ВЕРНУТЬСЯ

     1968 жыл, 22 желтоқсан

 

"Журналист"
журналы "Дұрыс па, бұрыс
па" деген айдармен әртүрлі пікірлерді жариялап тұрады. Оның желтоқсан
айындағы санында Ош облыстық "Ленин жолу" газетінің бас редакторы Артықбай Әжібековтың
мақаласы басылыпты. "Біз таулы өңірде тұрамыз. Сырттағы жұрт Қырғызстанды
экзотика елі деп санайды. Дүние жүзіндегі ең биік тау, мақталық алқап, аспанмен астасып жатқан аилдар бізде ғана бар" деп жазады ол.

Әжібеков
мақтанып, артық айтып қойды-ақ делік. "Журналист" журналындағы
жолдастар қайда қарап отыр? Олардың мектеп бағдарламасындағы географияны білмейтіндігі қалай?!

 

1968 жыл, 24 желтоқсан

 

Ауруханаға
түскеніме түп-тура бір тәулік болды. Сағат 9.30-
12.30-ға дейін шалқамнан түсіп жаттым-ау ақыры! Түні бойы мазам кетті.

Ауруханада
Қ.Егізбаев, К.Ахметов және Ю.Крохалар жатыр
екен. Сонан соң Н.Н.Головацкий мен Сәдуақасов келіп түсті.

Кеше Бауыржан
Момышұлы туралы әңгіме болған. Қосай ол
туралы дұрыс пікір айта қоймады. Бәукендей адамның тым еркін болуы оған ұнамайтын
сияқты. "Ол өзін бәрінен де
ақылды, барлығынан да биікпін деп есептейді. Оның кредосы осы", - деді Қосекең.

Бүгін І.Омаров
туралы сөйлестік. Ол кісі "Ботқаны етке айырбастамаймын" деп жұртты күлдіріп жүретін. Оның асқазанында
жара бар екен, жақында рак ауруын анықтап, төрттен
бір бөлігін кесіп тастады. Әйелі келгенде "Татар басқыншылығына тойтарыс беруге кетіп барамын" деп күлдіретін.

Кроха мен
Сәдуақасов: "Ол мәдениетке бекер барды. Дауы көп әртістермен бекер байланысты. Жоспарлау комитетінің бірінші орынбасары болып
отырғаны әлдеқайда тыныш еді
ғой", - дейді.

- Ілияс аға жеке өз басының қамынан гөрі
халқы, оның ұлттық мәдениеті
туралы көбірек ойлайтын шығар. Ол Жан қинамай
отыратын әкімдіктен гөрі қазіргі жұмысынан моральдық және азаматтық тұрғыдан әлдеқайда көп ләззат алатын шығар, - деймін мен.

- Ол сырқат адам ғой. Өз жағдайын ойлауы
керек еді.

- Біз әрқашан салқын ақылдың жетегіне ере
бермейміз. Адамға тән
осалдыққа қосымша азаматтық парыз-қарыз деген бар емес пе, - деймін мен.

Оны Москваға
барлық министрлер шығарып салды. Оның рак
деген дертке шалдыққанын ешкім айтқан жоқ. Ол кісінің өз ауруын білмеуі мүмкін емес қой...

Людмила Михайловнаның
сабырлылығы, көзге оқшау түспейтін
көркі адамның көңілін арбайды. Қызық-ау. Қатты ауырып жатқан адам ептеп
денсаулығы түзеле бастағанда-ақ әдемі, керікті әйелдерге көз салады. Олар да
біз сияқты шығар...

Мұнда өте
тамаша: кіре берісі бар бір бөлме. Жуынатын бөлмесі
және бар. Дәрігерлер қабағыңа қарап тұрады. Төңірегің
мұнтаздай, тәртіп күшті,
тамақ тоқ. Мұндай ауруханада жатып ауырудың өзі жақсы. Мен және мен сияқтыларға
осыншалық мүмкіншілік жасаған, ал мындаған, миллиондаған адамдардың жағдайын
неге ойламайды? Осыны ойласам бетімді
ұят тілгілеп, жаным қысылады. Табиғат-ана барлығымызды
тең етіп жаратқан. Сондықтан барлық жағынан да тең болуымыз керек емес пе?!

 

1968 жыл, 27 желтоқсан

 

Жантуар деген
отызыншы жылдары республика прокуроры болған. Кеше ол туралы аурухананың бас
дәрігері А.Дайыров әңгіме айтып
берді. Бұрынғы прокурор келіп:

- Біздің заманымызда мәселені лезде тез
шешуші едік, - деп мақтаныпты.

- Кім болып істеген едіңіз? - деп сұрайды
дәрігер.

- Прокурор болғам, мен туралы естімеп пе ең?
- дейді ол.

- Естігенмін. Талай-талай кінәсіз адамның обалына
қалған сіз екенсіз ғой, - депті дәрігер. Таң қаламын. Ұялу дегенді білмейді. С. деген біреу бар.
НКВД-ның бұрынғы бастығы. Әрқашан
невропатология бөліміне түсіп емделеді. Шамасы,
кісі қаны бекер кетпеген ғой.

Е.Бекмахановтың
құжаттары мен кітаптарын
қарап жүрмін. Оны 25 жылға соттаған
заң қызметкерінің фамилиясы ұмытпасам, Мамытов болар.

"Жұрттың
бәрі өзімшіл болып барады, қымс етсе талап етеді. Жеке адамның қоғам алдындағы
жауапкершілігі туралы айтатын біреу
табылса ғой" деді Қ.Егізбаев ренжіп. Шынында да солай болып барады. Халық шаруашылығының өртүрлі саласына
бірдей дұрыс кезқарас жоқ. Жеңіл, ет-сүт, тамақ өнеркәсіптері пайда келтіреді,
бірақ алатыны мардымсыз. Уақытша өнеркәсіптің басқа саласын тежей тұрып,
халыққа аса керек екінші саласына көңіл бөлу керек-ақ. Өкінішке орай, ешкім де жауапкершілікті
мойнына алғысы келмейді. Бес күндік жұмыс деген де ақылға қонбайды. Жоспар
орындалмайтын болды, халықтың табысы аз, станоктар қарап тұрады. Жұрт ішімдікке
әуес бола бастады. Тәртіп нашарлап барады.
Қылмыс көп.

Егізбаев осы
мәселелермен үлкен үйге барамын деп отыр.
Дұрысы - алты күн жұмыс істеп, демалысты созу керек шығар.

Кешкілік
домино ойнадық. Сонан соң чехтардың киносын көрдік. Соңынан Чехословакиядағы
жағдай және ұлт мәселесі туралы әңгімелестік.

Егізбаев пен
Сәдуақасов "күштің аты күш, оған арқа сүйемесек
барлығын құлатып аламыз" деді. Мен қарсы шықтым.

- Барлық саясатты қара күшпен,
басып-жаншумен жүргізу өте қате,
қазір уақыт мүлде басқа. Жан-жақты ойланып,
мәселе шиеленіспей тұрғанда тұйықтан
шығудың басқа жолын іздеу керек. Күні біткен режим мен жүйе билік басында күшпен отыра алмайды. Ондай жүйені ерте ме, кеш пе "тақтан"
тайдырып отырған. Егер біздің елдің
Чехословакияға басып кіруін дұрыс десек, онда ақтауымыз керек емес пе. Тіпті
туған Отанымыздың пайдасы үшін болса
да біз жандармның, халықаралық арашашының міндетін атқармауға тиіспіз. Өйткені
әрбір адам өз қалауынша өмір сүруге
тиіс, екінші біреудің мазасын алуға, өмірін
бүлдіруге қақысы жоқ. Егер оның өмір сүру құқына көршісі иелік етіп, баса-көктей бастаса, мұндай
жағдайда адам азаттығынан айырылады. Мұндайда
адам түгіл қоғам да азаттықтың
ауасымен дем ала алмайды. Менің пікірім  - әркім өз қалауынша өмір
сүруге тиіс. Көпірме үгітнасихат халықтың санасын улап, теріс жолға түсіреді деген
желеумен бір мемлекеттің ішкі шаруасына қол сұғу оның дербестігі мен
азаттығына жасалған қиянат деп есептеймін.

 

1968 жыл, 30 желтоқсан

 

Кешкі тамақтан кейін тағы да уақыт
және сын туралы ой бөлістік.

Егізбаев пен Сәдуақасов екеуі "басшыларды өп
сынамау керек, халықтың алдында беделі түседі, бұдан еш пайда жоқ. Демократияны
ойнаудың қажеті шамалы. Егер демократияға ерік беріп қойсақ чехтардың жолына
түсіп, мықтап қателесеміз" деді.
Олардың айтуынша, үлкен кемшілікжіберген
басшыны бюрода, пленумдарда сынауға болады.
Тек халық білмесін дейді. Мен бірден қарсы пікір айттым.

- Осы сендер, журналистер түймедейді түйедей
етуге құмарсыңцар. Хрущевтің
заманында уралаған да сендер.

- Немене сіздер сол заманда ашық
опппозицияда болып па едіңіздер? -
дедім. - Ия, біз оны насихаттадық, партия сондай
тапсырма берді.

- Жекелеген адамдардың кемшілігін жалпылап, жұртқа жариялаудың қажеті қанша? Мұндай
факторларды шетелдік насихатшылар
пайдаланады ғой.

- "Шегірткеден қорыққан егін
екпейді" дейді. Шетелдіктер
теріс сөз айтады екен деп көрініп тұрған кемшілікті сынамау қате. Мұндай
жағдайда біз "темір шымылдықты" жауып, жеке адамға табыну заманына
қайта ораламыз.

- Халықты бетімен жіберіп, мемлекеттік тәртіпті
әлсірету дұрыс па? Мемлекет бар жерде төртіп бар. Тәртіп деген шу асаудың мойнына қыл арқан салу.
Демократияны ойнау, либерализм
ешқашан пайда әкелмейді, - деді олар. - Имперализм тырнақ астынан кір іздеп
отырған жоқ па?

- Біз
осылардың әрекетіне рухымыздың беріктігі мен әскери тәртібімізбен ғана емес, өте ақылды, икемді, салауатты
гуманизмге негізделген саясатымызбен жауап беруіміз
керек. Керек десеңіздер, демократияны, диктатураны ең алдымен біз игеруге
тиіспіз. Соңғы жиырма жылдағы
қоғамдық дамуымызға жан-жақты, терең талдау жасамай
тұрып өте епті саясат жүргізбейінше мемлекетті әлсіретпей, даңқы мен беделін, бұрынғы күйінде сақтап қалу мүмкін емес...

 

1969 жыл, 1 қаңтар

 

Тағы да бір
жыл аяқталды. Кеше Людмила Дмитриевна (дәрігер)
келіп құттықтап, жаңа жылда сырқатымнан біржола жазылып кетуіме тілек білдірді. Кешкілік бас дәрігердің рұқсатымен үйге келдім. Мүлде болмайтынын
біле тұра 30 грамм коньяк іштім.

Бір таң
қаларлығы - сағат 9 бен 10-ның аралығында Ө.Жөнібеков
(Орталық комсомол ұйымының 1-хатшысы) телефон
соқты. Мерекемен құттықтады. Түсініксіздеу жағдай. Бұрын бір-бірімізге телефон
соққан емеспіз. Бәлкім, бұл біздің ноябрь мерекесіне
байланысты жіберген құттықтауымызға қайтарған жауабы шығар. Солай шығар.

Мен Әбекеңе (Жұмабаев), Әнуарға (Әлімжанов), көкеме
(бауыры Телқожа Жанұзақов), Бекеңе (Баймаханов), Женяға, Сафураға, Сапарға (Байжанов), Балғабекке (Қыдырбекұлы), Абдулхамитке (Мархабаев)
және Есенжолға (Домбаев. Ол мені телефон соғады деп күтпеген сияқты) телефон соқтым. Бізге Асқар
(Сүлейменов), Бекең (Соқпақбаев),
Шерхан (Мұртаза), Сәбит
(Жиренов) телефон шалды.

Бәріміздің
әңгімеміз әр тараптан басталып, бір арнаға келіп құяды. Сталин, Хрущев, партия, жалпы басшылар туралы әңгіменің барлығында салқын сыз жатады.
Ешкімнің көңілі толмайды, сын көп
айтылады. Heгe? Ұлтшылдық,
волюнтаризм, шовинизм, ревизионизм...

Бүгін Қосай
Егізбаев журналистерге шабуыл жасады.  Партия кінәлі адамдар солар
деді. Мен әдеттегідей қарсы шықтым.

- Біз партияның айтқанын жазамыз. Бізді кінәлау
арқылы сіз партияны кінәлап отырсыз, - дедім. - Егер әркім басқаның нұсқауын
орындаумен шектелмей, жалпының пайдасы үшін жүрек әмірімен еңбек етсе біздің
қоғамда әлдеқашан коммунизм орнайтын еді. Өкінішке орай, біз орындаушы құлмыз.

"Адамдарды
жақсылықтар арқылы, емірдің тек қана күнгей
жақтарын насихаттау жолымен тәрбиелеу керек" дейді ол кісі. Басшылықтағы азаматтарды ашық сынауға ол қарсы. Мұндай ашық сын қоғамдық құрылыстың негізін шайқап, басшылардың беделін
түсіреді, мемлекеттік тәртіпті
әлсіретіп, жалған демократияның, анархияның
күш алуына, ешкімге бағынғысы келмейтіндердің
кобеюіне әкеп соғады. Ең үлкен дерт - тәртіптен
күш кетті. Сол себепті де, ісіміз оңға баспай тұр."
Қ.Егізбаев осылай дейді.

 

Дегенмен өмір
тоқтап тұрған жоқ. Ескі тәртіпті жақтайтын кейбіреулердің қарсылығына қарамастан,
өмірге жаңалық еніп, демократияның
буыны беки бастаған сияқты. Пікірімізді ашық айтатын болдық. Ол үшін ешкім қудаланбайды. Жеке дамға табыну заманына
барар жол жоқ. Олай қарай бұрылу
заман мен тарих алдындағы қылмыспен тең.

Кеше
Н.Н.Головацкий күні бойы өзіне Бәйкен Әшімовтың
телефон соғып, жаңа жылмен құттықтағанын айтып,
қуанып жүрді. Жалпы сол адамды мұндағылар көп мақтайды. Салмақты, салиқалы, орнықты адам дейді. Солай шығар. Ауырып жатқан адамға телефон
соққаны дұрыс болған. Ал менің Г.И-ім осы уақытқа дейін менің тірлігімнен хабар білген жоқ.

 

1969 жыл, 2 қаңтар

 

Бүгін біздің
бөлімшеге Димаш Ахметұлын алып келді. Біз домино ойнап отырғанбыз. Есік ашылып, ішке бір топ адам кірді. Бұл
Сызғанов бастаған топ еді. Димекең мұнда екі-ақ күн жататын көрінеді.

 

 

1969 жыл, 3 қаңтар

 

Түстен кейін Димаш Ахметұлына бардық. Ол кісі Людмила
Михайловнадан барлығымыз туралы сұрап, біліп отыр екен. Ал Н.Н.Головацкийді сол
жерде хирургия бөлімін басқаратын А.М.Бирюковқа мықтап тапсырды.

Бізді өте жылы қарсы алды. Әрқайсымыздың атымызға әзіл
айтты.

- Төсекте жатып-ақ қаулыларды оқып, түзеп, қол қоя
беретін болдық қой, - деп күлді Димекең. Бұл жолы негізінен
Головацкий сөйледі.

 

1969 жыл, 8 қаңтар

 

Кеше Димаш
Ахметұлында болып, біраз ойымды ашықтан-ашық айтып салдым. Идсология саласы
жөнінде. Құлақ қойып тындады. Сосын
менің сырқатым жайына көшіп, Сызғановқа
айтайын деді. Осындағылардың бәрінің де жай жапсарын
сырттай сұрап, біліп жатқан көрінеді.

Осында кешқұрым М.И.Есенәлиевті алып келді. Өкпесіне суық тиіпті. Күрк-күрк жөтеледі. Қазақ ССР
Жоғарғы советінің соңғы сайлауын
өткізерде М.И.Есенәлиев орталық сайлау комиссиясынан уәкіл болып, Шығыс
Қазақстанға барыпты. Қосай оны келеді деп үш-төрт ауданға хабарлайды да, бір-ақ
ауданға апарады.

- Бұның не? Ұят болды ғой!

- Әй, ештеңе етпейді. Қайта тамаша болды.
Олар сен келеді деп дайындалады гой,
ең болмаса сайлаушылардын тізімін
бітірер.

Ғ.Мүсіреповпен
кездесу өтетін бір совхозға келгенде Қосай директордан:

- Тентектерің бар ма? - деп сұрапты.

- Иә, екі-үшеуі табылады.

- Екеуін президиумға сайландар. Қомпайтып ең
алдыңғы жағына отырғызыңдар. Естерін
жиғанша жиналыс та бітер. Ал маскүнем
біреулер болса есіктен кіре бергенде-ақ: "Ой,сен тағы тастап алғанбысың" деп қолтықтап ала
жөнеліндер, - дейді.

 

1969 жыл, 13 қаңтар

 

Кеше М.И.Есенәлиев
маған соңғы сессияда сөйлеген сөзінің
тексін оқуға берді. Ол Алматыдағы
құрылыстың жайына тоқталыпты. Қаланың
өзіне тән ерекшелігі мен ұлттық
сипатының жоқтығын айтыпты. Шынында да біздің
сәулетшілеріміз бен жобалаушыларымыз қазақ халқының тарихын білмейді. Оның
өткенінен бейхабар. Халықтың тарихы, оның ғасырлар бойы жасалған ұлттық ерекшеліктері
қалаларымыз бен көшелерімізге
сән беріп тұрса ғой. Батырларымыз бен даналарымыз
мрамор, гранит, мыстан жасалған тұлғаларға айналып, көрнекті жерлерден орын
алса... Олар үшін ештеңені аяуға болмайды. Рухани
мәселе кеп жағдайда материалдық байлықтан гөрі зор роль атқарады.

Құрылысты
әлдекімнің аяқ астынан айтқан шешімімен немесе
көзге түсіп қалу үшін емес, жоспарлы түрде жүргізу керек. Және іргемізде жатқан Алатауды естен шығармаған жөн. Әйтеуір, жоспар орындау үшін сапасыз үйлерді
көбейте берудің қажеті шамалы. Дүниеге бізден кейін де адамдар келеді. Олар да өздеріне арнап үй салар,
бәлкім...

 

1969 жыл, 15 қаңтар

 

Кеше ғана
Қосай, Юрий Гсоргиевич Чернов, Сәкен Салықбаев төртеуміз Бәукең жөнінде ұзақ
айтыстық. "Даңғой, өзін-өзі ұстай алмайды, көкірек, қоғамды өзіне қарсы қойып алды" деген сияқты сөздер
айтылды.

 

"Ол
кісіні түсіну керек. Тағдыр оны мандайынан сыйпамаған. Ол кісі тіпті де даңғой
емес. Жалпы оны кінәлаудың өзі қате.
Оның жағдайын талқылауға біздің қандай
қақымыз бар? Баукенді кінәлауға біз жеткен жоқпыз. Оның соры - тым
турашылдығында, мәмілеге келмейтіндігінде.
Бәукең ешқашан өтірік айта алмайды"- деймін.

- Ол
галстуктың орнына барқыт байлап алады. Әйелін Қатын" деп шақырып, жұрттың көзінше етігіне жұмсайды. Ол әйел ауыстырғыш. Әбден дандайсып кеткен. Оны батыр жасаған әйелінің ағасы - Александр Бек.

Басқа
бірауызды білікті халықтың Бауыржандай тірі батыры болса алақандарына салып,
аялап отырар еді. Ал біз өзіміз
бастап даттаймыз. Біз осындаймыз ғой. Бір-біріміздің қадыр-қасиетімізді қашан білер екенбіз?

 

1972 жыл, 10 қаңтар

 

Бүгін Димаш
Ахметовичке салдырған достық әзіліміз дайын болды. Ұп-ұзын болып өзі тұр. Күліп тұр. Редакция үйінен ұшып
шыққан "Ара", астында 60 деген сан жазылған, бір шоқ гүл ұсынып тұр. Түсінікті.

Әнуарға
(Тілеулесов) жіберттім. Картонға жапсырып беріндер
деп.

Қажытай
Ілиясов кетті. Брейгин келді. Оспанхан оның орынбасары
болды. Сейдахмет Бангкогтан әкелген затын сыйлап,
Орталық комитеттің демалыс үйіне кетті.

 

1972 жыл, 11 қантар

 

Кешке жуық
Камал Смаилов телефон соқты.

- Сендер достық әзіл дайындап жатыр дейді
ғой, бізге неге көрсетпейсіңдер?

- Е, оны қайтесіндер?

- Дегенмен... Саяси бюро мүшесі ғой. Бірдеңе
кетіп қалып жүрсе... Күні ертең біз
жауап береміз... Крокодил тапсырып
па?

Жыным келді.
Соншама мен кімге баратынымды, қалай баруды
білмейтін ақымақпын ба? "Жарайды, көрсетейін, бірақ Димекеңе айтамын осыларынды" дедім.

Жалпы осы
Камалдың өзі қызық. Тым пысық. Анада ұзақ екеуімізге телефон соғып: "Алтайбаев туралы не айтасындар?
Тым бөсіп кетпеңдер" дегені бар. Димекеңнің есігі сағат 10-нан бастап үш күн ашық болады дейді.

 

1972 жыл, 12 қаңтар

 

Келіскендей таңертең салып ұрып насихат бөліміне
бардым. Камал "Өзің біл, көрсетемін десең мына Кәкеңе (Қазыбаев)
көрсетерсің" деген әлгінде. Өзі шынында да пленумға кетіп қалыпты. Кәкең
"мен өз жауапкершілігіме ала алмаймын, - деп шоршып түсті. - Андрей
Павловичке апар."

Тағы жыным келді.

- Бармаймын, - дедім.

10.40-10.50 шамасында кірдім. Тоқсан адам құттықтап
та үлгеріпті. Милиционер честь беріп қана тұр.

Димекең жақсы
екен, көңілді екен.

- Бұл той Сіздікі ғана емес, біздікі, бүкіл еліміздікі. Өзіңізді Алатаудай арқа тұтып жүреміз, абыройыңыз
арта берсін! - деп құттықтадым. Рахмет айтты, жағдайымды сұрады. Кейін
келіп, толық баяндармын дедім.

- Қаржаубаев қалай, жұмысқа тұрды ма екен?
Оны шығарып жіберді ғой, - деді. Вот тебе раз! Оны осында менің орныма келіпті деп жүр еді. Өзі байғұс ауырып, екі-үш айдай ауруханада, санаторийде болған.

 

Бірін-бірі құттықтап
жүрген жұрт. Димекеңе КПСС Орталық
Комитеті мен Министрлер Советі жылы құттықтау шығарды. Социалистік Еңбек Ері
атағын берді. Әбден жөн ғой!

Артынша
Имашевке кіріп кеттім.

- Қалай бердің бе? Шыбын ұшып жүр деген соң
журналына беріп қоймасын деп едім, - деп күлді. Ковалев жайын сұрады. Айттым.

- Жұмысыңды істей бер. Саспа. Тек әлгі интеллигенттердің айдап салуына ілесіп кетіп жүрме. Сен
біздің номенклатурамыздағы сенімді жігіттердің бірісің ғой, - деп көпшік қоя сөйледі.

Екі-үш күндей
өте нашарлап жүрдім. Сенбі күні Әнуардікінде болдық, жексенбіде Әбіраштікінде. Оның алдында Сақтапберген,
Оспанхан үшеуіміз ауа жұтамыз
деп жүріп.

 

1972 жыл, 15 қаңтар

 

Түнімен
мәнерлі сырғанаудан Еуропа чемпионатын көріп, ұйықтап жатыр едім көкем телефон соғып, Дәулеттің оқыс қазаға ұшырағанын (инфаркт) айтты. Ұзақтың
шешесі де қайтыпты.

Содан
8-троллейбуспен үйіне бардық. Димекендер әлгінде болып кетіпті. Жеңгем онша көңіл аудара қоймады. (Себебі бар, жазда мен құдай ұрып ауруханада танымай қалғам, сосын онша
араласып жүрген жан емеспіз ғой). Ештеңе дей алмадым. Құшақтап көрістім де қойдым.

Адам көп.
Танитын да, танымайтын да жүр. Біләлов, Ықсанов т.б. Егер ол кісі күйеу болмаса
(Дәулет Серікбаев Д.Қонаевтың күйеу баласы болған) әлбетте бұлай болмас еді ғой.

18-қаңтарда
Жазушылар одағы басқармасының сын мәселесіне
арналған пленумы болу керек еді. "Қазақ әдебиетінде" жарияланған, Олжас баяндамашы. Бірақ дауласып-дауласып
кейінге, ақпан айының аяғына қалдырыпты.

 

1972 жыл, 16 қаңтар

 

"Могиканның
соңғы тұяғына" әлі кірісе алмай жүрмін. Дюрренмат шықты. Ілияс (Есенберлин) Жазушылар одағына
мүшелікке өтсеңші деп еді. Оның сөзі келемеж сияқты көрінген маған. Кейін осы
сөзді Әбдіжәміл Нұрпейісов те айтты.

- Анау, Ісләм, Мұхамед, М.Жанғалин құрлы жоқпысың.
Өт. Аудармашы ретінде өтіп ал, - деген. Бұлар неге бүйтіп жүр деп
ойланып қалдым.

Күні бойы
үйдемін. Фарида таңертең тағы да Майрамен ұрсысып алды. Бұл
да шыдамсыз, ашушаң, анау да қасарып тұрып
алатын бір мінез шығарып жүр. Қиын-ақ осындай дау-жанжал. Жұма
күні класс жиналысында болдым. 5 - төрттігі,
2 үштігі бар екен екінші тоқсан нәтижесінде. Өзім қолға аламын деп
шешесіне уәде бердім.

Екі күннен
бері қар ағыл-тегіл еріп жатыр. Аязды күндердің
аяқталғаны ма, шынымен-ақ?

           

 

1972 жыл, 19 кдңтар

 

Бүгін де суық.
Таңертеңнен Оспанханның үш әңгімесін оқыдым.
Өзбектің "Муштум" журналы: "Қымбатты Ара! Міне, елу жылдан бері біздің екі халық бір аспанның астында
тату-тәтті тұрып жатыр" деп хат жазып, 50 жылдығына бір әңгіме сұрапты.

Соған байланысты "Қымбатты Муштум! Хатынды
алып, қатты куанып қалдым. Қазақ "Өзбек - өз ағам" дейді.
Біздің бір туған бауырлас екі ел
ежелден-ақ тату-тәтті тұрып келеді. Өнегелі көршіміз бірер әңгіме сұратқан екен, қазақы мінезіме басып,
бірнешеуін жіберіп отырмын. Қалағаныңызды аларсыз" - деп жауап жаздым.

Бүгін Жазушылар одағының пленумы болыпты. 9
адамнан секретариат сайлапты. Әнуар, Ілияс, Олжас, Снегин, Қалаубек
(Қабдыкәрімнің орнына), Ғабең, Сырбай, Шухов, Тахауи... С.Асқаров айтты
"тыныш өтті" деп.
Айтса да, "Чабанская жена" деген материалды машинкаға бастырып,
"Литературная газетаға" дайындап қойдым.

Қалыбек
телефон соқты. Дәукеңнің жетісін өткізуге ең жақын туыстарынан 30 сомнан жинайтын боп келісіпті, соны айтты.

Көке айтады, ол Біләловтың ұсынысы
бойынша жасалды... Димекең күнде барып тұрыпты. Бюро мүшелері қазақтар да барса
керек.

Сарбас Ақтаев
заказ берді. Маруся тауы мен Нұрым екеуін жаз
деп.

С.Әлжіковтың
дачасына қарауылдың баласы түсіп, өртеп жібере
жаздапты.

 

1972 жыл, 19 қаңтар

 

Әлгінде ғана
"Жас балеттің" Москвадан берілген (Орталық телевидение) бір актылы
жаңа қойылымын "Қазақ сувенирін"
кердім. Это явление в нашем исскустве, в том

его виде, где мы как раз
отставали. На добротной класической основе создан хороший казахский балет.
Классикалық өнер ұлттық
өрнекпен тамаша ұштасқан,
шебер, нәзік дәнекерленген.
"Лениншіл жаста" Оралхан Бөкеев онша түсінбей, үстірт жазыпты. Болат Аюхановтың ізденулерін байқамапты.

Қыз бен жігіт
витринадан үш қуыршақ көреді. Үш қыз
билейді. Сосын қолы сынған қуыршақ. Шал мен кемпір.
Қой, теке және қасқыр. Овечка хороша, а қой? Тұлпар. Кемпір
және екі немересі. Оркестр, нота и дирижер... Әдемі!

Өзі-өз болып
Әукен тұңғыш қызының туған
күніне шақырды. Келіншек алды, үй алды. Мені ала жаздай көрмеді. Өкпелеп жүр едім. Анада Әмір мен Гена
ертіп апарған.

Қабдыкәрім
ЦК-дағы жігіттерге өкпелеп, ренжіп отыр. Көкем телефон соғып, "анау мәселені қоя тұратын болдық, әлі
ақылдасамыз, шынында ыңғайсыз болып қалуы мүмкін", - деді. 

Ұзақ бүгін жұмысқа шығыпты. Таңертең редколлегия мәжілісін
әткізіп жатыр екен.

А.И.Журин пенсияға шығыпты да, оның орнына Шымкенттен
Ақтөбеге В.А.Ливенцов сайланыпты.

Кеше А.Ананьевпен сөйлестім. Мешалкин туралы очеркімді
"Знамя" журналы әлі ұстап отырған көрінеді.

 

1972 жыл 20 қаңтар

 

Бейсенбі күні Орталық комитеттің демалыс үйіне
бардым. Сейдахмет (Бердіқұлов), Сматбек (Төребеков), Байзақ (Қожабеков) сонда
екен. Соңғы екеуімен біраз бильярд ойнап ұтып алдым. Қайта-қайта қар жауып, аяз
күшейіп келеді.

Әукен қонаққа шақырды. Қалыбек, Әбіләкім болады деді.
Жұма күні таңертең Камал (Смаилов) мен Сапарға (Байжанов) жолықтым. Үстімізден
екі арыз түсіпті. Біреуі "Крокодилден"
көшіріп басқан "Арбаның алдыңғы доңғалағы" деген фельетон жайлы
Смалейчук деген зоөтехникті қорғаушы
еді. Соны дұрыс емес дейді. Екіншісі С.Әлжіковтың
"Гигант" совхозынан жазған фельетоны жайлы. Оған қоса Камал Зовет институттың бір оқытушысы жайлы
жасалған қиянат мәселесін айтты. Бізді екі сөйлеммен өсекші депті. Соңынан оны
партия ұйымы мен аудандық комитет партиядан шығарып, жұмысынан босатады. Бірақ министрлік пен обком бәрін
қалпына келтірген. Сол әйел: "Ара" Ермековтың жетегінде кетті, мені
масқара қылды, енді ақтасын" дейтін керінеді. Камал "Социалистік Қазақстан",
"Лениншіл жас", "Қазақ әдебиеті" атына да біраз реніш
білдірді.

 

Жұма күні С.Әлжіков разметка жасап әкелді. Селиневич
екеуінің фельетонына отыз сомнан және аудармасына деп К.Ахметов дейтінге жиырма
сом, өзінің ұсақ түйек дүниелеріне басып-басып қойып әкепті. Ахметовты мүлде
сыздым, өзін қысқарттым. Маған да көтеріп қойған екен, қолым жүріңкіремесе де
өзіме күштеп отырып қысқарту жасадым. Ахметов үшін біраз дауласты. "Жолма-жол
аударма жасатып едім, ұят болады ғой" деді. Көнбедім.

Кешінде Қалыбек, Әбіләкім мен Рая бәріміз
Әукендікіне бардық. Мен жолшыбай да онда барған соң да Қалыбекке "келіншегің
қайда, неге тастап кеттің" деп тиісіп жүрсем,

батырың ажырасып кеткен екен.
Аздап ыңғайсыздау болды. Осы
бір қазымырлығым ылғида бірдеңеге ұрындырып жүреді.

Әукеннің үйінде бізден басқа Айтжан деген бажасы
(С.Д. Елагиннің көмекшісі корінеді), Есберген деген жігіт әйелімен (Мединститут),
Сүлеймен (сонда істейді, әйелі Әукеннің институтында) Шәйім Исмайылов әйелімен
болды. Мені асаба сайлап
қойды. Өмірімде екінші рет болуым. Бірінші рет
жаңа жылдың алдында Тұтқабайдікінде
басқарып едім. Жұртқа сөзді
араластырып беріп отырғам, туыстарын арт жағына сақтап едім. Содан бір уақытта
әлгі қайын бикесі - аты Гүлбану болса керек - ұшып тұрып, туламасы бар ма. "Әукеннің
жора-жолдастарынан басқа осында Сәуленің де туыстары бар, аға-жеңгесі бар, неге
сөз бермейсіз?! Бермесеңіз өзіміз сөйлейміз. Өзіңіз бастық бола алмайтын, жөн
білмейтін адам екенсіз"... т.с.

"Отырыңыз! Сізге ешкім сөз берген жоқ!"
- дедім. "Әзірге мен орнымдамын, бастықпын!" дедім әдейі. Әлгі Айтжан
деген еркегі де күңк-күңк етіп, әйелін қостап жатыр. "Әйелмен салғыласасыз
ба?" деді. Қойшы, өйтеуір әрең деп отырғызып,сосын
"білместігім", "топастығым" үшін көп - көп кешірім сұрап, жұрт
атынан ғафу өтініп, сөз бердім.

Ыңғайсыз-ақ болды. Ұят-ай, осы қазақтың-ақ дауы бітпейді.
Оларды мұқатайын деген кім? Туыстары, жақындары әдетте артынан сөйлейді ғой.

Өздері де келсап жұтып алғандай болып
ыңғайсызданып шықты-ау үйден. Олар кеткен соң Әукен де басқалар да маған
"көңіліңе алма, сенен кінә жоқ" деп жуып-шайып жатыр. Бірақ
біразға дейін көңілім орнына түспеді. Түнгі сағат
екіде үйге келдік.

Сенбі күні
ертеден қара кешке дейін үйден шықпадым. Әжептәуір ауырлап қалыппын. Дәулет ағаның жетісін өткізуге де бара алмадым. Көкеме телефон
соғып айттым, бірақ көкейінде реніш
пе, кейіс пе, әйтеуір бірдеңе қалды. Маған да ыңғайсыз. Шынымды айтайын,
осындай жиын-тобырға барғым келмейді.
Оның үстіне бұрын барып жүрген адам емес. Шынтуайттап келгенде өте деликатный
нәрсе.

Кешке
Иманжановтың жазбаларын, - күнделік, естелік,
көрген- білген дүниелерін оқыдым. Жұма
күні Сейілхан Асқаров әкеп тастаған.
Оған өзімнің қойшының қатыны туралы мақаламды бергем. Ұнатыпты, бүгін жібердім деді.

Мұқан ағаның жазғандарында тәлім
аларлық жайлар бар екен. Мен құсап көрген-білгендерін бейберекет
түгел тізе бермей, ішіндегі мазмұнды, мәндісін ғана жазыпты. Теңіздің мезгілдік суреттері, баласының қылықтары,
кейбір сюжет үзіктері, ойлар,
түйіндер... Әсіресе жекелеген - Серке, Қапан, Қалибек, Әбдіжәміл, Сырбай, Хамит, Садықбек, Әзілхан сияқты артист, жазушы ағайындар туралы әңгімелері, новеллалары әдемі.
Мысалға,Құрманбектің Жібекке келіп, Төлегеннің
өлгенін естіртер кездегі ариясына "ха-ха-ха"деген күлкіні шарасыз
қосқаны, Қапанның персонаж сөзін ұмытып
қалып, сұрап алатыны, Оттеллоның Ягоны сілкілейтін
тұсы т.б. Серкенің Майбасар болып сырттан кіргенде
етігін бір-біріне соғып, қолын уқалап үрлейтін қимылын Атайбек Жолымбетовтың ұрлап алуы, сосын Серкенің
оның иығына асыла қалып, табанына қатқан қарды қамшының сабымен ұрғыштауы, Елубай атаның театрға үш билет алып: "Театрды өзіміз бастап
таласақ не болады" дегені,
"Мен Қобыланды батырдың ұрпағымын"
деп мақтанатын Садықбекке "О, ұлы баба, ұрпағың қалай азғындап кеткен"
деуі т.с.с. Драмтеатрдағы бірін-бірі қолдап, демеп артындағы жастарға ақсақалдық көрсетіп жүрген шалдарды тамсана мақтай келіп, "біздің
әдебиетте сондай адамдар жоқ" деп
қынжылады Мұқан.

Өзімізге тән
дарақылық, менмендік, күндестік, әлімжеттік сияқты "шылықтарды" ашына жазады. Әрине, кейбір пікірлері қазір "наивный"
(аңғырттау) көрінуі мүкін. Бірақ покоряют тебя искренностью, чистотой,
благородством, всем тем, что было
своиственно именно ему, Мұқану
Иманжанову, человеку большой души, доброго сердца.

 

1972 жыл, 24 қаңтар

 

Бүгін сағат
1020 шамасында тағы да ЦК-ның демалыс үйіне
бардым. Қар аппақ, он-он бес градус аяз, ауа таза. Жарты сағаттай далада жүрген соң, Сматбектің (Төребеков)
бөлмесінде біраз әңгіме соқтық. Өмірзақ деген жігітпен таныстым, бізден
жеті-сегіз жас үлкен болар. Таңертең алтыдан сегізге дейін он бес километр
жерді әрі жүгіріп, әрі аяндап жүріп өтетін көрінеді. Исатай деген КазПИ-дің мұғалімімен
таныстым. Әдебиет, өнер, тіл, ұлт болашағы жайлы біраз пікірлестік. "Енді
жиырма бес жылда тілімізден айырылып қалмас па екенбіз " деді Өмірзақ. Исатай
Сәбеңнің жазғандарын енді оқымауға
серт еткенін айтты.

Содан Әнуар
Әлімжанов келді. Ертең Москваға жүреді екен.
Секретариат болады екен. Сосын жиырма алтысында пленумда үшінші боп
сөз сөйлейсіз депті. "Еш
дайындығым жоқ" деп әдетінше
"жылап" жүр.

Михайл
Иванович Есенәлиев пен Дүйсетай Бекежанов келіпті.
Әнет Бектемісов те келген. Слава әйелі екеуі де осында екен.

Шаршадым. Үйге
Михаил Иванович, Әнет, Дүйсетай бәріміз
бір машинамен қайттық. Абайдан өте бере Дүйсетайдан басқамыз түсіп қалып, жаяу
келдік.

 

1972 жыл, 26 қаңтар

 

Бүгін таңғы
630да оянып кеттім. Өткен жылғы таңертеңгі оқиғалар
- Новосибирск, аурухана, Татьяна Тихоновна - кез алдымнан тағы бір өтті.

 

Оспанхан
(Әубәкіров) "Есалаң қағаз" деген қонақ үйдегі тәртіп туралы әңгіме жазыпты.

Кеше
суретшілермен бірге тақырыптық кеңес өткіздік. Б.Чекалин келіп кетті. Нұрдәулеттің (Байсеркеев) бір әңгімесін
Сақтапберген Әлжіков біреуге ұқсас деп ұстап отыр еді, бос сөз екен.

Ғабең "Қазақ әдебиетіне" "Боранды
түнде" деген ғажап әңгіме бастырды. Шебер, шебер-ақ шалың!

Бүгін маған:
"Осы семіз хатшы мені осында желкесі үзілсін
деп жіберген жоқ па екен әдейі" деген ой келді.

"Известияға"
О.Огнев "Медсо готовиться к встрече" деген хабар беріпті. Бұл не деген бейбастық десеңізші!

"Жұлдыз"
қап-қалың болып шығыпты. Әбіштің бір любопытный мақаласы жүр. Поэзия жайында. Жұмекен мен Мұқағалиды,
Төлегенді мақтайды.

Қызық, бұл өзі (айтуға ұят) қартаяйын дегем
бе, қалай? Әлде склероз деген пәле ме? Әйтеуір көрген, білген, естігенімді уақытысында жазып қоймасам, ұмыта
бастайды екем. Осы бейсенбі, жұма,
сенбі және жексенбі күнгі жайттарды
бүгін жазайын десем, ойыма ештеңе түспейді.
Сонда есте қаларлық ештеңе болмағаны ма? Жоқ!
Жоқ!

 

1972 жыл, 2 ақпан

 

"Лениншіл
жаста" Әуелбек Қоңыратбаевтың әдебиет сыны
туралы тәп-тәуір мақаласы шықты. Сонда "Әдебиет сынындағы кейбір келісімсіз жайлар жайлы "ана жылы Ә.Әлімжанов "Лит. газетада"
ескертіп еді, құлақ аспадық" деген
сөздер бар екен, ЦК-дағы жігіттер "бекер болған, Әнуар пайғамбар ма, көріпкел ме, өйтпей-ақ қою керек еді", дейтін көрінеді.

Алдыңғы күні
таңертең Әндижан Ізмұқановқа
барып жолықтым. Жүрегім сол қалпы,
кішіреймепті. Аздап тахикардия бар екен, соны азайтса дейді. Ал жалпы алғанда жақсы сияқты. Мені бейсенбі күні қарамақ
екен. Бірақ аяқ астынан Қостанайдан
екі қабат әйелді әкелді де, соған операция жасап, күні бойы әуреленген. Алдымен
кесарьша жарып, баласын алған. Сосын жүрегіне операция жасаған.

Төртінші
басқармадан біреу телефон соғып, мені 63-кабинеттен (поликлиникадағы депутаттар
кабинеті) шығартып тастапты. Сара
Мүқатаевна білмейді. Анада М.Нығматул-

линмен келіскен сияқты едім.

Дүйсенбі күні, көптен бері дайындап жүрген партия
- кәсіподақ ұйымының жиналысын өткізіп, Б.Юсуповтың хаттармен жұмыс жайлы
есебін тыңдадық. Қанша дегенмен пенде өштескен адамын ұмыта алмайды екен ғой. Оның
үстіне ауру қалса да, әдет қалмайды демекші пәле қуып әдет алып кеткен бе
қалай, әйтеуір ескі әңгімелердің біразын қайта қоңырсытып, біресе Алтайбаевқа,
біресе Байсұровқа тиісті. С.Әлжіков пен О.Иманалиевті де Аман қалдырмады. Тіпті
Қ. Жармағамбетов пен С.Адамбековты атамақ болып еді, мен қажеті жоқ қой деп
кеңес бердім. Иманалиев оның сынына риза болмай біраз айтысып қалды.

Адамбеков, Алтайбаев, Байсұров үшеуі де себепсіз
келмей қалды.

Әлжіков күннен-күнге көз алдымда беделінен
айырылып барады. Дегенмен де түсініксіздеу жігіт екен, өзін көп ойлайды, өктем.
Бастық қойса қиын болар еді-ау. Әнеу күні мен өзіне біраз батырып айтып
тастадым. "Бәрін редакторға сілтеп тастап отыра бересіздер ме? Онда сіздер
жалпы қарамай-ақ қойыңыздар, мен қарайын, бәріне де жауапты өзім берейін,
сіздер сырттан бақылап қана отырыңыздар. Мен-ақ жұртқа жек көрінішті болайын"
дедім. Қызарақтап, ұялып қалды. Кеше Гурьев облисполкомының секретары
Темірғалиевтің бізге қайтарған жауабын арт жағына үңілмей, үстірт қарағаны үшін
сөгіс алдық.

Біз Гурьев облысында құс қырылып барады деп
сынаппыз. Ал анау "Барлық факті анықталды. Кемшілікке жол бергені жөне қызмет бабын пайдаланып,
жолсыздықтар жасағаны үшін облыстық
охотинспексияның бастығы Несторов орнынан алынды" деп жауап қайтарған. Құс қайда, охотинспекция қайда?
Әлжіков дайындаған, біз баса салыппыз.
"Секретарға сенбегенде кімге сенеміз енді" деп ақталмақ болады.

 

1972 жыл, 6 ақпан

 

Кеше өткен жылдың сметасын әкеп берді. Түсірген
таза пайдамыз 413,1 мың сом екен.
Бірақ жоспар бойынша 414,7 мың болу
керек еді. 1600-ақ сом жетпей қалған. Себебі - типография шығыны 103%-ке, қағаз қүны 103% өсіп кеткен де,
пайдамызды сол жеп қойған. Редакция шығыны 1600
сом.

Солай бола тұра,
бізге прогрессивка жоқ. Кінә баспахана мен басқадан, әйтеуір бізден емес. Біз жұмысты жақсы істегенбіз. Біз сияқты "Білім
және еңбек", "Ауыл шаруашылығы"
журналдары да сыйақыдан қағылыпты. Алайда осыған тікелей кінәлі баспахана жұмысшылары мен баспа басшылары
сыйлықтан қағылмайды. Өйткені олар басқа басылымдар есебінен пайдага батады. Жұмысты
в общем то жақсы істеген боп шыға келеді. Сонда бұған не кім кінәлі? Баспа
басшылары бізді нақақтан күйдіріп жүр.

Қызық. Редакторлар білдей-білдей жауапты адамдар,
саяси міндеттер оларға сеніп тапсырылады. Ал машина, қаражат, құрал-жабдық
сияқты экономикалық-шаруашылық мәселелерге байланысты баспа қызметкерлеріне
тәуелді.

Кешелі бері талай былық көрдік. Хатшыны шақыратын қоңыраудың
өзін баспа директорына айтып жатып әрең қойғыздық. Стақан жоқ, розеткалар бұзылған,
уборка нашар, машбюрода телефон жоқ, столдар сынған т.т.с. Айта-айта шаршаған
соң, өткен жүмада Әнуар Тілеулесовтың атына хат жазып жібергем. Бүгін таңертең
комиссия келіп, шуылдасып жатқан көрінеді.

Өзім аздап нашарлап қалдым, оның үстіне машина ремонтта
тұр. Содан жұмысқа бармай үйде отырғам. Телефон соқсам, Гена байғұсты
ортаға алып шырылдатып жатқан көрінеді. Селиневичке айттым. Дұрыстап
көрсете, түсіндіре алса жақсы болар еді.

Н.Шахов деген
Брест батырларын жазған "Қазақстан кооператоры"
дейтін журналдың редакторы болған екен. Жақында соны секретариатта қарап
орнынан алыпты, өзін партиядан шығарып, ісі сотқа берілсін депті.

Басқа
журналдардан, кітаптардан көшіріп
алып, фамилиясын, дерегін өзгертіп
ұра беретін көрінеді. Сын дегенді ұмытқан. Тағы басқа махинациялары бар. Осы жұрт жынды ма, әлде олер жсрін біле тұра әдейі істей
ме екен?

Таң атқалы осы
күнделікті толтырумен отырмын. Сәуле де
сабағына бармай қалды. Екі сағат физкультура екен, шешесі қорқып жібермей
қойды.

Анау күні
Майра коньки тебемін деп кетіп, түнгі сағат он
бірге дейін жүріп алды. Онымен тұрмай
шашын қобыратып, жайып жіберіпті, көзінің астын қарамен бояп алыпты.

Содан қатты ренжітуге тура келді. Таңертең шешесі шаштаразға
апарып, Ләйлә екеуін бірдей "гаврош" қып түзетіп әкелді. Әбден жарасып кстті. Құрбы-құрдастарына
да, мүғалімдеріне де тегіс ұнапты. Басын сипалап мақтанумен жүр. Жарығым-ай, кеудесіне кек сақтауды
білмейді. Бәрін де келесі күні ұмытып
кетті. Ләйлә болса біразға дейін тымырайып
жүрер еді. Екеуі мүлде бөлек.
Менің де, шешесініңде, жаман мінездерімізді бойға сіңірген. Әрине жақсысы да жоқ емес.

 

1972 жыл, 14 ақпан

 

Бүгін Камал
бір қызық жасады. Звондап "Әбілқатаеваны
қайтеміз" деді. Мен
пікірімді айттым. "Ол кісі өзінің
кінэсіз екенін дәлелдеп қана қоймай, өзіне жаза
қолданған ұйымдардың шешімдерін бұздырсын.
Біз соған сүйеніп жазғанбыз. Әйтпесе
опровержение бсре алмаймыз" дедім. Камал иланбай, "Келіңіздер, сөйлесейік, Пивеньді де
шақырттым" деді. Түстен кейін Әлжіков екеуміз
барсақ, Пивеньді де, Әбілқатаеваны да шақырыпты. Сол жерде ана әйелдің айыбын
тыңдап, шығуға тура келді. Ал Камал
обкоммен де (Меңдібаев) сөйлеспеген, бюроның шешімімен де таныспаған. Әйтеуір
шақырып, көзбе-көз әңгімелесіп,
"разобрался" деген атқа қалу үшін істеген.
Әйтпесе еш қажеті жоқ еді. О
баста мен айтқандай аяқталды. Бұлар әрбір арызқойды осылайша сүйрелей берсе, не жан шыдайды.

Кешінде
Әнуармен (Әлімжанов) біраз әңгіме соқтық. Мәскеудегі пленумда әрең сөз беріпті. Сөйтсе С. Имашев звондап, Ахтанов не Қирабаев сойлейді деп жіберіпті.

Осы мен қашан
ғана құйрықты қысып, тыныш
жүруді үйренер екем. Бұл болмаса күл болсын деген саясатты, немқұрайлылықты
үйрене алмай-ақ қойдым. Осы бір қызуқан-

дылықтан құтыла алмадым. Анада
бірінші номерге редакциялық корпустың келеңсіздігі жайлы фельетон жазамын деп, баспа басшыларын түгел қарсы қойып
алдым. Әнуар (Тілеулесов) да томсарып
жүр. Таңертең коменданты мен зовхозы
тағы келіп кетті. Еден сыпырушыға "премия бермейміз, "Ара " сені жамандады, солардан қағаз әкел" деп қыр соңымызға салды да қойды.

Әнуарға
(Тілеулесов) Ләбиб (редакцияның жүргізушісі) туралы (үй жайлы) хат жазып едім.Соны алдымен өзі апарып, сосын кеше Ковалев пен Әлжіков
апарып, алдыра алмай-ақ қойды. Алмаймын деп отырып алыпты. Қызық.

Космонавтар
келеді, "Березкаға" түседі, киім ілгіштері жоқ деп менің шкафымды сұрап әкетті. Тағы біраз редакциялардан сұраса
керек.

 

1972 жыл, 16 ақпан

 

Бүгін екі
бірдей не удача. Бірінші - "Знамядан" хат алдым. Бір аға редакторы
"жоспарымыздан орын таба алмадық, хирург туралы бұрын жаздырған очеркіміз
бар еді, соған да кезек тимей
жатыр" депті.

Екінші - көкем звондап, мені Смет
Кеңесбаевтың іздегенін, он сегізі
күні Мемтерминкомда "Медеу" мәселесін
әңгімелейтінін айтты. Мендегі хаттарды телеграммалардың көшірмелерін сұрайтын көрінеді. Тауып алдым. Көшіріп қойдым. Өзімнің де
түсініктемемді көшіріп бердім.

Сағат
Әшімбаевты Тахауи Ахтанов журналға аламын деп жүріп, алмапты. Т.Тоқбергенов деген жігіт пен А.Бақтыгерееваны
алыпты. Сағатты Әбдіжәміл (Нұрпейісов) машинасымен жеткізіп салыпты, әйеліңе
көмектесейін, министрмен сөйлесейін
(М.Базарбаевты айтады) депті.

Жалпы жігіттің
көзі ашық. Алғыр. Білгір. Бірақ кейбір жікшілдердің
жетегінде кетіп жүрмесе жарар еді. Кеше
Қойлыбай Жұмановтан жып-жылы
хат алғам екемау. Анау күні аздап өкпелеп, әжуәлап жазып едім өзіне...

 

1972 жыл, 22 ақпан

 

Жазушылар
одағының көптен күпті қылған пленумы ашылды.
Әнуар (Әлімжанов) қысқаша сөз сөйледі, аздап толқып тұрды. Олжастың баяндамасы өзінің мінезі тәрізді ашық, адуынды, арынды, айшықты болды.
Осетров айтқандай, "поэтический доклад", яркий. "Біздің
поэзиямыз әлі де эпостық жанрдан ұзай
алмай келеді. Қазақ өлеңіне Абайдан
соң тұр жөнінен онша жаңалық
қосылған жоқ" деген пікірлері
артықтау болды. Тарихи шығармаларға халықтың сусап отырғандығын, өз жерін Қытай, Моңғол, мұсылман жаугершіліктерінен қорғап қалған
халық өз тарихын білуі керектігін айтты. Біздің қазіргі интеллигенттер XIX
ғасырдан он шақты, XVIII ғасырдан 4-5, ХVІІ ғасырдан бір-екі-ақ
тарихи тұлғаны, оның ар жағында түк білмейді.
Ал білуге құштарлық күшті.
Сондықтан да жұрт Кенесары туралы
кітапты керемет қарсы алды. Сосын Шуховты
сынады. Генерал Скоблев үшін. Николаев деген ақынның "Дружба народов " деген өлеңін сынады. М.Қаратаевтың
азусыз сындарын атады. Алғашында андып, кекете күліп отырған жұрттың бәрі
ақырында Олжасты ыстық ықыласпен тындап, ду қол шапалақтап шығарып салды. Сосын
М. Қаратаев (баяғыша, академический), Мұрат Әуезов (таза
философиялық, тсориялық сарында), Т.Кәкішев (Марченко
мен Кедринаны соқты, әсіресе кемпірді.) Черноголовина ("Простор"
туралы, Шуховты ақтап сөйледі). Т.Нұртазин (қайдағы-жайдағыны айтып, лағып кетті), Ә.Жәмішев, С.Бегалин
(балалар әдебиеті жайлы), Т.Әлімқұлов (жазушы мен сыншының ара қатынасы туралы
теориялық сөз.Әбілмәжін жақтырмай отырды). Т.Ахтанов Мұратқа аздап тиісті,
сосын тарихи роман жайына тоқтап, "Абай", "Оянған өлке",
"Дауылдан кейін", "Ботагөз", "Қан мен терді" үлгі
ретінде атады. "Ал соңғы жылдары жазылып жүргендер не тіл жоқ, не тарихи
шындық жоқ дүмбілез дүниелер, газет тілі, экзотика, националитические элементы
бар" деп соқты.

М.Симашко Тахауиды қағытудан бастап өз соңына түскен
Брагин, Костина сияқтыларды, Плотников пен Имашевтың біреуін (один товарищ
деді) соқты. 25 минуттай сөйлепті.

Р.Бердібаев Есенберлинді қорғап, Тахауидың сөзі дәлелсіз,
жалпылама жала деді. Шығыс әдебиеті, ішкі сын туралы біраз дұрыс пікір айтты.
Абдрахманов деген ұйғыр Хамраевты соғып шықты. Осетров сөйледі. Жақсы
сөйлеген сияқты, бірақ есте қалары жоқ. X. Ерғалиев поэзия туралы Олжасты
түзетті. Бірақ соңын әлсіретіп алды.

 

1972 жыл, 18 ақпан

 

Бүгін бірінші
болып Әбдіжәміл Нұрпейісов сөйледі. Ешкімнің атын атамаса да негізгі көздегені - Ілияс, Әнуар, Олжастың
баяндамасы болды. Шынайы талант, шынайы көркем шындық деген категориялар туралы
аксиомаларды әдемілеп келтірді. Сөзі әдебиетке жаны ашитын, соның тағдырына
шынымен қиналып тұрған адамның сөзіндей. "Мені соңғы кезде пайда болған
кейбір жалған патриоттық, жалған тарихшылдық тенденциялар, халық қамын ойлаймын
деп өз қара басының қамын жейтін тенденциялар таңырқатады. Біздің одақтағы
шикібасшылықтың асығыс шешімдері ойландырады. Кәкішевтың сөзі джентельмендікке
жатпайды", деген сияқты сөздер айтты.

Одан соң Сағат Әшімбаев (сонша асығып, соншама цитаттар
келтіріп), Хасен Әдібаев, Зоя Кедрина, Әбділдә Тәжібаев (Олжас пен Кедринаны
сынады. Қазақ поэзиясында реформа жасалды, әлі де жасалып келеді. Мұхтар мен
Сәкеннің қателіктері болғаны рас) сөйледі. М.И.Есенәлиев сөйледі. Михаил
Иванович дұрыс, партиялық тұрғы-

дан келді. Әр елдің өз Скоблеві
бар. Соны ажырата білу керек дегенді
айтты. Н.Ровенский "Вечерная Алма-Ата", "Ленинская смена", "Казахстанская правда"
үшеуін әбдән соқты. Лихо!

Бүгін Әбіш
Кекілбаев, З.Қабдолов, Есенжол Домбаев үшеуі
сөз сұрап, әлденеше рет записка жіберіпті. Бірақ Кеше жазылмағандықтан оларға сөз тимей қалды.

Серік Қирабаев
біздің жанымызда отырды. Күллі өрекеті, сөзі
ұнамады маған. Ылғи кекетіп, сынап отырды. Төлеу бай: "сөйлемейсіз бе?" деп еді "бізге
кім сөз берсін. Түнімен телефондасып, сөйлейтін адамдарын дайындап
жатқан көрінеді ғой" деді. Кімді айтты. Одақтың
басшыларын ба, әлде басқаларды ма?

Олжас
қорытынды сөз сөйледі. Шапылдасып жауап қайтарамын деп
бүлдіріп ала ма деп ойлап едім. Бірақ бұл жолы ол өте әдемі
айтты. Жалпы осы пленумда Олжас өзін
түсінбей, білмей, сырттай ғана тон пішіп жүретін көп адамға жақсы әсер қалдырды. Тахауи да, Әбдіжәміл де, Әбділдө да оны қазақ әдебиетін, қазақ
ақын-жазушыларын білмейтін, түсінбейтін адам етіп корсеткісі келгенмен, Олжас өз халқын, өз елін, оның тарихын, мәдениетін білетінін, сүйетінін дәлелдеп шықты.
Орынды сынның бәрімен де келісіп,
Осстровқа, Тахауиға, Әбділдәға әдемі отпор
берді. "Истина бывает разные и поэтому требует разного подхода, в том числе полемического. Я за тот бульдозер, который сносить устаревшие, но
я против того бульдозера, который при
этом сносил и мечет Хожа Ахмет Яссауи".

Ал ең бастысы
- ол Әбдіжәмілді аямады.
"Меня глубоко удивляеть,
возмущает поведсние его. Почсму то он бореться против первых секрстарей правления. Был Мүсрепов, он боролся против него, потом боролся против
Шарипова, о теперь настал черед Ануара.
И все это исподтишка, грязными мстодами, запрещенными присмами, не честно. Это
не делаеть чести его имени, большому
таланту, его замечательным книгам. Это видеть больно". Осы кезде Қалихан айғай салды: "Қайда
ол? Heгe ылғи осындай кезде қашып кетеді".

Сосын Әнуар сөйледі. Бұрынғысындай емес, толқып, қызарақтап сөйледі. "Тахауи осымен
алтыншы рет айтып тұр. Бірде-бір рет ешкімнің фамилиясын
атамады. Ұлтшылдық деген кінә
тақты, кімге, қандай негізі бар? Ал соңғы кезде
тарихи тақырыпқа жазылған кітаптар - қараңғы халықтың қолына ұстатқан сырты
жылтыраған арзан сылдырмақ тәрізді деуі, өз халқын қорлау. Өз халқын сүйген адам өйтіп айта алмайды. Өйткені арзан сылдырмақты шын асылдан ажырата білуге, ойыншыққа
алданбауға халықтың өресі
жетеді".

Тахауи ұшып тұрды.
Айтамын, атаймын деді. Оған Ілияс сөз
бергісі келмеді. Тахаң трибунаға жүгіріп барды. Ілияс тәртіпке шақырды. Тахаң отырмады. "Партиялық төртіп бар, аудиторияны сыйлаңыз. Отырыңыз"деп
бала құсатып отырғызып қойды.
Кейіннен тағы да таласты. Румянцев пен Ровенскийге (Пленум шешімінің жобасы
бойынша) сөз беріп, сонан соң ғана
Тахаңа справка айтуға рұқсат етті. Ұят болды. Тахаң сынағаны Есенберлиннің өзі
екенін айтты. "Мен ешкімді ұлтшыл деген жоқпын, ұлтшылдыққа апарып соғуы мүмкін дедім".

- Жарайды,
қояйық, - деді Ілияс. - Ренжіспейік. "Юпитер, ты сердишься" деген.
Сен, Тахауи, ренжіме, ашуланба. Сосын
халық өзі біледі. Енді он жылдан соң оның қолында "Қаһар" қала ма, әлде "Боран" қала ма?
Көрерміз.

А. Марченко
кезінде Алматыда болыпты. Бірақ одаққа кірмеген,
ешкіммен ақылдаспаған. Консультацияны Әбдіжәміл
мен Тахауидан алыпты. Сосын Михаил Ивано-

вичтың қабылдауында болыпты. Мұны
маған Әнуар айтты. Президиумда
отырған Осетровқа записка жазып сұрап едім, ол осындай жауап қайтарды. Бірақ
трибуйада оқымай кеткеніме қазір қатты өкініштемін деді.

Публичной раскол, открытое нападение, разрыв
полный. И взрыв. Бәрі де ұят болды. Еш пайда жоқ бұдан. Әдебиетке де, Әнуар мен
Әбдіжәмілге, ешкімге де.

 

1972 жыл, 21 ақпан

 

Бүгін "Правдада" С.А.Борзенко
туралы некролог шығыпты. Асыл аға кеше қайтыс болыпты. Жалаңашкөлге бірге барғанымыз, алғаш рет журналистер одағының
залындағы кездесуде естіген әңгіме
есіме түсті. Қандай инабатты, ізетті, қарапайым
жан еді!

Сағат он
бірлерде Сейдахметтің шаруасымен Дүйсетай Бекежановқа
жолықтық. К.Яшен, А.Софроновтар Димекенде болыпты.

Жұрттың
әңгімесі - кешегі пленум. Гу-гу. Сейдахмет айтады,
Сағатқа Ілияс сөйле деген сияқты.

Бекежанмен
сөйлестім. "Бастықтың сөзінен
кейін ана екі жігіттің дауласқаны дұрыс
болмады" дейді.

 

1972 жыл, 22 ақпан

 

Бүгін
оншалықты ауызға алар оқиға болмады. Ертеден қара кешке дейін материал қарадым. Кешінде Балғабек Қыдырбекұлы екеуміз "Алма арасан"
жақтағы сайдың ауызына барып, ауа жұтып кайттық. Бәкең айтады: "Сыртқа көбірек шығып, ел-жұртпен көбірек әңгімелесу
керек. Ертеден қара кешке
дейін үйде отыра бермей бір уақыт сергіген жөн". Дұрыс-ау. Өте дұрыс.

Сейдахмет шаруасын Бәкеңе де айтыпты. Ол кісі
Дүйсетайға телефон соғыпты.

 

1972 жыл, 23 ақпан

 

Бүгін таңертең
С.Имашев саяси оқу үйінің кіші залында, идсологиялық жұмыс саласындағы ХХІҮ
сьезден кейінгі міндеттер жайлы
лекция оқыды. "Я буду предельно откровенным", "Я откровенно
скажу вам", "В этой аудитории можно
сказать" деп алып жалпы жұртқа белгілі жәйттерді біраз бөспеледі. Сөзінің ара арасында тарих пен бүгінгі өмір мәселесіне айналсоқтап тоқтала берді.
Жазушыларды туралап айтқан жоқ, дегенмен де екі-үш рет бүгінгі өмірді игеріп алмай жатып кешегіге үңіле бермеу керек
дегенді басып айтты.

Президумда
Қ.Ахметов, К.Шалабаев (творчестволық ұйым жетекшілері
семинарының старостасы), тағы бір адам отырды.

 

1972 жыл, 22 наурыз

 

Жаңа ғана Ғабеңнің тойынан келдім. Үлкен
той Кеше кешкі 7-де Опера және балет
театрында болды. Әшімов, Ниязбеков,
Имашев (құттықтау оқыды), Колебаев, Вартанян, Біләлов болды. Сәбең соңғы
қатарлардың бірінде отырды. Әнуар Әлімжанов ашты. Әп-әдемі сөзін аздап нашарлау оқыды.

М.Қаратаев
жап-жақсы, жылы баяндама жасады. Тек бір
жерінде "корифей советской литературы" деп тым бөсіңкіреп жіберді. Алматы обкомының құттықтауын Т.Қатаев оқыды.
Академиядан Ақай Нүсіпбеков қазақша сөйледі. Ю.Верченко СССР Жазушылар одағының құттықтау сәлемін
жеткізді. Сөйлегіш екен. М.Базарбаев Айша Ғалымбаева салған суретті тарту етті.
Олжас Сүлейменов қара мақпал шапан жапты. Белорустар - толтыра жаз деп әшекейлі
сандық, өзбектер - ала шапан, тәжіктер - палу-

ан киетін шекпен, түркмендер - қызыл шапан, ленинградтықтар Эрмитаж көріністерін,
грузиндер - чеканка, молдавандар - "шабыт пен ширақтық шәрбәты құйылған бөшке,
татарлар - тақия, Сүйімбике мүнарасыньщ бейнесін, Қазан миниатюраларын (өзі бір
қырт екен, нағыз демогог, ұзақ сөйледі,) табыс етті.

Ғабеңнің өзі өте салиқалы, терең мазмұнды ойлы сөз
сөйледі. Бірақ қанша жасыруға тырысқанмен жүзіндегі жұқа кірбің, азғантай өкпе
көрініп тұрды. Ер аталатын жөні бар еді, бірақ амал қанша. Жас қатын алғаны,
Сәбитпен ұрысқаны, сөйтіп орнынан түскені, одан қатын шығарып, қайта үйленгені,
өткен жылы ғана Октябрь революциясы орденін алғаны, Сәбиттің Алтын жұлдызды
алмағаны, қойшы әйтеуір, осының бәрі қосылып кеп шалды Еңбек Ері деген атақтан құралақан
қалдырды ғой. Қанша айтқанмен көңілі соған жабырқаулы болды. Жұрт та тіс жарып
сыртқа шығармағанымен іштей сезіп, іштен тынып отырды. Қысқаша айтсам, Ғабиттің
тойында шын қуанған, кірбіңсіз қуанған бір-ақ адам болды, ол - Сәбең еді.

Сосын Ғабең бәріне рахмет айтты. Тек Қазақстан жазушылар
одағының басқармасын ғана аузына алмады. Heгe?

Қасында кейінгі бәйбішесі, қызы отырды. Бэйбішесі шашына
ақ кіріп қалған әдемі, инабатты, түсі жылы жан екен. Жарасып-ақ тұр. Жұрт та
сол жағына көбірек көңіл бөле берді.

Бүгін күндізгі
11-де Жазушылар одағының клубында кезек
бізге тиді. Жамбыл, Шымкент, Семей өкілдері, партия мектебі, суретшілер одағы, "Қазақ әдебиеті", "Жұлдыз", "Простор", Баспа комитетінен,
университет, министрліктер өз
адрестерін тапсырды. Мен айттым:

"Ардақты
Ғабе! Кешелі бері, кешелі бері емес-ау, біраздан бері дүркіреп өтіп жатқан дүбірлі думан Сіздің ғана тойыңыз емес,
жалпақ жұртыңыздың, исі қазақ елінің тойы, күллі
қазақ әдебиеті мен онерінің тойы, бәріміздің тойымыз. Мен сол еліміздің іргелі
ауылы - сатириктер ауылынан, сол ауылдағы іргесін озіңіз көтерген отау,
қүндағын

езіңіз жазып, қаз тұрғанда
түсауын озіңіз кескен, 16 жылдан бері үздіксіз редколлегия мүшесі болып келе
жатқан "Ара" журналының
және оның орысша сүлдері "Шмельдің" жарты миллионнан астам тұрақты оқушыларының атынан кеп тұрмын. Тойыңызға, үлксн наградаңызға құтты болсын айта кеп тұрмын. Осыдан біраз бұрын біз
өзіміздің ауылдағы қалың оқушымызбен
арнайы хабарласып, сұрау салдық:
"Ғабеңнің тойына барамыз. He сэлемдеріңіз бар?" - дедік. Сонда олар бізге "Ғабеңе
біздің жүрек түкпірінен шыққан ыстық
сәлемімізді жеткіз. Тойы құтты болсын! Ауылға
келсін. Арғымағы дайын мінетін, шапаны дайын киетін", - деді. Еліңіз қүшақ жайып қарсы алады, барыңыз,
Ғабе. Өзге журналдарды қайдам, ал біздің "Араның" окушылары бар әр ауылдан бір-бір арғымақ
мініп қайтпасаңыз, осы сөзді айтып тұрған менің мына аузым бір жағына қисайып
кетсін. Ал енді "Араның" езі не әкелдідерсіздер? "Арада"
жылқы жок, екенін білесіз. "Араның" маңдайына біткен жалғыз-ақ мәшинесін кезінде өзіңіз мініпсіз, ал кәзір Алтайбаевтан қалған кок
машина бар. Соны есігіңіздің
алдынан колденең тартып қойдық!

Оған қоса барша ыстық ықыласымызды, ақ тілеу, игі ниетімізді
мына бланкеге жазып, ақ дидарыңызды салып әкелдік. Қаламынан қалжыңбас
"Ара " туған,

Айналдық ағадан дара туған!

Қазақтың табиғаты танбасышиы,

Ғабеңдей алыптарды жаратудап! -

деген бір ауыз өлеңі және бар.

Бұған қосарым
мынау, Ғабе! Жетпіске жетсеңіз де жер тіреп
тұрған жоқсыз. Тыңсыз, қуаттысыз. Осы қуатыңыз қайтпасын, асыл аға! Сіздің жасыңызды бізге беріп, ал сізге біздіңжастығымызды, жалынымызды,
қуатымызды берсін!"

Жұрт күліп,
қол соғып, жылы қабылдады. Байқап тұрмын, Ғабеңнің өзі де риза боп, күліп отырды. Папкемді Берген кезде озі еңкейіп бетімнен сүйді, мен де
сүйдім.

Кешкі сағат
7-ге "Есік" ресторанына банкетке шақырған билет алдым. "Арадан" Әлжіков екеуімізге беріпті.

Бұл - басты оқиға.

Ал марттың
13-нен бері бюллетендемін кірістім.
Алғашқы 40 шақты бетін аударып та тастадым. Бірақ біресе жұмыстан звондап, біресе басқа шаруалармен жиі-жиі
режимнен шығып кетіп жүрмін. Әсіресе Әлжіков пен Ковалев жоқтан өзгеге
керілдесіп, таласа береді. Машинаға таласады, Нұрдәулет Байсеркеевке демалыс
беру мәселесіне де айтысады. "Крокодилге" қандай әңгіме, кімнің
әңгімесін жіберуге де дауласады. Сәкең Ковалевке бағынғысы келмейді, ал анау
қалайда құрдай жорғалатқысы келеді.

Шектен шығып бара жатқан соң кеше барып екеуіне
біраз "ақыл айттым", ұялтқан болдым. Бірақ білмеймін. Әйтеуір бұдан былай тек ресми түрде ғана сөйлесіп,
ресми қатынас жасайтын боп келісті
екеуі. Қаншаға барар екен? Сәкең паң, өктем
жан, бастықтыққа жаны құмар, ал анау елпілдеп қалған бір жеңілтек сорлы. О да
басқарғысы, былқ өткізбей басып отырғысы келеді...

 

1972 жыл, 17 сәуір

 

Кеше
"Социалистік Қазақстаңда" З.Серікқалиевтің "Тарихи шындық
бүрмаланбасын" деген екі подвал мақаласы шықты. Кешінде Әнуар звондағасын сонда барып қайттым. І.Есенберлиннің "Алмас қылышын"
тас-талқан етіпті. Негізгі концепциялары:

1.         Роман емес, тарихи деректерді, аңыз-әңгімелер мен жұртқа белгісіз жазбаларды баяндау,
әдеби-тарихи очерк тәріздес дүние.

2.         Тарихи деректерге маркстік-лениндік тұрғыдан қарау, таптық баға
беру жоқ.

3.         Хандар, батырлар өмірі сындарлы көзқарассыз жаппай
мадақталады, үстем тап өкілдерінщ аузынан жазып алынған жайлар сол күйінде
қайталанады. Содан шындық бұрмаланады.

4.         Кесек образ, сом тұлғалар жоқ.

5.         Тіл жұтаң,
көркемдік құралдары жұпыны.

6.         Вулгаризм, натурализм, эротизм, порнография бар, мол.

Мақаланың тоны
резкий, тырнақ астынан кір іздеу үрдісі бар,
тенденциозныйлау. Жанашырлықпен жазылмағаны көрініп
тұр.

 

 

 

Балғабек бұны М.Ақынжанов екеуі жазады деп
жүр еді. Тегінде, жалғыз жазбаған
болу керек. Бәкең "бұл іске Әнуар кіріспей-ақ қойсын. Себебін
телефон арқылы айта алмаймын. Бекер
таяқ жеп қалуы мүмкін" дегесін барып
айттым.

Екінші оқиға: 7-апрель
күні Әбдіжәмілдің трилогиясы талқыланды.
Х.Әдібаев баяндама жасады. Обьективті, дұрыс. Әбдіжәміл алдында бармаймын, аурумын деген екен, соңына біраз сыйлы
адамдар барады дегесін келісіпті.

С.Қирабаев
(сдержанно, бірақ Әдібаевқа "высокомерно сөйледің" деді), С.Мұқанов, С.Әшімбаев, Ә.Сәрсенбаев, Т.Токбергенов, Жайсаңбек Молдағалиев мақтап сөйледі. С.Бақбергенов, Ж.Жұмаханов,
Р.Райымқұлов, А.Сатаев, І.Жарылғапов сынады. Вобщем, кітап қатты мақталған да жоқ,
қатты сыналған да жоқ. Біркелкілеу болды.

Артынан
Әбдіжәміл (Нұрпейісов) екеуміз бірге қайтып едік, баяндамаға риза еместігін
айтты. "Рахметолла мен Ісләмнің
сөзі тым дорекі, тенденциозный боп кетті", - деді.

Ә.Бельгер
жасаған сөзбе-сөз аударманы
ЦК КПСС-тің секторына,
"Комсомольская правда" редакторы Б.Панкинге, СССР Жазушылар одағына
беріпті.

Т.Әлімқұловтың 1959 жылы "Қан мен
тердің" журналдағы вариантына жазған хатын оқыды: "Тіл де бар, характер
де бар, оқиға да бар. Осы бағытыңнан танбасаң, бәйге-

ден бірінші боп келетінің
анық" - деген екен.

 - Ол
кезде солай деп еді, кеше съезде мүлде қарама-қарсы сөйледі. Сонда бұл
Тәкеннің қай сезіне сенеміз? - деді.

Тахауи жүр
Әнуарды боқтап. "Ененді... өзі бір ақымақ екен. Қыр соңымнан қалмай қойды. Әнеу күні Асқар мен Сайынға бір кляуза жаздырмақ болған екен,
аналар қол қоймапты. Содан енді сол үшін Асқарды жұмыстан шығармақ",-
дейді.

Шынында Әнуар
Асқарды жұмыстан тек жалқаулығы үшін
шығарды. Сын бөлімінің бастығы бола тұрып, анадағы сын мәселесіне арналған
пленумды дайындауға ат салыспапты...

"Социалистік Қазақстаңдағы"
мақала туралы маған Камал да звондады. Өз пікірімді айттым. Екеуміздің
бірсыпыра мәселеде кезқарасымыз ортақ
сияқты. Ақылдасайық депті.

 

Үшінші
оқиға

 

Әнеу күні Майраны 9 "а"-ға ауыстырамыз
деп педсовет қаулы алыпты. Бәрін бүлдіріп жүрген Зульфира Валиевна Тыңгерова - класс жетекшісі, Нина
Федоровна - завуч. Зульфираны
бүкіл класс жек көреді.

Ол Майраға екі 5-тен кейін, оқулығын Женя жоғалтып
қойып, соны айтса да екі рет "2" қойыпты. Тоқсан аяғында сұрамаймын, екі аласың дейді. Майра сұра
деп тұрып алған.

Класс та оған қосылған. Сонымен
балалар шуылдап, жер тепкілеп сабақты
болдырмай тастайды. Сол үшін Майраны ауыстырмақ
болған. He бізбен ақылдаспайды бір ауыз, не класты
тындымайды (балалар 4-тоқсанның алашқы күні-ақ директорға барыпты). Майраны кластан қуалайды. Ол екі күн мектеп сыртында жүрген. Ақырында
директорға барып, мән-жайды
түсіндіргесін, Майраның өзіне арыз жаздырып, қалдыратын болды. Ертесіне ата-аналар жиналысына барады. Сонда
Фарида анау құдай атқырды сойып салыпты. Әйтеуір
қызық конфликт!

Зульфираны
келесі жылы бұл кластың
жетекшілігінен де, физикадан оларға
сабақ беруден де босататын болыпты.

Қазір
"Последний из Могиканды" аудару үстіндемін. Бір айда жарым-жартысына кеп қалдым. Орысша
аудармасы онша мықты емес құрғырдың, соған
орай, менікі де сылдыр шығып жатыр...

 

1972 жыл, 19 сәуір

 

Жаңа ғана
Әнуардан (Әлімжанов) келдім. Кешелі-бері жазушылар
арасы тағы да гу-гу.

Жұма күні Әнуар айтқан: "Шыдам
таусылды, "Жұлдызды" сейсенбі күні қарайтын болдық. Үлкен кісіге
айттым. Мейлің, қарасаң қара, сосын
көрерміз деді. Көзімше төменге звондап, разберитесь деп тапсырды. Сағат 3-ке
М.И.Есенәлиев шақырған. Барсам Плотников екеуі отыр екен. "Қарамандар",
- деді. Плотников: "Қарағыш болсаңцар "Просторды" неге
көрмейсіндер?" - деді.

Әнуар айтыпты:
"Андрей Павлович, білесіз бе, мен сізбен
тең сөйлесе алмаймын. Өйткені, сіз құрғақ директива бергеннен басқа ешнәрсе
айта алмайсыз. Өйткені білмейсіз.
"Жұлдызды" оқыңыз, қазақша үйреніңіз, сосын екеуміз тең адамдардай
сөйлесе аламыз. Әйтпесе жаңағыдай әңгіме айтасыз ба? "Простор" мен
келгелі бері бір-ақ рет (Фединге
байланысты) қателесті. Ал
"Жұлдыз" тілмаштар жонінде,
патша өкіметінің жандайшабы
болған адамдарды, Қарауыл қожа сияқты
сұлтаңдарды мақтап мақала береді.
Кереева-Қанафиеваның Карамзин дейтін монархисті
Орта Азия халықтарының досы деп мақтаған макдласын
басады. СССР мен Қазақстан жазушыларының съездері жайлы түк баспайды. ХХІУ
съезд туралы да жетіскен түк жоқ.
Кобінше батыс аудармаларын басады. Соларды
дәріптейді. Ахтанов журнал қызметкерлерін де жеріне қарай іріктей бастады. Мысалы, Ф.Оразаевты шығарып,
Т.Тоқбергеновты алды. Секретариатпен бір ауыз келісім жоқ. А.Бақтыгерееваны алды т.б. Соңғы кезде Одақтың басшыларымен ашық айқайласатын,
оларды кезкелген жерде балағаттайтын боп алды. Әр мөжілісіміз даумен тарайды. Сөйте тұра қарама дейсіздер.
Болмайды, қараймыз", - деп кетіп
қалады.

Түстен кейін бұл іске енді Камал араласады.
"Бәрі сен үшін ғой, асықпа.
Кейін", - дейді. Бұл
кезде С.Имашев Москвада болған.
Шамасы телефонмен сөйлескен.

Дүйсенбі күні
комиссияның справкасын, қаулының жобасын Ахтановқа, ЦК-ға, редколегия
мүшелеріне береді, хабарлайды.

Әнуарға
А.Устинов звондайды: "Қағаздарынды алдық, бірақ біздің әлі шешімді пікіріміз жоқ, сондықтан асықпаңдар",
- дейді. Әнуар:

 

- Heгe олай?
Сендерде теріс пікір бар. Ол пікір анада сенің
кабинетіңнен Ә. Нұрпейісов звондап, мені боқтағанда-ақ белгілі болған. Сосын
Ееенәлиевің де, Плотниковың да
айтқан. Сен одан да маған тоқ етерін айт: рееми түрде қарама дейсіңдер ме, әлде жай кеңес пе? Ресми тиым салмасандар, біз қараймыз. Өйткені Олжас
Сүлейменов Кенияға кетуі керек, Иван
Шухов демалысқа шығады. Қалаубек Тұрсынқұлов ауру, мен Ташкентке жүрем, арғы
жағында Жамбылдың юбилейі...

Мен Әнуарға
басқа секретарьлардың бір-екеуіне кір деп ем.
Месяцтың уақыты болмады. А.Аеқаровқа барып, бәрін айтыпты. "Менің саған айтатын бір-ақ ақылым - өзіндікі дұрыс екеніне кезің жетсе, қайтпа.
Позицияңды аяғына дейін алып шық.
Димекеңе бәрін айт. Жалпы, жиірек барып, айтып тұр. Ешқандай құпия
болмауға тиіс", - депті.

Сосын оны
С.Имашевқа шақыртады. Сейсенбі күні Плотников, Есенәлиев үшеуі бір жарым
сағаттай әңгімелесіпті. Ақыр
аяғында Имашев айтқан: "Принципінде қарауыңа қарсылығым жоқ. Тек жұмыстан
алу мәселесін әзір кейінге қалдыра тұр, асықпа", - дейді.

Сонымен түстен
кейін сағат 2-де секретариат басталды. Редколлегия мүшелерінен С.Мұқанов, Ж.Қаратаев, Х.Есенжанов болмайды. Алдында
Тахаң өзі келіп, тағы да айқай-

лап, "келмеймін",
дейді. "Келмесең мейлің, сенсіз де қарай береміз", - дейді Әнуар.

Олжас
председательдік етеді. Әнуар сөйлеп, ситуацияны түсіндіреді. Тахауи айтады. "Қазір одақта произвол бар. Соның кезекті құрбандығы мен. Әнеу күні
ғана А.Сүлейменовты мені жамандамағаны үшін жұмыстан шығарды", - дейді.

Осы арада
Әнуар қобалжып сыртқа шығады да, екі жігітті жер-көктен іздесендер де тез Асқарды тауып әкеліндер деп жібереді.

Сосын
С.Сейітов Тахауидің өзін жазушы ретінде мақтай бастайды. Е.Жұмабаев
қатты сынайды. Б.Әбдіразақов Тахаң шыққанда
сынды мойындаймыз дейді де, кірсе жалтарып сөйлейді.
Сырбай оны көптен білетінін, Тахауидің кекшіл екенін, ылғи да өмірі осылай дау-дамаймен өтіп келе жатқанын
айтады. "Мен өзім осының алдында редактор болдым. Маған қиын, қалыс қаламын" дейді. Снегин де сынайды. Бұл ситуацияда бәріміз бірдей
валидол көтеріп жүріп жұмыс істей алмаймыз. Сондықтан босатылғаны дұрыс"
дейді. Әбіраш та қолдайды парторг ретінде.

Олжас:
"Мен өсек жыймаймын. Осы уақытқа дейін Жан адамға айтқан емеспін. Москвадағы съезд кезінде Әбдіжәміл екеуің не айттыңдар? Мына Әнуардың көзін құрту
керек. Бір аморальный фактысын шығару
керек. Ертең С.Имашев звондайды. Саған сөз береді. Аяқ жағында сөйле", - дедіңдер. Осыларың не? Сен осы жасқа
келгенше Ә.Нұрпейісовтың құлысың...
Дегенмен мен сені аяймын. Мына
қаулыға секретарь ретінде жұмыстан алынсын деп қол қойғанмен, кәзір райымнан
қайтқалы тұрмын. Сонғы сөгіспен қалдырайық".

Осы кезде
Әнуар тағы да сыртқа шыққан. Коридорда Әбдіжәміл
жүр екен. "Просторға" барады. Шухов коньяк құяды. Әбдіжәміл ішпейді. Әнуар бір рюмкасын ішіп кетпек болғанда
оны "Тоқташы" деп тоқтатып алады.

- Сен, ит, кімді қарағалы жатырсың, білесің
бе? Байқа, мойнынды үземіз, - дейді.
Әнуар "Үзген кезде көрерміз",- деп
кетіп қалады. Әбдіжәміл Шуховқа: "Смотри, старик,ты сегодня служишь
Алимжанову, а когда в власть придем мы,
завтра, тогда ты будешь служить нам. Но будеть поздно!" - дейді. Шухов
қалш-қалш етіп секретариатқа жүгіріп келеді
де, "мыналар мені сейтті, оскорбить етті, нечего его жалеть, снять", -дейді.

Әнуар қайта
сөйлеп, Олжасқа қарсы шығады да, бәрі жұмыстан
алынсын дейді.

Осы арада
манадан үндемей отырған Бекежан Тілегенов ұшып
тұрады: "He имеете права. В ЦК нет такого мнения", - дейді. Әнуар
"Сен неге ЦК-ның атынан сөйлейсің, сенің
де, Есенәлиевтің де ЦК атынан сөйлеуге праволарың жоқ. Таңертең секретарьда
болғанбыз. В принципе он дал
согласие, только вопрос останется открытом по сроком..." дейді.

- Бүгін таңертең кешке дейін звондап, мен
Бекежанды таба алмадым.

 

Михаил Иванович таңертең
звондады:

- Ташкенге қашан ұшпақсың? - дейді.

- Ертең таңертең.

- Жоқ, ұшпайсың.

- Heгe? Сен айтқан соң ба? Оның болмас. Мені
Монғолияға, Есенберлинді Индияға жібермей койып ең. Енді тындай бермеспіз. Кстати, к твоему сведению
сегодня Олжас Сулейменов без твоего разрешения вылетаеть в Москву. Он будет не только в Кении, но и в Эфиопии,
оттуда заедет в Лондон, будет
выступать от имени Советских писателей. Оған да түсіндірсең болмас па!

Түстен кейін тағы да звондайды. "Дегенмен сен
асықпа, ертең барлық секретарьларынды ертіп, Имашевқа кел", дейді. "Жоқ,
түгел ертіп бара алмаймын. Олжас пен Шухов кетіп қалды, Снегин ауырып қалды,
Қалаубек ауруханада. Парторг шешесі қатты ауырып, соған кетті. Біз Есенберлин
екеуміз дайынбыз.

Үшінші рет тағы звондайды:

- Сен Ташкенге ұшпайсың.

- Heгe?

- Вообще ты никуда не полетишь.

- А-а, солай ма?

- Иә, сенің ЦК-да мүшелік мәселең қаралады.
Ертең бюрода.

- Күн тәртібінде ондай мәселе жоқ болатын.
Сонда сен енгізгенсің ғой, тегі.

Біреулер айтатын
көрінеді: "Имашев пен Есенәлиев тірі тұрса, осы жолы Әнуардың желкесін
үзеді. Тахауи Ахтанов өзінің
қызметкерлерін жиып ап: "Кеше Жазушылар одағының басшылары мені орнымнан
алу туралы қаулы қабылдады. Бірақ ол бос сөз. ЦК шешеді. Әділ шешіледі деп сенемін. Сондықтан еш өсекке берілмей, жұмыстарыңызды
істей беріңіздер", - дейді.

Бүгін одақ та,
редакциялар да гу-гу дейді. Әнуар таңертең Димекеңе барам деп отыр. Сосын
Ташкенге үшуы керек. 24-де Камиль Яшеннің юбилейі екен, ертесінде СССР

Жазушылар одағы секретариатының
кошпелі мәжілісі болатын көрінеді.

 

1972 жыл, 21 сәуір

 

Кеше
таңертеңгі 9.30 шамасында Дүйсетайға звондап, "Әнуар сонда барды ма, естідің бе жағдайды" деп сұрадым.
Ол ештеңе білмейді екен. Тап сол кезде Әнуар өзі звондады оған. "Келсеңші осында", - деді Дүйсетай. Тағы да шыдай алмай 11-лерде Дүйсетайға қайта
звондадым. Ол айтты:
"бүгін түстен кейінгі секретариатта қаралады екен. Кеше Асанбай Асқаров
келіп, Димекеңе айтыпты.Өзі келмеді. ЦК-ның зав.секторына ұрсыпты ғой, Имашев,
Есенәлиев, Плотников үшеуіне Тахауи Ахтановты орнынан алмаймын деп уәде беріп
алып, сөзін жүтып қойыпты ғой. Ақсақал ренжіп отыр, бәрін бүлдіріп жүрген Ілияс
дейді."

Сосын мен жағдайды өз білуімше телефонмен айттым.

Содан бір 10-15 минут өткенде Әнуардың озі телефон
соқты. Үйге келген екен. Қара костюм киіп, дайындалып жүр. Білген ақылымды айттым. Оған Слава
звондап айтыпты. Секретариатқа барасың, старик, бірақ саспа депті. Содан сағат үште басталған секрстариат ксшкі
7-лерге жуық әрең бітті. Слава маған
ештеңе айтпай қойды. Білмеймін, өз жұмысым да аз емес деп. Дүйсетай кетіп
қапты. Камал күтіп отыр.

7-лерде
Камалға тағы да звондап ем: "в общем нормально", деген сезді естідім.
Аздан соң Флораға звондап ем, Әнуар
тағы кетіп қалды деді. Бекежан "Тамақтарынды іше

беріндер", - деп үйіне
қайтпапты. Онға жуық звондап ем.
Әнуар келген екен. Қасында Мұрат, Азат, Сәтімжан бар.

Сөзді алдымен өзіне беріпті.
Секретариат емес, жай әңгіме болыпты.
Бес секретарь, екі болім бастығы болған. Әнуар Тахауиға қоятын негізгі кінәларын, Есенәлиев пен Имашевқа окпесін
айтыпты. Сосын Михаил Иванович сөйлепті. Сынаған сияқты. Содан кейін Имашев сөйлеген. Ара-арасында сұрау, реплика. Месяц бір-екі
рет қатты айтқан сияқты. Ақыры асығыс қабылдаған ағат шешімдерді көріндер өздерің, анау-мынауды қойып, принципиальный болыңдар. Ал жұмысты бір айдың ішінде
реттендер деп тарасыпты.

Біреулер
Одақтың қаулысын отменить етті дейді. Біреулер еткен жоқ, өздерің жондендер деді, - дейді. Соңғысы дұрыс болу
керек, өйткені ресми мәжіліс болмаған, протокол жоқ қой.

Бүгін Дүйсетайға барып бір жарым сағаттай отырдым.
Екеуміз келістік: Мен дұрыстап дайындалып келіп, Димекеңе кіретін болдым. Сосын
Кәкімжанмен бірер сағаттай отырдық. Әр нәрсе айтыстық. Іші ауырады.
Жершілдік жағын жек коріп-ақ отыр. Ұзақ
жөнінде де ренжіңкіреп отыр. Соңғы кезде "Соц.
Қазақстан" С. Қирабаевтың, 3. Серікқалиевтің шолуын басып, Е. Өтеуовтың мақаласында Ә. Әлімжановқа
тоқтамай кетіп, бір топтың сойылын соғып кетті амалсыз, - дейді.

 

Бекежан: "Тахауи сияқты үлкен жазушыны, өзің
айтшы, үш-төрт мақала үшін он бір айда бәрін қопарып тастамадың деп жұмыстан
шығаруға бола ма?" - дейді. Мен айттым: "Мәселе үш-төрт мақалада
емес. Мәселе екеуінің, екі топтың ара-қатынасында. Олар ашық жауласуға кеткен
жандар, енді бірге істей алмайды", - дедім.

Бір-екі ай тұра тұру керек еді деседі. Heгe? He үшін? Тағы да ұрсысып, тағы да боқтасу үшін бе? Бәрі-бір енді ынтымақ жоқ. Эта политика называется
"Спустить на тормозах".

Кеше таңертең
Асқар (Сүлейменов), Мұрат
(Әуезов), Сәтімжан (Санбаев) үшеуі
Әнуардың үйіне келіп, аэропортқа шығарып
салмақ болыпты. Асқар "Прости, старик, я ошибся", - деп кешірім сұрапты.
Мүрат айтыпты: "Можно, я буду
вас сопровождать? Потом расскажу", - депті.

Кеше күні бойы
бір бет те аудара алмадым. Бүгін тағы да
күнделік жазып отырмын. Кеше біздің хоккейшілер 2:3 есебімен чехтардан үтылды. Екінші орын. Впервые за много

лет. Обидно. Класс-то высше.

Бүгін Әнуар Мұрат екеуі Тәшкенге кетті.
Кетерінде одаққа барған екен, тағы
біреумен үрсысып қалыпты.

Удивительно
холодно этой весной. 16 апреля опять выпал снег. Температура упала до - 5*С. А "Қайрат все время играет под
дождем". Только первая игра 4
апреля проходила в сухую погоду.

 

1972 жыл, 20 мамыр

 

Кеше таңертең
Жазушылар Одағына бардым. Сағат 10да И Есенберлиннің "Алмас қылышын"
талқылау болуға тиіс еді. Арнайы
комиссия жұмыс істеген: F. Мүсірепов, Ә.
Марғүлан, М. Қаратаев, Р. Бердібаев, М. Мағауин және т.б. (В. Басин, Н. Ровенский). Әнуар кабинетінде екен, өте нервный. Телефон трубкасының өзін ашуланып
алып, ашумен сөйлесіп отырды.

Ал адам деген сұмдық
көп жиналды. Бірде-бір жазушының кітабын талқылауға мүншама адам жиналып көрмеген шығар. Клубтың кішкентай залы да,
проходтар да, алдыңғы фойесі де лық
толды. Адамдар бірін-бірі баса жаздап
тұр. Математиктер де,
оқытушылар мен студенттер де, пенсионерлер де, әйелдер де - бәрі жүр. Егер дәл бүгін Пионердің 50 жылдығына байланысты
көшелерді (Ленин алаңы теңірегі)
миллиция жауып тастамағанда бұдан да
көп болар еді.

Ғабең бастап
сөйлемек болып еді, түк естілмеді. Үй іші қапырық
болып, пысынап та кеттік. Содан ақылдасып-ақылдасып, кейінге қалдырды
президиумдағылар (Е.Мүсірепов, Ә.
Марғұлан, Ә. Әлімжанов, М.
Қаратаев, Т. Ахтанов, Р. Бердібаев,
Ә. Шәріпов, I. Есенберлин). Содан жұрт есік алдына
шығып алып, тарқамай бір сағаттан астам күтті. Ақыры Ғ. Мүсірепов, Ә. Марғұлан, М. Қаратаевтар кеткен соң
ғана тарай бастады.

Іле Ілияс
Есенберлинге Имашев телефон соғыпты. "Біз сіздің кітабыңызды білеміз ғой. Басуга рұқсат еткен де өзіміз. Ал газеттегі мақалаға ЦК-ның қатысы болған
жоқ. Дегенмен "Социалистік Қазақстан" ресми орган ғой. Қайтесіздер дабырайтып, ел-жұртты шулатпай, ақырын
ғана талқылай салғандарыңыз жөн ғой", - депті.

Әнуар айтып
отыр: Мақаланы "Түрік елі" деген журнал өзінің қосымшысында "Правданың" 1950 жылғы Кенесарыға
байланысты және одан ертеректегі бір мақаласына қосып жариялапты. Рас болса, әрине, жақсы емес.  Серікқалиев Әнуардан "менің келіншегіме
сөз беріндер" деп сұрапты.

Кеше
Балғабекке біраз мәселені ашық айттым. Өздерін қорғап қоймады.

Әбілмәжін Жұмабаев бәріміз қатар отырып едік.
Қолына блакнотын алып, жазып отыруға
дайындалып келіпті. Оны не қылады
екен? Шамасы Михаил Иванович... Бәлкім, әйтеуір
біреу талқылау жайлы бізге айт деген-ау. Әлде өз инициативасы ма екен? Әнеу күні аяқ астынан ойламаған жерден Әбілмәжін Жұмабаев келді.
(25.04.72ж.) ЦК-ның пленумы болған күні. "He қарайды, соны білейін деп
едім.", - деді. Үндемей ақырын күттім. Сосын аз отырып:

- Әнуарларды қарайды деп естідім. He бопты?
- деді. Мен Бекежан Тілегеновтен
естігенімді айттым.

- Бекежанмен мен де сөйлестім. Сен Әнуармен әңгімелескен көрінесің ғой. Өзі не дейді?

- Мен оны көруін көрдім, бірақ кең отырып
сөйлесе алмадық, бір кісілер болып,
кедергі жасады. Ал таңертең ол Тәшкенге
кетіп қалды.

- Жігіттер асығыстық жасады, Тахауиге
тиіспеу керек еді, - деді де Әбекең
кетіп қалды. Тіпті қызық. Бірде-бір рет
бұлай келген емес. Шамасы
біреу жұмсаған-ау... Ертесінде М.И. Ееенәлиевке бардым. Екі
сағаттай әңгімелестік. Әнуардың шалалықтарын,
екі сөзді екенін айтады. Келісіп алып, тайып кетеді дейді. Сөзіне қарағанда, әй, бұл кісі Әнекеңе жау емес-ау, екі
оттың ортасында отырған қиын ғой.

-  Менің
сөзіме сенсеңіз де, сенбесеңіз де ерік өзіңізде. Только делайте критический вывод: Объективно ваш престиж падает. Вы
находитесь под влиянием группировки, которая
на ваше отрицание, реально существует в жизни, - дедім.

Өткен жұмада "Қазақ әдебиетінде"
Ә.Әлімжановтың мақаласы шықты. "Вопросы литературыдағы" айтысқа байланысты
қазақ әдебиетін "младописьменная литератураның"

қатарына қосқандарға қарсы дау
айта отырып, (Абайдың өзі бұдан 125 жыл бұрын жазған, Махамбет одан
да әрі) осы жөнінде жұмған аузын
ашпаған Т. Ахтановқа байланысты пікірі
орынды. Тек қайта-қайта қазымырланып айта Берген соң басқаша әсер етеді екен.

            Димекеңе кіремін деп
келіссөз жүргізгеніме бір айдай болып қалды. Бірақ, кіре алмай жүрмін.
Себебі - пленумға дайындалды, 1-ші
май келіп қалды, одан 9-шы май, сосын Гурьевке
кетті, қазір Москвада жүр. Әнуармен
ол кісінің өзі сөйлесіпті.

 

1972 жыл, 12 маусым

 

Талай оқиғалар
болып өтті. Уақтылы жазбаған соң ұмытылып
қала береді екен. Есенберлин романы бойынша талқылау Әнуардың кабинетінде
болды. 40-50 адам шақырған екен. Ғабең кешігіп келіп, әрең бастады. Онда да
Әнуар бір-екі рет айтқасын. Бірақ...
" Я 50 лет в литературе. Но такого
не видывал. Собрали тайно, приглашали по-телефону. Неужели престиж нашего союза
пал так низко, что мы стали бояться
открытых разговоров. Это не обсуждение. Это, видимо, расширенный секретариат. В
таком случае я самоустраняюсь и пусть проводит сам т. Алимжанов," - деп
бір кісі (Есенберлин) сөйлеген соң мүлде кетіп
қалды.

Есенберлинді
жақтап: Ә. Марғұлан, Б.
Сүлейменов, М. Дүйсенов, Р. Бердібаев,
Қ. Басин, М. Симашко, Н. Ровенский, О. Сүлейменов, Қ. Ысқақов, I. Жарылғапов сөйледі. Қарсы - Қоспанов деген беті табақтай шой қара. Сөзін жазып әкелген екен... Ақынжанов
екеуін де сынады (қазакты қазақ еткен ұлы орыс халқы деген теориясын дамытты). М. Қаратаев кітаптың
сынауға болатын жақтарын айтты да,
жалпы 3. Серікқалиевтің сынына өзінің қосылмайтынын
білдірді. Сөзге Ә.Нұрпейісов, Т. Ахтанов, т.б. жазылған екен, бірақ түскі
тамақты сылтауратып бәрі кетіп қалып,
келмей де, сөйлемей де қойды. Серікқалиев жалғыз озі отырды.

Осыдан бірнеше күн өткен соң ЦК-да 24 жазушымен тағы
да И. Месяц, С. Имашев, А. Асқаров әңгімелесіпті. Осымен екі рет жазушылармен әңгімені
насихат жөніндегі секретарьдың орнына II секретарь өткізіп отыр. Бұ қалай?

Тахауи (Ахтанов), Әбдіжәміл (Нұрпейісов), Хамза
(Есенжанов), Собит (Мұқанов), Еабит (Мүсірепов), Жазушылар одағының жас
бастықтарын сынап сойлепті. Сәбит: 1) президиумды бекер таратты, біз далада
қалдық. 2) "Алмас қылышты" талқылауға да шақырмады. Ал бүл жөнінде "Социалистік
Қазақстанның" жазғаны дұрыс. 3) "Қаһар". Кенесары жонінен
Орталық Комитет қаулы қабылдаған жоқ. Есенберлиннің кітабын оқыған жастар
ұлтшылдықты қоздырып жүр, - депті.

 

Ғабит басшылықтағы шалалықтарды, ақылдаспайтындарын
сынапты. "Есенберлин романын талқылау дұрыс өтпеді, жасырын орі біржақты
отті, сондақтан мен оған қатыса алмадым" депті.

Ғабиден: "Қайта тыныш болды. Өздері
басқарсын, істесін" депті. Әбділдә мен Әди С. Имашевтің өзіне тиісіпті.
Жершілдікті, т.б. қоздыратын өздерің депті. Әнуар мен Ілияс онша жөнді сөйлей
алмаған тәрізді. Тахауи тәуір сөйлепті. Қояйық, принципті ешнәрсе жоқ депті.

А. Асқаров
"Есенберлиннің кітабын мен де оқыдым. Бірақ ешқандай тарихи бүрмалау, қыңыр-қисықтық таба алмадым", -
депті.

Месяц: "Одақ басшыларының
бағыты да, жұмысы да дұрыс. Біз
қолдаймыз. Сондықтан біріге жұмыс істеңіздер..." Әнуар айтады "Содан бері Имашев та, Есенәлиев те

жібектей. Тіпті ауыздарын
ашпайды", - дейді. Ал өткен сәрсенбіде
ЦК секрстариаты Т. Ахтановқа журналдың 5 санындағы 3. Серікқалиевтің тіл туралы
мақаласы үшін сөгіс беріпті. Ол
Есенберлин мен А.Байтанаевты әбден аямай соғыпты. Өте улы, ащы жазылған. Тілді
қоя беріп, үкім айтып те кетеді. Өткенде сөз болып, Бекежан алып таста деген екен. Тахауи алуға уәдесін де беріпті.
Бірақ... 9-шы июнь күні Жәкеңнің 125
жылдығына арналған жиын болды Ленин
атындағы сарайда. Д.А. Қонаев, Б. Әшімов, С.
Ниязбеков, И. Месяц болды. М. Луконин, Д. Кугультинов, Қ. Кулиев, М.
Турсун-заде, А. Иванов, Миртемир, Т.
Уметалиев, 3. Кедрина, К. Алтайскийлер келіпті. Бангладеш, Чехословакия, Индия,
Кения, Норвегия, Болгария, Румыния, Куба, ФРГ - барлығы 70- ке жуық қонақ келді дүниенің төрт бұрышынан. Жақсы өтті. Концерті де жақсы болды. К. Кулиев Димекеңе бурка
сыйлады.

Д.
Кугульдинов, чех әйелі, Мирзо Турсун-заде, Жұмамұратовтың
сөздері әдемі болды. Әбділдә Тәжібаев баяндама жасады. 10-ы күні 600 машинаға
мінген жұрт Жамбыл колхозына бардық. Біз Балғабек екеуміз музейде кітапқа бірінші боп запись жасаттық. Митинг,
концерт болды, сосын қалың талдың арасындағы көк шалғынға тігілген киіз үйлерде қонақ асы берілді. Мен П 20-шы
үйдемін.

Кеше
республикалық ипподромда атжарыс болды. Мен бармадым.
Жақсы болыпты. Димекең де барыпты. Қонақтар риза деседі. Әсіресе ана кісінің
ештеңеден қалмай, басықасында қатысып жүргеніне қатты риза болыпы.

Жәкең атына,
Қазақстан атына, ел атына талай-талай тамаша сөздер, игі ниеттер айтылды. Келер
жылғы конференция алдында бүл бір дұрыс болды. Адам көбейіп кеткендіктен, ЦК ауылға барушы құрметті
қонақтардың тізіміне мені қоспай қойған
екен (жалпы қай редакторларды қосқанын анық білмеймін). 9-ы күні таңертең А.
Асқаровтың өзіне телефон соғып:

- Атамыздың
тойына бара алмайтын түріміз бар, - дедім. Әй,
жігіт-ақ екен. Кешінде билет әкеліп берді. Сондай риза болдым. Әлбетте, үлкен істің анау-мынау кемшілігі, жатқан-тұрған
әттеген-айлары болады ғой. Бірақ, ондайларды әдейі терген адам болмаса, жалпы жұрт көзіне оншалықты ұрған кемшілік көрмедім. Бүгін
қонақтардың бірен-сараны ғана
қалыпты.

 

1975 жыл, 6 шілде

 

Маусымның
9-нан бері демалыстамын. С. Санбаевтың "Көпажал"
повесі мен "Барар жол біреу" романын аударып бітірдім. Демалыс негізінен соған кетті. Жігіттің сөз саптауы,
стилі - бәрі орысшы. Әнуарда қазақ интонациясы болушы еді.

Философиясы өптеу,
жалаң публицистикасы да бар. Қалайша
соншалық дәріптелгеніне таңым бар. Тегі орысша жазуы және насихатшылары әсер еткен болса
керек.

Биыл жаңбыр
өте аз, қуаңшылық боп тұр.
Шымкент, Жамбыл, Талдықорған, Алматы
айналасының шөбі де, егіні де шықпай
қалған, аласа, күйіп кеткен деседі. Қазақша Қоян жылы. Қиын болады-ау...

Мен былтырдан
бері (21.05.74) киностудияның сценарлық коллегиясының мүшесімін. Әбіш
Кекілбаев, Лсонард Толстой, Геннадий
Хоменчук, Сайымжан Еркебаев және мен Штаттан
тыс мүшелеріміз: Әбдіжәміл Нұрпейісов (биыл ол Қазақ ССР жоғарғы советінс депутат боп сайланды) және Ольга Николаевна Бондаренко.

Қазір
Жазушылар одағында: Әнуар Әлімжанов, Шерхан Мұртазаев (II - секретарь - пенсияға кеткен Ілияс Есенберлиннің орнына сәуірде сайланды.
Олжас Сүлейменов, Қалаубек Тұрсынқұлов, Д. Снегин, В. Ларин (былтыр
пенсияға шыққан И. Шуховтың орнына болған), Сырбай Мәуленов, Бекежан Тілегенов
("Жұлдызға" редактор болды
сәуірде). Май айында одақ басқармасының жұмысын ЦК-ның бюросында қарапты. Жалпы
алғанда тәуір өткен. Қазіргі заман
тақырыбын игеру, замандас бейнесін жасау
істерінде кемшіліктер бар депті. Содан кейін болған (21 июнде) партия ұйымының
ақтық жиналысында F. Мүсірепов, Ә. Нұрпейісов,
Ә. Әбішев одақ басшыларының атына біраз сын айтқан көрінеді. Ғабең
"президиумды бекер таратты, асығыс, шала шешімдер қабылданады, соңғы кезде кебіне салтанатты шерулер
көбейіп кетті де, күнделікті
творчестволық жұмыс азайды" депті. Дұрыс. Әбдіжәміл де біраз тәуір пікірлер айтыпты. Аяқ кезінде Тахауидың 50 жылдығын өткізуге байланысты
Әнуар мен Олжасқа сын айтам деп
тұрып, субъективизмге, тенденцияға бой алдырып алыпты. Бұны Сейдахмет айтады. Ал дәл осы жиналыс болатын күні таңертең
қалалық семинар (шығармашылық одақ басшыларына
арналған) сабағы болатын. Әбішті ала кетуге соқсақ, ол таң атпай Әбдіжөмілдің үйіне кетіпті. Шамасы сол жиналыс жайлы
ақылдасқан сияқты. Өйткені Әбдіжәміл
мен Әбіш шалдың Толебаев көшесіндегі
жаңадан алған 5 бөлмелі үйінде (Әнуар екеуі көрші!)
өздері жалғыз екен, мен барғанда бір түрлі қысылып қалды.

Ал анада бюро болатын күні де екеуі бірге кетіп
еді.

Қысқарта айтқанда, Әнуар мен Әбдіжәміл арасындағы жаулық
мүлде бәсендемеген. Мсн білмейді екем, өп жағдай Әнуардың өзіне
байланысты сияқты. He всегда он прав, и
не всегда чист. Ең үнамағаны - бюрократизмге бой алдырған, кекірек пайда
болған. Ал өз басымнан өткен оқиғалар
(екі жыл ішінде) бұндай
күнделіктің талай томына кетер еді-ау!..

Ескерту:
Автордың пікірі баспа көзқарасын білдірмейді.Баққожа Мұқан Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Уақыт қандай жылдам. Тельман бақилык, сапарга апипанғалы да отыз жылдай
болып қалыпты. Ол небәрі қырық ұшақ жаста еді. Қамшы сабындай келте ғұмырының
басым бөлігі бала кезінде жабысқан аурумен алысумен өтті. Жөтелге туншыгып, дұрыстап
дем ала алмай, көкпеңбек болып, қиналып отырганын сан рет көрдім. Сондай кезде
өзінің жағдайын ойламай, менің халімді сұрап, киналып отырып ақылын айтып, әрең
сөйлейтіні әлі есімде. Кішкентай үш қызы әкелерінің қиналып жатқапын біліп, бір
бөлмеге қамалып, үн шығармай тым-тырыс отыратын. Әдетте бала еденнің шаңын
аспанға көтеріп, айқайлап ойнамаушы ма еді? Жоқ, олар қамалып отырып, сыбырласып
сойлесетін. Бүл олар үшін үйретиікті өмір еді. Үлкені Майра анда-санда есіктен
сығалап, қиналып жатқан әкесін коріп, мүңайып тұратын. Осындайда Тельман
оны  маңдайынан сипап, жылы жымиятын.

Ауру адамның жағдайы белгілі. Ол косіліп жаза
алмайды, шешіліп сөйлей алмайды, еркін жүріп-тұруга да жагдайы жоқ. Тельман да
қысқа өмірінде ойындағысын жузеге асыра алмады, қызықты да кем көрді. Өмірінің
кобі ауруханады өтті. Соған қарамастан ол қогамдық өмірге белсене араласты. Ортадан
бөлініп, шет қалып қалмауға тырысты. Қолынан қыламы түскен жоқ. Тіпті, жазбаған
күннің өзінде басына іс тускен, қиналган адамдардың шаруасымен айналысып,
тыныіи отыра алмайтын. Дерт оған тым ерте жабысты. Жалғыз басты шешесі екеуі
бірге тұрды. Әке согыстан қайтпаған. Қол ұшын береді ау деген ағалары,
бауырлары алыста. Күн суық. Үйді жылыту керек. Ол кезде біздің ауыл көмір дегенді білмейді. Ересек адамдар таудан қарағай тасып жағады. Ал Тельман сияқты қолы
қысқалар іргедегі тоғайдан
арқалап ағаш тасиды. Мектепте
оқып жургенде тоғайдан ағаш көтеріп келе жатқан ол муз опырылып, кеуекке тусіп кеткен.
Өзімен бірге отынға барсан орыс баласының көмегімен әрең деп шыққан. Күн қақап тұр. Үйге
жеткенше киімі муз болып қатып қалыпты. Ыстығы көтеріліп, біраз кун ауырып жапщан. Балалықпен елемеген, емделмеген. Тіпті емделетіндей
де жағдайы жоқ еді. Ақыры сол ауру асқынып, журегіне шапқан.

Тельман
қызмешке ерте араласты. Жиырма алты жасында "Лениншіл жас " газеті
редакторының орынбасары болды. Газет шығару оңай шаруа емес. Оның үстіне "Лениніиіл жас " ол
кезде аптасына бес рет шығатын. Партияның талабы өте қатал еді. Жарықтық
Орталық партия басшылары күн сайын сөйлеп, ол бет-бет боп басылып жататын.
Сонымен бірге жастар газетіне қойылатын талап та жоғары еді. Қазақстан
жастарының өміріне қатысты небір өткір мәселелер "Лениніиіл жастың "
бетінен жиі көрінетін. Газеттің беделі де 
жоғары еді. Тельман да газеттің шын берілген қызметкері болатын. Ол "Лениншіл
жастың "барынша жақсы шығуына бар күш-жігерін жұмсады. Оның газет жұмысынан
басқа уайымы болмайтын. Қатты ауырып жатқанда да, сол басылымның әрбір санын
мұқият қарап, өз пікірін телефон арқылы айтып жататын. Әринв, ол
қаражаяу емес-ті. Дайындығы,
білімі, ешкімнен кем болмайтын. Әлем классиктерін оқыған, ұлтының арғы-бергі тарихын, мәдениетін жақсы білетін, зердесі зерек, таным көкжиегі кең Тельман тікелей  шығармашылығымен айналысса, біраз жерге барарына менің сенімім кәміл. Бірақ ол жеке басының мүддесінен қоғамдық мүддені саналы түрде жоғары қоя білді, өзіне көрсетілген сенім үдесінен шығуға тырысты,
жауапкершілікті терең сезінді. Сол себепті де тым аз жазды.

Отыз екі
жасында КПСС-тің органы "Правда " газетінің Қазақстаңдагы тілшісі болып бекітілді. Жоеары мансапты бір адамның оган бул қызметті қимай,
кедергі жасаганын білемін. Димаш
Ахметулы Қонаевтың жанашыр көңілінің арқасында ол "Правда " газетіне
қызметке турды. Жалпы Д. Қонаевтың
Тельманга деген пейілі жақсы еді. Үлкен кісінің өзіне көрсеткен сенімін ақтау үшін ол бар күш-жігерін
жұмсады. Кәп уақыты әртүрлі адамдардың мақаласын ұйымдастырумен, арыз тексерумен,
толып жатқан хаттарға жауап жазумен етті. Осындай кезде ол тікелей шығармашылықпен айналысуды аңсайтын. Бірақ, жағдай оның бұл онын жузеге асыруға мүмкіндік бермеді. Оның устіне бұл кезде денсаулығы нашарлап, жиі-жиі ауруханаға
жатып қалып жүрді. Жүректің жұмысы нашарлап,
әрбір күнін олжа санап жүрген шақта да қол қусырып қарап отырмай Ф. Купердің, А.
Толстойдың, Ә. Әлімжанов пен С. Санбаевтың
романдарын, Дюрренматтың және де
басқа жазушылардың шыгармаларын қазақ тіліне аударды.

Ахуалы тым нашарлап кеткен соң 1972 жылы
Новосібір қаласына барып, жүрегіне операңия жасатып қайтты. Бұл да уақытша ілдалда еді. Клапандары істен шыққан дімкәс жүректің өпке шыдамайтынын ол білді. Новосібірден келген соң мен қуанып, "енді ауырмайсыз,
узақ өмір суресіз " - дедім. Ол мұңайып, үн-түнсіз ұзақ отырды. Сосын "енді бір сегізтоғыз жыл
өмір сүрсем болар еді" деді курсініп. Мен ойланып қалдым.

Новосібірден қайтып оралған соң жағдайы едәуір
жақсорып, көңілі көтеріңкі жүрді. Қызметі ауысатын болды. Д. Қонаевқа кіріп, қуанып шықты. Тусінгенім -
кейбіреудің түсіне кірмейтін қызмет ұсыныпты. Өзінің көздеп жүргені - Каз ЛИТО еді. "Жанға
тыныш, денсаулығыма салмақ түспейді, жазуға мумкіндік
туады " - дейтін. ЛИТО-ның бастығы пенсия жасынан асып кеткен адам еді.

Арада біраз
уақыт өтті. Бір қызығы - Д.
Қонаевтың ұсынған қызметі емес, Тельман ойламаган жерден
"Ара - Шмель " журналына
бас редактор болып барды. Анық оттың ішіне кірді. Дау-жанжал,
арыз-құрыз оп жер. Бұл орынға барарда қатты қиналды.

"Ара -
Шмельдегі"екі-үш жыл
денсаулығын мүлде құртты. Жазамын деген арман
адыра қалды. Сөйтіп жүргенде
жеке өмірінде өзгеріс болды, жаңа
отбасын құрды. Ол заманда партияның тәртібі өте қатал еді ғой, шалыс бассаң басыңды шауып
тастайтын. Алдын ала оган ескерту жасалды. "Үлкен кісінің " тікелей өзінің сәлемін де жеткізді біреулер.

Егер ол сол ұсынысты қабыл алса, "құда да, құдағи
да тыныш " болар еді. Бірақ бір оқталса, алған бетінен қайтпайтын қайсар мінезіне бағып, тәуекел жасады. Жүрегінің бұйрысын орындады.

Аяуы жоқ уақыт
Тельманның маңдайынан сипаған
жоқ, Орталық партия ұйымының бюросында қарап, орнынан босатып,
партиялық жаза қолданды. Қызметсіз қалды. Тілектес дос-жаран көп еді. Әрқайсысы қызмет ұсынып, жанашырлық танытып жатты. Ол "Қазақфильм"киностудиясын
таңдады. Сол жерде журіп біраз кинофильм аударды, шетел жазушыларының шығармаларын қазақшалады. Киностудияда да ежелгі әдетімен алғы
шепке шықты - деректі
фильмдердің дирекциясын басқарды.
Бірақ, ұзаққа бармады. Денсаулығы күн санап нашарлай берді.
Ақыры 1978 жылы қырық үш
жасында бақилық, сапарға аттанды... Артында
төрт перзенті, азын-аулақ еңбегі қалды. Өзі бітірген Нарынқолдасы
орта мектеп Тельман Жанузақов атында. Тірі болса биыл же/ппіс жасқа толар еді.

Тельман аға жазуға өте зор жауапкершілікпен қарайтып көп оқитын. "Неге көркем шығарма жазбайсыз? Біздің елде игерілмеген тақырып өте көп қой" - деймін
мен. Ол жылы жымиып күлетін. " көптің бірі болып жазушы атанып журе беруіме болар еді. Одан кім ұтады ? Оқырман да, мен де ұтыламын гой. Нашар
жазушы болғанша жақсы журналист, аудармашы болғаны дұрыс емес пе?
Қалай ойлайсың?" - дейтін.
Көрмеген көп дуние көл көрініп,
кез-келген ұлымен қатар тұруға дайынмын деп
ойлайтын шақ кеуде жігіт не ойлаушы еді?! Мен оны тусінбейтінмін.

Отбасынан
кетіп, жаңасымен қосылмай біраз уақыт жүрді. Осы кезде ол кісі алдымен үлкен ағамыз (бәріміз кокв дейміз) - Телқожа Жанұзақовтың үйінде тұрды, coнан соң бізге көшіп келді. Сол кезде екеуміз оңашаланып алып ұзақ сырласамыз, кейде белгілі бір
мәселеге байланысты түннің бір уағына дейін пікір таластырамыз. Meп оның сөзінің дұрыстығына көзім
апық жетіп тұрса да интрига тудыру үшін әдейі бұра тартамын. Содан қызу тартыс басталады. Кейде ауылдан әкем келеді. Ол
кісі де қара жаяу емес, отызыншы
жылдары оқыған, қызмет
істеген, көкірегі ояу адам. Жеме-жемге келгенде екеуі
бірігіп кетеді, мен де беріспеуге
тырысамын. Екеуі түннің бір
уасына дейін уағыз айтып, мені "оқытушы" еді.
Оларға тән бір ортақ мінез - екеуі де турашыл болатын, қалжыңға келгенде сүріншектей беретін.
Сол қасиет Тельман ағаның шығармашылығынан
көрініп тұрады.

Турашыл, әділетшіл болғандықтан шығар
қаламаралacmары, інілері ол кісіні ерекше багалайды. Осы уақытқа дейіп өздеріне жасаған қамқорлығын айтып, сағынышын еске алып жүретін көп адамды білемін. Meн
осындайда ағам үшін мақтанамын. Біраз жасқа
келіп, азды-көпті атақ алып,елге танылып қалдым ғой. Соған қарамастан осы күнге
дейін мені көп Адам өз атыммен атамай "Тельманның інісі" дейді. Осындайда
кеудемді сағыныш керпейді...

- Сен менің атымды алып жүрсің, - дейтін ол.

Рас сөз. Ол шыр етіп дүниеге келгенде атамыз бен
әжеміз оның атып "Баққожа"деп қойыпты Ол заманда "Туу туралы
"куәлікті бірдеп бере салмайды гоіі. Келесі жылы көктемде қозы піскен
кезде ЗАГС-тің басшылары мен қызметкерлері қонаққа келеді. (Тельман 1935 жылы
13 тамызда туған.)

- Балаларыңның аты кім? - деп сұрайды.
"Баққожа" дейді үйдегілер.

- Ой, бұларың не? Жас
нәрестеге сондай aт қоюға бола ма
?! Басқа aт қойыңдар.

Жанұзақ, атам үйде жоқ,
кемпірі Бубиша не істерін білмей абдырап
қалады.

- Құдай-ау, мен aт
қоя алмаймын ғой. Бұл баланың атын үлкен кісілер қойған. Ырым ғып қойып еді, - деиді Бубиит анам. Қозы жеуге келген әйелдер ол кісіні
таңдасын ба, өз дегендерін істейді.

(Екі әйелдің
бірі Ораз Жандосовтың, екіншісі Бектемісовтың
зайыбы екен, ол кісінің баласы узак, жыл министр болып қызмет атқарды.)

Баланың аты
Тельман болсын, - дейді құжат
беретіндер.

- Қазір неміс халқының көсемі Тельман түрмеде
жатыр.

Соның есімін
осы нәрестеге берейік. Кім біледі, болашақта сол сияқты халықтың адамы болып шығар.

Бубиша апамда күш жоқ. Саяси мәселеге қарсы шығу қайда. Амалсыз көнеді. Сөйтіп менің бауырым 1936 жылдың мамыр айына дейін "Баққожа
" болып журген екен.

Тельманның
архиві менің қолымда. Ол ұзақ жылдар бойы күнделік жазыпты. Орысша, қазақша жазылған сол күнделікте Тельманпың жан
сыры бар. Соның кейбір
тустарын оқырман кәдесіне жарар деген оймен осы кітапқа әдейі қостық.