ВЕРНУТЬСЯ

      Моторлы балық аулау станциялары мен колхоз істері жөніндегі
Гурьев2 облыстық басқармасының бастығы Жазықбаевтың кабинетіне радист қыз
жүгіре басып, тым асығыс кірді. Ауызғы бөлмеде отырғандарға сәлем де берместен,
тақтай еденді тасырлатьш, құйындай ұйтқып өте шықты. Аңқиған ауыздар, аңырған
жүздер, ынтызар көздер - бәрі де бастық кабинетінің есігіне ауып, соны телміре
бағып қалған. Радист қыз, асылында, өте қарбалас хабар әкелген тәрізді. Жазықбаевты
бүгін бірінші рет көріп тұрғанымен, оған да амандаспады.

- Міне, жаңа ғана алдым! Апат туралы хабар! -
Қолындағы бір жапырақ қағазды стол үстіне тастай берді.

Әншейінде есіктен басын ғана сүғып: "Рұқсат
па?" деп әдеп сақтап тұратын ұяң мінезді, сабырлы қыздың осыншама
дегбірсізденген түріне таңырқай қарап отырған Жазықбаев "Апат!" деген
соңғы сөзді естігенде, жайлы креслосынан егде адамға тән емес ширақ қимылмеи
атып тұрды да, жаңағы қағазды қос қолдап ұстай алып, тез-тез оқи бастады.

"Апаттық радиограмма нкт Жазықбаевқа үтр
Ақмаевқа үтр Трускинге үтр Лесинге үтр Моховиковқа нкт "Отважный" теплоходы
тесілді нкт ығып жүрміз нкт Новинск ауданында батыстан шығысқа қарай ығып
келеміз нкт Бортымызда 20 балықшы бар 
суды қолмен төгеміз, дереу көмек берулеріңізді сұраймын  Черкасов". Туламай тыныш жататын,
"жуас" теңіз болмайды. Олардың бәрі де сәттен-сәтке aшy шақырып,
таудай толқындарын тулатып, дауылдатып тұрады. Осы жағынан алып қарағанда, кәрі
Каспий нағыз көкжалдың өзі деседі байырғы балықшылар.

1          Оқушыға
ескертерім: бұл очерк марқұм Жүсіп Жұмахановпен бірігіп жазылған. Aвтop.

2          Кітаптағы
жер-су, шаруашылық аттары жазылған кездегі қалпында сақталынды туынша,
Каспийдегі дауылды күндердің саны орта есеппен алғанда жылына үш жүзден асатын
көрінеді. Каспийдің "тым тынышсыз теңіз" атануының тағы да бір себебі
- ондағы толқындардың белгісі бір бағытта емес, қалай болса солай бей-берекет
толқынданатындығывда деседі. Мысалға, толқындары бір бағытта жүретін басқа
теңіздерде кеменің тұмсығын желге қарсы қойса, теңселу де, шайқалу да азайып,
теңізшілерді қатты қалжыратпайды. Оның үстіне аударылып кету қаупі де азаяды.
Ал, Каспийде толқын көбінесе алдыңнан да, артыңнан да, бүйіріңнен де соғады. Бұл, әсіресе, желкенді қайықтар үшін
өте қолайсыз.

Каспий
теңізінің бір шеті оңгүстіктегі аңызақ желді, аптап ыстықты шөл далаларға сүғьша кіріп жатса, екінші шеті көкорай шалғынды, ну тоғайлы, ылғалды орыс жеріне
барып жалғасады. Оңтүсгіктен,
сонау Африка құрлығы мен араб, парсы жерлерінен аптап аңызақ ессе, солтүстіктен
салқын самал соғады. Ауадағы екі түрлі ағыс осы Каспий үстінде келіп түйісіп,
бірін-бірі жеңісе алмай, ауа райының сәт сайын құбылуына әкеп соқтырады. Дамылсыз
дауыл да, шым-шытырық "тәртіпсіз" толқын да, "шымыра" деп
аталатьш теңіз құйыны да осыдан туады.

Кәрі Каспийдің кесепаттығы сондай - оның
"тынышсыз" толқынына осында туып-өскен адамдар болмаса, сырттан
келгендердің көбі шыдай алмайтын көрінеді. Мысалға, өткен жылы атақты Қара
теңіздің өзінен каспийліктерге көмекке келген бір топ балықшы кәрі теңіздің көк
жойқын толқындарына төзе алмай, қайтып кетіпті...

Әсіресе, биылғы көктем өте-мәте құбылмалы болды. Теңіздің
солтүстік-шығыс бөлегінде ауа райы бұзылып, кенеттен суытып кетті. Теңіз
бетінде өйнек тәрізді қабыршақтанып жұқа мұз қата бастады. Гурьев облысы балық
аулау колхоздарының қайық-кемелері теңіз тамағындағы Орал Каспий каналына келіп
паналады.

Жоғарыда аталған "Отважный" теплоходы
осы кезде басқа кемелермен бірге жаңағы балықшы қайықтарының күзетінде жүрген
еді.

 

* * *

 

Бұл өзі жүз елу аттық қана күші бар, болат
корпусты кішкентай теплоход. Кәлденеңі - он, ұзындығы - отыз Теңіз тамағы -
теңізден өзенге шығатын жер қырық метрдей. Моторлы-балық аулау басқармасы мен
Орал Каспий тресі оны теңіз үстіндегі кәсіпшілік жағдайын біліп отыру үшін
қатынас құралы ретінде пайдаланады.

Теплоходтың капитаны Василий Иванович Черкасов
отыздан жаңа ғана асқан, тоғыз жылдық тәжірибесі бар теңізші. Оның орта бойлы
шомбал тұлғасынан, орыстан гері татарға көбірек ұқсас қарақат көзді, қою қара
қасты байсалды жүзінен, асықпай сөйлейтін құлаққа жағымды қоңыр үнінен,
салмақты жүріс-тұрысынан - бәрінен де сабырлы адам екендігі, нені болса да
байыппен, тап-тұйнақтай етіп ұқыпты істейтіндігі айқын көрініп тұрады. Сөзге
сараң, көбінесе үндемей жүретін болғандықтан тымпиған тұйық адам тәрізді көрінетін.

Ол жөнсіз қазымыр қаттылықты жаны сүймейтін, бірақ
керек кезінде қатал да, талапшыл да бола алатын, артық сөзі, ағат әдеттері жоқ
капитан еді. Мақтануды да, мақтауды да білмейтін. Басқа кейбір капитаңдар
топтасып жинала қалғандарында, бастан кешкен нелер жайларды еспелей айтысып,
желбуаз әңгімелерді гулетс соққанда бұл үнсіз ғана тындайды да отырады. Бейне
оның басқалардай бастан кешірген қызықты оқиғалары да, айтар әңгімесі де жоқ секілді.
Бірақ талайды көрген көкжал теңізшідей ештемеге де таңданыс білдірмейді.

Кейде капитаңдардың басы қосыла қалған кездерде
олардың ішінен кекмойын қуды көксеген бір-екеу табыла қалатын да, басқалары
солардың ұсынысын қуаттап, көңілдірек отыру үшін біраз "тастап" та
алатын. Черкасов бұл іске де нағыз "сопының" өзі еді. Ішпеуін былай
қойғанның өзінде, ол темекі де тартпайтын. Капитаңдар қауымы оның бұндай оқшаулануын
жақтырмайды.

Черкасовтың елден ерекше тағы да бір қасиеті -
оның теңізде болсын, жағада болсын желікпе батырлыққа бара қоймайтындығында.
Мысалға, басқа капитаңдар жұрт көзіне шалыну үшін кемелерін жағаға немесе басқа
тұсқа әкеп жақтырарда соған қарай тым қатты жүріспен туралай таяп кеп, шәлке
тастар жер қалғанда ғана жалт бұрылып, жанаса бастайды. Ал Черкасов болса, әр
уақытта да өте баяу жүріспен келіп, жайлап жанасады. Өйткені ол жоғарыдағыдай
желікпе батылдықтың бірде болмаса бірде апатқа

1          Жақтыру
- жағаға жанамалап тоқтау.

2          Шәлке
- кемені жағаға не басқа кемеге тіркеп қоятын арқан ұшыратуы мүмкін екендіпне
кәміл сенеді де, қажетсіз тәуекелге бармайды.

Мінеки, осындай мінездеріне байланысты көптеген
капитаңдар ол туралы "Қолынан түк келмейтін жасық адам, бұдан теңізші
шықпас!"- дейтін.

Осы бір пікірлерінің қате екеніне олардың осы
көктемде көзі жеткен еді.

Капитанның аға көмекшісі Тұсбай Ісмұхамбетов
жиырма бес-жиырма алтылардағы жас жігіт. Оның теңіз толқынын кешкеніне сегіз
жыл болған. Ал, "Отважныйға" келгеніне оншақты-ақ күн. Команда құрамында
бүл екеуінен басқа сегіз адам бар. Олар: тұлғасы батырға біткен момын мінезді
Олег Игнатьев, басынан қара телпегі түспейтін Гена Зугров (екеуі де бұлқыншы),
аппаратын бәйгеге қосатын жүйріктей баптап, қай кезде қандай жағдайда болмасын
хабарласпай қоймайтын радист Саша Гонсев, жайдары да қунақы мінезді механик Юра
Зеленко, қыз тәрізді ұялшақ моторист Леша Смыкунов, аузыңнан сілекейіңізді
шұбыртатын тәтті тағамдар әзірлейтін Шура апай, адамға көп жұғыса қоймайтын бұйығы
Виктор Слита...

 

* * *

 

"Отважный"
Орал-Каспий каналының Жайыққа жалғасатын жерінде тұрған болатын.

Таңертеңгі
тамақты ішкеннен кейін Черкасов вахтадағы матростарына
тиісті тапсырмаларын берді де, өзінің кішкентай каютасына келіп, кітап оқуға отырды. Ол кітаптың бір-екі бетін де аударып үлгірмеді, жоғарыдан әлдекімнің баспалдақты тасырлата
басып, асығыс түсіп келе жатқан дыбысы естілді.
Міне, каюта есігі сықыр етіп ашылды да, қолында бір жапырақ қағазы бар радист Саша кіре берді. - Василий Иванович, Жазықбаев пен
Ақмаевтан радиограмма. Қазір ғана қабылдадым.

"Отважный"
Черкасов нкт Дереу теңізге шығыңыз үтр Туманныйдың
маңында екі реюшка мұз
қыспағында қалған үтр Көмек
көрсетіңіз нкт Жазықбаев Ақмаев".

...Бас-аяғы
жарты сағаттай да уақыт өткен жоқ, тұрбасының апандай аузынан қою қара түтінді будақтата шығарған "Отважный" көк толқынды үшкіл
кеудесімен қақ жара тіліп, артында
көпіршіген ақбурыл із қалдырған күйі - жіті жүріспен
кең каналдан шығып, теңіз тамағына қарай тура тартты. Сәл ғана күштілігі болмаса бұдан ешбір айырмасы жоқ "Горняк" та жоғарыдағыдай бұйрық алған болу керек. Ол да дереу шәлкесін босатып,
"Отважныйдың" ізіне түсті. Көп ұзамай екі теплоходтың капитаны да
радио арқылы хабарласып, өздерінің бір тапсырмамен келе жатқандарын білісті.

Бірақ, бұл сапарда екі капитанның бірлесіп жұмыс істеулеріне
тура келмеді. Рейдке шығып, бірнеше мильжүзгеннен кейін олар Жазықбаевтан жаңа
радиограмма алды. Апатқа ұшыраған екі реюшка аман-есен құтылыпты, енді көмекті
де қажет етпейтін көрінеді. "Горняк" өзінің барылдақ сиренасын екі-үш
рет ақыртып, "Отважныйға" оң сапар тіледі де, каналға қайтты. Ал
қосымша нұсқау алған Черкасов кеме тұмсығын норд-вестке бұрып, Новинскіге қарай
тартты. Олар онда колхоз істері бойынша облыс екілі келгенге дейін моторлы-балық
аулау станциясының басқармасына кәсіпшілік жағдайын хабарлап тұруға тиісті еді.

 

* * *

 

Бұл кезде Гурьевтен 100 миль қашықтықтағы
Новинск ауданынан бастап солтүстік-батысқа қарай күн ашық, жылы болатын. Астрахань
облысы мен Теңіз ауданының балықшылары теңіз үстінде балық аулап жүрген-ді.

Шығыс жақ күлді бадамданып, әлдеқандай
күлгін-қызыл түсті тұңғиық мөлдір бояуға малынып келеді. Бірте-бірте алаулана түскен таң шапағы. Алқызыл арай.
Кез ұшында аспанмен астасып, бұлдырап жатқан көкжиек барған сайын айқындала берді.

Қырмызы
аспанның жалқындап, ең алаудай жанып тұрған тұсы кенет өрт жалынына шарпылғандай болып
жайнап кетті де, көгілдір кемерден доп-дөңгелек қызыл
шоқ көтеріле бастады. Ол жоғарылаған сайын алтындай жалтырап, айнала сындағы күлгін бояуға шаңқан сары сәулесін
қүйып, сейілтіп барады. Манадан бері
керенау қимылмен лықси толқып жатқан қорғасын түстес ауыр толқындарға да жан
кіргендей болып, теңіз бетінде күн сәулесі күлім қақты, жарқыл-жұрқыл ойнады.
Түнерген теңіз түксиген қабағын жазып, кеудесін керіп, кең тыныстайды, көңілді үнмен сылқ-сылқ күледі.

Түнгі вахтадан
кейінгі ұйқыдан әлгінде
оянған Леша Смыкунов осы бір көз
тойғысыз көрініске қызықтай қарап ұзақ
тұрды. Асылында, ол өзінің жұмыстан қолы бос уақытының
көпшілігін теңіз табиғатын тамашалаумен, соның көрікті картиналарын қағаз бетіне бояу арқылы түсірумен өткізетін. Бұл бағыттағы табыстары да жаман
емес болатын. Леша, әсіресе, сұрғылт бояумен салуға шебер. Оның әр заттың түсін
айқын сезе білетіндігі сондай - сол сүреңсіз сұрғылт бояумен салынған суреттері
неше алуан түр-түске құбылып, жан біткендей құлпырып тұратын.

Дегенмен Лешаның осы суретшілік өнерінің ең бір
өресі жетпей, шамасы келмей қала беретін жері - теңіздің күшті дауыл кезіндегі
кескінін бейнелеу. Бұның салған суреттерінде бірде таудай толқын соншама сұсты
болса да, жансыз сияқты көрінеді, ал бірде теңіз бетін бұйра толқындар басып жатса
дажелсіз, тынық күндегідей әсер қалдырады... Әйтеуір бір жері үнемі жетіспей тұрады.

Сондықтан да
Леша теңізге дауылды күндері қарай беруден жалықпайтын еді. Қараған сайын
тонналаған ауыр толқындарды аспанға атып, астаң-кестең ететін ғаламат зор күштің бұған дейін ескерусіз қалып келе жатқан жақтарын, жаңа көріністерін ашып, байқай жүреді. Сол
көргендерін көз алдында мәңгілік қалдырып, көңіліне түйіп алуға тырысады.

Бірақ бүгін
аспан ашық, теңіз беті тыныш. Ұйқыдан
тұрған адамның денесін тоңазытып, сергітіп жіберетін желпи соққан салқын самал ғана. Дегенмен асқақ дауылды
жаны сүйетін Лешаның өзі де теңіз таңының
жаңағы бір тамаша сымбатынан көз айыра алатын емес. Бұл да оның еркін алған көрініс. Суретшілерге тән сезімталдығы бойын
билеп алған Леша бұдүниедегінің бәрін де ұмытып, арайлай атқан алтын таңға сыңғыр-сыңғыр
үн қатқан жылтыр өркешті толқындарға, топтана ұшқан күміс шағалаларға, көз ұшындағы
көгілдір көкжиекке ұмсына түсіп, телміре қарап қалыпты...

Міне, сонау батыс жақтан көз ұшында бұлдырай
көрінген ақжал толқындардың үстінен түйдектелген қою қара бұлт шығып, өрлей
берді. Ол барған сайын зорайып, қанатын жайған қарақұс тәрізденіп өсе түсуде. Бірден-бірге
қомақтанып, орасан зор жылдамдықпен жақындап келеді. Біршама уақыт өткеннен
кейін алғашында бір уыстай ғана болып көрінген әлгі бұлт аспан әлеміне кеңінен
жайылып, батыс жақты түгелдей қаптап алды. Бұлт басқан аспан уақыт озған сайын
түнере түсіп, сұрғылт тартып барады. Манағы самал жел де қатаяйын деді. Жай
ғана лықси жылжып, баяу шұбатылып жатқан толқындар да үлкейіп, біріне-бірі
көбік шаша қақтығысып, буырқанып, ашу шақыра бастады.

Тұтқиылдан келіп тиіскен ескек желдің алғашқы
екпіні түйенің шудасындай желкілдеген, қалың ескен майда шашын желпіп көзіне
түсіргенде теңіз табиғатының өзгеше сұлу құбылысына қызыға қарап, бей-жай
қалыпта тұрған Лешаны шошытып оятып жібергендей болды. Тулай бастаған
теңізді көргенде Леша қуанып кетті. Неліктен? Теңізшіге дауылдан қауіпті ешнәрсе жоқ. Ендеше Леша неге қуанады? Бәрі де оның баяғы суретшілік
сырында, теңіз дауылын көбірек көрсем, сөйтіп оны қағаз бетіне дәлдеп түсірсем деген
құштарлығында еді.

Теплоходтың олай-былай теңселе бастағанын сезіп,
бортқа соққан толқындардың шуылын естіген Черкасов өзінің кішкентай каютасынан
жоғарыға басқышпен көтеріліп, палубаға шыққанда Леша ескек желге төсін төсеп,
күлімсіреп тұр еді. Ол қасына келген капитанды алғашында байқамады. Черкасов
қолындағы үлкен дүрбісімен көкжиекті шола беріп:

- Қалай, Леша, дауыл тұра ма деймін? Аспанды бұлт қаптап
кетіпті ғой,- деді.

- Ия, Василий Иванович, соғады! Тамаша дауыл
болады! - деді Смыкунов қуанышты үнмен.

Черкасов оның
мұнысына таңдана қарады да:

- Оның несі тамаша? - дегеннен басқа ештеңе
айтқан жоқ. Бұл кезде олар бір жерге шоғырлана топтасып,
іркестіркес тұрған желкенді қайықтарға жақындап қалған еді. Балықшылар да дауыл болатынын
байқап, барлық желкендерін жығып тастады. Сыйдиған діңгектер көзге сонадайдан сорайып
көрінеді.

"Отважный" үлкен тордың тұрақты кемесіне
келіп жақты. Бұлар Теңіз ауданындағы "Жас талап" колхозының балықшылары
екен. Сәті түскенде, колхоз бригадирі Қазиев осы стойкада болып шықты. Жел
күшеймей тұрып жағдаймен толық танысып алу үшін Черкасов теплоходқа Қазиевті
мінгізіп алды да, зәкірде тұрған басқа стойкаларды аралауға кірісті.

Бірақ, олар екі-ақ стойкаға барып үлгірді. Манадан
бері күш жинағандай болып, ширыға соғып тұрған есірік жел әбден долданып,
дауылға айналды. Күн көзі қара бұлтқа жасырынып, аспан да,
су да түнеріп сала берді. Ақ көбігін бұрқырата шапқан ақжал толқындар
арыстаңдай атылып келіп, кішкентай
теплоходты мың батпан салмағымен көміп өткенде
ортасынан опырып, шыңырау түбіне батырып жібергендей
көрінеді.

"Отважный"
бірде жалға шығып, бірде екі толқын арасындағы шұңқырға түсіп, әткеншек тепкендей ойнақшып, әзер-мәзер ілгері жылжып келеді. Оқыстан үркіп, едірейе қалған аттың басындай шапшыған көкжойқын
дүлейдің төбесіне көтерілгенде судан
ажыраған денесі сидиып қалады да, кеменің
өзі толқынның ұшар басында
иненің жасуындай ғана жерге жабысып тұрғандай көрінеді. Астындағы тіреуі кенет опырылып кеткендей болып, төмен
қарай тұмсығымен су сүзе құлай жөнеледі. Құлап келе жатқан кемені келесі бір толқын іліп алып, төбесіне көтереді де,
қайтадан лықсытып төмен қарай
тастап жібереді. Өстіп олар қақпақыл қаққан қыздарша
сылқ-сылқ күліп лақтыра береді, ойната береді...

Черкасов
Қазиевты өз стойкасына апарып тастады. Одан әрі
біраз ілгерілеп барып, қос зәкірді қабат тастауға мәжбүр болды. Бір жақсысы - зәкірлер теңіз түбіне мықтап жа-

бысса керек долы толқын қанша
жүлмаласа да жұлып әкете алмады.

 

      * * *

 

Дүлей дауылдың
толассыз соққанына бір жарым тәулік болды.
Әлі де тыным алатын түрі жоқ. Қаршадайларынан теңіз кешіп келе жатқан балықшылар мен бұдан да жойқын талай дауылдарды көрген теңізшілерге бүл да ештеңе емес еді, бірақ толассыз желмен қоса ауа райы
да тым суытып кетті де, су бетінде
"шәуіш" деп аталатын қойыртпақ пайда бола бастады. Бәрін де осы шәуіш сескендіреді. Температура төмендей берсе, оның түтасынан мұзға
айналып кетуі мүмкін. Ал онда...

Тоңазыған
сорпаның іртік-іртік майындай болып су бетінде
қалқып жүрген қойыртпақ кешке қарай, шынында да тұтасып, әйнек
сияқты жұқа мұзға айнала бастады. Жағаға таяу жерде зәкір тастап тұрған екі жүзден астам реюшкалар мен стойкаларға ол өте-мәте қауіпті еді. Өйткені желдің күшімен көшкен мұз кеме қайықтарды өзімен бірге ықтырып
апарып қайраңға отырғызады да, ағаш бортқа соғыла-соғыла, ақырында оны пышақпен кескендей
етіп қақ ортасынан бөліп тастайды. Ішке су толады да, кырқылған кеме теңіз түбіне шегеді.

Сағат сайын
жақындап келе жатқан осынау
қатерді балықшылар байқады ма, жоқ па? Белгісіз. Сондықтан оларға тез хабар беру керек еді. Бірақ қалай?
"Отважный" таязда тұрған реюшкаларға жақындай алмайды.
Өзінің қайраңға отырып қалуы мүмкін.
Жалғыз ғана амал - прожектордың жарығымен
хабарлау. Балықшылар бұл
белгіні көре ме, көрсе,

түсіне ме? Ол да белгісіз. Оның
үстіне өкірген суық желдің өтінде,
аждаһадай ақырған мұзды
толқынның астында тұрып прожекторды басқару да оңай жұмыс емес.
Шынтуайтқа

келсе, бүл істі жүректі де батыл,
сабырлы да төзімді Адам ғана атқара
алады. Кімге тагісыру керек?

Черкасов бірер
минуттай ойға қалып, командасындағы жігіттерді бір бірлеп іштей көз алдынан
өткізіп шықты да, бұлқыншы Олег Игнатьев пен өзінің аға
көмекшісі Тұсбай

Ісмұхамбетовты таңдады.

Олег қандай
қиын жағдай болмасын асып-сасуды білмейтін, екі
иығына екі кісі мінгендей батыр тұлғалы, сабырлы да, салмақты жігіт. Оның азынаған желге де, мұзды суға да қыңқ демей шыдайтындығына, тапсырманы да тап-тұйнақтай етіп ұқыпты орындайтынына толық сенуге болады.

Тұсбайдың "Отважныйға"
келгеніне оншақты-ақ күн болса да
Черкасовтың тәжірибелі көзі Түсбайдың талдырмаш денесінде көпті көрген көне теңізшінің өршіл жүрегі, қайсар жаны бар екенін бір қарағаннан
байқап та үлгірген еді. Мұнысын Түсбай келгеннен бері ісімен
де көрсетіп жүр...

Осы түнгі вахта ол екеуінің де еш уақытта
естерінен кетпестей болып өтті.
Кезекте алдымен Олег тұрды. Тұсбай оны түн жарымында келіп ауыстырды. Өршеленген өркеш толқындар
рубканың1 төбесіндегі капитан көпіршесіне дейін жетіп, өжет жігіттерді
теңіз түңғиығына жұлып әкетпек болады. Төбеден басып, түгелдей көміп өтетін мұзды су плащтың тесік-саңлауларынан
мойынға, қойын-қонышқа құйылып,
денені инемен шабақтағандай тітіркендіреді. Кей кездерде ауыз-мұрынды тұмшалай жауып, дем алдырмай, тұншықтырып та тастайды.

Бірақ, олардың
екеуі де табиғаттың дүлей күші алдында тізе
бүгіп, күйректік көрсете қоймады. Бір қолдарымен капитан көпіршесі қоршауының
жақтауынан ұстап, екінші қолдарымен прожекторды бір жағып, бір
сөндіріп тапжылмай тұра
берді. Ойран-топыр теңіз төскейіндегі қою қараңғылықты қақ жарып, түнек
қабырғасын жырта тесіп, ілгері ұмтылған
осынау жалғыз сәуле алыстан атой беріп, жол сілтейді.
Сұрапыл табиғат дүлейі
қаншама ышқынса да, Адам атты алыптың
қажырлы қолынан айбынды отты өшіре алмайды. Ол түн түндігін түріп, жана береді,
жайнай береді... Таң ата
"Отважный" зәкірін көтеріп, мұзы жоқ таза суға қарай бет алды.
Өйткені оның түндегі дабылын қабылдаған балықшылар түгелдей тереңге кетіп
үлгерген еді.

 

* * *

 

Онсыз да алай-түлей болып тұрған күн райы түс
кезінде мүлдем бұзылды. Жапалақтап қар жауып, ақтүтек боран соғып, айналаның
әлем-тапырығы шықты. Ери жауған жапалақ-жапалақ қар үлпалары рубка терезелеріне
ақ пердедей тұтылып, сыртқа шыққан адамның қас-кірпігіне қонып, бес-алты
метрден арғы жерді көрсетпейді. Мұндай жағдайда бір метр де ілгері жылжу -
апатқа қарай атталған адыммен тең. Өйткені, теплоход қайраңға отырып басқа бір
кемеге соқтығысып қалуы мүмкін. Сондықтан да амалсыз зәкір тастауға тура келеді.

Өнебойы жұмыс істеп, еңбек етуді күнделікті
дағдысына, қажетіне айналдырған адамның құр босқа қарап отырғанда екі қолы
алдына сыймайды емес пе? "Отважныйдың" командасы да, Черкасов та дәл осындай жағдайға душар болды. Олар түстен кейін түк бітірген жоқ.
Сол зәкір тастаған орындарында тапжылмай тұрды да қойды.

Әсіресе,
Черкасов не істерін білмей тықыршып жүр. Палубаға қырық шығып, қырық түсті. Қар әлі жауып түр. Оның үстіне ұйтқыған боран да басылар емес. Теплоходтың
тұмсығынан ары түк
көрінбейді. He істеу керек? Бұлардың өзін қойшы: қар басылғанша тұра береді. Тамақ, қоры да,
жағармай да әзірге жеткілікті. Черкасовтың қабырғасына кешегі балықшылардың
жағдайы қатты батады. Олар қазір
қайда екен? He күйде жүр? Мүмкін мынандай аласапыранда адасып кеткен шығар?
Әлде... жоқ, олай болуы мүмкін емес!
Жаманатқа жори алмайды. Алайда не істеу керек?!
Не?! Жіпсіз байланып, екі қолдан бірдей күрмеліп отырғаны мынау. Дауыл құрғыры
толас алмаса да алдын көрсетпей, көзсіз
қалдырып отырған мына ақ құйын
тоқтар ма еді, әттең!..

 

     * * *

 

Қар қараңғы
түсе ғана тоқтады. Бірақ, кеш еді. "Отважный" балықшыларды іздеуге
шыға алмады. Толқын әлі басылған жоқ,. Суық барған сайын қатайып
келеді. Теңіз бетіндегі қойыртпақ
"шәуіш" - тұтасқан мұзға айнала бастады.

Түн ортасы ауа бергенде кеме үстіне аспаннан құлай
қонған әлдебір кішкене қара құстар толып кстті. Бұлар қараторғайлар еді.
Шыр-шыр етіп шырылдасып, қонып жатыр, қонып жатыр. Бәрі де үйме-жүйме болысып,
жылы жерге жемге таласқандай ұмтылады.

Ешкім де ұйықтамаған. Осынау бір ерекше де ғажап
жаңалықты алдымен вахтада тұрғандардан есітіп, сонан соң бірінен-бірі
хабарланған жігіттер үстеріне шолақ күртелерін жамыла-жамыла салып, жүгіріп
палубаға шықты. Құжынаған қараторғайлардың кейбір батылдары ашылған есіктерден шыққан
жылы лепті сезіп, матрос кубригі мен салонға сып беріп кіріп те кетті. Ал
қалғандары рубканы, люктерді, түтін трубасын, палубаны, бакты жағалай қонып
алып, тапжылмай отыр. Қастарына барып, қолға алса да қыбыр етер емес. Қанат-құйрықтарын,
мойын мен жота жүндерін мұз басып, сіреуленіп қатып қалыпты. Байғұстардың,
адамнан қорқу тұрмақ, қозғалуға да мұршалары жоқ. Дүлей табиғаттың аяз қары
аралас сұрапылынан тығылар, паналар жері жоқ теңіз үстінде кездесіп, онсыз да
талмаусыраған әлсіз қанаттарына мұз қатып, титықтаған бишаралар кеме оттарын
көріп, Адамңан араша сұрай келген тәрізді. Кімді де болса толғантар, аянышты
көрініс еді бұл!

Ауыр тыныштық бір-екі минуттай ғана созылды. Сонан
соң жігіттер бұрыннан келісіп қойған адамдардай-ақ, ешкім ештеме айтпастан, бір
кісідей жұмылып іске кірісті. Олар бүрісіп отырған торғайларды қойындарына, бас
киімдеріне толтыра-толтыра салып алып, кубрик пен салонның жылы бөлмелеріне
әкеп кіргізе бастады. Жылыға кірген соң мұздары еріп, жан шақырған мақұлықтар
адамдарға жаутаңдай қарап, мың мәрте алғыстарын білдіргендей өздерінің
түсініксіз "тілінде" шырылдай, сайрай жөнелді.

- Байғұстар-ай, - деп күрсіне үн қатты механиктің
көмекшісі Виктор Слита, - құс екеш құстың да қанаты талып, мынадай күйге
ұшырағанда біздің күйіміз не болмақ? Мына түн қандай қорқынышты еді! Бір
пәлеге ұшырай қалсақ, кім құтқарады?

- He айтып тұрсың өзің? - Анау-мынауға aшy шақыра қоймайтын
Черкасовтың сабырлы жүзіне қан ойнап шыға келді.
Слитаның еңменінен өте оқтай қадалған қара көздерінен
от шашып түр. Әдеттегі майда лебізді қоңыр дауысы
да бұл жолы қатқыл шықты.
"Құс екеш құс та... біздің күніміз не болмақ?" Ұялсаңшы осындай сөзді айтудан? He боп қалды соншалық? Су түбіне
батып барамыз ба? Жоқ, жолдастар, бұл жарамайды. Біз адам емеспіз бе?!
Адам болғандықтан нендей қиындақ
болса да женуге тиіспіз. Құстар

да бізді адам болғандықтан
паналап кеп отыр. Мынандай қиыншылықтарға
төзе алмайтын, оларды жеңе алмайтын болсақ, несіне адам, несіне теңізші
атанамыз?! Ал, сен, Слита, қайдағы
бір құлаққа қонбайтын нәрсені
айтасың. Сонда өзінді құстан гөрі қауқарсыз, дәрменсіз санайсың
ба? Болмайды мұның, жігітім, болмайды. Тіреспей жатып
тізе бүгу - қорқақтың ісі. Ал қорқақтың күні қараң. Ол суға түсерде өз мойнына өзі тас байлаған адаммен тең.
Теңіз түбіне тоқтаусыз кетеді... Ендігәрі мұндай сездерінді естімейтін болайын. Жалғыз Слита емес, бәріңе де айтарым осы...

Жігіттер
капитан сөзін үнсіз ғана тындап, іштей қостап тұр. Тек Слитаның
жүзінде ғана иланбаушылық нышаны, әлдебір
қобалжу мен үрей ізі бар.

 

* * *

 

Түнгі сағат 2
шамасында тұтаса қатқан мұз батыстан шығысқа көше бастады. Мұндай жағдайда зәкір тастап, бір орында тұру мүмкін емес. Өйткені мұз көпірі не зәкірді

жұлып әкетеді, не кеменнің
корпусын қиратып, апатқа ұшыратады.
Сондықтан мұз көшіне ілесіп,
ыға беруден басқа амал жоқ.

Таң ата
"Отважный" ығуды тоқтатып, жағаға қарай бет алды. Сол маңайдағы таязда бір топ балықшы қайықтары ығып жүрген еді. Тезірек барып, тереңге шығармаса болмайды. Өйткені мұз таязда жүрген кемені қайраңға
апарып отырғызады да, қырқып кетеді.

"Отважный"
алға қарай эрең жылжып келеді. Мұз көшкіні кішкентай теплоходтың алдын
әлсін-әлсін бөгей береді. Жалпия
созылып жатқан үлкендерін айналып өтсе, кішіректерін
тұмсықпен соғып қиратып, жол ашып келеді. Әрбір метр оңайлықпен берісер емес. Сеңмен соғысып, толқынмен тіресіп
ілгері ұмтылған қайсар теплоходтың мұз қүшағынан алғашқы алып шыққаны стойка
мен  реюшка болды. Төртсуінде жиырма бір
балықшы бар еді...

"Новая жизнь" колхозының  қайығы кешегі дауыл кезінде бір жерде тұрған
болатын. Түнде мұз көше бастаған кезде де олар жүбын жазбастан, топтаса ықты. Таң
ата мұз аумағы көбейіп, олардың қыспағы да күшейіп кетті. Әжептәуір үп-үлкен қайықтардың
қалың тақтайдан жасалған мықты борттарына жел екпінімен жөңкіліп келіп, тарс
соғылғанда мұз сатыр-сұтыр сынады да, қайықты сығып жіберетіндей болып
сықырлата түседі. Әйтеуір бір тәуірі әлі қайраң кездескен жоқ.

Бірақ көп ұзамай-ақ қатерлі қауіп төнейін деді. Анығырақ
айтқанда, сол қауіп кенеттен жылт етіп шыга келіп, жұрттың жүрегін мұздатын,
суық құшағына құшуға айналды. Ең шеткі екі стойка қайраңға тірелді де, мұз қыспағына
төтеп бере алмай, жұрттың көз алдында қақ орталарынан қажалып, қырқыла бастады.
Ақ шүберектей бозарып кеткен беттерінде бір тамшы да қан қалмаған балықшылар
басқа қайықтарға түгелдей ауысып үлгермеді, темірдей беріқ пышақтай өткір құрсауға
түскен стойкалар біртүрлі сықырлап, шиқылдап барып быт-шыт болып қирады да,
біртіндеп суға бата берді. Олардың орнында бірінің үстіне бірі шыққан мұз үйіндісі
ғана қалды.

Біраздан соң ол да жоғалып, қатыгез теңіз түк
көрмегенсіп жата берді. Жұрт соңында қалып секіре жүріп, суға да малшынып,
жанындағы қайыққа әзер жетті. Сәл кешіккендерінде стойкалармен бірге су түбіне
кетіп-ақ қалатын еді.

Алайда қалған бес қайықтағы адамдардың өміріне
төнген ажал ызбары бұрынғысынан айқын сезіліп, жақындай түспесе, алыстамаған
еді. Мейірімсіз мұз көпірі оларды жаңағы екі стойканы жұтқан қайраңға қарай
ақырын ғана ықтырып келді. Жиырма адам бір-бірімен үнсіз ғана қоштасып, ақтық
демдерін іштеріне алып тұр.

Дәл осы кезде әлдекімнің толқын шуылы мен мұз сықырының
тұла бойды тітіркендірген азапты дыбысын бұза шыққан қуанышты айғайы саңқ ете
түсті.

-  Кеме!!!
Қарандар, кеме!...

Мойындарына су
кеткендей болып, мөлиіп тұрған
жұрт бастарын бір кісідей жалт бүрып, көз ұшында, алыста келе жатқан кішкентай кемені көрді. Ауыздарынан
"Уһ!" деген күрсініс те
қатар шықты. Бірі күліп, бірі жылап, бірі бас киімдерін аспанға атып жатыр...

У-шу,
азан-қазан.

Осы жұрттың арасында колхоз председателінің
орынбасары Кондратов та бар еді. Ол дүрбісін алып қарап жіберді де, келе жатқан кеменің
"Отважный" екенін жазуы көрінбесе де
нобайынан таныды. Теплоходтың үлкен қиыңдықпен әрең жылжып келе жатқанын да көрді ол. Осы жай шошындырады. Көмек пе,
жоқ әлде өлім бе? "Отважный" ма, қайраң ба? Қайсысы бұрын
жетеді? Екеуі де жақындап келеді, әсіресе,
қайраң таяу қалған сияқты.

Екі арада
үш-төрт метрдей қалғанда "Отважный" балықшылардың қатерлі
хал-жағдайларын анық байқап жүрісін арттыра
түсті. Сәті келгенде оның алдындағы үлкен мұздар да азайып, жол
едәуір тазарды. Қайраңға тағы
да бір қайық тірелді. Бірақ, бұл кезде "Отважный" да жетіп үлгірген
еді...

Қатерлі жағдайды көргеннен кейін Черкасов бірер
минуттай ғана ойланып қалды. He істеу керек? Қайықтарды тіркеуге алып, сүйретіп
әкету мүмкін емес. Мұз бұрынғысынан бетер тұтасып, көбейіп кетті.

"Отважный" он бес-ақ адамдық кеме.
Көлемі де, қуаттылығы да, құтқару құралдары да осы шамаға ғана жетеді. Балықшыларды
өз бортында қабылдағанмен жолшыбай бір пәлеге ұшырай қалса қайтеді? Бірақ
оларды анық өлімге тастап кетуге және болмайды. Бұл теңіз заңына, теңізшілер дәстүріне
жатпас еді.

Сөйтіп,
бас-аяғы бес-он минуттың ішінде жиырма балықшыны теплоходқа мінгізді де,
тездетіп кері тартты. Шынында
да, қайтар жол келер жолдан әлдеқайда қиын, қатерлі болды. Мұз құрсауының
түтасып кеткендігі сондай - оны жарып өту үшін "Отважный" үнемі кейін
шегініп, сосын бар жүрісімен алға қарай екпіндеп келіп, тосқауыл мұзды тұмсығымен
сүзе сындырып отыруға тура келді. Штурвалға Черкасовтың өзі тұрды.

Ілгері-кейін, ілгері-кейін...

Мұз көшкіндері теплоходты екі бүйірінен қысып, жаныштап,
қабыстырып жібермек, тұмсықтан итеріп, аударып тастамақ болады. "Отважный"
бой берер емес. Моторын ышқына
гүрілдетіп, барған сайын ілгерілей түсуде.

Двигательді
салкындатып тұратын кингстондар мен мотор бөліміне су жіберетін сүзгіге
әлсін-әлі қар мен мұз кептеліп қалады. Оларды Леша Смыкунов пен
Юра Зеленко тазалап отыр. Екеуі де әбден қалжырады. Бірақ жұмысты бір минут та тоқтатуға болмайды. Тек алға қарай, тереңге қарай кету керек. Қауіптен олар
сонда ғана құтылады. Мұны Юра да, Леша да жақсы түсінеді.
Екеуінің әйнектей тіліп түсетін откір
мұзға да, саусақтың ұшынан шымшып, түла бойды аралап өтіп, миды қаритын аязға да қарамастан жұмысты екілене істеулері де сондықтан.

Кешегі түнгі
оқиғадан кейін бұрынғысынан
да ары бұйығыланып, тымырайып
алған Слитаның мүлдем ұнжырғасы түсіп кеткен. Ол тан атқалы ешкімге ләм
деп жауап қатқан жоқ. Өзіне берілген
тапсырмаларды үнсіз ғана тыңдайды да, сылбыр
қимылмен орындауға кіріседі. Жүзіндегі кешеден қалған үрей ізі де әлі айықпаған. Теңіз бетіне әлсін-әлсін сескене көз тастап қояды...

"Отважный"
әр метр үшін арпалысып алға жылжып келеді.
Рульде - Черкасовтың озі. Кеме командасындағы бір адамның да қолы бос емес. Бәрі де өз орындарында. Тіпті Шура апай да біресе жоғарыға
көтеріліп, біресе төменге түсіп, тыным таппай жүгіріп жүр. Жүгірмей
қайтсін! Азықтары таусылып, аштыққа ұшыраған жиырма адамды тамақтандыру оңай
болып па! Оның үстіне өзінің сайдың тасындай
тоғыз "ұлы" және бар.
Олар да ауыздарын ашып, анасынан
тамақ тілеген балапандарша жаутаңдап Шура апайдың қолына қарайды. Шура апай
бәріне де үлгереді, бәрін де
тойғызады. Ол, керек болса, кешегі түннен осында қалып қойған қараторғайды да ұмытқан
жоқ. Құс та өз сыбағасын алды.

..."Отважный"
өгіз арбаның іш пыстырар шабан аяңынан да
баяу жүріспен алға жылжып келеді. Бірақ, оны тоқтата алатын ешбір күш жоқ тәрізді. Өйткені ол бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара қимылдаған тағдыры
бір туыс-азаматтардың қолында. Ал бұл
кезде теплоход бортында келе жатқан
жиырма балықшының манағы қатерлі қайраңның мұз құрсауында қалған қайықтары түгелдей теңіз түбіне шөгіп кеткен еді.

Таң ата
"Отважный" мұз құрсаудан құтылып, терендегі таза суға шықты. Екі тәуліктен бері көз шырымын алмаған Черкасов каютасына кіріп, жаңа ғана
жантайған еді. Көзі ілінер-ілінбестен
қайтадан оянып кетті. Бас жағы мүлдем аласарып,
аяқ жағы жоғарылап кетіпті. Жастығым түсіп қалды ма деп қарап еді, бірақ
орнында екен. "Толқынның әсері шығар"
деп ойлады Черкасов. Алайда, каютаның жаңағы қалпы бір-екі минуттан соң да өзгермеді: есігі жоғарыда, төрі төменде.

Бәрі де
бірнеше минуттан кейін белгілі болды. Балықшы қайықтарын жалмап жүтып, теплоходқа тосқауыл жасап, қыспаққа алған мұз құрсауы "Отважныйды" өз құшағынан оңайлықпен
босатпаған екен. Өңешінен өткізе алмаса да, есесін
жібермепті. Үш жерден ен салыпты: теплоходтың темір корпусы мен жағармай құятын
цистернасы тесіліп қалыпты. Сол үш тесіктен ішке кірген су теплоходтың оң жағын басып, қисайтып барады екен.

Мұз құрсауынан құтқарылған
жиырма балықшы отырған салон мен капитанның каютасына су тола бастады.

О бастағы
Черкасовтың апат жайындағы радиограммасын моторлы-балық аулау станциялары мен
колхоз істері жөніндегі Гурьев облыстық
басқармасының бастығы Жазықбаев дәл осы кезде алған еді.

Бұл радиограмма жалғыз Жазықбаевты
ғана емес, облыстың балық шаруашылығы қызметкерлерін түгелдей толғандырды.
Керек десеңіз, бүл хабар Астраханьдағы жолдастарды да дегбірсіздікке түсірді.
Өйткені теңіздің кенет мұз басқан ауданында Астрахань облысының да жүздеген балықшы қайықтары жүрген болатын. Оларға көмек көрсете алатын
бірден-бір кеме - темір
корпусты моторлы кеме "Отважный"
еді. Енді, міне оның өзі де
тесіліп, өте қауіпті жағдайда қалды.

Бірақ совет
адамдары бірін-бірі қандай қиын-қыстау жағдайда болмасын жалғыз тастап, қол
созбай отыра ала ма? Бұл жолы
да солай болды. Мұз қыспағында қалған балықшылар мен "Отважный"
теплоходының тағдыры жүздеген адамдарды толғандырды. Гурьевте
"Отважныйды" қауіптен құтқару жонінде арнаулы комиссия құрылып,
авиация іске қосылды, "Отважныйға" кемекке "6032"
"Серп и молот" "ПТС-13" теплоходтары және
"Коммунар", "Комсомолең" кемелері жіберілді.

 

* * *

 

Отважныйдың командасы мен оның бортындағы балықшылар
бастарына қауіп төнгенде алды-алдына бас сауғалап, сасқан жоқ. Олар алғашқы
қорқынышты жеңе білді. Сойтіп ішке кіргсн суды қаз-қатар тұра қалып, бір
кісідей ұйымшылдықпен сыртқа төге бастады. Әмір үшін арпалыс торт сағатқа
созылды. Бәрі де шаршады. Бірақ ешкім
де өз орнынан кеткен жоқ.
Ақыры тесік бітеліп, су да сыртқа
тогіліп болды. Кеме өзінің бұрынғы қалпына келді...

Ертесінде
көмекке жіберілген
"6032", "Коммунар", "Комсомолең" кемелері келіп
жетті. "Отважный" бортындағы балықшыларды
соңғы екеуіне отырғызды да, тесіліп қалғандығына қарамастан теңіздің о шеті, бұ шетінде бытырап жүрген балықшылар флоты түгел табылғаннан кейін өз күшімен Гурьевке келіп, жөндеуге тұрды.

"Отважный"
теплоходы өзінің атына сай осындай ерлік етті. Қиыншылықта өзі бас сауғалап қаша
жөнелмей, дүлей табиғаттың күшіне
қаймықпай қарсы тұрды.
Бірнеше кемелерді апаттан құтқарып, отыз екі адамды өлімнен Аман алып қалды.

Әдетте,
"ерлік" деген сөз айтылғанда жеке адамдардың жүрек жұтқан
батылдығы, таңғажайып ерекше істері көз алдыңа
келеді. Ал мұнда ешкім де
ерен көзге түсіп, бөлектe жарқ ете қойған жоқ. Бәрі де өз
орындарында болды, өздеріне
тапсырылған жұмысты қандай қиыншылықта да бір
минутқа тоқтатпады. Бұл -
топтан жырыла шықпай, жеке-жеке алып
қарағанда елеусіз сияқты көрінетін, адамдардың бірігіп жасаған ерлігі!

Тек Виктор
Слита ғана күйректік көрсетті. Гурьевке келгеннен кейін ол арыз беріп,
теплоходтан кетті. Теплоход қана
емес, теңізбен де біржола қош айтысты...

Ал капитаңдар
қауымы Василий Иванович Черкасовты бұрынғыдай сыртынан "Қолынан
түк келмейтін қорқақ капитан" деп жамандамайтын болды.

 

* * *

 

Кейін
"Отважный" теплоходы экипажынын, ерлік істері Қазақстан JIKCM1 Орталық Комитетінің бюро мәжілісінде арнайы
сөз болып, азаматтық жасаған коллектив мүшелері түгелдей Орталық Комитеттің Құрмет грамотасымен наградталды.