ВЕРНУТЬСЯ

      Қазақстан -
қой шаруашылығы жөнінен де
өзгелерден оқшау тұрған республика. Көз жеткісіз кең
жазира мен асқаралы тау қойнауының шөбі шүйгін берекелі өрістерін қысыжазы аптаған ыстық пен қақаған
суықта мың сан отар мыңғырған қой жайлап жатады. Сол отарлардың азап-тозағына аға шопанмен қатар төзіп, ауыртпалығын бірдей көтерісіп жүрген бір жан бар. Ол - қойшының қосағы,
қасындағы өмірлік жансерік жолдасы.
Әйел затына әлсіздік тән деседі. Бірақ, дәл осы қойшының қосағы арқалаған ауыр жүкті қалалы жердің
анау-мынау еркектері көтеріп кете алмасы хақ... Бүгінгі әңгімеміз
осы жайлы.

Бірігіп тындырған
шаруаның қызығын да бірігіп көрген жөн
ғой. Айталық, мұз айдында мәнермен сырғанаушы жұптардың
арасында чемпион медалін қызға бермей, қасындағы серігіне берсе, не дер едіңіз?
Гүлді де соған тапсырса, қошеметті де
соған корсетсе?.. Жә, жә, қойдым. Спортта олай
болмайтыны рас. Ал ауыл шаруашылығында, атап айтқанда қой шаруашылығында
талайдан бері тап осылай болып келе
жатқаны және даусыз.

Рас, қойшы әулеті - конькиші емес, қой шаруашылығын да спортқа теңеуге болмайды. Бұл арада әңгіме, жоғарыда айтқанымыздай,
ортақ мақсатқа бірлесіп жұмсаған

еңбекті бағалау жайына сайып тұр.

Мәселе мынада. Жасыратыны жоқ,
республикамыздың барша шаруашылықтарында
қойшы еңбегін бағалауға келгенде бар жақсылық бір ғана аға шопанның (ал аға
шопандар түгел дерлік еркек кіндіктілер) басына үйіп төгіледі. Рас, аға шопан еңбек ақыны өзінің
өзге көмекшілерінен небәрі 15-ақ процент артық алады. Ал кезек шіркін мадақтауға
тиген кезде топ ортасына тағы да сол танымал аға шопан шыға келеді. (Әлбетте,
бұл - оның өз инициативасы емес, шопандар ондай даңғойлықтан ада ғой).
"Аға шопан, аға шопан..." Жиын-жиналыста да аты аталатын - сол, газет-журнал
бетінен түспейтін де - сол, теледидар мен киноның экранында көлендейтін де -
сол. Ал қасындағы қосағы, ең сенімді серігі, дұрысырақ айтқанда, қойды онсыз
баға алмайтын ең басты сүйеніші - үйіндегі әйелі - жайына қалады.

Әлі есімде, университетте бірге оқыған досым
Қалихан Ысқақов (қазір ол жазушы әрі кинодраматург) екеуміз жазғы демалыс
кезінде Орталық Тянь-ПІаньның тау жоталарын кезіп, жайлау-жайлауды араладық. Нарынқол
ауданындағы "Октябрь" колхозының атақты шопаны Сартымбет Алмабаев
ақсақалдың үйінде де біраз күн аунап-қунап қонақ болдық. Сартекең - өте бір
жайдары, кең пейілді, қуақы кісі еді. Бір күні екі үйлі қойлы ауылға ымырт
қараңғылығы әбден үйірілген кезде оралсақ, өз шаруасын үн-түнсіз тындырып
жүретін Асылхан апамыз жоқ.

- Е, әлгінде ана беттегі ақсақ қойларды қайырып
келем деп кетіп еді, әлі жоқ қой, - дей салды Сартекеқ біздің сауалымызға. - Е,
құдай алар деймісіндер оны? Келеді де! Үйге кіріндер...

Бірақ Асылхан апа келмеді. Таулы жердің түні
қандай. Оның үстіне сіркіреп жаңбыр жауып түр. Көзге түртсе көргісіз тас
қараңғыда далаға әлденеше рет шығып, ақырында су шөптен тайғанақтап жүріп, қия
беткеймен қырқаға әрең көтерілдік; айқайлап, ысқырып, электр қол шамымызды бұлғап,
мылтық атып, қойшы, әйтеуір, істемегеніміз қалмады. Бірақ, тырс еткен
жауап жоқ. Әрі-беріден соң көңілімізге
сан қилы қорқынышты ойлар кеп, не істерімізді білмей, сасайық дедік. Мынадай тас қараңғы түнде, жақпар тасты,
жыныс тоғайлы тау ішінде қауіп-қатер аз ба!.. Заты нәзік әйел баласы тұрмақ сойталдай екі жігіт біздің түріміз
мынау...

Біз өстіп тағат таппай, асып-сасып, әбігерленіп
жүрсек, үй иесі көриямыз былқ ететін емес. Тіпті, ойына да кіріпшықпайтын
тәрізді. Әлбетте, оның мұнысы тасжүрек, қатыгез болғаннан емес-ті. Әншейін
еті үйреніп кеткендіктен. Бұндай оқиғалар шопан өмірінде күн сайын дерлік
болып жататын, үйреншікті жайт қой.
Қандай қиыншылық, қандай ауыртпалық болса да қойшы әйелі соның бәрін күйеуімен қатар көтереді.

Малды ауылда
еркегінен бұрын әйелі тұрады ұйқыдан. Таң қылаң бере сиырын сауып, от жағып, ас-суын әзірлейді, қозы-лаққа
қарайды. Әйел адамның үй шаруасы таусылған ба! Түгесілмес қыруар шаруа
кошіп-қонып жүргенде ауылда толып тұратын, бірақ түзде жоқ ине-жіп,
түйме-түйреуіш, қант-шәй сияқты қат заттардың жетімсіздігінен еселей көбейе түсетіні
және бар. Кір жуатын да, ас пісіретін де, үй жинайтын да - бір өзі. Түн баласы
да тыныштық жоқ - бір уақ қой күзетеді, ал мал тәлдеген кезде кірпік ілу мүлде
қиын. Қырықтыққа да қатынасады... Қойшы әйелі атқармайтын қандай іс бар екен,
тегі, сол төңіректе?!.

Қойшылық жер бетіндегі ең көне кәсіптің бірі болса
керек. Оның да өз ерекшелігі, әлі де шешімін таппаған түйінді мәселелері,
қайшылықтары жоқ емес, әрине. Алайда, шынтуайттап келсек, қолында
радиоқабылдағышы, газеті мен журналы жүрсе де, әсіресе қыс кезі қырауда, жапан
далада жападан-жалғыз қой соңында ілбу қандай жанды болса да жалықтырып, түрлі
ойға салатыны ақиқат қой. Күні кеше ғана ақ ниетпен атой caп, класс-класымен
шопан бригадаларына барған жастардың көп тұрақтамай механизаторлыққа, оқуға,
қалалы жерге қашу себебі осында емес пе екен?

Қазақта қой бағу - ежелден-ақ еркектің ісі.
Бірен-саран өжет әйелдердің аға шопан болып жүргеніне карамастан бұл іспен
қазір де негізінен еркектер шұғылданады. Бірақ, олар да қойды жеке өздері баға
алмайды. Ғасырлар бойына қалыптасқан дәстүр бойынша бұл шаруа сонау ықылым
заманнан бермен қарай бірлесіп істейтін коллективтік, дәлірек айтсақ - бір
түтіннің семьялық ісі сипатына ие болған. Жаз - жайлауға, күз - қыстауға күн түн
қатып мал айдағанда, колхоз-совхоз орталығынан неше күншілік шалғайдағы уақытша
қонысына көшкенде еркек қойшылар жапан түзде қатын-баласыз жаңғыз-жаңғыздан жүре
алмайды. Әке соңынан бір үйлі жан түгел шұбап, көшіп-қонып жүргені. Қойшының
қосағы сол семьяның ауыртпалығын өз мойнымен көтерумен қатар, өзі іс жүзінде аға
шопанның көмекшісі деп саналар саналмасына қарамастан, оның ең бірінші көмекшісі
қызметін де қоса атқарады. Ойлап қараңызшы: егіншілердің дала қосында
аспаз

адам арнайы штатта бар, тиісті
еңбек ақысын алып жұмыс істейді, ал
шопанның асын пісіріп, кір-қоңын
жуатын адам штатта жоқ; ол еңбек
ақыны тек көмекшілігі үшін, яғни, қойды
бағысып, күзетіскені үшін алады. Осы дө әділет пе? Жә, бұ жағын қоя тұралық.

Сонда енді
қойшы қосағының хал-ахуалын жеңілдетіп, жақсарту
үшін не істеген жөн?

Біздің
ойымызша, бұл мәселені
жан-жақты шешкен дұрыс. Ең алдымен экономикалық ұйымдастыру
шаралары қажет. Бәлкім, мемлекеттік - заң жолдарын қарастырған да артық болмас.
Бірінші кезекте жалпы қойшы еңбегінің
қиыншылықтарын жойып, әлі де қол күшімен атқарылатын
көп жұмысты механикаландыру керек содан кейін
әйел шаруасын да қолға алып, үй жұмысын жеңілдеткен
жөн. Киіз үй мәселесі шешілді деуге әлі де аузымыз
бармайды, ауыз су тапшылығы әйелдерді
қар ерітуге мәжбүр етеді. Мақтаулы
газ плигалары көшпенді жұртқа жетер-жетпестен-ақ бір
кездегі батареясыз радиоқабылдағыштар құсап баллон таппай қақси бастайды. Химиктер мен өнеркәсіп
қызметкерлері әлдеқашан ойлап тапқан
сынбайтын ыдыс пен киіз үйді жиһаздайтын арнайы мебель әлі жоқ. Малшылар
арасындағы сауда ісіндегі, оларға
медициналық, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетудегі
кемшіліктер өз алдына бір төбе.

Шопандар бай тұрады
деген пікір кең таралған. Рас, олардың материалдық табысы жақсы-ақ. Бірақ, көп
табыс әрқашан көрікті өмірдің кепіліне жүре бере ме? Иә, олар тоқ. Киімдері бүтін. He сатып аламыз десе ақшалары жетеді. Бірақ, өмір қызығы мол табыспен
ғана шектелмейді ғой. Рухани азық, моральдық ризық деген және бар. Шопан семьясына,
өсіресе қойшы қосағына осы жағы, қауым қамқорлығы, көңіл сезімталдығы,
моральдық даму сияқты рухани мадақ шаралары жетіспейді. Ал бұл
"дүниелердің" ақшаға сатылмайтыны айтусыз-ақ айқын.

Қойшы қосағы - аға шопанның еңбек процесіндегі тең
праволы серігі. Сондықтан қойшылар қауымына тиеселі барлық награда, құрметті
атақ, сый-қошемет түгелдей дерлік екеуіне тең берілген жөн. Және де оларды
әйелдерге міндетті түрде жиын топтың алдында, салтанаттьт жағдайда тапсыру міндет.
Әйтпесе кейде бізде Талдықорған облысының Киров ауданындағы малшылар тойында
болған бір ыңғайсыздық тәрізді жайттар кездесе береді. Сол тойда Мүсабек атындағы
совхоздың басшылары бір қойшының әйеліне сыйлық беру жайлы бұрын шешім қабылдап
алып, салтанатқа әлгі кісінің күйеуін ғана шақырып, қыран күлкіге батырған
жиылған жұртты...

 

Көңіл деген - құдіретті күш. Жақсы лебізімен сол
көңілді аулай білген адам, көңіл иесін көсегелі іске көздей білген адамды айт.
Бала екеш бала да жылы сөзге зөру, өзіне көңіл белгенді ұнатып, мақтасаң одан
әрі талпынып тұрады. Естияр адам да сол. Біздің шаруашылық тұтқасын ұстап
жүрген кей ағайындарымыз осы жағын еске ала бермейдіау!

Атақты аға шопанның бірде маған мынадай сыр айтқаны
бар: "Осы жасқа келгенше алған атақ-абыройым да, шыққан биігім де мына кемпірдің
арқасында ғой, шырағым. Адам деген қызық қой, бұным пендешілік те шығар; деген мен
үйде оңаша қалғанда мына Алтын Жұлдызды кейде шешеңнің омырауына тағып қойсам,
шіркін-ай, жайнап жараса кетеді!.."

Осы сөзде көп
астар бар-ау, тегінде!

Маманның пікірі

Бізде шынында
да кей жерлерде шопандар бригадасының еңбегі
аздап біржақты бағаланатыны ара-тұра
кездесіп қалады. Бригаданың бар шаруасы жақсы болса - аға шопанды мақтап, соны наградтайды, ал егер жаман
болса - күллі бригадаға ұрсады. Ал қой шаруашылығына
мейлінше зор үлес қосып жүрген шопан
әйелдеріне келер болсақ, олардың еңбегіне моральдық демеу көрсету әлдеқашан
толғағы жеткен мәселе. Солай бола
түрса да біз баяғы бір сарыннан тынбай,
материалдық ынталандыру жағын көбірек сөз ете береміз. Шынында малшы еңбегіндегі моральдық фактордың орны орасан зор.

Шопан әйелінің отандық қой шаруашылығына
сіңірген еңбектерін дүйім жұртқа кеңінен жариялайтын кез
жетті-ау деп есептеймін өз басым.
Оларды жылы сөзге, қадыр-қошаметке зәру қылмай, құрмет грамоталарын, бағалы
сыйлықтарды көптеп берген жөн. Кейбір жағдайларда қойшы қосағының еңбегі орден
немесе медаль секілді үлкен наградаларға да әбден лайық, бұл мәселені де естен шығармағаң абзал. Әйелдердің қой шаруашылығындағы
релін арттыру жауапты да маңызды
міндет.