ВЕРНУТЬСЯ

      Бар қазынаны артып ап, 
Уақытпен жарысқан.
Сен көзіме
жарқырап
Көрінесің
алыстан.
Бір бүйірің - Ұлытау,
Бір бүйірің - Қарсақпай.
Сені тапқан
жігіт-ау
Қаныш-аға, ер
Сотпай!
Дәл осыдан жиырма
жыл
Бұрын сені көргенмін.
Бұрымыңды сонда
бір
Өлеңіммен өргенмін.
Ол - бұрымың сап-сары
Бидай өңді жез
еді,
Құдай берген
бастағы
Жез телпектің өзі
еді.
Батырлардың баяғы
Жезге малған
жебесі,
Пайғамбардың
таяғы
Жердің сөккен көбесін.
Киіз қалпақ қазақтар
Мыс қайнатқан ақ сүттей.
Қаһарлы қыс, жаз
аптап
Жүрмейтұғын тас
тінтпей.
Бәрін-бәрін
суреттеп,
Жазған едім сол
жылдар.
Шебер еді құрметке
Сол сабаздар, сол ұлдар.
Сарқылмасын бойында
Есіл дәөулет,
есіл құт.
Сәкен аға тойында
Жез тасыды десін жұрт!