ВЕРНУТЬСЯ

    Биiктiктi сақтау да бiр күш еңбек,

Сол еңбекпен қайнап, бiз де пiсер ме ек?!

Алатаудың ақ шыңы тұр айқайлап,

- Жалықтым мен, ендi жерге
түсем, - деп.

Сағынышы ыстығымен өпкендей,

Ол ыстыққа Мұзды мұхит кепкендей.

Жанарында мөлдiрейдi бiр
тамшы,

Ол тамшысы - Балқашты әкеп
төккендей.

Сағынасың. Мұңыңды айттың тасқа да,

Шырша-шырша кiрпiгiңнен жас тама.

Махамбеттер құмы үшiн жан
қиған,

Сен де шыда! Биiгiңдi тастама.

Түсiп кетсең, бұлақ шабар қапталдап,

Найзағайлар iздер сенi
оттарды ап.

Ал бұлттарың кезер жердiң
асты-үстiн,

- Алатауды жоғалттық! - деп
аттандап.

Сұрауың - бар. Ол да бақыт қылаусыз.

Асқақ өмiр орнатам деп бұғаусыз,

Қара жерде жүрген талай ерлердің,

кезiнде арты қалған жоқ па сұраусыз.

Гүлдерiң бар жанарынан жаз
тамар,

Биiгiң бар қарай-қарай көз
талар.

Түссең, ешкiм өзi түстi демейдi,

«Оны Аспан лақтырған!» деп сөз тарар.

«Лақтырған!» - деп сөзден сөзге
өседi,

Ғасырлардан ғасыр аттап көшедi.

Сөйтiп тауды жер қылып бiр
тынады,

Бiзде таудың аздығы да осы
едi.