- Главная
- Новости
- Справочная информация
- Наш город
- О сайте
- Әдебиет
- Объявления
- Метко сказано
- Алаш-100
Кісі өлтірген күдікті қамауға алынды
Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының Г. есімді тұрғыны кісі өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.
Зеленов аудандық №2 сотының баспасөз хатшысы Сәуле Қайсарованың хабарлағанындай, аталмыш тұрғын 1 сәуір күні Дариян ауылында бұрынғы танысы А. есімді азаматпен кикілжіңге келіп, сосын аяғына 3-4 рет пышақ сұққан. Аталған жарақаттардан жәбірленуші еденге құлап, қансырай бастағанда, Г. оқиға орнынан бой тасалайды. Ал А. ауруханаға жеткізілген соң көз жұмады.
1 сәуір күні аталған факті бойынша ҚР ҚК 103-бабы 3-бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, күдікті сол күні ұсталды. Приурал полиция бөлімінің тергеушісі 3 сәуірде айыпталушының ауыр қылмыс жасағанын, тергеу органдары мен соттан жалтару мүмкіндігін ескере отырып, сотқа қамауға алу түріндегі бұлтарпау шарасын қабылдау туралы өтінім түсірген. Соған сәйкес сот 4 сәуір күні күдіктіні 2 айға қамауға алу туралы қаулы шығарды.
inform.kz
- 69 просмотров
Добавить комментарий