ВЕРНУТЬСЯ

     Үнімен бұлағыңның
парыз ымдап,

түбінен құлағымның
зар ызындап,

алдыңа келіп қалдык, ағайын-жұрт,

ащылау, алакөңіл арызымды ап.

Төзімі темір болған, дәті берік,

біз де сол қайсар елдің ақыны едік,

сайрайды тіл менен жақ кейде талмай,

біресе сөйлете алмай ақы беріп...

Зәуде бір ұқтыра
алмай өзінді елге,

баз кешіп, дүниеден безінгенде,

аямай, аяқ асты жатады ұшып

сары алтын "самородный" сөзің желге.

Орынсыз шағынарсың кімге барып,

отырам өздеріңмен бірге налып, -

сезімге берілесің күйігі мол,

өзін де төңірінің тілдеп алып...

Көңілге қырау қатып, қыс тұра ма,

білмейсің ышқына ма, қыстыға ма, -

амалсыз кіжінесің "әттең-айлап",

армандап өзінде жоқ күшті ғана!...

Сезесің арманыңның ол да емесін,

не демес адам шіркін шөлдегесін.

...Қайтерсің, қатал тағдыр тастай қатып,

біз жаққа бұрмай-ақ
тұр мол денесін!...

Ортасында ұл
мен қыз, немеренің

соламын да,

толамын,

көгеремін,

тарыламын, ағымнан жарыламын,

қу жаныма біле алмай не керегін.

Қу жаныма тыныштық жоқтығынан,

түлкі-тірлік алдаумсн өтті бұлаң,

ордан аттап кете алмай, сордан аттап,

қорғалақтап ... өзіме кеп тығылам.

Кірбіңінен көңілдің безінер ек,

жатқан кім бар естінің сөзін елеп.

Бұғынасың
оғынан, боғынан да,

тығыласың ақыры... өзіңе кеп!

Көкіректі ыс емес, ыза басқан,

мың алданған тірлік-ай, жүз адасқан.

Өлең терген боласың еңкең қағып,

көлеңкеңнен әріге ұзамастан!...

Алқыныстар баяғы, талпыныстар

азайғанын көрмедік жарты мысқал.

Кімдер ғана жаппады жала саған,

бала-шағаң қасында,... сәл тыныштал!

Тартылып көз алдымда сымдай мүсін,

сұлу қыз,
сырымды айтсам тындаймысың?

Ішімде от та жатыр, шоқ та жатыр,

алсаңшы өзің тауып ыңғайлысын.

Осы ма енді қалған түрі ибаның,

барады жанға батып... жымиғаның.

Тұрса да
білгім келіп, тіл күрмеліп,

біржола мысым емес... құриды өлім.

Жалықпай Алматының күні ысудан,

сезімнің селт етпейді үні шудан.

Аңырып...

ағаң қалай "жетіспесін",

біржола кетіскесін ұғысудан!...