ВЕРНУТЬСЯ

         Алламен атың ұқсас арыстаным, 
Шыққанда Лаухил
Махфуз — ғарыштан үн,
Тіл қатқан сол тәңірге
Адамзаттан
Сен едің, құлақта
әлі дауыстарың.
"Ахмет құдайменен
сөйлесіпті",—
Дегенді жер құлағы
сан есітті.
Құдай да қазақшаға
жүйрік екен,
Екеуі бір рахат хәл
кешіпті.
Қазақты құдай оған "ел қыл",— депті,
Еншіңе ен даланы
бердім,— депті,
Сондағы Елшім
сенсің, саған сенем,
Беделім, сен
боласың белгім,— депті.
Ал содан бастады
Ахаң, тілден бәрін,
Алғандай Айдан
қуат, Күннен жалын,
Тазартты лас сөзден,
кір-қоқыстан,
Нәр құйды, тіл
емдеудің білген заңын.
Көтерді ғылыми
тілге дейін оны,
Мағынасы бәрі
жаңа, бәрі соны,
Содан соң ашты
ғылым қақпасын ол —
Адамзат дамуының
сара жолын.
"Сен түгіл құдайыңның өзі білген,
Тіліңнің қасиетін сезіп, үйрен!"—
Деді де қазағына,
бауырына,—
Жоқ еді осы жолда
көзін ілген.
Не керек, сор ма
біздің маңдайдағы
Айыпты үйіп-төгіп
қай-қайдағы,
Көпсініп алтын
басын пақыр елге
Қамады, қырға
айдады, ойға айдады.
Ойлаған жеткізбеді мың ісіне,
Тағдырдың
дегенінше "мұнысы не?"
Кезінде көк тәңірісі
ұйықтап қалған
Атты оны жер құдайы
түн ішінде!
Естідім осы аңызды — бала шағым,
Кезімде ой аласа,
сана шағын,
Көз қиып Ахаңды
атау неткен сұмдық —
Қазақтың атқаны
ол болашағын.
Бәрі бар халық айтқан осы аңызда,
Жақсыға жасық сөзді
қосамыз ба?
Халық бар, халық
болса, Ахаң да бар,
Әнекей, отыр
қазір ортамызда.
Маусым, 1991 жыл
Алламен атың ұқсас арыстаным, 
Шыққанда Лаухил
Махфуз - ғарыштан үн,
Тіл қатқан сол тәңірге
Адамзаттан
Сен едің, құлақта
әлі дауыстарың.
"Ахмет құдайменен
сөйлесіпті",-
Дегенді жер құлағы
сан есітті.
Құдай да қазақшаға
жүйрік екен,
Екеуі бір рахат хәл
кешіпті.
Қазақты құдай оған "ел қыл",- депті,
Еншіңе ен даланы
бердім,- депті,
Сондағы Елшім
сенсің, саған сенем,
Беделім, сен
боласың белгім,- депті.
Ал содан бастады
Ахаң, тілден бәрін,
Алғандай Айдан
қуат, Күннен жалын,
Тазартты лас сөзден,
кір-қоқыстан,
Нәр құйды, тіл
емдеудің білген заңын.
Көтерді ғылыми
тілге дейін оны,
Мағынасы бәрі
жаңа, бәрі соны,
Содан соң ашты
ғылым қақпасын ол -
Адамзат дамуының
сара жолын.
"Сен түгіл құдайыңның өзі білген,
Тіліңнің қасиетін сезіп, үйрен!"-
Деді де қазағына,
бауырына,-
Жоқ еді осы жолда
көзін ілген.
Не керек, сор ма
біздің маңдайдағы
Айыпты үйіп-төгіп
қай-қайдағы,
Көпсініп алтын
басын пақыр елге
Қамады, қырға
айдады, ойға айдады.
Ойлаған жеткізбеді мың ісіне,
Тағдырдың
дегенінше "мұнысы не?"
Кезінде көк тәңірісі
ұйықтап қалған
Атты оны жер құдайы
түн ішінде!
Естідім осы аңызды - бала шағым,
Кезімде ой аласа,
сана шағын,
Көз қиып Ахаңды
атау неткен сұмдық -
Қазақтың атқаны
ол болашағын.
Бәрі бар халық айтқан осы аңызда,
Жақсыға жасық сөзді
қосамыз ба?
Халық бар, халық
болса, Ахаң да бар,
Әнекей, отыр
қазір ортамызда.
Маусым, 1991 жыл