ВЕРНУТЬСЯ

      Міне, біз
Қайқы асуына да жеттік. Бұл жерді Кеген асуы деп те атайды. Сыртқа шыққанымыз да сол
еді, қарсы алдымыздан екпіні күшті жел соғып берді. Соншалық таза әрі жұпардай жел. Иә, шынында да жұпар секілді. Демінде ызғар бар. Өйткені ол сонау қарлы шындар мен
мәңгілік мұз құрсанған сеңгір-сеңгір таулардан бастау
алады. Ол осынау сайын даланы аралап,
өз бойына мың түрлі гүлдер мен шөптердің
иісін сіңіреді. Бәлкім, осынау өңірдің ерекшелігі болар, соншалық биікте тұрсақ та тынысымыз тарылған жоқ, керісінше рақаттанып
еркін дем аламыз.

Ұлы бабамыз
Шоқан Уәлиханов Қашқарияға бара жатқан сапарында осы асу арқылы жүрген. Орыс
саяхатшылары Прежевальский мен Семенов Тянь-Шанскийлер осы асуда тұрып, иығымен көк тіреген ұлы тауларды
барлаған. Үнді, Парсы, Қытай, Араб елдері,
Орта Азия мен Қазақстанның сауда
жөніндегі күре тамыры іспетті "Жібек жолы" да осы тұстардан өткен.

Жан-жағын
салқар таулар қоршаған осынау ойпат өзінің ерекше көркемдігімен
кез сүйсіндіреді. Ұзыннан ұзақ
шұбырып жатқан биік тау мына
даланың қорғаны секілді. Қайда қарасаң
да жап-жасыл. Бұл өңір өзіндік табиғатымен ерекшеленеді. Тап-таза тау ауасы, сонау мәңгілік мұздардан бастау алған кәусар бүлақтар, даланың табиғи желдеткіші тәрізді дамылсыз есіп тұратын "алтын қалақ" желі тек осы өңірге ғана жарасады және бұлардың
адам организміне тигізер пайдасы да
үлкен. "Біздің "алтын қалақ" әр түрлі микробтар мен вирустарды ұшырып
әкетеді" деп әзілдейді жергілікті тұрғындар. Жел неге бұлай аталған дейсіздер ғой. Мұның сыры мынада. Бұл өңірге қар қалың жауғанмен ауыл тұрғындары қысты күні есік алдын
күреп, әуреге түспейді, бұл жұмысты олар үшін "алтын қалақ"
атқарады.

Үлкен жолдың
бойында ескі заманнан қалған төбелер көп. Бұлар құлдыққа
салу мақсатымен тып-тыныш жатқан елге
шабуыл жасаған қасақы жауға қарсы шығып, мерт болған батырлардың мүрделері.
1939-1940 жылдары Алматы - Кеген тас
жолын салу кезінде бұл
мүрделердің көпшілігі қираған. Сол
кезде жол жондеушілер толып жатқан табыттардың ішінен қымбат бұйымдар, алтын
және күміспен оюланған қару-жарақ, сауыт-сайман, көне заманғы заттар тауып алған көрінеді.
Айтпақшы, осы жолды салуға Совет елін
басып алмақ болып, тұтқиылдан
шабуыл жасап, ақыры Хасан және
Халкин-Гол маңында жеңіліп
қалған Жапон армиясының қолға түскен жауынгерлері де қатысқан.

Сан жылдар
бойы бүл өңір толып жатқан қанды қырғындардың куәсі болды. Ол ғаламат шайқастардың,
фсодалдық тартыстардың, рулық қақтығыстардың
негізгі алаңына айналғаны да анық. Халық осынау даланы және ез бостандығын
басқыншылардан қорғады. Сонау 1916 жылғы халық көтерілісі кезінде, азамат соғысының отты күндерінде бұл далаға қаншама адамның қаны төгілді десеңізші. Тіпті, Совет өкіметі
орнаған алғашқы жылдардың өзінде ақгвардияшылар мен басмашылар патшалық
самодержавие мен жергілікті қанаушы
топқа қарсы күрескен сандаған адамды қырып жіберген. Ол күндср ұмытылған жоқ, кешегі күннің ерлігі мен ерлері халық жүрегінде.

Кегеннің арғы
жағында, сонау салқар таудың етегінде Қарқара
жазығы жатыр. Бұл иісі
қазаққа аты мәлім Қарқара. Осыдан жетпіс жылдан астам уақыт бұл өңірге Россиядан шаруалар келіп қоныстанған. Солардың
арасынан Матвей есімді біреуі
осы Қарқараға келіп, ірге тепкен көрінеді.

 

Жаз айларында
ол омарта шаруашылығымен шұғылданып, ал
қысты күні өзі секілді қазақ кедейлері құсап жергілікті байлар мен
ішкі жақтан келген орыс саудагерлерінің қызметін істеген.

1916 жылдың
жазында, патшалық самодержавиеге қарсы қазақтардың
ұлт-азаттық қозғалысы
басталғанда жергілікті байлардын,
дүбірге елігіп дүрліккен қолшоқпарлары жалғыз үйлі орыс шаруасына шабуыл жасаған. Қанына қарайған итаршылар Матвейдің екі ұлын өлтіріп, кәрі
шешесі мен екі бірдей қызын тірідей
өртеп жібереді. Қатты жараланған Матвей
мен әйелін және тірі қалған үшінші ұлын ат құйрығына байлап жібермек болады. Осы кезде корші ауылдың кедей-кепшігі жиналып келіп, оларды
ажалдан аман алып қалады. Сөйтіп
Матвей қазақ достарының арасында қала береді,
қайтадан омарта шаруашылығымен айналыса бастайды. Көп кешікпей Октябрь
революциясының дүбірі бұл өңірге де жетеді.

Бірнеше жылдан
кейін Матвей тағы да бір оқиғаның кейіпкері
болады. Қызыл Армия талқандаған Анненков бандасының қалдығы Қытайға қашты. Сондай
қашқын отрядтардың бірі талтүсте бейқам отырған қазақ ауылын шабады. Олар талай қарусыз адамдарды шауып
өлтіріп, бір табын жылқыны айдап кетеді. Ертесіне бір топ адам олардың соңына
түседі. Бұл топтың ішінде бердеңке асынған Матвей де бар еді. Ал
басқалары шоқпармен ғана қаруланған. Қуғыншылар әлгілерге ұзатпай жетеді. Ұрыс басталады. Жақсы қаруланған, күші өп айлакер жау Матвей мен
оның достарын түтқындап, дарға асып кетеді. Қазақ жалшылардың орыс досы осылай мерт болады...

Бұл әңгімені мен көптеген адамдардың
аузынан естідім. Бірақ, әлі
күнге Матвейдің есімінен басқа ештеңесі де анықталған жоқ. Оның әйелі мен ұлы ұзақ
жылдар бойы осы өңірде тұратын көрінеді.

Салқар таудан бөлініп шығып, үлкен жолға кәлденең
түсіп жатып алған төбе Жолдықолат деп аталады. Оны кейде Маруся тауы деп
те атай береді. Бұлай
аталуының да өзіндік тарихы бар.

Сонау
жиырмасыншы жылдардың бел ортасында биік таудың
етегіне орналасқан қазақ ауылына Маруся есімді орыс қызы келеді. Ол жергілікті адамдарға дәрігерлік көмек көрсетіп, оларды оқуға тартып, жастарды комсомол қатарына өтуге
үгіттеп жүреді. Көп уақыт
отпей қыз осында тұратын
қазақ жігітіне ғашық болып қалады, сөйтіп жүрек
әміріне бағынған екі жас шариғаттың
заңынан аттап, отау тігеді. Декабрь
айының бір күні әлдебір жұмыспен аудан орталығына кетіп бара жатқан екі жасты
басмашылар ұстап алып, тырдай жалаңаш шсшіндіріп, шанага байлап кетеді. Бұл оқиғаны
осы өңірде білмейтін адам кем де кем. Бірақ, Маруся есімінен өзге ешқандай да
дерек жоқ. Матвей мен Маруся есімдері күні бүгінге дейін осында тұратын
қазақтардың жүрегінде жаттаулы. Олардың есімі қазақтар мен орыстардың берік
достығының символы секілді.

Қайда қарасаң да сүңгі шыңдары көк тіреген тауды көресің.
Алып таулардың қоршауында жатқан дала аса ірі астау секілді. Осынау даланы жеті
совхоз, екі колхоздың мындаган бас қойы, сиыры мен жылқысы жайлайды. Әне, сонау
Ұзынбұлақ қырқасының арғы жағында көсіліп жатқан Жалаңаш жазығы. Бұл - бүкіл
Жетісудағы ең дәмді картоптың отаны.

Жалаңаш селосында Өміржан Жаңбырбаев атындағы көше
бар. Онда толып жатқан әсксри ордендердің кавалері, осы көшеге есімі берілген
адамның ұлы - Абдрахман Өміржанов тұрады. Жаңбырбаев Ұлы Отанымызды жаудан
қорғау үстінде атақты Волга бойында ерлікпен қаза тапқан. Дәл осы жерде оның ұлы
Абдрахман да ерлікпен күресті. Бірақ, қанды майданда олар кездесе алған жоқ.
Тіпті, әке мен бала өздерінің бір полктің құрамында жүргснін де білмеді. Тек бірнеше
ай өткен соң 730 полктың комиссары Колесник оған әкесінің соңғы хатын табыс
етті.

"Менің сүйікті ұлым, Абдрахман! Мынау жердің
менің қаныммен суарылғанын біл. Өзіңнің осы жерде мен арман еткен ғажайып
бейбіт өмірдің көшін алға сүйрейтінінді ұмытпа..." Әке осылай депті.

Әрбір үлкен мереке сайын Абдрахман Өміржанов
өзінің әскери формасын киіп, омырауына орден, мсдальдарын тағып алып, бақытты
балалар тобына беттейді. Өйткені ол кешегі сұрапыл соғыстың шындығын осіп келе
жатқан ұрпаққа айтып беруге тиіс.

Бұл өңірде толғандырар проблемалар
да көп. Кеген және Нарынқол аудандары
ежелден мал шаруашылығымен айналысады. Кейінгі жылдары егін шаруашылығы кең өріс алып отыр. Бұған ешкім
қарсы емес. Өкініштісі сол - малдың таптырмас
өрісі, шалғыны белуардан келетін жайылымдар белгісіз
бір себептермен жыртылған. Тіпті, кейбір "табиғатты бағындыруға
шебер" жандардың кезінде биік таудағы жайлауларға
да түқым сепкенін білеміз. Бірақ, бұдан зияннан басқа ештеңе тапқан жоқ олар.
Ол жерді жайына қалдырғанмен бұрынғы қалпына қайтып келе алған жоқ.
Солақайлықпен айдалған алқаптардың бұрынғы шалғыны, бұрынғы көркі жоқ қазір.

Бұл уақытта Кеген ауданының есебінде
450 мың қой бар көрінеді. Бұлардың
100 мыңынан астамы қысқа дейін ет дайындау
пункттеріне өткізіледі. Егер жем-шөп жеткілікті болса етке жонелтілетін мал саны әлдеқайда кеміп, аз ғана жылда қой басын әлденеше есе көбейтуге
мүмкіндік туар еді. 1929 жылдың
өзінде бұл өңірде 450 мың қой
болғанын ескерсек, зор мүмкіндігі бар
аудан үшін бүл сан мақтанарлық емес. Қой санының жедел өспеуінің басты себебі - жайылымдық алқаптар күрт кеміп кетті.

Бұл өңір жылқы шаруашылығын дамытуға
өте қолайлы. Бұдан аз уақыт бұрын
мұнда 20 мыңнан астам жылқы болған. Қарқара жазығында 11,5 мың сәйгүлігі бар
жылқы заводы тұратын-ды. Бірақ, өкінішке орай жылқы шаруашылығына соңғы уақытта
көңіл бөлінбей кетті. Соның салдарынан мұнда небәрі 8 мындай жылқы қалды. Ал
бір кезде сәйгүліктерімен дүркіреп аты шыққан "Қарқара" совхозында небәрі
800-дей жылқы қалған. Түйенің жайы бұдан да төмен. Аудан бойынша бар болғаны 74
түйе бар көрінеді.

Бұл өңір қазба байлықтарға да кенде
емес. Орталық Тянь-Шань аймағын комплексті түрде зерттесе талай-талай кен қайнарлары табылар еді. Әзірше гсологтарымыз
бір ғана кен көзін тапты.

Осынау жұпар
ауасы жанға шипа өлкеден толып жатқан сауықтыру
орындарын, демалыс үйлерін, туристік және балалар лагерлерін ашуға болар еді.
Табиғаттың бар жақсылығын бойына жинаған бұл өлкеге келешекте демалушылардың ағылып келіп жататындығына
сенгің-ақ келеді.

Кеген өңірі
жөне оның түрғындары туралы талай-талай қызғылықты
әңгімелер айтуға болар еді. Мысалы, Кеген селосынан
ары асқан жердегі Құмтекей тобесінің өзі ғажайып аңыз. Айтушылардың өңгімесіне
қарағанда, бұл жерде бір кезде қала болған көрінеді. Жанартау
кесірінен ол жер астына түсіп кеткен
деседі. Әрине, бұл жорамал
ғана. Осынау жұмбақ төбенің астында жатқан ақиқаттың
ашылатын күні де алыс болмас, бәлкім.
Құмтекей, әрине, жалғыз емес, ондай төбелер өте көп. Бірақ, бәрі де
бір-бір жұмбағын ішіне бүгіп, тым-тырыс жатыр. Бұл төбелердің күндердің күнінде осынау өлкенің жеті қат жердің
астына түсіп кеткен ғажайып ертегілері туралы шежіре шертеріне сенгің келеді, сенесің де...

Біз тағы да,
міне, Қайқы асуында тұрмыз. Бұл жолы кері қайтып барамыз. Қош бол, туған жер! Мен сенің тынысынды
тындап, өзіңмен біргс тыныстап тұрмын.