ВЕРНУТЬСЯ

      Қолдан келсе - үнсіз кел, үндемей кел,

Үндемесең
болғаны - күндемейді ел.

Айқай
түгіл әзірге сыбыр қалып,

Жыбыр
қағып қаншама тұр көмейлер.

Өлер жерін қапысыз анық білген,

Тұр ғой
бүгін біразы қалып тілден.

"Үндеме!" - деп саған да қақсай-қақсай,

Қақсай-кақсай,
қайтейін жалықтым мен.

Жексұрынға
кіжініп, жебірге де,

Тілің қыши
береді сенің неге?

Әділетті көрсең де көрмегенсіп,

Үндеме
тек, бауырым! Тек үндеме!

Таусылды ма тірлікте иланарың, -

Үндеме де, ішіңе жина бәрін.

Тақсіретті көрсең де теріс қара,

Қайтесің
сол қазақтың иман, арын!

Көрінуді ойламай күнде көсем,

Бауырларың
қаншама жүрген есен.

Кіріп-шыға қойыпты ішіңе кім,

Сен де
солай боласың үндемесең.

Қабақ түйіп біреулер шытынасын,

Ұтыласың
сөйлесең, тұтыласың.

Үндеме тек, бауырым,

Үндемесең

Үйдей ғана пәледен құтыласың!...