ВЕРНУТЬСЯ

      I

      АЛАТАУ-дың ақ талдары,

ҚАРАТАУ-дың қапталдары,

ӨР АЛТАЙ-дың шатқалдары,

ҰЛЫТАУ-дың көп белдері,

КӨКШЕТАУ-дың көк көлдері,

Сосын біздің шалдар жатқан,

Сағымды қыр сағынар.

Ендігі ұрпақ аруағыңа табынар,

Сендей ұлды тудыра алған

халықтың да бағы бар.

АБЫЛАЙ аспас сонау жатқан

Сары белден асып кеп,

Cap далаға тасқын судай тасып кеп,

Ортамызға оралғандай

ИМАНЖҮСІП байтақ ән,

Тартқан күйің

МАҢҒЫСТАУ мен АТЫРАУДЫ шайқаған.

Біздің мынау халқымыздың бағына,

Сендей бір ұл туар ма екен қайтадан.

А, ана бұлдыраған

Сарыарқаның кұба жонында,

Қарсақбай мен Қоңыраттың жолында,

Қайран ағам қаншама рет сабылған,

Сосын саған ауыл иті жабылған...

Алашына құдайдан ол мәңгі бақыт сұраған,

Сен кеткенде

Жезқазғанның жезкиігі жылаған.

Елін сүйген,

келін сүйген ұлан-ғайыр ғұламам.

Күндіз-түні арыла алмай

ауыр-ауыр ойлардан,

Аулақ ұстап ғазиз басын

у-шу еткен тойлардан.

Байлык тауып құстар ұшқан,

бөкен желген сайлардан,

Қонған қыры жарқыраған қалаларға айналған.

Қарағанды - Ертісім деп

көз ілместен шарқ ұрған,

Көз алдымда қара нар боп

елестейді нар тұлғаң.

Тұңғыш рет карта болып

сызылдың да қағазға,

Сахараға темір жол боп

қан тамырдай тартылған.

Алмас қылыш тот баспайды,

топырақтан көтеріл,

Соқпағыңмен жол бастайды,

мұратына жетер ұл.

Шыдай-шыдай шемен болған

үміті елдің үзілді,

Көздің жасы моншақ болып ақ қағазға тізілді.

Айхай, заман,

қай заман бұл, заман дейді өтпелі,

Өтпей қойған өтпеліге қазақ бүгін өкпелі.

Ит жоқшылық ит боп үріп,

басымыздан кетпеді.

Өзің салған өндірістер аңғал-саңғал тоқтаған,

Астанада қара маса, ақ боран.

Бұл кезеңде Қан-ағамды

халқы мынау жоқтаған,

Ақ сағымға сіңіп кеткен

тұлпар еді ол ақ табан,

Сондықтан да бар әлемнің

жайсандары мақтаған.

Аруақты ел ұлы істерсіз

күнін қалай батырсын,

Мынау ұлы даламызға

жырдан шашу шашылсын.

Құлақ түріп дүбірлеген

дүниеге үн-түнсіз,

Қалай ғана топырақты

оранып ап жатырсың?...

 

     II

    Жер дегенде жанарларын жас кернеп,

Ел дегенде көкірегі күйетін.

Кеннің тілін өз тіліндей қастерлеп,

Судың тілін Сүлеймендей сүйетін.

Семей жұртын кетерінде қимаған,

Сахараның әндеріне табынған.

Жаяу Мұса қыран құсын сыйлаған,

Торайғыров мұңын айтып шағынған.

Көктем келіп дүние көкке боянып,

Кеткен сәтте асқан асқақ сезіммен.

Сарыарқаның әндерімен оянып,

Сарыдаланың күйлерімен көз ілген.

Кірлетпеген пәк сезімін жарға аппақ,

Есті сөзге ескі адамдай тоқтаған.

Әуезов пен Марғұланды ардақтап,

Едіге мен хан Кенені жоқтаған.

Ғаламат бір жұмбақ сырлар бар мұнда,

Орындадың сәби кезгі сертінді.

Формулалар билеп сенің алдында,

Сапырылысып жатты сұйык ерітінді.

Қуғын көріп әз басынан бағы ұшқан,

Кезендерде медеу болған мүнды аспан.

Англияда Черчилльменен қағысқан,

Кремльде Косыгинмен сырласқан.

Малшы қазақ тосты ақырын ойланып,

Айдалада лаулап жатты жаңа оттар.

Жазған хаты ақ кірпішке айналып,

Көтерілді комбинаттар, заводтар.

Ғасыр сайын түрар ісің жаңғырып,

Жазылады сырлы ғазал, дастан да.

Планета есіміңді ап мәңгілік,

Айналып жүр аспанда.