- Главная
- Новости
- Справочная информация
- Наш город
- О сайте
- Әдебиет
- Объявления
- Метко сказано
- Алаш-100
Оралда өз әйелін өлтірді деген күдікпен ер адам қамауға алынды
![](https://ip24.kz/sites/default/files/styles/large/public/20140219125817.jpg?itok=slC8gzIH)
ҚР ҚК 96-бабы бойынша айып тағылған 30 жасар Қадыралиев кеше сот санкциясымен екі айға қамауға алынды.
Аталмыш оқиға 28 сәуір күні Оралға қарасты Рыбцех кенті жанындағы орманда орын алған болатын. Сол жерде тұрған «ВАЗ-2101» автокөлігінің ішінен тамағынан пышақталған 25 жасар келіншектің денесі табылған болатын. Оның қасындағы 30 жасар күйеуі де ішінен пышақ жарақатын алып, облыстық ауруханада емделіп шықты.
Тергеу жорамалына қарағанда, Қадырғалиев асүй пышағымен әйелін бауыздап өлтірген. Олардың төрт және екі жастағы балалары қалды.
Орал қалалық сотының судьясы Гүлнара Гимадутдинованың айтуынша, айыпталушы өз кінәсін мойындаудан және айғақ беруден бас тартып отыр.
inform.kz
- 53 просмотра
Добавить комментарий