- Главная
- Новости
- Справочная информация
- Наш город
- О сайте
- Әдебиет
- Объявления
- Метко сказано
- Алаш-100
Прокуратураның «жедел желісі» жұмыс істейді. Ақтөбе облысы.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы 29 қыркүйектен бастап Ақтөбе қаласында және облыстың бірқатар аудандарында орталық мемлекеттік органдар мен сараптамалық қоғамдастықтың 200-ден астам маманынан құралған топ жұмыс жасауда.
Топ облыс тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық және экономикалық саладағы мәселелерін шешумен айналысуда. Топтар аудандарда болған уақытта әртүрлі мәселелер бойынша күн сайын азаматтарды қабылдау жүргізуде.
Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары өздерінің сұрақтары бойынша Ақтөбе облысы прокуратурасының 90-14-18 «жедел желі» нөміріне хабарласа алатынын хабарлаймыз. Осы нөмір бойынша Бас прокуратура және облыс прокуратурасы басшылығы мен қызметкерлерінің жеке қабылдауына жазыла аласыздар.
Облыс прокуратурасының
баспасөз қызметі
Добавить комментарий