ВЕРНУТЬСЯ

немесе ақын аға Есенғали Бөкенбаевқа хатАман да есен жүрмісіз,Есенғали ағамыз.Алыста жүрген ініңеШайырлардың ішіненӨзіңнің артық бағаңыз.Соңғы жылдар, жан аға,Ақтау деген қалағаКөшуді бізге нәсіп қыпАлыстап кетті-ау арамыз.Маңғыстау болды тұрағым,Өлеңнен өрнек құрадым,Алыста сенен жүрсем де,Ауылдан келген адамнанХал-жайыңды сұрадым.Шабысы бөлек дүлдүлім,Екпіні қатты жүйрігім,Сағыныш жырын жолдадым,Шабыттың ашып түндігін.Толқындай көкке ыршыған,Тыңдаған көңіл тыншыған.Ел ішін кезген кезімдеЖырларыңды естіп шаттандымТермеші менен жыршыдан.Сөзіңнің ұқса байыбын,Өзіңсің асау Жайығым.Тыңдаушыны тебірентті,Қайғылыны еңіреттіӘйгілі “Тоғыз қайығың”.Жөргекте жырдан от алдым,Жиырмада сенен бата алдым,Отыз жасқа келгендеОйын- тойға сән беріп,Өлең сөзге әр беріп,Ақыны елдің атандым.Еңбек еттім баптанып,Жүрмін содан бақ тауып,Халыққа жазған жырларым,Жүректен шыққан сырларым,Басылды тасқа, қатталып.Қияға тартып жүрегім,Шарлап кетті жыр елін.Алыста дәйім жүрсем де,Шағадамдағы абызым,Күйіне келген қобызым,Ақылшым менің Ес-ағам,Саулығыңды тіледім.Бірақ та жөні, ағажан,Бөлек-ау, туған ауылдың,Ауылда жауған жауынның,Ауылда соққан дауылдың,Күннен-күнге жат болып,Алыстап қалған бауырдың.Шағадамды жайлағанҚазақ-түрікмен қауымның.Елге ырыс, құт болған,Шұбалған Құба тауымның.Сағым кезген белдерім,Боз жусанды жерлерімБірге жүріп, бірге өскенҚатар да құрбы теңдерім.Бір көруге асық боп,Дидарыңа шөлдедім.Бала боп жүрдім Ақтаста,Жігіт боп бардым Бекдашқа,Қырандай қанат қомданып,Қайта-қайта толғанып,Кеудемнен өлең ұшырдымГюшадағы көк таста.Тартатын қайсар дала ұлын,Қошоба, Хасан, Шағылым,Қулымаяк, ЖаңғақтаСыралғы достар көп едіҚыздырған еңбек дабылын.Қуанып бұрын айтарым,Мұңайып бүгін айтарым:Суалған айдын тола ма,Аққу-қаз қайта қона ма?Қарабұғаз – байтағым!..Осыларды ойлап жабығып,Аулаққа жіпсіз таңылып,Ес-аға, сізге хат жаздым,Сағыныш бұлтын жамылып,Ініңнің өзің жайын ұқ...                                  5.05. 1988 жыл.