ВЕРНУТЬСЯ

    Ала өгіздей қарайтын жұртқа
аларып,

"Винни - Пух" шал көзінде бұлт қамалып.

- Ол сайтанды, - дегені, - жерлейік те,

Бір колхоздың жеріне сыртқа апарып.

Тілдескеннің бәрін де торықтырған,

Бұны бізге қай құдай жолықтырған?

Мұқағали -
қайтейін жүрек еді,

Кеудесінде заманның соғып тұрған.

Шуақ шашып,жол тартқан күнге өрнегі,

Ұлы ақынды
сол шалдың кім көргені?

Мылқауларға тіл бермей,әділдік пе,

Сол қақбасқа сайратып тіл бергені?

Ажал қарпып қарбыздай асағанда,

Жұтылған-ды кәрі де,жас адамда.

Сегіз ауыз өсиет қала ма одан,

Сірі етіктей сексен жыл жасағанда.

Әй, білмеймін...тұр оған көзім жетпей,

Талай жерде мұқалғам сөзім де өтпей.

Өштескеннің өңешін жұлып алып,

Жүрген күні бар ма оның безілдетпей.

Зұлымдығы бароның тағы
қандай?

Қыр-сырына келемін қаныға алмай.

Кинодағы Винни - Пух қайырымды еді,

Домаланып жүгірген жаны қалмай.

Сойғақ ізін сойқанды жосқын көрген,

Қабағынан қаржауып, дос түнерген.

"Винни - Пух" шал -заманның қара месі

Ішін желмен толтырып бос жіберген.

Аш масадай желкеме қона қалып,

Шағып мені жүре ме көзі аларып.

Қой, кетпесем болмайды...келеді,
әне,

Қоңыз итерген боқ доптай домаланып.