ВЕРНУТЬСЯ

Боз жусан деген жұрағат,Шөлдегі жалғыз құдайсың.Алдымнан менің  шыға қап,Бір тамшы сусын сұрайсы. Боз ғұмыр қонған шашыңа,Сусыны қанып көрмеген.Адыраспандай досыңа,Шеріңді айттың желменен. Бір арман, білем, жүр сенде,Кермекті таттың уыз деп.Жоқ екендігін білсең де,Суы жоқ жерден су іздеп.Нәр іздеп жүрсің таңдардан,Көрініп сағым... көлдей боп.Мұңы көп мына жалғаннан,Бақыт іздеген мендей боп. Ақ құмды құшып құлайсың,Көңілің бір ой түзуде...Бір тамшы бер деп сұрайсың,...Көз жасы етіп үзуге.