ВЕРНУТЬСЯ

       Шығыс Қазақстандағы Ульба өзені басын мәңгілік мұз
бүркеген асқар-асқар таулардан бастау алады. Осы өзен қақ жарып ағатын ұлан даладағы сәнді қала алыстан кез
тартады. Бұл бір кездерде
Ридцер деп аталған Лениногорск қаласы.

Бұрынғы уақытта қазақтар бұл аймақты "Алтын
сандық" атаған көрінеді. Бірақ мұндағы қазба байлықтар алтыннан да қымбат
болып шыққанын уақыт көрсетті. Космос корабльдерін жасайтын, электроника, радиотехника,
автоматика өндірісіне аса қажетті сирек кездесетін металдар осы өлкеден
өндіріледі. Иә, осынау аймақтың жарқырап көзге оқшау түспейтін рудасының құрамында
алтын мен күміс, қорғасын мен мырыш, теллур, талий және селен бар...

Риддер рудниктерінің бір жарым ғасыр бойы Россияны
қорғасын рудасымен қамтамасыз етіп келгенін кім білмейді. XX ғасырдың бас
кезінде патша үкіметі қазыналы аймақты шетелдік концессионерлерге беру жөнінде
шешім қабылдады. "Орыстық-Азиялық" қоғам құрылып, оның директорларының
қатарында Уркарт (председателі), Рейнтельдс, Вобстер секілді ағылшын банкирлері
мен өндіріс алпауыттары, Джордж Пирпонт Морган және Гсрберт Гувер (кейін АҚШ президенті
болған) сынды америкалық миллионерлер болған. Шетелдіктер шаш етектен байлыққа
батып, олар шығынға жүмсаған бір сомның есесіне 250 сом таза пайда тауып
отырды. Рудниктерде істейтін орыс және қазақ жұмысшыларының тұрмыс жағдайы өте
ауыр еді. Бірақ, олардың жайын
елеп ескерген ешкім болған жоқ.

Ұлы Октябрь
революциясының жеңісінен кейін Риддер жұмысшылары
кеніштер мен өндіріс орындарын национализациялауды табанды түрде талап етті. Жұмысшылардың

тілегі орындалды, РСФСР Халық
Комиссарлар Советі 1918 жылы II майда
В. И. Лениннің қолы қойылғап декрет шығарып, Риддер қоғамының барлық өнеркәсібін национализациялады.
Азамат соғысының кесірінен өнеркәсіпті қалпына келтіру жұмысы уақытша тоқтап қалды.
Ашынған жау кеніштерді өртеп, өнеркәсіп
орындарын қиратып, машиналардың аса қажетті тетіктері мен бүкіл документті алып
кетті. Жиырмасыншы жылдары әлгі Лесли Уркарт осы ауданнан концессия
алуға Совет үкіметінен рұқсат сұрай бастады.

Бұл проблемаларға Владимир Ильич
Лениннің зор мән бергені баршамызға
белгілі. 1921 жылы апрель айында
Москвада Москворецкий жағалауына орналасқан бұрынғы тәр-

бие үйінде сөйлеген сөзінде Ленин
концессияны шегініс, халықаралық
капиталға тәуелділіктің белгісі деп санайтындарға қарсы өте дәлелді тұжырым айтты. Революция көсемі, концессиялық келісім шарттың белғісі бір
дәрежеде экономикалық роль атқарумен ғана шектелмей, буржуазиялық топтармен жөнді байланыс жасау арқылы
интервенцияның жаңа қатерін
болдырмауға мүмкіндік беретінін дәлелдеді.

Еліміз бойынша
бірнеше өнеркәсіп орындарын концессияға беру жоспарланды. Осыған байланысты
Владимир Ильич концессияға берілуге
тиіс аудандарды жүйелі түрде

зерттейді. Ол осы аймақтарға
арнаулы комиссиялар жіберіп, олардың
жан-жақты жұмыс істеуін, өзін аталмыш өлкелерде туындап жатқан жаңа жағдайлардан хабардар етіп тұруын талап етті. Уақыттарының соншалық
тарлығына қарамастан Владимир Ильич
концессияға байланысты документтер мен баяңдамаларды
оқып шығып, нақтьшы нұсқаулар беріп отырды. 1921 жылдың сентябрінде Риддер
кенішінің меңгерушісі Е. Ф.
Домненконы екі рет қабылдап, жан-жақты сөйлеседі.

Сол жылы
сентябрь айының аяғында ол Риддер кенішіндегі
жұмысты тоқтатуды талап ететінін білдірген телеграмма жөнелтеді. Көп кешікпей
Лениннің жолдамасымен бұл
өлкеге тәжірибелі кенші, 1905 жылдан партия мүшесі Рудольф Ансович Дрейман келеді. Ол қорғасын кеніштерінің меңгерушісі болып тағайындалады.

Риддер мен
Екібастұзды зерттеу үшін құрылған
халық Комиссарлар Советінің
(Лениннің ұсынысымен тағайындалған) кен инженері И. К. Михайлов басқарған
арнаулы комиссиясы 1922 жылдың екінші жартысында партияның Орталық Комитетіне
Риддер кенішіне байланысты баяндама дайындайды.
Бүл баяндамада аталмыш кеніштің қирауына

шетел капиталистерінің кінәлі
екендігі дәлелденіп, Риддер кеніштерін
концессияға беруге комиссияның қарсы екеңдігі жазылған-ды. Уркартпен адцын ала, 1922 жыддың сентябріңде жасалынған келісім-шарт осы баяндамадан
кейін РКП (б) Орталық Комитеті Саяси
Бюросының отырыстарында үш рет
талқыланады.

Істің мәнін жан-жақты
толық зерттеген соң Владимир Ильич
Ленин бүл концессияның тиімсіздігін түсінеді. Сөйтіп Орталық Комитет Саяси Бюросының мүшелеріне жазған хатында бұл концессияны бұзу
керектігін айтады.

Көп кешікпей
Риддер алтын ондіре бастайды, жиырмасыншы жылдардың бас кезінде-ақ ол жас Қазақ
республикасындағы көп пайда берген өнеркәсіп ошағына айналады. Бұрынырақта, кеніш шетел
капиталистерінің иелігінде болғанда жан-жаққа тарап кеткен жүмьтсшылар қайтадан
көшіп келе бастайды. Бұлардың ішінде Сатыпалды Бөлегенов те бар еді. Фсодализмнен
социализм орнату дәуіріне бірден секіріп жеткен қазақ жұмысшыларының бүкіл бір
ұрпағының тағдырын білу үшін Секеңнің өмір жолына көз жіберсек жетіп жатыр.

Алғашқы кезде Сатыпалды әр түрлі жұмыстар істеді. Сонан
соң арнаулы курс бітіріп, балқыту пешіне ауысты. Ол 1929 жылы Риддерде ашылған
бірінші қорғасын заводын тұрғызушылардың бірі. Отызыншы жылдары Сатыпалды
Бөлегенов Қазақстан Орталық Атқару комитетінің мүшесі болып сайланды.

- Үстінен түтін сейілмейтін, қораш көрінетін
Риддер менің көз алдымда өсті, өркендеді, өзгерді. Ол көп қабатты үйлерден тұратын
сәнді қала Лениногорскіге айналды, - дейді Бөлегенов. - Менің өмірімдегі ең бір
мәнді, жүрек толқытар оқиғалар Лснин есімімен байланысты. 1920 жылы "ұзын құлақтан" Қазақ республикасының құрылғанын естідік. Декретке Лениннің өзі қол қойған.
Төрт жыл өткен соң көзімнің жасын
сүртіп отырып, жұмысшылардың Ленин ісіне адал болатындығын білдіріп,
партиямыздың Орталық Комитетіне жазған хатына қол қойдым. 1934 жылы біздің Риддерге Сергей Миронович Киров
келді. Ол біздің Қорғасын цехымызға
кіріп, жұмысшылардың қалай еңбек ететіндігін
бақылап, ұзақ тұрды. Сонан соң ол: "Егер Ильич сіздердің мына
еңбектеріңізді көрсе міндетті түрде разы болар
еді", - деді.

Соңғы жылдары,
пенсияға кетердің алдында, Сатыпалды сирек
кездесетін металдар цехында аға шебер болып еңбек етті. Қазір қорғасын заводында ұлы Шәміл жұмыс істейді, ал қызы Алтын ғылыми қызметкер.

Сатыпалды
Бөлегеновпен бірге еңбек еткен Біләл Ысқақов ерен еңбегі үшін Ридцер комбинаты
бойынша алғашқылардың бірі болып Ленин орденімен наградталған. КПСС Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі,
Қазақстаң Компартиясы Орталық
Комитетінің бірінші секретары Д. А.
Қонаев жолдас бір кездерде Риддер кенішінің бастығы болып қызмет атқарған.

Алғашқы
бесжылдықтар тұсында-ақ Риддер полиметалл комбинаты
Совет Одағындағы ең ірі түсті металлургия орталығына айналды. 1941 жылы февраль
айында Риддердің аты Лениногорск
болып өзгерді. Көп кешікпей Ұлы Отан соғысы басталды да, комбинат майдан үшін
өнім шығара бастады. Жергілікті
қорғасын заводы жарты жылдын, ішінде Отанға өткен бес жылдағыдан артық өнім
береді. Отан соғысы жылдары жауға атылған әрбір он оқтың тоғызының Қазақстан қорғасынынан
құйылғанын ескерсек Лениногорск жұмысшыларының ұлы жеңісте қаншалықты үлесі бар
екенін білеміз.

 

Осы арадан майданға аттанғандардың барлығы бірдей
аман-есен қайтып оралған жоқ... Завод ауласында Отан соғысында ерлікпен қаза
тапқан Төлеген Тоқтаровтың ескерткіші тұр. Ол бір кезде осы комбинатта еңбек
еткен-ді. Асқан ерлігі үшін оған өлген соң Совет Одағының Батыры атағы берілді.

Өлгендер ісін тірі қалғандар жалғастыруда. Төлеген
Тоқтаровтың жақын досы Бике Айдарханов та омырауына Алтын Жұлдыз қадады. Ол
мұны еңбектегі ерлігі үшін алды.

Биік жартасқа
гсологтар салған Лениннің бейнесін бізге бірінші
болып көрсеткен де осы Бике
Айдарханов.

- Апрель
айында ұмытылмас бір күн бар, - дейді Бике.

- Сол күні
жастар тауға шығып, анау жартастың тұсына лаулатып
от жағады. Сол кезде Лениннің бейнесі жарқырап кетеді. Бүл түні бүкіл қала халқы сыртқа шығады... Өз ісімен және кемеңгер ақыл-ойымен осынау
қиыр шетте жатқан елкеге,
қазақ халқына бостандық, бақытты өмір сыйлаған Ленин бабамыздың есімі біздің
жүрегімізде әрқашан от болып жанып тұрады.

Еңбек Қызыл Ту
орденді Лениногор комбинатына төрт бірдей
жер асты кеніші, өте үлкен екі ашық карьер, қорғасын және цинк заводтары, ең
жаңа жабдықтармен жұмыс істейтін
байыту фабрикасы қарайды. Комбинат жаңа экономикалық жүйе бойынша жұмыс істеп,
жыл сайын 170 миллионнан астам сомның
өнімін өндірді.

Өткен жылдың
октябрь айынан бері мырыш заводы өте жоғары
сапалы өнім шығара бастады.
Сөйтіп оның өнімі - "ЛПК" маркалы металы әлемдік
рынокқа сенімді жолдама алды.
Лениногорск мырышының алғашқы эшелоны Венгр Халық
Республикасының ірі-ірі өнеркәсіп орындарына жөнелтілді. Жақын
күндері жаңа балқымалар Герман Демократиялық Республикасына жол тартпақшы.
Сонымен бірге Лениногор металы оз
елімізде де кең қолданылады. Волгадағы
Тольятти автомобиль заводына "ЦВ" аталатын жоғары сапалы мырыштың
алғашқы легі жіберілді.

Лениногор комбинатының табысы өз еліміздің ғана
емес, шетелдік мамандардың да назарын аударып отыр. Сонау бір қиын кездерде
Лссли Уркарт "Елу, тіпті жүз жылсыз сіздер бұл аймақты бәрібір игере
алмайсыздар" деп жазған еді. Қазір мұнда дамудың шегінс жеткен Франция, Канада
секілді капиталистік елдерден арнаулы мамандар келіп тұрады. Әрине олар жай
келмейді, кешсгі кошпенділердің ұрпақтарының тәжірибесін, озық әдістерін үйрсну
үшін келіп жатады.

Лениногорлықтар
техникалық прогреспен аяқты тең алып келеді. Жер асты қоймаларындағы
блоктарды мәжбүрліктен қопару жүйесі
дүние жүзінде бірінші рет осы өнеркәсіп орнында
дайындалып, іс жүзінде қолданылды. Осының нәтижссінде
еңбек өнімділігі бірден үш есе өсті. Жаңашылдардың еңбегі дұрыс бағаланып, бір топ жұмысшылар мен инженерлерге Лениндік сыйлық берілді.

- Лауреаттық
белгіні мен тек қана салтанатты күндерде тағамын,
- дейді кенші Павел Халин. - Тек өткенде ғана мен оны қарапайым өп күндсрдің бірінде омырауыма қадап шықтым. Өйткені дәл сол күні үш ұлымның
үлкені бірінші рет жер астындағы забойға түсті.
"Еліміздің адамдардың еңбегін
қалай жоғары бағалайтынын көрдің бе? - дедім мен оған. - Жұмысшылар әулстінің атына сөз келтірмейтіндей бол". Оның қатарында жастар көп
болатын. Біздің орнымызды сауатты, еңбекқор жастардың басатындығын ойлап, өз басым қатты қуандым. Иә, олардың біздің
қаламыздың еңбек даңқын асқақтата
беретіндігі шүбәсіз.

Лениногорскіде
жүз мындай халық тұрады. Мұнда
соңғы жылдары ғана мәдениет сарайлары, мектептер,
балалар бақшалары, сәнді
дүкендср салынды. Қала сыртындағы қалың орманның
ішінде кеншілердің демалыс
үйі, профилакторийі жұмыс
істейді. Кеншілер 10 мың адамдық "Сокол" стадиоытнда спортпен шұғылданады.

Қаланың
орталық алаңында Октябрь революциясының көсемі,
осынау өлкенің болашағы үшін көп еңбек сіңірген ұлы адамның ескерткіші тұр. Жергілікті музей бұл
арадан онша қашық емес. Ол жерден
Ленин документтерінің көшірмелерін -
телеграммалар мен әр түрлі хаттардың, бұрынғы Риддер өнеркәсібін дамыту жөнінде жасалған қаулылар жобаларының кошірмелерін көруге болады.

Владимир Ильич
Ленин өте маңызды мемлекеттік мәселелермен
айналыса жүріп осынау өте ірі өндірістік комплекстің болашағы туралы ойлауға да уақыт таба білді. Оның есіміне Ульба бойындағы еңбеккер қала ешқашан дақ
түсірмейді.

Біз Алтай
алыбының өткені мен бүгініне қысқаша ғана шолу
жасадық. Оны ғаламат зор болашақ күтіп тұрғаны шүбәсіз шындық. Алтай алыбына ұлы көсеміміздің зор мән бергені де тегін емес.