы,Себеп: мына бiздердегi қаттылық,Кейде. . . тастың өзiнен де озады. Соңындамыз арман, құлқын, тiлектiң,Сен аман бол, бейбiт заман, жiбек күн.Бiздi қойшы.Бiз уақытша пендемiз,Қолындағы уақыт атты күректiң.