ВЕРНУТЬСЯ

       (Композитор кітабынан туған
ойлар)

 

    Шәмші
Қалдаяқов. Бүгіндері бұл
есімге ешқандай анықтауыш-толықтауыштардың, ешқандай комментарийдің қажеті бола қоймас, сірә. Бұл есімді кәрі де, жас та, қазақ та, орыс та, татар да, ұйғыр да - қысқасы, республикамыздағы
"жүз рудан" астам жұрт
түгел біледі. Жастар жағы Шәмші
әндерін таңнан-таңға талмай шырқап, қуанышын да, ренішін де сол әндер арқылы жеткізуге қүштар болса, кәрілер жағы Қалдаяқовтың құйсандықтай музыкалы кеудесінен шыққан бүлақтай әсем сазды
әуендерді ұйып тындап, композиторға құрметпен қарайды.

Иә, бүгін
солай. Ал кезінде Шәмшіні мойындағысы келмеген, оны толып жатқан "егіз
қозыдай үқсас жылауық вальстерімен
қоса жолдан ысырып" тастағысы келгендер де болған. Ең бір
өкінішті жері - бұндай
пікірді айтушылардың бірсыпырасы арнайы оқу бітірген, өздері де творчествомен
айналысып жүрген маман адамдар еді. Олар Шәмшіні
"профессионалдық дайындығы жеткіліксіз", "гармонияны білмейді,
гармониядан бейхабар", "өз шығармаларының оркестровкасын жасау да
қолынан келмейді", "әндерінде
үқсастық бар, бір әуенді қайталай береді", деп қойшы әйтеуір, жоқ жерден кемшілік іздеп кінәлады. Олар Шәмші әндерін кең таратпауға, радиодан көп
орындатпауға тырысып-ақ бақты. Олар
жас композиторды үнемі аяқтан шалумен
болды. Оның қателескен, адасқан сәттерін андып жүріп, консерваториядағы оқуынан да шығартты. (Рас, бұған бір
жағынан Ш. Қалдыаяқовтың өзі де кінәлі. Даңқ буына масайрап, ішімдік деген құрғырға құнығып, оқуды қойып алғаны
бар). Шәмші Қазақстан
комсомолының сыйлығына ұсынылған кезде оның сыртынан тағы да лайықсыз сөз таратып,
жюри алдында беделін кемітпек болды. Керек десеңіз, олар Шәмшіге композитор деген анықтауышты да қиғысы келмеді-ау.

Бірақ, ең бір
қуанышты жері - композитор бұл
шырғалаңның ешқайсысына мойыған жоқ, ән шығаруын қойған жоқ және өз әндерін тек өзінше жазудан танған жоқ. Ал жастар болса, халық болса, Шәмші әндерін шырқай берді, беделді сынға да, сыпсың сөзге де
қарамастан бар дауыспен айқайлап айта берді. Амал не,
"гармониядан қара жаяу"
Қалдаяқовты ел-жұрт кейбір
оқуы болғанмен тоқуы шамалы профессионалдардан
артығырақ біліп, артығырақ санайтын болды.
Оған комсомол сыйлығы берілді. Ол енді толық праволы композитор атанды. Шәмші
Қалдаяқов әндері енді жеке кітапша
болып басыла бастады.

Айтса да, осы
әңгімеміздің туындауына ең басты себепкер де сол кітапша екен ғой. Оны осы
таяуда ғана "Мектеп" баспасы
жарыққа шығарды. "Шәмші Қалдаяқов. Әндер", деп аталады. 15 әнді қамтыған. Көркемделуі де, қағазы да - бәрі де әдемі, дұрыс. Кітапшаға берілген қысқа аннотацияда
баспадағы жолдастар "Автордың соңғы кезде, қайнаға еңбектің ортасында болып, оқушылар қауымымен кездесуі, сырласуы нәтижесінде туған
"Сыр сүлуы", "Бақыт құшағында", "Арыс жағасында", "Ақ ерке
Жайық" тәрізді әндерінің де келешекте баспадан
жарық көретініне күмән жоқ", -
деп жазады. Бұл да құптарлық іс.

Кітапша
"Мектеп" баспасынан шықса, мектеп оқушыларына арналған болды ғой.
"Шәмшінің ғашықтық, махаббат тақырыбына
арналған эндері оқушыларға неге қажет бола қалды
екен?" - деп ақылгөйсушілер табылатыны хақ. He дерсің ондайларға?! Орыс жолдастар ондайларды "ханжа", ал істерін "ханжество" деп атайды.
Қазақшаласақ, түпкі мағнасы "көрсоқыр" дегенге саяды-ау, тегі.

Ондайларға
бір-ақ жауап бар. Ән дегеніміз - өнер. Ал өнер
атаулы жас талғамайды, ол кәріге де, жасқа да бірдей ортақ. Оның үстіне, о заман да, бұ заман, жас буынды әсемдік
дүниесіне жетектейтін өнер ешқашан да педагогиканың ережелеріне томпақ кеп
корген емес қой. Егер "ханжалардың"
сөзіне ерсек, біз жастарымызды балет өнеріне
18-ге толған соң ғана үйретер едік. Рафаэльдің, Рубенстің, Микельанджелоның суреттерін, Милос Венерасы сияқты
ғажайып мүсіндердің көшірмелерін оларға мектеп
қабырғасынан шыққаннан кейін ғана көрсетер едік. Меніңше, мектеп оқушыларына махаббат әндерін айтпа деп шек
қою - асылық. Бүлай етсек, өрескел қателескеніміз. Қайта, керісінше, махаббат,
сүйіспеншілік секілді адамның ең асыл, ең нәзік сезімін жеткіншек бойына сол
мектеп партасынан бастап сіңіру керек. Яғни, "Мектеп" баспасы, Ш.
Қалдаяқовтың махаббат жайлы әндерін оқушыларға арнап шығарғанда өте пайдалы шаруа
тындырып отыр, деп бағалаған жөн.

Бұның бәрі де дұрыс, бәрі де орынды. Тек баспа
адресіне айтпақ бір ғана өкпеміз, болашақ уәделерінен күтер бір ғана тілегіміз
бар. Ол - кітапша тиражының тым аздығы. Он-ақ мың! Әнші қазаққа бұл
тираждың тым олқы соғатыны ақиқат.Сондақтан Шәмшінің жаңа әндерін басарда (оған
баспаның өзі уәде беріп отыр емес пе)
осы жағын ескергені жөн болар еді.

Кейде осылай
бірді айтып, бірге кетіп қаласың. Дегенмен сөз соңындағы тағы да бір пікір.

Шәмші
Қалдаяқовтың тұңғыш жинағы
жарық көрді. Бұл жас
композитор үшін де, оның сан мындаған тілеулес достары үшін де үлкен қуаныш. Шәмшіні
сол қуанышымен құттықтай отырып, творчествосына, жалпы тірліктынысына едәуір
кесел келтіріп жүрген бір мінін жұрт алдында ашық айтқанды жөн көрдік. Ол -
Қалдаяқовтың кейбір жетесіз жандардың қолпаштауына ілесіп кете беретіндігі.
"Жалқаулық та, жауапсыздық та, аздаған дандайсу да, ішінара "тентек
суға" әуестенуі де - бәрі-бәрі де содан туындайды. Шын талантты,
бергенінен бермегі көп жас композитор, өз болашағын ойласа, осы жайтты

мықтап ескеруі керек.

Творчество -
талмай іздену. Творчество - қиындығы да,
қуанышы да мол ұзақ жол. Ол жолда ой-шүқыр да, кәлденең жатқан көк тас та, бағыттан тайдырар жалған жарқырауықтар
да кездесуі ықтимал. Сол жүкті көтерген, сол қиындықтарға мойымаған, сол жалтырауықтарға қызығамын деп жауапкершілігін
ұмытпаған талант иесі ғана (жәй біреу
емес, талант, иесі!) осы жолда шын табысқа, зор табысқа жетпек. Шәмші осыны ұмытпаса
екен!