ВЕРНУТЬСЯ

- Түніміз   бір  талмай 
күткен  таңды  да...
(Таңдай  назың  томсырайып 
қалды  ма?)
Ояу  жүрсең,
мен  келерде  гүл  қадап
Қойшы  әр  күні 
терезеңнің  алдына.
- Саған   еріп  кететіндей 
түн  өтіп,
Күн  мен  түнді 
келем  талмай  күзетіп.
Ол  аз  десең,
шашайын  мен  жолыңа
Бір  басымның  тыныштығын 
гүл  етіп.
- Ақша  бұлтқа  асылған 
сен  шынарсың.
Шыңға  дейін  талай 
ауыр  тұрар  сын.
Мен  қаңғыбас  жан 
едім  ғой,
бірақ  сен
Оған,  сірә,  таңданбайтын 
шығарсың?
- Таңданбаймын.
Бірақ  сонша  қашық 
па  ем?
Қалдың  ғой  сәл  әзіліме  жасып 
кем.
Ал  басым  бос  болмаса  да...
бәрібір
Саған  ғана  барар 
едім  қашып  мен.