ВЕРНУТЬСЯ

Т.Г. ШевченкоғаСұс танытып жанардан,жауыңа дүлей кекпенен,Қияға қанат қомданып,көзіңе түспей көп белең,Отырғандайсың ақыным,шағала көңілің шарқ ұрып,Көкірегіңнен ұшырыпсағыныш толы отты өлең.Қаскөйлікпен бітіспес,толқындай болдың жарды ұрған,Айдалып келдің жеріме,бұл дағы бұғау – тағдырдан.Рухың риза біледі ел,қазақтай ұлы халыққаӨз ақынындай әспеттеп,бейнеңді тасқа қондырған...Мұңдылау шықты өлеңің,кезің көп болды жабығар,Днепр өзен –анаңа жолдадыңсәлем сазы бар,Сіз жүрген жерді көрмеккеосында талай келер жұрт,Жақсыда жаттық жоқтығын,бейнеңді көрген жан ұғар.Тәуелсіздік таңы атып,шаңырағын тікті түбегім,Украина дербес ел бүгін,іске асты арман-тілегің.«Тарас та мұнда болған» деп,қастерлейміз атыңдыБізбенен әркез үндессеақындық рух-жүрегің...