ВЕРНУТЬСЯ

         Арандату мақсатында жасалған «лаңкестіктіктен» кейін алты
жыл өткен соң, АҚШ-тың 130 инженері мен сәулетшісі 11 қыркүйекте Американың
«өзін-өзі жарғаны» туралы тосын мәлімдеме жасады. Талайды таңдандырған
петицияның басты ұйымдастырушысы, 
Американдық сәулетшілер институтының мүшесі Ричард Гэйдж былай деп
түсінік берген:-Біз күні бүгінге дейін, «Мұнаралар  ұшақтардың соғылуы салдарынан қирап түсті»
деген аңызға сеніп келгенбіз. Көптеген суреттер және бейнеайғақтарға сүйене
отырып, анықтағанымыз- бұл мұнаралардың алдын ала қойылған жарылғыштардың
көмегімен қиратылғаны. Бүкіләлемдік сауда орталығындағы бақылау мен қауіпсіздік
жүйесінің қаншалықты күрделі де мықты екенін білгендіктен, оған сырттан
әлдебіреулердің лаңкестік мақсатпен енуі 
туралы шүбәланудің өзі ақылға сыймайды. Сондықтан біз мынадай жан
түршігерлік түйінге келіп отырмыз: лаңкестік әрекетті АҚШ-тың билеуші
топтарының өзі ұйымдастырған»...