ВЕРНУТЬСЯ

       Жапырақтар тағы шулады,

Шулады олар тағы да.

Жүрегім менің тулады,

Тулады сені сағына.

Жапырақтар тағы үзілді,

Үзілді олар желменен.

Көрмек сенің жүзінді,

Оралдым қайтып елге мен.

Ағаштар тағы жылады,

Жылады олар қамығып.

Көңілім саған құлады,

Отырмын қазір сағынып.

Жапырақтарын қимайды,

Қимайды олар, білемін.

Кеудеме жүрек сыймайды,

Сыймайды, сені сүйемін.

Тек шырша ғана солмайды,

Желден де тұрар құламай.

Барлығы жақсы болмайды,

Табыспай бір-бір жыламай.

Көктемде олар шаттанып,

Күз келген кезде қалтырар,

Қайтеміз енді ақталып,

Өмірдің сондай салты бар.