ВЕРНУТЬСЯ

«Көп жерлердің ішінде туған жер деген бір жер бар» Жұбан Молдағалиев.Долы желі, аптабына шынығып,Ертегі естіп, айлы түннен сыр ұғып,Әр ісімнен шалалығым білініпБала шақта көзім көрген жерлерім. Табанымды тікеніне тілдіріп,Балағымды велсебетке ілдіріп,Дүниеде барлығымды білдіріпМал қайырып, селеу орған жерлерім. Сән түзеген бозбаланы жағалап,Дос-дұшпанды енді өзімше бағалап,Арманымның арғымағын тағалапЕлік-қызға көзім сүзген жерлерім. Бойжеткеннің терезесін күзетіп,Кей түндерде табанымнан сыз өтіп,Жиылып ап, кей тентекті түзетіпОйын-тойды іздеп шыққан жерлерім. Есейдік деп темекіні қолға алып,Біреу артық сөз айтса егер шамданып,Қиялданып, қыран құсша қомданыпАлғаш рет шарап татқан жерлерім. Оңашада махаббатты ойға алып,Еш адамға сыр аша алмай толғанып,Өз-өзімнен өлең құрап, сандалыпЕлік-қызға хат жолдаған жерлерім. Енді міне, талай-талай қырды асып,Өлгенімше құмар қылып жыр-ғашық,Сол арқылы дүйім жұртқа сырды ашыпҚуанышқа шын кенелген жерлерім...                                                            27.08.1994.