- Главная
- Новости
- Справочная информация
- Наш город
- О сайте
- Әдебиет
- Объявления
- Метко сказано
- Алаш-100
Оралда отырып ойнайтын волейболдан ҚР чемпионатының екінші туры өтуде
Оралда 3 шілде күні отырып ойнайтын волейболдан жоғары лига командалары арасында ҚР чемпионатының екінші туры басталды.
Оның ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қатысып, Елбасының қолдауымен мүмкіндігі шектеулі жандардың да спортпен айналысып, салауатты өмір салтын орнықтыруға үлес қосуына жағдай жасалып отырғанын атап өтті.
Жарыста Алматы қаласы, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік және Батыс Қазақстан облыстарынан барлығы сегіз команда бақ сынауда.
Батысқазақстандық «СПОДА-Батыс» волейбол клубының бапкері әрі ойыншысы Азон Шаймардановтың айтуынша, облыс басшылығының қолдауымен БҚО командасының құрылғанына көп бола қойған жоқ. Енді жүйелі дайындық керек, сонда табысқа да қол жетеді. Шеберлік жетсе, параолимпиялық ойындарға да қатысуға болады.
Оралдағы екінші тур 5 шілде күні қорытындыланбақ. Ал чемпионаттың үшінші, шешуші туры қазан айында Алматыда өтпек.
http://www.inform.kz
- 89 просмотров
Добавить комментарий