ВЕРНУТЬСЯ

        (Бақытқа)

Көшеде жүр думандап халық түрлі,

Мені
оңаша ой кешу - жалықтырды.

Ақ
мамыққа оранып Аяз Ата -

Шыршалардың
шамдары жанып тұрды.

Құдай
салса, айығып жұты лаңның,

Басқа
түскен қырсықтан құтылармын, -

Дедім-дағы...

Далаға
шығып мен де,

Жаңа
жылды көшеден күтіп алдым!

Жыл туралы "Жақсы өлең жазам ба?" деп,

Ойлап
едім...

Шықпады!
(Мазам да жоқ!)

Туып-өскен
ел-жұртым
еске тусіп,

Елестеді
көзіме
- қазандағы от!..

Балалар
бар білетін қоғам нарқын,

Хат
жазамын сағынып,

Соларға
әр күн!

"Алматыдан
атамыз келер-ау" - деп,

Мені
тосып жүрген де, болар бәлкім!

Дәм
айдаса жүрмейді
шетте кімдер?

Кейде
босқа өтеді текке күндер, -

Қарсылар
ек жақсылап "Жылан" жылын,

Келіп
неге біреуің кетпедіңдер?!

Жетсек
деп ек, бұл
күнге аласұрып,

Жаңа
жылды тойладық таң асырып...

Шырақ жағып, ән салып, би биледі

Кемпір мен шал...

Көшеге
бала шығып...

Өзің
ұрып-соқпасаң батырып бір, -

Жылан
деген тимейтін мақұлық бұл!

Аман-есен
бұған да жеттік енді -

Бізді
өзіне басқа жыл шақырып тұр.

Көрдік
талай заманның жылын көшкен,

Біз
емеспіз жоқшылық күйін кешкен.

Қиын-қыстау
кезеңнен жарып өттік,

Айдаһардың
аузына ілінбестен!..

Биік
самғау - арманы дүниенің,

Адамзатты
күтіп түр сыйы ненің?

Бір ғасырды әйдемде артқа
салып,

Алға
жылжу не деген қиын едің?!

Жүйрік
едің не деген Жыл ағыны,

Өтті-кетті
Нарықтың жылап
үні...

Құдай
өзі оң көзбен қараған соң

Құлшылықтың
түскен жоқ бұғалығы!

Тартпадық
біз жоқшылық азабын да,

Қыстырмадық
күншілдер мазағын да!

Он-ақ
жылда Дүние танып-білді -

Құт-береке тұрғанын Қазағымда!

Он
жыл деген ойласақ - аз уақыт!

Игілігі
Елімнің-қазына-құт!..

Аман-есен
болайык, ағайын-жұрт,

Жылқыға
да жетерміз - азынатып!

Қуанышпен
аттайық - Арманға асыл,

Жолықпасын
жалқау мен

алдан
- масыл?!

Тәуелсіздік
Туын тік көтерейік!

Өкпелемес біздерге қалған Ғасыр!