ВЕРНУТЬСЯ

     Көп болды кұстай қанат қағысқалы,

Армысың,

бауырларым алыстағы.

Арада қилы-қилы жылдар өтіп,

Арамыз бірте-бірте алыстады.

Туғандар ұмытпағын өз елінді,

Сайын дала,

шалқар көл,

өзенінді.

Жетеді алты қазбен сағынышым,

Өртеген күндіз-түні өзегімді.

Түбіне тұңғиықтың батсын қайғы,

Қимасын жатқа казақ тапсырмайды.

Туғандар,

көңіл шіркін суыған жоқ,

Туған жер оралсандар жатсынбайды.

Сағынды өздерінді сырнай далам,

Төстерін сан тарау жол шимайлаған.

Жырақта жүрген менің

бауырларым,

Қайтейін, қимай барам,

қимай барам.