ВЕРНУТЬСЯ

      О,
достар!

Толдым,
міне мен де елуге,

Отырмын
бір ғасырдың белдеуінде.

Құшақтап,
құттықтаған өздеріңмен

Жөнім
бар шаттығымды тең бөлуге.

Жол
жүрсем,
қарсы алдымнан туатын Ай,

Жастығым
қалды кейін -

Қуаты
бай!

Мені
де жер ортаға алып жетті,

Жүйткіген
желден ұшқыр уақыт-ай!

Қызығын
тірлігімнің ұрлап алып,

Жастығым
өте шықты зырлап ағып.

Қайғысыз
көңілімнің әрбір сәтін

Күлкімен
өткізуші ем нұрға малып.

Тірлігім
өнер сыйлап, сүйікті етті,

Туған
ел мәртебемді биіктетті...

Тек
қана балалықтың бал қызығы

Соғыстың
өрт жылында күйіп кетті.

Жиырмада
өзгеше бір өмірді ұғып,

Ат
міндім құйрық-жалын
төгілдіріп.

Есігін
жаңа дүние айқара ашып,

Биледі
бойымды асқақ көңілділік!

Өткіздім
отызымды ойнақ салып,

Жойылды
жалғыздығым -

Бойдақ
салық!..

Өлеңнің
өлкесіне
жетеледі,

Еркелеп
бала - мінез, ойнап шабыт.

Өткіздім
қырқымды да қызықпенен,

Жүрмедім
жолдас болып бұзықпенен.

Өнердің
арқасында - сері атанып,

Дарынның
дариясында жүзіп келем.

Сері
боп өз ортама еркеледім,

Шашым
да ағарған жоқ ерте менің.

Шаттықты
достарыммен бір бөлісем,

Арамза,
пасықтардан жеркенемін...

Ақ
көңіл адал досқа сыр ақтарам,

Жайым
бар жалқауларды ұнатпаған,

Сол
үшін жақтырмасын, жамандасын,

Күйе
боп жағылмайды ол бірақ маған!

Бір
мінез бойымдағы - белсенділік,

Айтамын
не айтсам да, ел сендіріп!

Бәріңді
құшақ жайып қарсы аламын,

Құттықтап
елуімді келсең кіріп...

Туған
ел, шаттанамын, ұлым
десең, -

Сиынар
пайғамбарым, пірім де сен!

Арнаймын
мың алғысты бір өзіңе,

Тірлікте,
Сенің арқаң,
сүрінбесем!

Төбемді
жеткіздің Сен, көкке менің,

Өмірге,
масыл болсам, жоқ керегім!

Атыңды
ұран етіп, саған арнап,

Бір
тойды қайтсем-дағы өткеремін.

Жанымның
жайып тастап жапырағын,

Бұл
тойға дос-жараңды шақырамын

Келеді
Арқа менен Алатауым,

Келеді
Алтай менен Атырауым...

Бір
сауал көкірегімде тербелуде:

Керек
қой жүз
жасауым ең кемінде.

Қойшы
оны!

Осы
тойды-ақ өткерейін,

Келем бе, келмейім бе, енді Елуге?!