ВЕРНУТЬСЯ

Құлқыныңды қамай тұр,Жеп тауысты тағатты ол.Ел шетінде тоғай тұр,Ақсақ аяқ,шолақ қол.Заман-адам - алдаушы,Келді, міне, ортаға.Жапырақтың жан даусы,Ұмтылады балтаға.Тегін отын.Кенелді.Сайлап келіп көлігін,Тиеп алып жөнелді,Ағаштардың өлігін.Көк терегім құсалы,Лайланды күй тынық.Көк түтін боп ұшады,Шыбын жаның үйтіліп.Мұңын айтса тақыр, құм,Жылатады жалғанды.Кезіп келе жатырмын,Ағашы жоқ орманды.Жусап қалған елдердей,Жапырақ-жұрт жатты өліп.Соғыстан соң келгендей,Тұрмын! Әлем - қақ бөлік!Жан жоқ!Тірлік безгендей!Үнсіз үрей қамады.Шошындым мен -кезгендей,адамы жоқ қаланы.