ВЕРНУТЬСЯ

       Жүрмесек те төре
боп төрде кілең,

бергені көп өмірің

бермегінен,

тойға барған тұстарда,
асқа барған,

басқалардан қалыспай... мен де күлем.

Бар еді ғой деймін де үлгің нелер,

саған ұқсап
сақылдап күлгім келер, -

Өзімді-өзім әмісе қинай да алмай,

жинай да алмай, қайтейін, жүрдім бедел.

Қаның қызып тұратын,

қалмай ерік,

кеше ғана, десеңші-ау, қандай едік.

Тамсандырған жылдар-ай, қызығы мол,

тандайында тұратын
балдай еріп!

Аңсау ма әлде
бұл өзі,

сағыныш па, -

сен де бекер, жүрегім, алып-ұшпа,

Қайғы-мұң
да ұсынған,

байлығын да,

әрі қызық өмір-ай,...

әрі қысқа!