Шыңғырлау ауданында бір адам суға кетті - БҚО

12 маусым күндізгі екі жарымдар шамасында Шыңғырлау ауылы тұсындағы Қонақай көліне шомылып жүрген 1960 жылы туған азамат Ш.Отарғазиев суға батып кетті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен түскен мәліметке қарағанда, суда құтқару қызметінің күшімен (4 адам, 1 техника) жарты сағаттан кейін марқұмның денесі судан шығарылды.

Осымен Батыс Қазақстан облысында биыл 12 адам суға кетсе, соның үшеуі - балалар. Соның бәрі суға түсу қауіпсіздігін сақтамаудан болып отыр.

inform.kz
Поделиться: 

Добавить комментарий

CAPTCHA
Подтвердите, что Вы не робот.