ВЕРНУТЬСЯ

     Тәңір
ме екен жаратқан ерке қылып,

Уақыт
- пірің тұрады жер тебініп.

Сақтар еді-ау адамдар,
өзін-өзі,

Алса
өмірдің
өтерін ерте біліп.

Өмір
бірақ айтпайды оны бізге,

Айтса
бәлкім жүрер ек жөнімізге.

Түсіңе
енген уақыт баянды боп,

Зырлап
өтіп
жатады өңімізде...

Зырлап
өтіп жатады тұрақтамай,

Тоқтатарсың
сен оны сұрап қалай.

Жаңа
туған жабықтан
ай секілді,

Өтеді
күн аяғын бір аттамай..

Түн
де өтеді өзіңнен
бұрын
жүріп,

Бірін
білмей қаласың, бірін біліп.

Аяғыңды
алшаңдап басқан кезде,

Жібереді бір пәле сүріндіріп...