Оралда жол жөндеу жұмыстарына 4,5 млрд теңге бөлінді

Оралда жол жөндеу жұмыстарына 4,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2013 жылы 15 көше жөндеуден өткен, биылғы жылы 25 көшенің жолы жаңартылады.

«Жөндеу жұмыстары мамыр айында басталады. Сәуір айында бірқатар көшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған», - деп көрсетті баспасөз қызметі.

Қалалық әкімшілік облыс орталығы тұрғындарын бұған түсіністікпен қарауға шақырады. Жазда бірқатар көшелер жабылып, қоғамдық көліктердің бағыты өзгертіледі.

http://bnews.kz
Поделиться: 

Добавить комментарий

CAPTCHA
Подтвердите, что Вы не робот.