ВЕРНУТЬСЯ

Ұлы армандар көз iлмей негiздiктеЖалғыздықтар құмартар егiздiкке.Балықтарын баптайды күндiз-түнi,Аквариумдар таласып теңiздiкке.Ал . . .теңiз ше?Шағала  үнi қарып,Керi қашар толқыны күлiп алып.Отырады жағада ерiккен жұрт,Теңiздi қармақпенен iлiп алып.Құм жатар мiне шабар құр атыңдай,iштен тынған iшқұса сұрапылдай.Жата-жата жалыққан көк теңiз де,Орнынан қазiр атып тұратындай.Атып тұрып, сөйлердей тасқынменен:- Толқынымды үркiттi қашқын кемең.Қасарысқан қағида қайдан шықты,Теңiздер бiр орнында жатсын деген.деп тулап. . .ортамызға кiретiндей,адами тiрлiк кешiп жүретiндей.Бiр өкiнiш iшiнде жатса-дағы,Сырт көзге сырын бермей, күлетiндей.Жүргенмен адам-тiрлiк ұнайтындай,Бiр күнi. . .өксi-i-iп, өксi-i-iп жылайтындай.Толқып жатқан күндерiн аңсап барыпАрнасына қайтадан құлайтындай.Иығымыздан түспейдi шекпен -егес,Мұны көзбен көрген жан - тек мен емес.Адамдардың бейнетiн арқалауға,Ешкiмнiң де батылы жеткен емес.