ВЕРНУТЬСЯ

     Қош боп тұр, мың
тоғыз жүз тоқсан екі, 
Тағы да өкінбес
ем соқсаң екі,
Мен үшін
жомарттығыңа ризамын,
Демеймін әрбір
күнім босқа өтті.
Ақын ем жүрегім - от, жаным - жалын,
Рахмет, соның бәрін
қабылдадың,
Жетектеп
бәйбішемді, Бәдешімді
Қырыққа толды
менің шаңырағым.
Мен сенде жұлдыздай
боп жарқырадым,
Тежемей
шабытымның арғымағын,
Жаздым мен бұрқыратып
туған елдің
Тарихын - бергі
жағын, арғы жағын.
Бір түрлі арқаланып, алдым қызып,
Аққудай арманымның бәрі жүзіп.
Көңілімнің
айдынында тұрып алды,
Көрінді дүниенің
бәрі қызық.
Екен ғой еркіндігім, азаттығым,
О, соған әсер
еткен ғажап бүгін,
"Әлемнің
қоры ма" деп жүруші едім,
Дариға-ай, жақсы
екен ғой қазақтығым!
Мен сенен көргенім
жоқ қапалық күн,
Қасиетті
адамдардан хат алыппын.
Ақталып ескі еңбегім,
жаңа еңбегім,
Мен сенде
"Халық ақыны" атаныппын.
Халықтың айналайын атынан мен,
Қашанда аруағын
шақырам мен,
Қолдаған сол еді
ғой ұзақ сүйіп,
Сыйлаған ыстық көңіл,
тәтті дәмін!
Мен сенде ұмытпаймын
жолдарымды,
Астары
арыстардың, тойларыңды,
Ұмытпан Қостанай
мен Арқалықтың
Құрметті азаматы
болғанымды.
Ұмытпан
қуаныштарын жанұямның,
Тасыған
толқынындай дарияның.
Аруы астананың
атанғанын
Алғашқы өз
немерем Мәдинаның.
Тауыспан көрген
қызық, құрметті мен,
Бәрін де ең
бақытты күн деп білем,
Туған жер,
осылардың бәрі үшін де
Өзіңе борышты -
мен, міндетті - мен.
Ескі жыл, мың тоғыз жүз тоқсан екі,
Сондықтан артығы
жоқ соқсаң екі.
Жаңа жыл, қайырлы
бол сен де сондай
Тарихтың
үмітпенен ашқан беті!
Жаңа жыл, жаңа
бақыт ала келсең,
Ол сенің құдіретіңе
болады өлшем,
Не жетсін, о,
дариға, жаңа жылда
Бәріңді құттықтауға
аман-есен!