ОҢТАЙЛЫ ТӘРБИЕ

Оңтайлы тәрбиенің мүмкіндіктер көкжиегі. Әке-шеше баласына шексіз адалдығын көрсетуі тиіс. Бүгін балаңызды бейкүнә періштедей әлпештеп, ертең жазалап жатсаңыз, онда дым шығара алмайсыз.

Оңтайлы тәрбие деген қорқыту мен үркітуден аттап кететін шексіз махаббатқа негізделген тәрбие. Жазалау мен ұрып, ұрсумен өскен бала осыған бейімделіп, осындай әрекет жасаған адамдарды ақтап тұрады.  
Теледидар балаға қатты әсер етеді деген пікір бар. Бірақ ата-ананың әсері одан да зор. 
Жазалау тәрбие құралы ретінде өткен шақта қалған заман сарқыншағы. Махаббат, елгезектік, ымыраласу, кешіре білу – бүгінгі заман баласының тіл алмаудан қорғайды. Балаға ақыл айтып мезі етудің қажеті жоқ. Балаға өз жан дүниесінің тепе-теңдігін сақтай білуді ғана үйретіңіз. 
ЫМЫРАЛАСУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ
1. Бұйрық бермеңіз. Өтініп сұраңыз. 
2. Балаға қарсылық білдіруге рұқсат етіңіз. 
3. «Осылай істемес пе екенсің?» немесе «істеп берші, өтінем» түрде сұраныңыз. «Өтінем» дегенді жиі қолданған абзал. 
4. Риторикалық сауалдардан, түсініктемелер мен ұзын сонар ақыл айтудан аулақ болыңыз. 
5. Өз сезіміңізге екпін түсіре бермеңіз. 
6. Өтініштеріңізді ашық әрі көңілді түрде жеткізіңіз. 
7. Балаңыздың істеген істеріңізге араласуға шақырыңыз. 
ҚАРСЫЛЫҚТАРДЫ ЖЕҢУДІҢ ЖАҢА ӘДІСТЕРІ
Қарсылық білдіруге мүмкіндік бере отырып балаға өзінің ішкі әлемін тануға, сезімін, қалауын, мұқтаждығын сезінуге көмектесесіз. Осылай ерік-жігерін жетілдіреді. 
ҚАРСЫЛЫҚТАРДЫ ЖЕҢУДІҢ ТӨРТ ӘДІСІ
1. Тыңдау мен түсіну.
2. Жасайтын жұмыстың құрылымы мен дайындығын қамтамасыз ету. 
3. Назар бұру мен бағыттау. 
4. Салт пен жылдамдықты үйрету.
Балаға ән сыйлаңыз. 
Егер баланың көңіл-күйі түссе, ән оның назарын аударады. Тез көңіл көтеруге көмектеседі. 
Ән салу – балаға оны қаншалықты қатты жақсы көретіндігіңізді мәжбүрлемей көрсетудің түрі. 
Күйкі тірлік қуаныш сыйласа.
Үй жұмысын жасау адам баласының қалыптасуындағы ең маңызды саты. Сіз балаға нені сеніп тапсырғаныңыздан оның ертеңгі күні нені жасап үйренері белгілі болады. Бірақ үй жинауды күйкі тірлікке айналдырудың қажеті жоқ. Жинауды азайтып, балаға көбірек көмектесу керек. Сонда ол келесі жолы көбірек жинауға ұмтылады. 
Ата-анасы қалай еңбектенгенін көріп бала да еңбектенуге талпынады. Еліктеу – үйренудің басты тәсілі. Жасөспірімдік жасқа дейін балаға ауыр жұмыс тапсырудың қажеті жоқ. 
Балаға кітап оқып беріңіз. 
Баланы тыныштандырудың ең жақсы тәсілі ән салып беру немесе ертегі оқып беру. Әсіресе, реактивті темпераментті бала үшін ертегі маңызды. 
Қаһармандардың образын көз алдына елестете отырып бала өзінің қиялын жетілдіреді, шығармашыл дарынын дамытып, өзінің «менін» өсіреді. 
Баланың назарын басқа жаққа аудару үшін не істеу керек? 
Назарды бұру әр бала үшін пайдалы. Баланың қарсы шыққанын қойдырғыңыз келсе, оған жәй бір әңгіме айтып берсеңіз де жеткілікті. Ол оның іс-әрекетіне қатысты болмаса да болады. Жәй бір нәрсені суреттеп айтсаңыз да жетеді. 
Келісімге келіп алып, сосын баланы серіктестікке шақырыңыз. Баланың көңіл-күйі болмаса немесе қарсы болса, оны «Ал, қазір біз...» деген сияқты сөздермен көңілін аулаңыз. Не істегісі келетінін сұрамастан, жәй ғана оның энергиясын қажетті арнаға бұрып жіберіңіз. 

Джон Грей

http://blogtime.kz/

Добавить комментарий

Filtered HTML

  • Адреса страниц и электронной почты автоматически преобразуются в ссылки.
  • Разрешённые HTML-теги: <a> <em> <strong> <cite> <blockquote> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Строки и параграфы переносятся автоматически.

Plain text

  • HTML-теги не обрабатываются и показываются как обычный текст
  • Адреса страниц и электронной почты автоматически преобразуются в ссылки.
  • Строки и параграфы переносятся автоматически.
CAPTCHA
Подтвердите, что Вы не робот.