ВЕРНУТЬСЯ

     1957 жылы 14 ақпанда қазіргі Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы Қыраш ауылында дүниеге келген. 1974-1979 жж. әл-Фарабиатындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқыды.1979-1989 жж. Қызылорда облысында газеттерде, комсомол жұмысында болды. 1989-1991 жж. Алматы жоғарыпартия мектебінде оқыды. 1991 жылдан бастап Қазақстан Компартиясы Орталықкомитетінің аппаратында, Президент пен Үкімет апараттарында референт,консультант, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары секілдіқызметтер атқарып келеді. Бүгінде Республика Үкіметі Үкіметтік басылымдарыныңБас редакторы.    "Балдырған" журналының жабық бәйгесінің бірнешедүркін жеңімпазы. Түркістанның 1500 жылдығына арналған әдеби шығармаларбәйгесінде жүлде алған.Ел тәуелсіздігінің 10 жьмдығына арналған көркем шығармаларбәйгесінде "Оянған ұрпақ" деген романы жүлдегератанды.      "Біздің команда", "Күн тәртібі","Жетім жұлдыздар","Сұлтанбек Қожанұлы", "Нәзір Төреқұлұлы", "Найзашың","Әуезовке қайта оралу", "Қызыр қонған Түркістан", "Сұлуды сүю", "Қасиеттімекендегі қала", "Ахмед Ясауи қаласы", "Әзірет Сұлтан аңызы", "Зовсвободы" секілді кітаптардың, "Оянған ұрпақ", "Ұмытылғанұрпақ", "Күлкі менжас" романдарының, бірнеше драмалық шығармалардың авторы. 

Жолтай