ВЕРНУТЬСЯ

                «Ақынның-ақылы кірмейді.                Ақыл кірген күні – ақындықпен қоштасады».                                                      Өтежан НҰРҒАЛИЕВ.Оның өзі – бұл заманға «бөтен» аң!..Осындай сөз айтып еді Өтежан...«Жас алпыста, Ақылым жоқ.Неге?» - деп,Мен де өзіме сұрақ қойғам шегелеп!.. Ширауы кем, жиі үзілгіш жіптей бір-Әттең, маған бүтін ақыл бітпей жүр!..Ақыл қонса – мен де пысық болар ем,Дәулет жиып, семірер ем, толар ем!.. Анығы сол – маған ақыл бітпейді,Отбасым да менен оны күтпейді!..Ақындықпен қоштасатын мен емес – Шайтандықпен достасатын мен емес!.. Данышпандық тұғырына қонбаққа-Талай ақын жүгіріп жүр –«болмаққа»...Бірақ, оған жібермейді ақылы –Босатпайды боқ – дүние тақымы!.. Ақындық пен өтірікті жалғауға –Жаралмаппын адамдарды алдауға!..Құдай куә, бұра сөйлеп, азғам жоқ-Әлі күнге жалған өлең жазғам жоқ!..                                     Қараша- 2008