ВЕРНУТЬСЯ

– Қайран одақ, ойхой, онда басқа еді,Болмайтын-ды еш адамда бас қамы...– Қой үстіне жұмыртқалап бозторғай,Жұрттың бәрі болатұғын ақшалы... – Шіркін, кеңес үкіметі жарықтық,Қамқор болды, дүниеге қарық ғып...– Әттең, әттең, наданбыз ғой, білмедік,Көсегені көгерткен-ді, жаңа ұқтық.. Дегендерге бердім талай түсінік,Сөз саптадым, мысалдармен пісіріп.Түсінгендер пікір қосып, қолдасаАл, біреулер шыға келді ісініп. Алғашында жасай алмай нық қадам,Жатқанда елім, болды оны ұқпаған?..Тәуелсіздік бүгін алып, ал ертеңРахатын көрмедік деп шықты адам. Өткеннің де білдік жақсы-жаманын,Азаттықты ауыздықтау амалын.Беу, отандас, құптау керек ендеше,Бостан елдің әрбір басқан қадамын. Сәбидей ек кеше кескен тұсауын,Бүгін міне, бойға толды күш ағын.Махаббат та бостандыққа құрбандықБолған екен, айтайын бір мысалын. ...Ұлы Тұран, дәл жетінші ғасырда,Бір ару қыз тұрыпты елдің басында.Есімі – Алтын, Зарина деп парсылар,Патшайымды балайды екен асылға. Ерлігімен бас идіріп жан-жақты,Алтын патша елін жаудан қорғапты.Көрші жұртпен ынтымағы жарасып,Атақ-даңқы шартарапты шарлапты. Батылдықты, ақыл менен көрікті,Тәңір ием үйіп-төгіп беріпті.Елеңдепті ел, сылаңдаған бойжеткен,Қайсы жұрттан табады деп серікті. Патшайымға кімдер басын имеді,Талайды ол Мәжүніндей сүйреді.Жүрекке әмір жүрмесі анық АлтынныңМидиялық ханзада еді сүйгені.                                                                                                                                                        Батыр ол да, билеп тұрған бір елді,Патшайыммен бас қоссам деп жүрер-ді.Уақыт өте серттескен күн алшақтап,Ал, ханзада жауар бұлттай түнерді. «Көп аңдадық мынау заман түлкіні,Пәк сезімді қандай бөгет іркіді.Жаным, түсін, өмір зулап барады», –Деп ханзада мұңын шақты бір күні. Талқандаған талай жаудың қамалын,Ержүрек қыз, жарқылдатып жанарын.Ханзадаға қадап тұрып айтыпты,Көңіліне көптен түйген жауабын: «Толқыттыңыз менің сезім көлімді,Бір өзіңе жүрегім қақ бөлінді.Қосылармыз, мен бақытты болармын,Ал, қайтемін артымдағы елімді? Қосылармыз, бір арнаға толармыз,Сен билеуші, мен ханымың болармыз.Еркін елін бағындырса біреуге,Шын бақытты болғаны ма, одан қыз?! Сезесің ғой, шын сүйемін сені мен,Жұлдызымсың, сөнбес көңіл көгінен.Бірақ жаным, бостандығы елімнің,Маған қымбат және артық бәрінен! Думанға мен бөлемедім көшеңді,Той-шарапқа толтырмадым кесеңді.Халқым үшін қара басым құрбандық,Ал, батырым аман-сау бол, қош енді». ...Жеткен бізге бірнеше мыңжылдықтан,Әңгіме бұл,түп негізі шындықтан.Ел аузында қалған Алтын патшайым –Құтқарушы қасіретті құлдықтан. Бұл бостандық – қазағымның арманы,Күн астында қыранымның самғауы.Қанға бөккен, шашыраған, жоғалғанСан халықтың жете алмаған таңдауы.                                                                                            Тәуелсіздік – бақытым да, барым да,Жыр жазамын, жырлаймын ол жайында.Жаратқаннан тілейтінім, тәу етіп –Қазағымды еркіндіктен айырма!