Көкірек
те емеспін - көк
тіреген,
Өкіреш
те секілді - өткір емен!
Біреулерге
жамандық жоқ тілегем,
Салтым
да жоқ өсекпен от күреген.
Бұзақы
да емеспін - бас бұзатын,
Әулекі
де емеспін - мас, қызатын.
Жақтырмасам
жатсынып жақынымды,
Тартатыным
бар кейде қасты - жақын.
Арылмады
бойымнан сол мінезім,
Арпалысқан
алпыспен болды кезім.
Басым
ауған жағына кетіп жүрдім,
Шатастырып
талтүсте жолдың өзін.
Кейбіреулер
сескенді "қатерлі" деп,
Біреулерге
көріндім "Әпенді" боп.
Жөн-жосықсыз
жөңкілген кезім болды,
Кешірді
жұрт сонда да қатемді көп.
Қателессем,
шынында, кешірді жұрт,
Байлағанда
бағымды - кесірлі үміт.
Оянғандай
ұйқыдан болам кейде,
Миым
істеп кеткенде - есім кіріп.
Жалбақтауға
әркімге тиіс пе едім,
Жақсы
керген адамға сый істедім.
Жөнсіз
жерде тимедім ешкімге де,
Еш
адамға орынсыз тиіспедім...
Тиіспедім,
бірақ мен ығыспадым,
"Одан
менің кемімес ырыс-бағым!"
Деген
оймен үн-түнсіз жүрдім,
рас
Біреу
мінеп жатса да ұрыспадым!
Үлкенге
де, кішіге - сырым мәлім,
(Қызды
көрсем, о тоба!,
қырындадым).
Тіл
тигізіп көргем жоқ тірі жанға,
Өзі
ұрынып жатпаса - ұрынбадым!..
Айтыста
да керген жоқ жасып тілім,
Айтар
ойды айта алам ащық
бүгін.
Көріп
жүрмін
өкшелес жігіттердің
Нарқы төмен, ішітар,
пасықтығын!
Кімге
қажет бұл күнде мысық-тілеу,
Сөз
тасиды сыртыңнан "пысық" біреу.
Оларға
тән - жамандау, жала жабу -
"Ішіпті"
деу, немесе "құсыпты" деу.
Намысыма
тисе де текке менің, -
Тексіз
айтқан сөздерді кектемедім.
Екіжүзді
адамдар - жауым болды,
Иманы
жоқ"иттерге" өкпеледім...
Жігіттер
бар өздерін - нар көретін,
Нардан
құлап жығылса - ар көретін!
Сол
тұрғыдан қарайды ол - өздеріне
Адам
жоқ деп тең, иә пар келетін...
"Жаңа
қазақ" деп жүрміз, "шала қазақ" -
Шала
қазақ шаршатты - мазалап-ақ!..
Орыс
та емес, дәлдүріш -
Қазақ
та емес! -
Қайда
кеткен, Құдай-ау, таза қазақ?
Еліміз
бар Гәуелсіз!
Қосыла
кеп,
Жамандайтын
бар әлі - тосын әдет.
Осыларды
ойласам - опық жеймін:
"Жаңа қазақ" дегенің осы ма? - деп.
- 90 просмотров