ВЕРНУТЬСЯ

     Ойһой,
көктем - жастықтың бұла шағы,

Кектем
туса қызғалдақ гүл ашады...

Бозбалалар
шығады серуенге,

Ертіп
алып бір-бірден құдашаны.

Осылайша
сырласып, сынасады,

Соңы
барып тойларға ұласады.

Жаз
деген де - жастықтың бұла шағы,

Жаз
келгенде ақ қайың бүр ашады...

Бақ
ішінде кездескен қыз бен жігіт.

Өмір
жайлы ойларын сұрасады.

Осылайша
танысып, сұхбаттасып,

Бір-біріне
жасырмай сыр ашады.

Содан
кейін екеуі қол ұстасып,

Күз
деген бір өлкеге қыр асады.

Боз
қыраулы белес қой күз дегенің.

Қымтанып
ап келетін мұз-желегін.

Қажет
емес салқындық адамдарға,

Жібермесін
сұп-суық
бізге демін.

Қурамасын
сарғайып түздегі егін,

Жасау
керек жастық шақ Жүзге дейін,

Мәңгі
жас боп қаламын!

Керек
болсам,

Күзден емес Көктемнен ізде мені...