ВЕРНУТЬСЯ

     Туғаныңды
бір көру - қанша ма арман,

Туған
жерге келесің аңсағаннан.

Төбесіне
көтеріп
құрметтейді,

Бар
жақының жиылып,

қарсы
ап алдан.

Бәрі
жақын-жұрағат сонша халық,

Сыр
шертеді ерте-кеш қоршап алып.

Тау
басына шыққандай сезінесің,

Ортасында
солардың болсаң анық.

Сезінесің
жеткендей
төбең
көкке,

Ойламайсың
ол жерде өлем деп те!

Ұмыт
болып кетеді бар дүние,

Жастар
келіп би билеп, өлеңдетсе.

Күй
күмбірлеп жатады, жалғасып ән,

Күлкі
тасып көңілдің арнасынан.

Көңілділік
билейді жан сөзімді,

Осындай
шақ, жігіттер, бар ма сірә?!

Ғажапсың-ау,
сүйікті ақ мекенім,

Қызықпаймын
сенсіз еш баққа тегін.

Өзгелердің
білмедім не дейтінін,

Мен өзіңнен кетерде шақ кетемін.