ВЕРНУТЬСЯ

          Уақыт
- Ақын, неге үндемейсің?
Шабыт қайда?
Шалт қайда?
Күбірлейсің,
күрмелесің
Шабан қиял шаппай
ма?
Ақын
Ой тағдырын түк түсінбей
Мінезіңнен
бүгінгі
Төрт аяғын тік
түсірмей,
Арғымағым сүрінді.
Жолың тайғақ, таға кетік,
Алдымда жар тұрғандай,
Баяғыдан баға
кетіп,
Кәзіргідей құн
қалмай,
Өтіп кеткен өмірімді,
Өксіп, аңсап,
күрсінем,
"Етіп тәрік
сол күніңді,
Жаманда!"-деп,
тұрсың сен.
Жоқ, уақыт сенде тұғыр,
Селмен көшкен
селдейсің.
Сен бәрібір екі ғұмыр
Маған қайтып
бермейсің.
Жақсы ма еді, жаман ба еді,
Ол күнім мен ол айым?
Етпей-ақ қой алаң
мені,
Сонда-ақ қалып қояйын.
Ғайбаттау үшін өткенді
Бүгінің артық болса еді.
Өткеннен қалған
көп белгі -
Өміріңнің өлшемі.
Идея бар, мақсат бар,
Жетемін деген
талап бар,
Жабыдан озған
жақсы ат бар,
Қағайын десең
қанат бар.
Ол күндерді несіне
Жазғырасың, жарқыным!
Бүгіннің бәрі -
несие,
Өтейтін жоқ
алтыным...
Уақыт
Әдеті, адам көз ілсе,
Түсіне кірер
баяғы,
Әр уақыт өзінше
Басы да бар,
аяғы.
Жаңа мезгіл, әр
кезең,
Қиналып туар
сәбидей,
Немесе бейне долы
өзен
Өткелі жұмбақ -
бәрі үрей.
Құтырып кеткен
пенденің
Келтіру абзал
тобасын.
Болады шегі әр
ненің,
Бәрібір соған
соғасың.
Ақын
Заманай, сені қайтейін,
Ұстатпайтын сынапсың,
Бір ілгері, бір
кейін
Толқисың да тұрасың.
Үйлесуге сенімен
Жүрек қайдан шыдасын,
Арман, үміт, сеніммен
Бос сағымды қуасың.
Кешегі бір әулие
Болып шығып бүгін
жын,
Баяны жоқ дүние
Мен амалсыз
түңілдім.
Ақын
Алыста жатыр ауылым,
Ағайыннан жоқ
хабар,
Бар еді сансыз
бауырым,
Не жазып едім жат болар?
* * *
Мен шыр етіп түскен жер,
Қайран қопа Шүбалаң.
Қозғалады іштен
шер,
Тағдырыңа мен
алаң.
Ат қып мінген мен талай
Айналайын нар қамыс.
Дәуреніңде
жағалай
Жортушы еді
жолбарыс.
Одан бері келгенде
Мекен етті қабандар.
Сол күніңді
көргенде,
Ерде қанша арман
бар?
Одан бері бір күнде
Орналасқан көк
бөрі
Сонау ұлы
сүргінде
Қанға батқан бөктері.
Енді, міне, қалғаның
Күтім де жоқ, күйт те жоқ.
Шидей бойың,
жан-жағың,
Маңайыңда ит те
жоқ.
Мен қайтейін, мекенім,
Маңдайыңда қырсық
бар.
Жер азудың н екенін,
Ел азудың не
екенін
Қайдан білсін
шымшықтар?
Неткен мынау басқа өмір
Меңіреу, мылқау,
тұманды,
Өңшең тасыр, тас
көңіл,
Кім жібітер
бұларды?
Адам боп туып әуелде,
Итке айналған не сұмдық?
Заманақыр келерде
Жоғалта ма есін жұрт?
Уақыт
"Уақыт солай, жол солай",-
Дейтін "білгіш" өріп жүр.
Өзі айыпты болса да,
Бәрін менен көріп жүр.
Ақын
Жарты ғасыр болыпты-ау
Жазғаныма мен
өлең,
Әлі де болса
толықтау
Жаза түссем деген
ем.
Бәріне көңіл
көншімес,
Іздеймін жаңа
серпінді.
Керемет өлең көршілес
Қасымда жүрген
секілді.
Қарманып қалам сілтеймін,
Қарайламай да, қамданбай.
Шыға алмай жүрген
бір тердің
Хабары жақын
қалғандай.
Миымда күнде қан майдан,
Қиялым қайдан
көзі ілсін,
Құтқарар қиын
жағдайдан
Өлеңім, сонда
өзіңсің!
Ақпан, 1992 жыл