ВЕРНУТЬСЯ

       Жапырақтарға жел үзген,

Жабырқай қарап қыр жатты.

Тіршілік атты теңізден

Іздедім мұңлы ырғақты.

Көлеңкесінде ер жеттім,

Шифрсыз тоқал тамдардың.

О, тағдыр,

неге ерке еттің,

Мен бәрін кештеу аңғардым.

He жылтыраса сол мода,

Жігіттік жетті желпінген.

Өлеңге ғашық сонда да,

Айыға алмадым дертімнен.

Жастық шақ етті жұпыны,

Сан рет сенім қаусады.

Жүректің тұңғыш лүпілі,

Еліктей қыздың саусағы.

Көзінен барша адамның

Қуаныш пенен қайғы ішкем.

Қорлығын көрер жаманның,

Мен деген сорлы байғұс па ем...

Жапырақтарға жел үзген,

Жабырқай қарап қыр жатты.

Тіршілік атты теңізден

Іздедім мұңлы ырғақты.

Ауыл сыртында

көктемге құштар жас ақын,

Шие ерін сұлу

сүйгенін жалғыз тосатын.

Ақ нұрын шашқан

отырып айдың астында,

Қиялы оның

Хиуадан әрі
асатын.

Ақ көйлегінің

көлбендеп ұзын
етегі,

Ақылды сұлу

ақынға үнсіз жетеді.

Айлы ауыл сырты

әдемі еді,

қайынды,

Ғашықтар ғана

табысар сырлы шет
еді.

Жас ақын жырын

қайыңдар тындап,

құс тыңдап,

Қара көздері

тұратын қыздың ұшқындап.

Кездестім қанша

қызбенен талай жерлерде,

Жаныма бірақ

бәрінен сол бір
тұс қымбат.

Оларға ай да

телміріп үнсіз қарайтын,

Саңқылдап шыққан

дауысы түнге тарайтын.

Ғашықтық жайлы

ғажайып қазір сол ауыл,

Айтады әнді,

айтуға әнді
жарайтын.

Жанады жүрек,

мұңдана маған
қараса ол,

Жанымды бүгін

сыздатып жүрген жара сол.

Тым кештеу білдім,

айлы ауыл да емес,

қыз да емес.

Ақынға серік

азабы көптеу қара
жол.

Көрмеген еді

ештеңе мені
қорқытып,

Тұрса да алда

қаншама қиын жол күтіп.

Беймәлім жол ғой ақынның жолы мәңгілік,

Сапарға жалғыз шығарып салып, толқытып.

Баяғы іңкәр сезіммен,

Кездестім тағы өзіңмен.

Сағыныш жасы,

жүректі өртеп,

Үзіліп түсті-ау көзімнен.

Кінәлап болмас уақытты,

Арманды тандар атыпты.

Екеуміз кеттік

екі жолменен,

Басқаға беріп бақытты.

Бұл ғұмыр

қысқа жол ғана,

Ойладық бәрін толғана.

Кездесіп тағы,

қоштасып тұрмыз,

Тағдырдың сыйы сол ғана.

Жалғыз қалған жолбарыстай

жаралы ем,

Күңгірт тартгы-ау мөлдір әлем,

бар әлем...

Жүрегіме шоқтүсірді, қайтейін,

Тамағыңның астындағы қара мед.

Сол қара мең, сол қара мең,

қара мең,

Қара менді гауһарыма балар ем.

Самал болып терезеңнен ене алсам,

Сенің қара шаштарыңды тарар ем.

Сенің қара көздерінде мұң түрды,

Менің қара кәздерімде жыр тұрды.

Өзімді өзім ұстап қалдым бір түрлі,

Ал қиялым құшақ жайып ұмтылды.

Сенің қара көздерінде күнә тұр,

Менің қара көздерімде күнә тұр.

Жүрегімде басталады ма сұрапыл,

Жүрегінде басталды ма сұрапыл?

Ғашықтық дерт, жалбарын дер, жыла дер,

Құдайым-ай, сабырлырақ қыла гөр.

Топырақтан тысқары боп қара мең,

Жасырынып ақ тамақта тұра бер.

Жалғыз қалған жолбарыстай жаралы ем,

Күңгірт тартты-ау мөлдір әлем, бар әлем...

Суырып алды жүрегімді кеудемнен,

Тамағыңның астындағы қара мед.

Ғашықтық дерт бойдағы бар асылым,

¥лы жолда қайралдым да, жасыдым,

Аяқ асты болмас үшін сүлулық,

Қара шаш пен ақ тамаққа жасырын.

О, қара мең, қара мең.

Бір белде қалды еркелік,

Бір белде қалды қарт ата.

Жыр жаздым тұңғыш өртеніп,

Сүйреді жолдар шаршата.

Қараша үйден күй андып,

Отырған қалды-ау мезгіл де.

Биледі бойды ұяндық,

Кездескен сәттен сен бізге.

Қараушы ең маған елжіреп,

Күнес жақ бізге мекен-ді.

Алушы ең еске сен жүдеп,

Соғысқа кеткен көкеңді.

Жаратты тағдыр сері ғып,

Өкситін қолда домбыра.

Жататын сонда керіліп,

Сағымға сіңген жол мына.

Зауалда ұзап ауылдан,

Гүл тердік бірде қыраттан.

Тұрғанда қорғап дауылдан,

Ерніңнен сүйіп жылатқам.

Куә боп әлі тұр дала,

Кеудеме талай толды өлең.

Ұзадым жалғыз біржола,

Сағымға сіңген жолменен.

Бір белде қалды еркелік,

Бір белде қалды қарт ата.

Жыр жазып жүрмін өртеніп,

Сүйреуде жолдар шаршата...

Көз таста өлең-бүлаққа,

Жанымның бұл бір кең бағы.

Сен асқақ қызсың бірақ та,

Тәкаппар ұл ем мен-дағы.

Жан емес едім тым ынжық,

Жетпей-ақ қойды-ау батылым.

Алдыңда тұрмын күмілжіп,

Жеңіңнен тартып ақырын.

Сыңқылдай күліп құрбыңмен,

Сызыла басып ұзадың.

Сыртыңнан қарап тұрдым мен,

Санамда ойнап жүз ағын.

Ырғалып сырғаң сиқырлы,

Ақырын соққан самалмен.

Кеудемде мұңлы күй тұрды,

He десем екен саған мен.

Жанымның жалғыз тілегі,

Сағынбай жүрек сыздар ма.

Мігіттер барып жүреді,

Жігіттер барар қыздарға...