ВЕРНУТЬСЯ

      Ақыры міне,
дәрігерлер жұмысқа шығуыма рұқсат етті. Сонау
бір естен кетпес күннен бері алты ай өтті. Сол күні профессор Е. Н. Мешалкин меніқ қабырғамды сөгіп, жұп-жуан болса да әбден шеберленген
саусақтарымен ревматизмнің әсерінен бүлінген
жүрегімнің жарылып кеткен митральдық клапынын кеңіткен еді...

 

* * *

     Сонымен бұл репортажды мен Лениндік
сыйлықтың лауреаты, атақты кардиохирург Е. Н. Мешалкин басқаратын Новосибирск қаласындағы қан айналым патологиясы
ғылыми-зерттеу институтынан
жүргіземін.

Мен бірінші
санды операция столында жатырмын. Сағат таңғы
тоғыздан он минут өткен. Анестезиолог A. А. Белозеров соңғы рет келіп,
көңілімді аулап, жылы-жылы сөздер

айтып тұр. Міне, қан тамырым арқылы наркөз берді.
Бір, екі, үш, төрт... жеті... Осы мен
қайда кетіп барамын? Көзімнің алды бұлдырап, түпсіз тұңғиыққа батып бара жатқандаймын. Құлағыма
әлдебір сарын келетіндей... Кенет жым-жырт тыныштық
орнады.

Егер дәл осы
сәтте менің қолымда репортерлік микрофон болса бұл репортажым дәл осылай басталған болар еді. Жүректерге операция жасау, әлемдік кардиохирургияның қазіргі
жайы, медицина ғылымының осы бір аса күрделі саласы туралы квп айтылды, көп
жазылды. Мен операцияға дейін және одан кейінгі өз басымнан өткен жайттар
туралы әңгімелегім, тек бір өзімді ғана емес, мындаған, миллиондаған адамдарды
толғандырып жүрген кейбір мәселелер төңірегінде пікірлескім келеді. Өйткені
менің жүрекке операция жасаудың қандай болатындығынан хабардар екенімді ешкім
жоққа шығармаса керек. Себебі - Мешалкин скальпелінің күш-қуатын және даңқты
хирургтің қалай жұмыс істейтінін, оның асқан шеберлігін көрдім, дәлірек айтқанда
жан жүрегіммен сезіндім.

Журналист ағайындардың көпшілікке мәлім бір қулығы
бар. Олар өздері жазатын обьектіге байланысты мамандықтарын өзгертіп ала қояды.
Сол оқиғаның ішінде жүріп, көзімен көріп жазу материалдың құнын арытыра түседі
ғой. Мені профессор Е. Н. Мешалкиннің операция столына тілшілік машық емес, өте
ауыр жүрек сырқаты алып келді. Солай бола тұрса да операция
алдында да, соңынан да менің көп нәрсені білсем деген ынтам бір де кеміген жоқ. Шынымды айтсам, бұл репортажға мен іштей екі жыл бұрын, яғни
жүректі хирургиялық жолмен емдеу туралы маңызды әңгіме қозғалған күннен дайындала бастағанмын. Сол күннен бастап
кардиохирургия ғылымының
жаңалықтарына барынша ден қойып осы салаға байланысты
толып жатқан кітап және мақалалар оқыдым. Новосибирскіге келісімен күнделік жазуды қолға алдым. Операция столына
жатардан он минут бұрын да және операциядан үш күннен кейін мен өз әсерімді осы
кітапшаға қысқаша түрде жаздым. Жазу әрине өте қиынға түсті, әсіресе операциядан
соңғы алғашқы кезенде қатты қиналдым, бүкіл денемді қорғасындай ауыр салмақ басып,
тынысым тарылады, кей ретте басым айналып, көрдей қараңғы қапасқа түсіп кеткендей
боламын, мұндай сәтте төңірегімдегі көзге шалынар зат атаулының бәрі осынау
тіршілік дейтін қимас қымбаттың өзі жиіркеііішті көрінеді; көзім көргенііің
баршасы маған мұндайда шындықтан аулақ бұлыңғыр бірнәрсе секілденетін,
бірте-бірте әлгілердің нобайы көмескіленіп, көзімнің алды түмандана бастайды,
осындайда кенеттен сол жақ көкірегіме әлдекім алмас қанжарын сұғып алғандай,
сол өткір зат бірте-бірте жүрегіме бойлап бара жатқандай жан шыдатпас сұрапыл
ауру, бар төзім-қайратымды жалмап жүтып қоятын... Міне, енді сол қысқаша жазбаларым
кәдеге жарады.

Бірақ, бір қызығы мен үшін ештеңемен де тең
келмейтін, өте қиын операция Евгений Николаевич Мешалкин үшін қарапайым ғана,
күнделікті жасала беретін, яғни, оның өте бай, хирургтік тәжірибесіңцегі көп
операциялардың бірі болса керек. Бүл жерде үлкен хирургке үлкен жұмыс тауып
бере алмаған менің өзім кінәлімін ғой...

 

* * *

 

Атар танды шалқамнан тапжылмай жатып қарсы алып жүргеніме,
міне, алты ай болды. Осының өзі ғана мені шексіз қуанышқа бөлейді. Өмір шіркіннің
дәмін татып, тамсанып үйренген жанға ол қандай қымбат десеңші. Иә, сондықтан да
бұрынғыдай жан қинап жөтелмей, тып-тыныш шалқамнан жатқаныма тәубе деймін. Шынымды
айтсам, бұған дейін дәл мұндай рақатқа боленген емеспін. Апыр-ау, шалқаңнан жайбарақат
жатып, жөтелмей, демікпей кеуде кере еркін дем алу, тып-тыныш ұйықтау үлкен
бақыт екен ғой. Ал, операцияға дейін мен тек қана оң кырымнан, көп ретте етпетімнен
ғана жата алатынмын. Осы арқылы ғана ауыз жаптырмас жөтелден құтылатын едім.

Операциядан кейін ес жиған сәтімді күні бүгінге
дейін анық білемін. "Көзіңізді ашыңыз! Менің дауысымды естисің бе?" деген таныс үн құлағыма талып
жеткен-ді. Әрең дегенде ауырлап кеткен кірпігімді қақтым, сонан соң жайлап көзімді аштым. Көзімнің алды бұп-бұлдыр, кенет әлдебір өте
үлкен, адам таңқаларлық жарқ-жұрқ
еткен дөңгелек заттың нобайын көрдім. Ол менің қарсы алдымда ілулі тұрған секілді, әлгі затты автомобильдің бір
бүйіріне орнатылатын айнасына ұқсаттым, бірақ оған қарағанда тым
үлкен. "Абайсызда құлап кетсе басып қалады-ау" деп қауіптендім. Үрейленіп көзімді кеңірек аштым,
сөйтсем ол қозғалмалы рефлектор екен. Көзімді сол жағыма аударып, өзіме күлімсірей
қарап тұрған анестезиолог Александр Александрович Белозеровтың жүзін көрдім. Мені
операцияның алдында ұйықтатқан осы жігіт еді, енді міне, оятып тұр. "А, Сан
Саныч!" деп қуана дауыстағым-ақ келеді. Апыр-ау, бұл не?
Ернім қимылдайды, бірақ дауысым шықпайды. Бәлкім, құлағым бітіп қалған шығар. Мен оған кірпік қақпай қарап, жауап
күттім.

- Не дедіңіз? Қайталап айтыңызшы. Қаттырақ! Ал кәне! - деп мені қайрап қояды. Бар күшімді
жинап, айқай салдым.

- Сан Саныч, рақмет!.. - Дауысым
болар-болмас қана естілді. Бейне бір
жердің астынан шыққан үн секілді. Жаңағы үн
көмейімнен емес, әлдеқайда тереңнен, асқазанымнан шыққан сынды... - Рақмет, Сан Саныч!.. Мен барлығыңызға... өте...
өте қарыздармын, - деймін күбірлеп. - Евгений Николаевичке сөлем айтыңыз...
Маргуновқа, Алкс,Гуяшовтарға - сәлемімді және алғысымды жеткізе көріңіз...

Сан Саныч езу тартып, бас шұлғыды. Мен, әрине, дәл осы сәтте жаңылысып, адам күлерлік бірнәрселер
айтқанымды білген жоқпын. Өйткені мен сәлем жолдаған хирургтердің барлығы да операцияның алдында ғана менімен сөйлескен және үш сағаттан астам уақыт
олар тізе бүкпестен басымда тұрған. Алғыс білдірудің еш әбестігі жоқ, ал жанымнан осыдан аз ғана уақыт бұрын кеткен
адамдарға сөлем айту күлкілі. Мұндай
жайттар хирургтердің тәжірибесінде
көп кездесе береді. Соңыра маған мынандай жайтты
айтты. Зема деген кісі операциядан соң көзін ашып алып: "Айтыңдаршы, осы мен тірімін бе?" деп сұрапты. Ол кісіні білетінмін, ауруханадан жақында ғана шыққан. Ал бұрнағы жылы, хоккейден әлемдік біріншіліктің кезекті туры өтіп жатқанда бір жанкүйерге операция
жасалыпты. Оның көзін ашқандағы
бірінші сұрағы мынау болыпты:
"Біздің жігіттер чехтармен қалай
ойнады?" Сұрағына жақсы
жауап алған ол табан астында ұйықтап қалып, іңір түскенше тапжылмай
жатыпты.

Құтқарушыларыма
алғысымды білдіріп, сәлемімді айтқан соң ұйқтап қалыппын. Қанша ұйқтағанымды
білмеймін,сергіп қалыппын, манағыдай емес, басым тың, тек қана денем ауыр,
үстімнен әлдебір зілдей салмақ басып тұрғандай. Еш жерім ауырмайды, күшім жоқ. Мені сілейтіп тұрып сабап
кеткен тәрізді, сүйегімнің бәрі быт-шыт болып сынғандай әсердемін, денемнің
таяқ тимеген жері жоқ секідді. Тіпті, саусақ қимылдатар қауқар жоқ менде.

Кенет
хирургтың алтын пышағындай болып бір жарқын ой,
жарқ етті. "Шалқамнан жатырмын! Шалқамнан!.. Біраз уақыттан бері жөтелмей шалқамнан жатырмын. Бұл операцияның алғашқы нәтижесі ғой!" Міне, сол күннен бері ұйқымнан оянған
сайын шалқамнан жатқаныма кереметтей қуанамын. Бұл дені сау адамдар үшін
үйреншікті жайт, ал мен секілді жандар үшін зор оқиға...

 

                                                              

* * *

 

Жүрекке операция жасату соншалық қорқынышты ма? Бұл
жүрегі ауыратындардың ең бірінші және ең басты сұрағы. Мен оларға былай деп
жауап беремін:

"Жоқ, қорқынышты емес. Өз басымда қорқыныштан
гөрі қуаныш көп болды" Бұл шыным. Әлі есімде, мені қол арбаға салып,
операция бөлмесіне апарғанда анестезиолог А. Белозеров былай деп сұраған:

- Қалай, қорқынышты емес пе?

- Жоқ, тіпті де қорқынышты емес, - деп жауап
бердім оған. Тек қана старт алдындағы қобалжу ғана бар. - Бұдан кейін ол кісіге
өтініш білдірдім. - Басымды кетеріп, сәл отыра тұруға рұқсат етіңізші. Операция
бөлмесіне қарап отыру біртүрлі қызық.

Ол рұқсат етті. Төңірегіме қарап, үн-түнсіз
отырмын. Өте қарапайым, жап-жарық, кең белме. Енсіздеу екі стол тұр. Операция
столдары дегендер осы. Олардың тарлығы соншалық, алғаш көргенде "апыр-ау,
бұған адам қалай сиып жатады" деп ойлайсың. Бұлардың ұйықтау үшін
жасалмағанын, енсіз столдардың хирургтарға тиімді болатынын соңыра білесің.
Рефлекторлық шамдар, темірден жасалған дөңгелек орындықтар және кек-жасыл
матамен жабылған бірнеше столдан басқа бұл бөлмеде ештеңе жоқ.

- Мерзім бітті! - дейді Сан Саныч. - Уақыт өтіп
барады, тезірек жатыңыз.

Мен ол нұсқаған столға жаттым. Қорыққан
жоқпын, тіпті көңілімде титтей де
секем болсашы. Қорықпайтын себебім -
бұл операцияның қандай
болатынын және немен бітетінін мен
жақсы білемін. Оның сәтті аяқталатынына еш күмәнім жоқ. Өйткені бұл
институтта бұған дейін дәл
осындай ондаған мың операциялар жасалған. Оның үстіне маған операция жасайтын
адам әлемдегі кардиохирургтердің ішіндегі ең танымалы әрі шебері, елімізде жүрекке операция жасауды алғаш қолға алғандардың бірі Евгений
Николаевич Мешалкиннің өзі. Ендеше
менің қобалжитын жөнім жоқ.

Мұнда жүрекке он мың операция
жасалған! Еліміздегі бірде-бір
клиника мұндай көрсеткішке
жеткен емес. Тіпті, шет елдерде де мұндай
клиникалар көп емес, мықтаса біреу немесе
екеу ғана. Осынау он мың адамның басым көпшілігі операцияға келерде бәлендей қорқып, тайсақтаған жоқ десем өтірік
болмас еді, олар хирургтың алтын пышағына сенді, үміттенді. Бұл
олардың ең соңғы мүмкіндігі, ең соңғы үміті еді.
Осынау ауыр сырқаттың азабы мен уайымы көптеген адамдардың қорқынышын біржола жоғалтып, жалтақтарды батыл, қорқақтарды батыр етіп жібереді.
Сырқатынан оңалмайтындығына көзі жетсе де кейбір адам жасудың, күйрейкүйзелудің
орнына өжеттеніп кетеді. Егер осындай кезде күдерінді
үзіп болған болашағыңнан әлдебір үміт оты жылт етіп көрінсе, сол үміт шырағының бастау көзі түнек тұңғиықтың арғы жағасында болса да және оған
жалғыз аяқсоқпақ арқылы ғана бара алатынынды біле тұра еш қорқыныш, күмәнсіз солай қарай ұмтылар
едің.

Мені бір
кездерде жүрек сырқатымен ауырғандар және күні
бүгінге дейін одан құтыла алмай жүргендер жақсы түсінеріне күмәнім жоқ. Жүрек сырқатының ауыр азабын,

жан төзгісіз қиындығын былай
түсіндіруге болар еді. Адам үшін
мынау ұлан байтақ жердегі ең
бағалы әрі тегін зат - ауа. Ол
бәрімізге де жетеді, оны іздеудің, қара терге түсіп, өндіріп алудың қажеті жоқ. Тіпті оны қалауынша пайдалану үшін күш жұмсау да қажет емес. Әдетте адамдар арнайы
қадағаламаса өздерінің дем алып, организмге аса қажетті газдарды
жұтып тұрғанын аңғармайды.
Яғни, ауамен тыныстау әрбір тірі
организмнің қалыпты жұмыс қабілетін танытатын
белгі. Ал ауру адамдар, әсіресе, жүрегі немесе тыныс мүшелері зақымданғандар мұны үлкен жұмыс көреді. Басқа адамдар ешқандай күш
жүмсамай-ақ еркін пайдалана беретін тегін жатқан ен байлықты кәдеге жарату
әлгіндей сырқатқа шалдыққандарға соншалық қиындыққа түседі. Олар сәл ғана
шаршаса немесе аздап қуанып, ренжісе тынысы тарылып, алқынады да қалады. Тыныс
алудың өзі бұлар үшін қияметтей қиын жұмыс. Жүрек сырқатына шалдыққандар
әрқашан өздерінің қалай тыныс алатындықтарына құлақ түріп жүреді, олар
хал-жағдайларының қандай екендігін өздерінің қалай тыныстайтындығына қарап біледі.
Сондықтан да олар тыныс мүшелерінің бірқалыпты жұмыс істеуін барынша қадағалап
отырады. Бірақ, тыныстың бірқалыптығын сақтау мүмкін емес, тіпті, дем алыс жиілігінің
бұзыла бастағанын ауру адамның өзі де білмей қалуы мүмкін. Уақыт өткен сайын
сырқат адамның күн тәртібін мұқият сақтамауының салдарынан, тіпті аз ғана дәрежеде
режим бүзудың әсерінен және әр түрлі субъективті себептердің кесірінен зардабы
зиянды ұстамалар пайда бола бастайды. Адамның тұла бойын қалтыратар, тынысын
тарылтар ғаламат жөтелді қоздырар сұмырай ұстамалар - жүрек сырқатына
шалдыққандардың жанынан қалмас серігі, ілесіп жүретін келеңкесі секілді.

Міне, сондықтан да жүрегі ауыратын кез келген жан
осынау қиямет азаптан құтылу үшін қорқақтамай кез келген қауіпті, қорқынышты
операцияға бара береді. Операция жасату - соңғы мүмкіндік. Олардың бұдан
басқа үміті жоқ.

Рас, менің
жағдайым анау айтқандай жаман да емес еді. Операцияға
амалдың жоқтығынан бармаганым да анық. Дәл осылай
ілініп-салынып, құр сүлдерімді сүйретіп, әлі де болса бірнеше жыл өмір сүретінімді
білетінмін. Бірақ осы да өмір ме?
Менің ел секілді тіршілік етуге толық қүқым бар ғой. Өткен жылы декабрь айында Алматыға кардиохирурггердің бүкіл одақтық
мәжілісіне келген профессор Е. Мешалкин маған операция жасатуға кеңес
берген-ді. Оның сеніммен айтқан сөздері мені үміггендіріп тастаған. Енді міне,
бүгін, 23 январь күні маған операция жасалмақшы. Атақты профессорға деген
сенімнің мықтылығынан ба, күдік қорқыныш дегендер менен ада. Керісінше, бойымды
шешуші шайқасқа шығатын спортшыларда болатындай әлдебір қуанышты толғанысы мол
сөзім билеп алды. Сонымен бірге менде журналистерге тән қызығушылықтың болғаны
да рас. " Қалай болар екен, мен өзімді қалай сөзінер екенмін, кейін жазылып
шыққан соң бүл туралы қалай жазу керек?" Осы секілді ойлар басымды шырмап
алды.

Қорқыныштың емес әрине, осындай толғанысты
ойлардың әсерінен болар, ертесіне опсрация жасалатын адамдардың барлығына
берілетін ұйқтатқыш дәрінің екі түйірін ішсем де мен таңғы сағат бесте оянып
кеттім. Бір бөлмеде екі адамбыз. Көршім Александр Степанович Алфимов та алматылық,
ол төтті ұйқтап жатыр. Ол мен секілді мазасызданбайды, өйткені операцияға ертед
барады. Александр Степановичті мазалағым келмсгендіктен, шам жаққаным жоқ. Отты
өте қатты жағатындықтан есікті ашып қоятынбыз. Дәлізде шам жанып тұр.
Алакөлеңкеде отырып операция алдындағы соңғы әсерлерімді жаза бастадым.

Институттың мен жатқан бөлмесінде медицина
сестрасы болып істейтін Татьяна
Тихоновна алты түйір преднизолон берген-ді.
Бұл дәріні беретін себебі -
жауапты сын - операцияның алдында организмнің барлық резервтерін оятып, белсенділігін күшейту
керек. Енді қатып ұйқтап
қалуға тиіспін. Тоғызға дейін үш сағаттан
астам уақыт бар. Татьяна Тихоновна маған сөттілік тілеп, қоштасып кетіп қалды. Сағат сегізде орын орнына күндізгі
кезекші, медициналық сестралар Таня мен Люда келеді. Мені қол
арбаға салып, операция бөлмесіне
апаратындар да осы екеуі. Етпетімнен түсіп
жата кеттім. Көз алдымнан осы аурумен арпалысумен өткізген соңғы жылдарым мен айларым тізбектеліп өте бастады...

 

* * *

 

Ревматизм
деген әдетте бала кезде
жабысады. Бұл сырқат маған бұдан
жиырма жыл бұрын, он бес жасқа жаңа толғанда
алғаш рет "тіс" көрсетті. Оның жүрегімді зақымдауына небәрі төрт-ақ жыл
керек болды. Кейінгі он жылдың ішіңде ревматизм бірде бір рет мазаламағанмен
жүрегім біржола зақымданып, белгі
бере бастады. Міне, сөйтіп келе-келе
жүрегімнің ұстамасы көбейіп, кейінгі жылдары жағдайым, тіпті, нашарлап кетті.
Демікпе қарыс қадам қалмайтын серігіме айналды, жүрегімнің қағу жиілігі бұзылды, осыдан кейін дөрісіз жүре алмайтын
дәрежеге жеттім, жиі-жиі
ауруханаға түсуді әдетке айналдырдым. Жергілікті терапевт-дәрігерлер менің жүрегімде
жетімсіздік көп деп тапты да, ауруды хирургиялық жолмен емдеуге үзілді-кесілді қарсы тұрып келді.

Өстіп жүргенде
бүр күні мен Людмила Михайловна Андропова деген жас дәрігерге тап болдым. Ол бұған
дейін алматылық кардиохирургтердің
ортасында қызмет істеген екен, қан
тамырлары мен жүрек ауруларын біршама біледі. Ол менің денсаулығымды ұзақ уақыт бақылай жүріп, беделді дейтін
терапевт-дәрігерлердің маған теліп қойған диагнозы-

на күдіктенетіндігін жасырмай
айтты. Сөйтіп, ол мені Е. Н. Мешалкиннің
дарынды шәкірттерінің бірі профессор Владислав Сергеевич Сергеевскийге апарып
көрсетті. Ұзақ тексерістен кейін ол
бір шешімге келді. "Клиникалық белгілерге
қарағанда сенде жетімсіздікке қосымша стеноз басым" деді ол. Бірақ ол кісі өзінің бұл тұжырымына сол сәтте
бәлендей сенімді де емес еді. Және жүрекке операция жасау үшін үлкен тәуекелге
бару керек болатын.

Митральды
стеноз деген - митральды клапан аузының тарылуы.
Осының кесірінен өкпеден сол жақ жүрекшеге құйылатын қан еш кедергісіз және
керекті мөлшерде сол жақ асқазанға
қарай өтпейді екен. Көп жағдайда жүрек ауруының бұл түрі хирургиялық жолмен емделетін
көрінеді. Тарылған клапанның
тесігін кеңіту осы уақытта біздің елде де, шет елдерде де жақсы жолға
қойылғанын білдім.

Жетімсіздіктің салдарынан, ревматизмнің кесірінен
бүлінген клапан қақпағына кальций қабаттары жиналып, ол жұмсақтығынан айырылып,
бірте-бірте көнтақаланып, қатая бастайды екен. Осы себепті де клапанның тесігін
толық жаба алмай қалатын тәрізді. Соның салдарынан қан жүректің керекті жеріне
толық бармай, әлгі саңылау арқылы кері құйылатын көрінеді. Кальций қабаттары
неғұрлым қалыңдаған сайын клапан қақпағы да қата түседі, сөйтіп саңлаудың
аумағы да үлкейе береді екен. Осының кесірінен жетімсіздік де күшейетін секілді.

Мұндай жағдайда "жеңіл-желпі
жөндеуден" өту арқылы сырқаттан ада-күде арылу мүмкін емес.
Міндетті түрде клапанды ауыстыру керек. Бұл тәжірибе жүзінде дәлелденген.

Әлемдегі және
біздің еліміздегі жетекші дейтін кардиохирургиялық клиникаларда жүректі тоқтату
арқылы жасалатын осынау күрделі операцияның методикасы мен техникасы кемел
игерілген. Бірақ күні бүгінге дейін организмге залалсыз ұзаққа шыдайтын жасанды клапандар проблемасы шешілмеген.

Осы тұста
Сергиевский тұйыққа
тірелгендей болды. Ол кеңес сұрап,
өзінің ұстазына хабарласты. 1970 жылдың декабірінде
кардохирургтердің Бүкілодақтық кеңесіне қатысу үшін Мешалкин келді. Менің сырқатымның тарихымен, әртүрлі анализдермен және көп жылдан бергі
тексерістердің нәтижесімен танысып,
жүрегімді ренттен арқылы көріп, мұқият тындаған соң, ол маған
операция жасатуға кеңес берді.

Бұл декабрь айында Алматыда болған
жайт еді. Енді мені Новосибирскідегі
Академия қалашығына орналасқан Мешалкин институтының мамандары қайтадан мұқият тексерістен өткізді. Профессор оларға өзінің түйінді
ойын айтпаған секілді. Өйткені қалай
емдеу керектігін, өздерінің түйінді шешімін
маған тексеру жүргізген дәрігерлер айтуы керек екен. Тіпті, олардың ұйғарымы
профессордікіне сәйкес келмеуі немесе
қарама-қайшы болуы да мүмкін ғой. Мұндай жағдайда нағыз творчестволық айтыс
басталады. Әр түрлі пікірлер
айтылады. Осының нәтижесінде барлығы бір қорытындыға келеді. Міне, осыдан кейін
барып кімге операция жасалатындығы
белгілі болады. Мені бір қуантқан жайт - бұл жолы Ш. И. Шурган, Э. Я.
Скрибник секілді терапевтер мен Г. А. Моргунов, A. О. Алкс, В. М. Чуяшов
тәрізді хирургтердің және ренттенолог
О. С. Антонов және басқалардың пікірі институт директорының қорытындысымен сәйкес келді.

 

Бір кезде,
осыдан он жеті жылдай бұрын мен альпинизммен шұғылданған едім. Биік-биік тауға
өрмелеп бара жатқанда альпинистердің қандай
күйге түсетінін және нендей сезімдерге бөленетінін жақсы білемін. Дәл қазір мен сондай күйдемін. Ең ақырғы асудан асқан
секілдімін. Алдымда межелеген биік тұр, бұл соңғы
шабуыл. Осынау шабуылға мені
жан-жақты дайындауда. Қан тамырларым арқылы
әртүрлі дәрілер жіберіп, жалғыз алып қалып кеңеседі,
көңілімді көтерер жылы-жылы создер айтады. Ең ақырғы рет қанымды тексеруге де алды. Ерлер бөлімшесінің меңгерушісі аласа бойлы, мығым денелі,
жүмсақ мінезді, миығынан мейірімді
күлкі үзілмейтін Григорий Андреевич Моргунов
дейтін кісі. Кеше ол маған операцияның қарапайым болатынын, митральды клапанның
қалыңдап кеткен қақпағын жабық тәсілмен айыру көзделіп отырғандығын айтты. Егер
тромбоз бола қалса гипөтермия қолданылатынын, яғни, жасанды түрде дене
температурасын суытатындықтарын түсіндірді. Сондықтан да анестезиолог Д. И. Азбель мұз салуға арналған үп-үзын
шлемімен бойымды өлшеп алды. бперацияны Евгений Николаевичтің өзі жасамақшы, ал Моргунов, Алкс, Чуяшов оның
көмекшілері есепті болмақ.

 

* * *

 

Ертеңгі сағат
тоғызда аға медициналық сестра Нина Андреевна маған Алматьщан, достарымнан
келген екі телеграмманы әкеліп берді. Олар менің көңілімді жұбатып, табыс

тілейді. Әрине, бұл мені біраз толқытты. Осындай сәттерде үлкен жүректерімен тілектес болып, ізгілік
тілеп, жанашырлық танытқан жақындарыңнан хабар алу қандай тамаша. Ол

саған дем береді. Құлап бара
жатсаң демеп қалар ниеттес достарьщның
көптігін біліп, кереметтей қуанышқа бөленесің. Рақмет сендерге, алғыс жаусын, менің қымбаттыларым!...

Тағы да бес минуттай уақыт өтті. Міне, сып-сидам
ақ қайың секілді келісті келген, қой кезді Таня мен қимылы салмақты, өзі
сабырлы Лида төсегімнің тұсына қол арбаны итеріп алып келді. Ақырғы сәтте олар
мені көңілдендіруге тырысып, әзіл айтады, күледі. Кәп кешікпей жолға шықтық. Әдеттегідей
дәліздің екі қапталында түрегеп жүретіндер қазқатар тізіліп тұр. Қолдарын бұлғап,
табыс тілейді, жылы жымияды. Әдетте қиын-қыстау кезде адамдар бір-бірімен тез
арада жақындасып, қандас бауырлардай болып кетеді ғой. Операцияға баратын
кісіні дәл осылай шығарып салу мұндағы жан толқытар ең бір жақсы дәстүр.
Сендерге де рақмет, қымбаттыларым! Жаным жадырап, сенімім бұрынғыдан да күшейе
түскендей...

Мені операция бөлмесінің кіреберістегі дәлізіне
алып келді. Таня мен Люда арнайы дайындалмағандықтан осы арада қалады, ал қол
арбаны аппақ маска және көкшіл түсті аяқкиім киген анестезиологиялық
медсестралар ішке кіргізуге тиіс. Сол қапталдагы бөлмеге кірдік. Бізді
Сан Саныч жымия күліп, қарсы алды.

- Келуіңмен! Қалай қорқынышты емес пе? - деп
сұрады ол.

- Жоқ. Қорқыныш түгіл секем де жоқ, - дедім
мен - Рас, аздап қана толқып
жатырмын. Сонан соң бұл мұндай операция бөлмесіне бірінші рет келуім емес...

Бұл рас. Бұған дейін менің екі рет
кардиохирургиялық операцияларға қатысуыма
мүмкіндік туған-ды. Мұнда
емес әрине, Алматыда, Сергиевскийдің
институтында. Ол кісі

Қазақтың клиникалық жөне
эксперименталды ғылыми-зерттеу институтының жүрек аурулары бөлімін басқарады.
1969 жылы март айында осы институтта
аурулардың тілімен айтқанда, мені екі рет "атқан", яғни, жүрегімнің
қағысын түзету үшін дефибрилляция
жасаған, жүрегім арқылы жоғары кернеулі
электр тогын өткізген. Бірақ бұдан ешқандай ңәтиже шықпады. Мен бұл жолы операция бөлмесімен танысып, хирургиялық столды көріп, қан тамырларына
жіберілетін наркөздың ғажайып
әсер-күшін басымнан өткерумен және электрлі
"зеңбіректің атқылауын" сезінуменен ғана қанағаттанған болатынмын. Аз
ғана көріп білгенің, шамалы тәжірибеңнің
өзі сеніміңді күшейтіп, қорқынышыңды сейілтіп
жібереді екен. Бір кезде электрлі зеңбіректің "атқылауына" төтеп
берген маған операциядан корқу ұят қой.

Мен арбадан
түсіп, көгілдір-жасыл мата тоселген енсіздеу келген столдың үстіне шығып, Сан Санычпен сөйлесе отырып,
төңірегімді түгелдей шолып шыққан соң барып, шалқамнан жаттым. Оң жағымда қан құйғыш аппарат тұр.
Осы арқылы менің тамырыма наркөз
жібереді. Міне, медициналық сестралар тамырыма ине қадап, санай
бастады. Қалай

ұйықтап кететіндігімді біліп алмаққа барымды салып-ақ бақтым, бірақ, ештеңе де аңғара алмадым,
алғашқы әлетте аздап қана басым
айналған секілденді, сонан соң әлдебір тұңғиыққа түсіп кеткендей болдым...

 

* * *

 

Соңыра маған
операцияның қалай өткенін айтып берді. Ұйқтап кеткен уақытымнан бастап санағанда ол барлығы үш жарым сағатқа
созылыпты. Ешқандай төтен жайт болмаған, көңілдегідей өткен секілді. Тромбоз ұшыраспағандықтан
гипотермияның көмегіне сүйенбепті. Митральды клапанның тарыльш кеткен тесігін
саусақтың көмегімен кеңіткен тәрізді. Клапанның қақпағын да түгелдей кальций
жаба қоймаған екен, оның кішкене қақпағына суық тимеген, бәз қалпында
сақталған. Клапанның тесігі керекті мөлшерге дейін кеңейтілген кезде күш түсіп
ісініп кеткен өкпе артериясының аяқ астынан кернеуі төмендеп кетіпті. Демек мұның
өзі менің жүрегімдегі жетімсіздіктің әлі бірінші дәрежелі екенін анықтап берді.
Бұған дейін дәрігерлер жүрегімдегі жетімсіздікті екінші дәрежелі деп келген-ді.
Сол жағымдағы кесілген жердің көлемі тым үлкен болғанына қарамастан (сол жақ
қапталым түгелдей кесілген, 22 қатар тігіс түскен) небәрі 350 миллиметр ғана
қан жоғалтыппын. Мұның 200 миллиметрі сол арада қайта құйылған көрінеді. Ауруларға
арналған жеке кітапшаға менің операциядан соң 20 минуттан кейін оянғанымды
жазыпты, бірақ өз басым мұны білмеймін. Білетінім - операциядан кейін аурулар жататын
бөлмеде оянғаным. Бұл туралы репортажымның басында айттым.

Жүрегіне операция жасалған адамдарды бірнеше күн
еш қозғалыссыз шалқасынан жатқызып қоятын шығар деп ойлайтынмын. Бірақ
керісінше болды да шықты. Бірінші күніақ кешкілік мені пункция жасау үшін
тікейтіп отырғызып қойды. Содан соң ұп-ұзын әрі жуан инені қабырғаларымның арасынан бойлата сұғып, өкпе қабыршағына жиналған қанды ірінді сорғызып алды. Операциядан
соң тікейіп отырудың керектігін мен кейін білдім. Мұның өзі өкпенің тез арада жөнге келуіне көп жәрдем береді екен
және оны суыққа ұрынудан
сақтандыратын көрінеді. Сондықтан да жаныңның қиналғанына қарамай өр түрлі резеңке ойыншықтарды үрлеуге, жатқан күйі немесе тікелей
отырғанда қолынды әрі-бері қозғап, әр
түрлі жаттығулар жасауға мәжбүрсің.

Алғашқы әлетте
біз медициналық сестралардың, санитаркалардың және аурулар "ат" деп
атайтын төсектің аяқ жағына байланған жіптің көмегімен басымызды көтеріп
жүрдік. Ол жіп шынында да
тізгінге ұқсайтын еді.

Екі тәуліктен кейін мені өз палатама алып келді,
көп ретте операция жасалған адамдарды бір күннен соң-ақ бұрынғы орнына әкеле
беретін. Тек қана ауыр науқастарды, АИКтің (жасанды түрде қан айналымды реттеп тұратын
аппарат) квмегімен операция жасалған немесе гипөтермия жағдайындағы сырқаттарды
ғана операциядан кейінгі бөлмеде бірнеше тәулік ұстайды. Операция жасалғаннан
кейінгі 3-5 күннің қауіпті екені кім-кімге де белгілі болса керек. Тіпті суық тигізіп
алудың салдарынан ауруын асқындырып алғандардың жағдайы он күннен кейін де
ауырлап кетуі мүмкін. Мұның ақыры өлімге де барып тіреліп жатады. Әрине, мұндай
фактілер сирек. Дегенмен адам үшін алғашқы 3-5 күн өте ауырға түседі. Егер
кәмекші дәрілер болмаса адам соншалық азапқа, бәлкім, төзе де алмас еді.
Алғашқы үш күн бойы әрбір үш сағат сайын маған промедол егіп жүрді.

Бұдан кейін де мен біраз қиындықтарды бастан
өткердім. Тек тоғызыншы күні ғана орнымнан тұруға рұқсат етті.

Бірақ небәрі бір ғана минут тік тұруға шамам
келді. Кенеттен басым айналып, мандайымды сүп-суық тер жауып кетті, екі тізем
дірілдеп, балтырым тырысып қалды. Ал келесі күні көп күш жүмсамай-ақ бес минут тұрдым.
Он бірінші күн болғанда төсектің басына сүйеніп, аяғымды әлтек-тәлтек басып,
бір шеттегі су ағарға барып, жуынып, кері қайттым. Келесі күні дөлізге шығатындай
дәрежеге жеттім. Инструментальды комиссуротомия және де басқадай операциялар жасалған
адамдар тапжылмастан үш апта жатады екен. Ал мен үлкен хирургтың асқан
шеберлігінің арқасында орнымнан тез тұрдым.

 

* * *

 

"Асқан шебер", "орындау
шеберлігі" деген сөздер әдетте музыканттарға ғана телінеді. Дәл осы
анықтамаларды толқып, таусылмай-ақ Евгений Николаевич Мешалкинге де беруге
болар еді. Бәрінен бұрын оның жаны соншалық нәзік, сонымен бірге есту қабілеті керемет.
"Бүл кісі тамаша қобызшы болар еді" дейді білетін адамдар. Болашақ
профессор сонау отызыншы жылдары инженерлік кәсіппен айналысқанмен ақыры келіп
"алтын пышаққа" деген сүйіспеншілігі бәрін де жеңді. Ал есту
қабілетінің кереметтігі жүрек шіркіннің жай құлақ естімес аса күрделі
"симфониясын" дұрыс
түсінуіне көп көмек жасайды. Мешалкиннің есту қабілетінің ғажаптығы сол - ол жүректегі шудың қайнар көзін және мінез-болмысын анықтауда өте
сирек қателеседі. Мұны барлығы
да мойындайды. Ал хирург ретінде ол өз ісінің хас шебері. Ұлы Паганини өз
скрипкасын қалай меңгерсе, ол да "алтын пышағын" дәл сондай дәрежеде
меңгерген. Мен мұны өз көзіммен көрдім.

Клиникадан
шығар қарсанда мен журналист ретінде бірнеше
операцияға қатыстым. Евгений Николаевичтің қалыпты
гипөтермия жағдайында тоғыз жасар Д. Пуревдорис деген баланың жүрек қалтқысын
қалай тарылтып тіккенін көрдім.

Операция
бөлмесіне Мешалкин кірген кезде баланы профессордың көмекшілері
"дайындап" та қойған еді, яғни, оның
көкірек клеткасы ашылып, жүрек жалаңаштанған болатын. Евгений Николаевич қолқа
коарктацияланып жатқан екінші столдың жанына келіп, аз уақыт кідіріп қалды, сосын аспай-саспай ақ халатын шеідті,
қолын арнаулы ұнтақ

пен мұқият жуды да, арнайы тазалықтан өткен көгілдіржасыл түсті халат пен
қолқап киді. Бала жатқан столға тақау келіп, ол қалыптасқан дәстүр бойынша
ассисенттерінің хабарламасын тындады. Ол кісінің киноаппараттардың дайындығын сұрауы
мені қайран қалдырды. Операция столына жақын жерде тұрған кинопрожекторлары бар
аппаратты және бейтаныс "кинооператорды" енді ғана байқадым.

Профессор "кинооператор" екеуі аппараттың
алдыңғы бөлігін мұқият тазаланған матамен орады да, оны столға жақындатып
әкелді. Бұдан кейін кинооператор оның артқы жағындағы металл баспалдақ арқылы
жоғары шығып, объективті операция столына туралай бастады. Ол осы арада лентасының
аздығын да айтып үлгерді.

- Жарайды, Юра, жылай берме, - деді профессор оны жұбатып.
- Саған тағы бір қорабын берермін.

Мен қайран
қалдым. Кинооператор хирургтен пленка сұрап тұр! Және профессор оның ысырапқорлығын
айтып, жай ғана налыс білдірді.

Бұдан соң
Мешалкин столдың жанына барды, баланың кеудесін
жауып қойған матаны, дәке-жапқышты алып тастады да: "Мотор" деп
бүйырды. Негізгі операция енді басталды. Кинокамера дамылсыз жұмыс істеп тұр, оның әлсіз ызылы үзілер емес. Мешалкин бейне бір
режиссер секілді. Кенет ол
операторға "тоқта" дегендей белгі берді, біраздан соң қайтадан
"мотор" деп дауыстады. Мен мұның мәнісін кейін түсіндім.Ол жолы
түрлі-түрлі оқулық фильмі түсірілген екен. Осы фильмнің көмегімен институт
ғалымдары медицина қызметксрлерін өз еңбектерімен таныстырып, жергілікті
жерлердегі кардиохирургтерге операция жасаудың жаңа тәсілдерін үйрететін
көрінеді. Менің оператор деп жүргенім институттың ғылыми қызметкері Ю. Федин болып
шықты. Ал институт директоры бұл жолы да әдеттегідей
"режиссердің" міндетін атқарды.

Міне,
профессор бір ассистентінің көмегімен асығыс түрде іші бос күретамырдың жоғарғы тұсын қыса қойды, қан бармай қалған
жүрекше көз алдымызда аз ғана бүлкілдеп тұрды да, қимыл-қыбырсыз тына қалды. Осы сәттен бастап окклюзия (жүректі
уақытша тоқтату) басталды. Бұл
миға жаңақан толқынын жібермеу арқылы жүзеге астырылады. Суытқан кезде организмдегі процестер бәсеңцейді, ал ми
болса окклюзияға дейін жиналған
оттегімен тыныстай береді. Дегенмен уақыт мұндай сәтте қатаң бақылауға алынады, бұл туралы
әрбір 15 секунд сайын анестезиолог дауыстап хабарлап тұрады. Құлаққа ұрған танадай тып-тыныш бөлмеде оның даусы ерекше естіледі, мұның өзі басқаларды ширықтыра
түсетіндей.

- Он бес
секунд! Отыз секунд!.. Операция басталғалы қырық
бес секунд өтті! - дейді ол дауыстап. Бейне бір сағат механизміне қондырылған минаны залалсыздандырып жатқандай немесе
ракета ұшырылғаннан соңғы уақыт есептеліп жатқандай
күйге бөленесің.

Жалпы алғанда
операция бөлмесіндегі жағдай өте қарапайым, өзіміз кинофильмдерден көріп,
хирургтер туралы жазылған кітаптардан
оқығандай жан шошырлық атмосфера мұнда жоқ. Бұл күні мен екі бірдей операция бөлмесіне кіріп, төрт операцияны көзіммен көрдім.
Қайсы бөлмеге кірсем де өздерін еркін
ұстаған дәрігерлер мен медсестраларды көрдім, олар емін-еркін сөйлесіп, қауырт жұмыс
істеп жатады. Операцияға қатыспас бұрын
маған терапевт Скрибник былай деп ескерткен: "Сабырлы болыңыз, біздің операциялық
бөлмелерімізде сіз ойлағандай
жанығыс, жанталас жоқ. Біздікі де
басқалардікі секілді жұмыс қой". Шынында да солай екен. Әрине, операция кезінде әр түрлі күлдіргі әңгімелер айтылмайды, әңгіме де басқа
арнаға бұрылмайды.

Операция
жайына қайтып оралайық... Арнаулы инемен (шприц)
жүректің қуыс-қуысында қалған қан сорғызылды, қан ұйып қалмау
үшін оны гепаринмен араластырды. Сонан соң жаңағы тәсілмен оны қайтадан құяды,
бірде-бір тамшы ысырап
болмайды. Ісінген жүрек бірден босаңсып, босаған
қапшыққа ұқсап қалады. Осы
сәтте мен Мешалкин саусақтарының
соншалық шеберлігіне тағы да қайран қалдым. Ол асыққан жоқ, тіпті Ю. Федин
киноға түсіріп үлгерсін дегендей
бірнеше рет тоқтады да. Бірақ соның есесіне бала жүрегінің ақауын небәрі төрт минуттың ішінде тарылтып, тігіп болды. Әдетте бүл іске көп уақыт
кетеді екен.

 

* * *

 

Жалпы бұл институтта гипотермияның көмегімен операция жасау тәсілі
жақсы жолға қойылған. Кардиохирургияның болашағы туралы айта келіп, Мешалкиннің
өзі осы тәсілге үлкен сенім
білдіреді.

- Жүрек
ауруларының ішіндегі ең көп тараған осы ақау (порок), - дейді Евгений Николаевич. - Мұндай кеселмен кез келген елде тұратын халықтың үш
проценті ауырады. Олар
негізінен жастар, әлгілердің басым көпшілігі 20 мен 30-дың арасындағылар.
Өзіңіз есептеп керіңізші, үш проценттің аз еместігіне көзіңіз жетеді. Мысалы,
бір ғана Сібірдің өзінде үш процент алты жүз мыңға тең, ал Қазақстаңда төрт жүз
мың. Біздің институтта он жылдың ішінде ғана он мыңнан астам операция жасалды. Бұл бүкіл Сібір мен Қиыр Шығыстағы жалғыз институт. Демек, сырқатқа шалдыққан сібірліктерге көмектесу үшін
ғана біздің коллективке алпыс жыл уақыт керек. Немесе осыншама адамға он, он бес жылдың ішінде операция жасау
үшін дәл біздікі секілді тағы да
бес-алты кардиохирургиялық орталық ұйымдастыру қажет. Меніңше, мұндай клиниканы кез келген облыстық, қалалық ауруханалардан ашуға
болар еді. Кез келген ауруханада
сырқат адамдарға кардиохирургияық көмек көрсететін
мезгіл жетті. Бұүл тез арада
шешілуге тиіс мәселе. Бұл іске гипөтермия тәсілі кең жол ашады...

 

Шындығында да
жүрек ауруларына қарсы күресті күшейту үшін оған барлық майданнан шабуыл жасау
қажет. Яғни, бұл іске хирургтерді кең көлемде тартқан дұрыс болар еді. Ауруханаларда мамандандырылған
кардиохирургтер неғұрлым көп болса, жүздеген мың сырқаттарға кәрсетілер көмек
те соғұрлым жеделдер өрі жеңілдер еді. Меніңше, бұған ешкім де дау айтпайды.
Өйткені осы күні ақаулы жүрекке операция жасау кейбіреулер ойлайтындай аса
қауіпті емес, себебі - қазіргі кезде бұл іс өте жақсы меңгерілген. Дегенмен бұл
операциялардың көпшілігін жүректі аз уақытка болса да қан айналу жүйесінен
бөлектемей тұрып жасау мүмкін емес. Мұндай соттерде өзіміз білетін АИК-тің
көмегі қажет. Ол операция кезінде жүректің қызметін атқарады, яғни, қанды
тамырларға таратып тұрады. Немесе мұндай операцияны мұздың көмегімен, адам
денесінің температурасын төмендету аркылы жасауға болады. Мұндай кезде
организмдегі зат алмасу процесі тоқтап, клеткалар мен ткандар қан айналысының
үзілуіне қарамастан ондаған минуттар аралығында өмір сүре береді. Совет
хирургтері, әсіресе Мешалкин және оның шәкірттері операция үстінде сырқаттардың
жүрегін 5-10 минутқа тоқтатып қояды. Жүректі әр түрлі ақаулардан тазалауға бұл
уақыт толық жетеді. Олар АИК аппаратын өте қиын жағдайларда, операция тым ұзаққа
созылып кеткенде, операцияның тез арада аяқталатындығына сенбегенде ғана
қолданады.

АИК аппаратының кардиохирургтердің мүмкіндігін кеңітетіні,
сонымен бірге өте сенімді қолқанат екені айтпаса да түсінікті. Дегенмен оның
бір үлкен кемшілігі де бар. Өйткені, бұл аппаратты қазірше жаппай қолдануға
мүмкіндік жоқ. Себебі АИК-тің көмегімен жасалынған бір ғана операцияға орта
есеипен 5 литр
донорлық қан кетеді. Ал жүрегін тоқтатып қою арқылы операция жасау қажет
болатын сырқаттар сан мындап саналады. Ендеше мүншама мөлшерде Қан табудың өзі
қиын. Сондықтан да жүрек сырқатына шалдыққандарды жаппай операция арқылы
емдегенде ең тиімдісі - гипотермия тәсілі.

Ал Мешалкиннің қарсыластары адам денесін мұздату
арқылы операция жасау өте қауіпті деген тұжырым айтады. Олардын, ұғымынша,
жүрекке жаппай операция жасау аса

қиын. Демек, мұндай операциялар тек қана мамандандырылған
орталықтарда ғана жасалуға тиіс.

Рас, бұл жеңіл емес, өте қауіпті екені де
анық. Дегенмен, жүрекке қай жерде
операция жасалмасын, мейлі, мұның өзі қауіпті емес пе? Ендеше тәуекелсіз іс
бітпейді. Иә, бүл тәсіл де өте
күрделі. Оны меңгеру үшін кім-кім де білімді, тәжірибелі әрі өз ісінің шебері болуға тиіс. Бірақ бұл тәсілді игеруге болмайды деп ешкім де айта алмайды. ІПет елдік кардиохирургтерді айтпағанның өзінде,
еліміздегі басқа кардиохирургиялық орталықтарда бүл тәсіл жақсы игерілген. Бар істің оны батыл қолға алуға
ғана тіреліп тұрғаны ақиқат. Біздің хирургтердің оны тез арада игеріп
кететіндігіне күмән келтіруге болмайды. Тіпті, осыдан аз ғана уақыт бұрын баршамыз
жүректі емдеуге болмайды деп келген жоқпыз ба?! Сонымен бірге өкпе,
нейрохирургия, ортопедия және де басқа осылар секілді күрделі операцияларды
арнайы маманданған орталықтарда ғана жасауга болады деп есептегеніміз де құпия емес
қой. Өмірдің өзі осындай түсініктерді теріске шығарды. Совет медицинасы өзінің
ауқымдылығымен, профилактикалық және емдеу тәсілдерін кең көлемде тарата білетін
қасиетімен бағаланады. Себебі - мұның шын мәнінде жалпы мемлекеттік ауқымда аса
зор әлеуметтік мәні бар.

 

* * *

 

Кардиохирургтер
аса шапшаң адамдар. Тек олар ғана емес, медициналық
сестралар, санитаркалар мен лаборанттар да осындай.
Мұнда қандай іс болса да еш кідіріссіз,
өте шапшаң орындалып жатады. Бұл
мекемеде жұмыс істейтіндер тек қана
теріден тігілген сүйретпе киеді. Осы аяқ киімнің дыбысы құлаққа соншалық етене. Таң азаннан түннің бір уағына дейін әлгі дыбыс естіліп тұрады.
Қарбалас жүріс, әсіресе, ертеңгілікте
басым. Өйткені бұл кезде
операция жүріп жатады.

Кардиохирургтер
үшін уақыт деген ауадай қымбат. Ол хирургтердің
қыр желкесіне төніп тұрған алмас қылыш тәрізді.
Құрсақ қуысына, миға, ішкі секреция бездеріне және басқа мүшелерге асықпай, әлденеше рет үзіліс жасап, аздап демалып, сонан соң сырқат туралы
студенттерге әңгіме айтып тұрып-ақ операция жасай беруге болады. Ал жүрекке операция жасаушы хирургтің мұндай мүмкіндігі жоқ. Өйткені мұндайда бір сәттік кідірістің өзі істі насырға шаптыруы мүмкін.
Мәселен, ми қан айналу процесінсіз бес минут қана өмір сүре алады. Тіпті жүрек
қалтқысы арқылы зақымданған клапан тесігінің бітуінің кесірінен
жүректің тоқтап қалуы мүмкін. АИК-тің
көмегімен операция жасау кезінде де
уақыттың мәні жоғалмайды. Жасанды жолмен қан
айналуды реттеу арқылы жүректі 20 минут тоқтатып қоюға болады. Мұның бэлендей зардабы жоқ. Ал 30 минуттан асқан соң
қанның үйығыштық қасиетін қалпына келтіру өте
қиын. Ал, егер жүрек бір
сағат бойы немесе одан да кеп уақыт
тоқтап тұратын болса, онда өлім туады, демек мұндай жағдайда үміттену
бекер.

Міне,
кардиохирургтердің асығыстығының сыры осында. Алматыда да және осында келген соң да мен кардиохирургтердің шапшандығын, қашан
болсын асығыпаптығып жүретіндігін - тәртіптің және олардың өз ісіне берілгендігінің белгісі шығар деп
ойлайтынмын. Сөйтсем, кардиохирург
мамандығы сылбырлықты кетермейді екен. Кімде кім батылсыз, сылбыр да салақ болса бұл мекемеде қызмет істей
алмайды. Өйткені, мұнда өмір деген сағатпен емес секундтармен есептеледі.

Сонымен бірге әрбір кардиохирург өзінің ғана емес,
өзгенің қайғысына шын күйіне білетіндей, сырқат адамның туыстары мен
жақындарымен бірге қайғыра алатындай болуға тиіс. Және шын мәніндегі гуманист,
ерекше жүрек иесі болу оның бірінші міндеті. "Өйткені ол, - дейді Мешалкин,
- күн сайын тірі адамның өмірін сақтап қалу үшін тәуекел жасайды. Оның адам
өмірін сақтап қалуы да, ойламаған жердсн өлтіріп алуы да мүмкін".
Кардиохирургиялық клиникалардағы дәрігерлердің шетінен салмақтылығының өз
істеріне шынайы берілгендігінің адам өмірін сақтап қалу үшін күш-жігерін,
тіпті, өз қара басын да аямайтын, керек болса сырқаттың жанына түнеп қала
беретін жанксштілігінің сыры осында жатса керек. Сырқат адамның өміріне қауігі төнген
жағдайда кез-келген кезекші дәрігер уақыттың қай кез екендігіне қарамай
қажеттілікке орай кез-келген дәрежедегі маман-дәрігерді шақыртып ала алады. Мен
Мешалкиннің, оның ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, профессор Н. И.
Кремлевтің, институттың бас терапевті Ш. И. Шуртаяның, бөлімше меңгерушілері -
медицина ғылымының докторлары Е. П. Келин және Г. А. Моргуновтардың түн
жарымында шақыру бойынша клиникаға келгенін, адам өмірін сақтап қалу үшін
арпалыспен таң атырғанын талай рет көрдім. Олар мұндай күндері уақыт тапса ғана
аздап мызғып алып, қызметтеріне кірісіп кететін. Дәл осындай жайттардың болып тұратынын
Алматыда, В. С. Сергиевскийдің клиникасында емделіп жатқан кезімде де
байқағанмын.

Мешалкин басқаратын институт даңқының дацғайырлығы
сонша, мұнда еліміздің әр қиырынан адамдар қаптап келіп жатады. Өздері тұратын
қалаларда ірі-ірі кардиохирургиялық орталықтардың жұмыс істейтіндігіне және
жолдың қашықтығына қарамастан сонау Украинадан, Орта Азия мен Қазақстаннан,
Кавказдан, Ленинград пен Москвадан, тіпті, шет елдерден адамдардың ағылып
келетіндігі аса ірі хирургке деген сенімнің белгісі болса керек. Украиналық Зем
мен Пермяковқа, молдавиялық Карбовскийге, москвалық Игуменовқа, туысқан
Монғолиядан келген Болдан мен Цэвэлге менімен қатар операция жасалды. Ал
енді кезек күтіп жатқандар қаншама!...

Михаил Карбовскийге
киевтегілер операция жасаудан бас тартыпты.
Ондағылар бүл жігіттің қолқасы ақаулы деп тапқан көрінеді. Мұнда келген соң оған жан-жақты тексеру жүргізілген, ақыры бұрынғы диагонозының дұрыс
қойылмағанын анықтаған да операция жасаған. Оның сырқатының қолқа клапанының
стенозы екенін мұнда келмесе
бұрынғы дәрігерлері біле
алмай асқындырып алуы да мүмкін  екен. Операция өте сәтті өтті, үшінші
күні оны өз палатасына алып келді, қатты қуанған шығар, бәлкім, ол сол күні

орнынан тұрып, жүріп кетпекші
болды. Бірнеше адым аттағаны сол еді, басы айналып, құлап түсті. Кезекші
дәрігерлер,медициналық сестралар, лаборанттар жүгіріп-жүгіріп келді. Көп ұзамай бөлімше меңгерушісі,
институттың бас терапевті келді, оған операция жасаған профессор Кремлевті
үйінен шақыртып алды. Тек қана батыл да тура шешімнің арқасында Карбовскийдің
жіпке ілініп қалған өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды. Әлі жазылып бітпеген
тігісті қайта сөгуге тура келді...

Сол сияқты Монғол Халық Республикасы Мемлекеттік ән-би
ансамблінің артисі Чимиддорж Цэвэлге де екі рет операция жасалды. Оның
ауруы өте күрделі еді. Қолқа мен митральды
клапандары бүлінген. Операцияны Мешалкиннің өзі
жасады. Кешкісін сағат сегіздің кезінде науқастың қан қысымы күрт төмендеп, жағдайы қиындап кетті. Жүрек соғысы небәрі 40 қана; оның қағысы әрең-әрең естіледі. Оған тікелей қан қүйылды. Бірақ жігіт есін жинай алмайақ қойды.
Асығыс профессор келді. Екінші қайтара операция жасаудан басқа амал қалмаған
еді. Оны операция бөлмесіне алып
барып, тағы да қан қүйды. Сонан соң барып негізгі шаруаға кірісті.

- Сенің
организмінде енді әрі сұлу
әрі денсаулығы мықты екі бірдей орыс
қызының қаны бар. Демек бұдан кейін бір өзің
үшін ғана емес, үш адам үшін өмір сүруге міндеттісің.

Кейінірек біз
оған осылай деп қалжындайтынбыз.

Сол түні ешбір
дайындықсыз жедел түрде тағы бір сырқат адамға операция жасалды. Әлгі адамның
кенеттен өкпесі ісініп, жүрегі тоқтап
қалған. Мешалкин бастаған бір топ хирург
сарғайып таң атқанша тізе бүкпестен өлім деген аждаһамен шайқасты. Бірақ бүл
жолы өкпенің кесірінен әлгі жан мерт
болды. Иә, ол қолдан демалдырғыш аппараттың күшімен
бір түн, бір күн жатты. Дәрігерлер мұндай жағдайда жасалар көмектің бәрін де көрсетті, дегенмен оның өмірін сақтап қалуға олардың күші жетпеді.

Өте сирек
болса да өмір шіркіннің осындай қатал шындығы болып тұрады. Мен Мешалкиннің
ауыр сырқаттың бетін қайтаруға шамасы
келмей өзінің әлсіздігін
мойындағандай күйзелгенін де көрдім. Бұл 25 февраль күні болған жайт
еді. Дәл осы күні Евгений Николаевич елуге толған. Бұл күні оның операция жасаудан бас тартуға толық қақысы бар
болатын. Бірақ Мешалкин ондай адам емес. Ол жеке басының қамынан халықтың, көмекке
зәру жеке адамдардың мүддесін
жоғары қоя білетін жан. Ол екі көздері төрт
болып көмек күтіп жатқан үмітті жандарды ешқашан ұмыта алмайды. Сондықтан оларға көрсетер көмегін де кейінгі күндер үлесіне қалдырған емес.
"Өте қатерлі сырқат - жүрек
ауруын емдеп жазуға мүмкіндігі бар нағыз дәрігердің Қара басының қамын ойлап, өзгенің өміріне қиянат жасауға Қақысы жоқ деп жазады ол және өзі де осы
принципті әрқашан берік ұстайды.
Дәл сол күні, елу жылдығын атап өтудің
орнына ол төрт жасар балаға операция жасады. Алдында баланың жүректің қан қуысы шымылдығында ақау бар деп шамалаған. Мықтап қателескенін
жүректі ашқанда барып бір-ақ білді.
Әдетте екеу болатын жүректің қан қуысы біреу
болып шықты. Ал шымылдық деген атымен жоқ. Күре тамырымен жүретін қан артериямен ағатын қанмен араласып кеткен. Мешалкиннің
қолынан келмейтін іс бұл. Ол кесілген жерді қайта тігіп, өзінің
әлсіздігін, баланың анасының алдында ашықтан-ашық мойындады.

- Бір ғана мүмкіндік қалды. Балаға жаңа
жүрек салу керек. Күту керек - деді
ол.

Өмірде осындай
жәйттер де болып тұрады. Мешалкин алдағы
операцияның өте күрделі екендігін әрине білді.

Институттан
кетердің алдында Евгений Николаевичтен мен
жүрек ауыстыруға және адамның басқа да ішкі органдарын жаңалауға қалай
қарайтыңдығын, сонымен бірге жалпы кардиохирургияның
болашағы туралы сұрадым.

- Мен, - деді Мешалкин, - прөтездің орнында
қисық та болса өз аяғының болғаны дұрыс
деп есептеймін. Мен ішкі органдар мен
жүректі ауыстыруға байланысты да осы сөзді айтар
едім. Әрине, ақауланған органдарды жасанды протездермен ауыстыру ұлы жетістік екендігі рас. Қазіргі кезде кездесетін кедергілерді, мысалы,
тканьдардың сәйкеспеушілік проблемасын
белгілі бір дәрежеде шешкенмен органдарды ауыстырып,
орнына басқа жаңасын салу немесе оларды протезбен алмастыру секілді істерге тек
қана басқа мүмкіндік сарқылған кезде
барған жөн. Шет елдерде, тіпті біздің елімізде де жүректі алмастыруға байланысты даңғаза шу шығып жүр - бұл дұрыс емес.
Жүрек ауыстыру ісінің толып жатқан проблемалары
бар. Сондықтан біз, кардиохирургтер, дәл қазіргі
уақытта жүрек ауруларын хирургиялық жолмен емдеу жұмысын кең көлемде жүргізуді қамтамасыз етуге тиіспіз. Дүние жүзіңде жүрек сырқатына
шалдыққан адамдар өте көп, сондықтан да олардың барлығының жүрегін ауыстырып,
жаңасын салу немесе протезбен ауыстыруға ешқандай мүмкіндікжоқ. Өйткені
осыншалық мөлшерде ақаусыз жүрек табу мүмкін емес. Сонымен бірге біздің ішкі
органдарымыз жасанды ортаға бейімделмеген. Мұндай жағдайда жүрек ақауын емдеуге
боларлық бір ғана жол қалатыны түсінікті. Демек жүрек ауруларын жаппай
хирургиялық жолмен емдеуге көшкен жөн. Осылай ету арқылы ғана жүрек сырқаттарын
жаппай емдеудің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жасауға, ауруларға дер кезінде
кардиохируршялық көмек көрсетуге және аталмыш сырқаттың өрісін тарылтуға
болады.

Мұндай жүйенің ең бір тиімді әрі жанды көрінісі - кардиохирургиялық
институттар. Осы уақытта новосибирскілік ғалымдар өздері ашқан жаңалықтарын Сібір
мен Қиыр Шығыс ауруханаларының тәжірибесіне батыл ендіруде. Осы өңірдегі өр
түрлі қалаларда тұратындар жүйелі түрде профилактикалық байқаудан өткізіліп тұрады.
Осы институтта 600 ден астам дәрігерлер арнайы даярлықтан өтті. Жергілікті
хирургтер мен студенттер әр түрлі операцияларға қатысады. Соңғы бес жылдың
ішінде ғана Новосибирск институтыньтң көмегінің арқасында Барнаул, Вологда,
Вильнюс, Рига, Пятигорск, Омбы, Красноярск және Томск калаларында
кардиологиялық орталықтар ұйымдастырылды. Институттың белді-белді қызметкерлері
лекция оқып, тәжірибелік операциялар жасап және басқа да аса қажетті комектер
көрсету үшін жиі-жиі осы қалаларға барып тұрады. Бұл секілді қарым-қатынастар
жақсы нәтиже беріп жүр. Жергілікті жерлерде өте күрделі операциялар жасай
алатын жақсы маманданған кардиохирургтер қатары көбейіп келеді.

Менің жүрегімді ұлы хирург қолына алып көрді. Жо-жоқ,
мен асырып айтып тұрған жоқпын. Ол кісіні басқаша атай алмаймын. Мен өзім
осындай ғажайып хирургтың қолына түскенімді үлкен бақыт санаймын. Оның алтын
пышағының қүдіретті күшімен сауығып кеткен мыңдаған адамдар секілді мен де
Мешалкиннің асқан дарынына бас иемін.

Мешалкин СССР-де бірінші болып, 1950 жылдан бастап
іштен ақаулы жүрекпен туған балаларға операция жасап келеді. Ол үш жүзден астам
ғылыми еңбектің авторы. Әлемде бірінші болып ол жүрекке операция жасаудың
жиырма түрін және тәсілін тәжірибе жүзінде анықтады. Оның ең үздік шәкірттері -
A. М. Марцинкявичус, И. А. Медведев, A. А. Минаелян, В. С. Сергиевский, И. И.
Тожинский, Э. Т. Эзеритис, В. И. Фуфин, В. И. Францевтер осы уақытта Вильнюс, Ереван,
Алматы, Пятигорск, Рига, Москва және де басқа Қалаларда жүрек-қан тамырлары
бөлімшелеріне басшылық жасайды. Олар кардиохирургия ғылымының дамуына
айтарлықтай үлес қосып жүр.

Оның ішімдікке әуестігі жоқ, темекі де тартпайды. Денсаулығы
жақсы. Елуге келгеніне қарамастан сырт көзге жас көрінеді. Ол сергек те
сезімтал, күш-қуаты мол, нағыз дер шағында.
Демек оның алтын пышағы талай сырқат адамдардың өмірін сақтап қалары ақиқат.
Оның ғылым үшін, гуманизмнің асыл мұраттары үшін еңбек ете берері
анық.

Терапевтерден
хирургтердің бір артықшылығы - олардың емінің тездігі мен нәтижелігінде болса
керек. Қазір мен өзімді операциядан бұрынғыдан
әлдеқайда жақсы сезінемін. Денсаулығым
да күннен күнге жақсарып келе жатқан секілді. Операцияның нағыз нәтижесі бір жылдан кейін белгілі болмақ.
Мешалкин осылай деген. Қазірше шыдау керек. Ендігінің
бәрі де өзіме байланысты. Менің ендігі емшім - уақыт. Жүрек сырқатынан біржола арылып кетпесімді білемін. Профессордың өзі де бұлай деген жоқ. Ревматизмнің кесірінен жоғалтқанымның тең жартысы
қалпына келсе де үлкен жетістік. Ең
бастысы - қазір мен дені сау адамдар секілді
емін-еркін тыныстай аламын. Бұрынғыдай жөтелге тұншығып, таң
атқанша мазасызданбаймын, шалқамнан жатып үйықтай беремін. Ернім бұрын кезеріп тұрушы
еді, қазір жүзіме қан жүгіріп, оңалып
қадцым. Сағат санап, күн санап күшім
де толысып келеді. Мен осынау ғажайып жұпар ауаны құмарым қанбай жұтамын. Өмір қандай ғажап еді! Мен саған ғашықпын, ғажайып өмір!..