Бағыт-бағдар жолдарды жете білмей,
Қисық-қыңыр кеттік пе, төте жүрмей?
Қазақстан-нән мұхит шапқып жатқан,
Жеті жылда жеті елі көтерілмей.
Уағыңда
қаймақ боп төгілген мың,
Мығым отыр әлі де төрінде
Елім,
Жеті жылда жетім де жетілген-ді,
Отын жағып жүріп те көрінгеннің.
Қилы-қилы жылдардың
белесінде,
Сақталмасын неге бұл ел есінде?..
Енді өлмейміз,
Бірдеңе бар болса егер
Жеті жасар баланың жетесінде.
- 83 просмотра