ВЕРНУТЬСЯ

     Құйынға айналып жарысқан ұшқан құспенен,

Апталап,

айлап, бел шешіп ыстық ішпеген.

Баз кешіп барлық жер бетіндегі бақыттан,

Қарындас үшін жиырма жыл аттан түспеген.

Далаң ғой мынау сағымы қырда ойнаған,

Жылына қанша батырдың тойын тойлаған.

Сен кеткен жаққа тізіліп ұшса тырналар,

Қазақтың соңғы ханы еді ғой деп ойланам.

Басқыншы ма еді ол,

жұмсаған жатқа әскерді,

Намыстан мәңгі мекен ғып қалды-ау басқа елді.

Ыстықкөл жаққа жол түскен кейбір шақтарда,

Хан Кенені ойлап көзіме ыстық жас келді.

Түсімде кейде...

сарбаз боп еріп кеткім кеп,

Кезімнің жасын көл қылып үнсіз төктім көп.

Ағыл да-тегіл жастығым су боп ояндым,

Жаныңа сенің Наурызбай болып жеткім кеп.

Ақ киіздегі ақ парыз қанмен өтелген...

Бүгінде міне...

құлдыққа елдің еті өлген.

Қырық ғасырда қайта тумайтын Хан Кене ол,

Алашы үшін жауына қылыш көтерген.

Басын кесті ол,

бауырдың жауға бас ұрған,

Жай біреу түгіл, жақыннан сырын жасырған.

Абылайдың аруағын сүйіп атаның,

Ұлты үшін мәңгі жалғыз қап қару асынған.

Әңгіме еді бұл дүрлігіп халық,

бақ тыңдар,

Сан ғасырларға аңыз боп қанат қақтындар.

Ұлы ұлысқа қасірет келген сол түні,

Хан Кенені емес, Түрікті сатгы сатқындар.

Артында кекті,

жолбарыс текті ұл қалып,

Шағылдар басқан бұйра да бұйра құм налып.

Шерлі жел желпіп қобыздың әнін сыңсыған,

Дүние жалған қабағыменен тұр бағып.

Сыбырлап шалдар шертетін бір сыр балаға,

Айналды дала қаңғыбасы көп қалаға.

Парлатып жасты күңірентіп құран оқыдық,

Белгісіз мұңдық
томпайған неше молаға.

Айтпайды әлі, әйтпесе, бүл ел біледі,

Құптаса бірі,

парықсыздауы күледі.

Әуезов сынды алыптар шекті азапты,

Кенесарыны сүйгені үшін жүрегі.

Айналып көкті жүргендей әлі жебе бір,

Тербейді мені көне бір тарих, көне жыр.

Нысанбай жырау жырлаған осы жорыққа,

Ағажан, сен де көңілінді ептеп бөле жүр,

Айналып көкті жүргендей кекті жебе бір!..