ВЕРНУТЬСЯ

      Совет халқы
фашистік Германияны жеңген ұлы
салтанатының XX жылдық мерекееіне қызу дайындалып жатқан күндерде, 1965 жылдың 20 апрелінде, мен Алматы қалалық партия комитетінің сол кездегі екінші
секретары Михаил Иванович Есенәлиев жолдасқа
мынандай хат апарып бердім:

"Қазақстан Коммунистік партиясының Алматы
қалалық комитетіне "Лениншіл жас" газеті редакторының
орынбасары, Алматы калалық Советінің
депутаты, КПСС мүшесі Жанұзақов Тельманнан 1939 жылдан КПСС мүшесі, аты аңызға айналған
Брест қамалының қаһармандық қорғанысына
қатысушы, қазақтың тұңғыш партизаны Сыдықов Нұрым жолдастың өтінішін сіздерге жолдай отырып, оның кідіріссіз талқыланатынына және өтініш иесінің кішкентай тілегі
қанағаттандырылатынына сенім артамын.

Мына жайттарды
қоса айта кеткен жөн: осы жылдың февраль
айында мен Брест қаласына командировкаға барып, осындай тамаша адаммен
таныстым, ол жөнінде үлкен очерк
жазуға деректі материал жинадым. Кезівде оның Брест гарнизонында қызмет атқарып, кейінірек партизан жасағында болғанын
мен бұрыннан білетінмін. Енді
көптеген

архив документтерін мұқият зсрттеп, Белоруссиядағы партизан
қозғалысының тарихымен танысқаннан кейін мен Сыдықов Нұрым жолдас партизан-қазақ деген берік
тоқтамға келіп отырмын. Өйткені
партизан соқпағына ол 1941 жылдың 25 июнінде, яғни соғыс басталған соң үш-ақ
күннен кейін түскен. Бұған қоса
Сыдықов жолдас қатарында болған партизан жасағы 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының - ең бірінші
демесек те - ең алғашқы партизан топтарының
бірі ғой деп ойлаймын. Жазушы С. С. Смирнов та өзінің атақты "Брест
қамалы" атты кітабында осы пікірді
айтады. Сөйтіп, Сыдықовты қазақ қана емес, күллі Отан соғысындағы ең тұңғыш партизандардың бірі деп
есептеуге болады.

Алыстағы жау
тылында жүріп Сыдықов жолдас белорус жерін
фашист басқыншылары мен олардың әр алуан құйыршықтарынан тазарту ісінде нелер ерлік көрсетті, сол қаһармандығы
үшін оған Қызыл Ту ордені, екі Қызыл Жұлдыз ордені, ІІ-дәрежелі Отан соғысы ордені,
Қаһарман Кресі атты поляк ордені,
көптеген жауынгерлік медальдар
сияқты наградалар берілген.

Қазақ халқының
ардагер ұлы, Брест қаласының құрметіне бөленген
"Нұрым-Роман"
есімді атақты партизанның ерлік істері
бізге соңғы жылдары ғана белгілі болып отыр. Соған қарамастан Сыдықов жолдас туралы дүниелер аз емес. "Брест қамалы" атты кітабы Лениндік сыйлыққа
ұсынылып отырған бслгілі жазушы С. С. Смирнов ол туралы өте бір жылы сүйіспеншілікпен тсбірене, мейірлене
жазады. Біздің қазақстандық журналист ЬІ. Шахов та өзінің "Қазақстандықтар - Брест қамалын қорғаушылар" деген кітапшасында Сыдықов жайына арнайы тоқталған. "Социалистік
Қазақстан", "Казахстанская
правда", "Лениншіл жас", "Жетісу" және басқа газеттерде ол жайлы бірнсше
заметкалар, мақалалар мен очерктер
жарияланды. Осы жазбаларға мен солардың

кейбіреуін қоса тіркеп отырмын.

Жоғарыда
айтылған жайттарға құлақ
қойсақ, Сыдықов жолдасқа Алматы
қаласынан коммуналдық тұрғын үй беріліп қана қоймай одан да мәндірек сый-құрмет
көрсеткен лайық болар еді. Ал егер
бүның озі Жеңіс Күнінің 20 жылдығы сияқты тарихи ұлы оқиғаға дөп келгенін еске алсақ, бұл мәселе менің пайымдауымша, азаматтық істер шеңберінен шығып, саяси мәнге ие болса керек. Бірақ,
тумысынан кішіпейіл, ұяң, инабатты болып өскен бұл жан өзіне ешқашан да елден ерек жағдай
талап ете қоймайды. Осы жайларды ескере отырып, Қалалық партия комитстінен өтінсрім мынау:

1)         "Сыдықов Нұрым жолдасты Жеңіс күнінің 20 жылдығын тойлау салтанатына
қатыстыру үшін мемлекет немесе қоғамдық ұйымдар ссебінен Алматыға қонаққа шақыру мәселесін тоқтаусыз қарау керск; өйткені ол азғантай ғана пенсия алады, сондықтан Алматыға өз қаржысымен келе алмайды.

2)         Оған ең таяудағы уақыттың ішінде
коммуналдық тұрғын Үй беру мәселесін де қатар шешкен жөн.

3) Екінші мәселе ойдағыдай шешіле қалған жағдайда,
(солай боларына күмәнім жоқ), Сыдықов жолдасты бір ыңғайлы жұмысқа
орналастырған жөн. Ол әлі қартаймаған (жасы - 48-де), еңбек ету қолынан
кёледі".

I. Ерлік эпопеясы

Бұл қаланың атын мен тұңғыш рет осыдан бақандай
жиырма екі жыл бұрын, қаһарлы 1943 жылдың қысында естідім. Содан бері жадымда
жатталып, балалық зердемнің бір түкпірінде бітелмес сандау боп қалып қойыпты.

Ол кезде
екінші класта оқитын едім. Әлі есімде, бір күні шешем марқұм
біздің тұқымнан әкем бастап
соғысқа кеткен ер азаматтардың майданнан салған хат-хабарларын ақтарып отырып,
қолыма кішірек бір суретті ұстатты:

- Білесің бе, жарығым, мынау ортадағы Әшім
ағаң ғой. Таныдың ба?

Мен жөнді танымасам да, басымды
изедім. Өрімдей үш жітіт. Үшеуі де
әскери форма, бастарына шошақ төбелі шлем киіпті.

- Сыртындағы жазуын оқышы!

Мен ежіктеп
оқи бастадым: "Брест қаласы, май 1941 жыл".

- Құдай-ау, әлі күнге бір хабары жоқ, - деді шешем шерлі үнмен ауыр күрсініп. - Брест дәл
шекарада деуші еді... Сүм неміс...
Сақтай гөр, жасаған ием!..

Ағайдың өз
қолымен жазған амандық хатын алғанға дейін жоғарыдағы
көрініс жиі қайталанып жүрді. Бар әңгімеміз Брестке
келіп тірелетін де осы арада үмітіміз пышақ кескендей боп үнсіз қалатынбыз.
Шынымды айтсам, ішімнен "Әшім
ағаны құртқан осы Брест дейтін бәле-ау" деп те ойлайтынмын. Арада жиырма
жылдан астам уақыт өтсе де бала кезімде
кездейсоқ естіген қала атын осы шаққа дейін ұмытпауымның бір себебі осында
болса керек.

Екінші рет
Брест жайлы, ондағы қаһарман қамалды қорғаған жау жүрек жандардың ғажайып ерлігі жайлы әңгімені әжептәуір есейген шағымда естідім. 1955
жылдың жазында Қазақ университетінде
Москвадан келген бір топ орыс жазушыларымен кездесу болды. Сол кездесудің
үстінде Сергей Сергеевич Смирнов өзінің Брест қамалы жайлы, онын қаһарман қорғаушылары туралы материал
жинап жүргенін айтып берді. Кейіннен осынау
белгілі жазушының сол тақырыпта
өптеген очерктерін оқып, радиодан сөйлеген сөздерін тындадық. Лениндік сыйлыққа ұсынылған
""Брест қамалы" атты
басты кітабы қолымызға тиді.

Бұл қаланың, әсіресе, ондағы аты
аңызға айналған Брест қамалының
тарихы бұл күнде күллі дүние
жүзіне аян. Бұл туралы толып жатқан ірілі-уақты очерктер,
әңгімелер мен естеліктер, поэмалар
пен пьесалар жазылды, кино да шығарылды, суреттер де салынды. Сондықтан бұл мәселеге тоқталып жатпай-ақ
қоялық. Тек оқушы назарын мына бір жайттарға
айрықша аудара кетуді жөн көрдік.

Брест -
ежелден-ақ стратегиялық маңызы бар пункт, Ол
Россия, Польша, Литва сияқты үш мемлекеттің шекаралары түйіскен жерге
орналасқан. Сондықтан да талай-талай қанды
қақтығыстардың кезінде қолдан-қолға өтіп, бірде россиялық, бірде польшалық, бірде литвалық аталып келді.

Брест
қамалының фортификациялық құрылыстарын жобалап
салуға орыс инженерлері Тотлебен, қаһарман генерал Карбышев қатысқан.

Жас совет
мемлекетіне өп қиыншылық әкелген 1918 жылғы
Германиямен келісімге осы Брест қамалындағы Ақсарайда қол қойылған.

Ұлы Отан соғысындағы тұңғыш бомба Брестке тасталды, тұңғыш снаряд та осында жарылды...

Бүкіл Европаны
баса-көктеп өткен фашист дивизиялары дүние жүзілік екінші
соғыстың тарихында тұңғыш реет осы Брест түбінде тоқтауға мәжбүр болды.
Жай тоқтап қана қоймай, тұмсығы қызыл-жоса қан болып, таяқ
жеді.

Соғыс өртіне
бірінші болып шарпылған Брест неміс фашист
басқыншыларынан совет қалаларының ішінде ең соңғы
болып тазартылды...

 

Міне, мен
осынау Брестке келе жатырмын.
Өздерінің өмірбаянын Ұлы Отан соғысының от-жалынында
бастаған талай-талай қазақстандық жас
батыр осында қан төккен. Олардың
бірсыпырасы бізгс біраздан бері белгілі, бірсыпырасымен жақында ғана таныс бола
бастадық, ал бірсыпырасы бізге әлі де беймәлім. Мен осынау жаужүрек жандардың
небір ғажайып ерлік істерінің куәсі болған қасиетті жерді, қаһарман қамалды өз
көзіммен көру үшін Қазақстаннан әдейі келемін.

Брестке жақындаған сайын жүрек дүрсілі күшейе
түседі. Өзінді алда сонау қаһарлы қырық бірінші жылдың қиянкескі оқиғалары
күтіп тұрғандай сезінесің. Еріксіз ойға қаласың...

Біз ол кезде бала едік қой. Үлкендердің қатулы
жүзінен ғана қаймығып, әйедцердің күңіренген жоқтауларынан шошынбасақ, соғыс
бізге қызықты кино немесе ертегі боп көрінбеді ме? Аш қаламыз, аңырап қаламыз,
балалық өмірдің көп ләззатын қарын тойдырудың қиын қарекетіне айырбастауға
мәжбүр боламыз деп ойлаппыз ба біз!.. Жоқ, ойлаған емеспіз.

Иә... Біз
соғыстың от-жалынының ыстық лебіне шарпылған жоқпыз. Бірақ, күн мен қараңғылық
беттесіп, жақсылық пен жауыздық белдескен майдан шебінен шалғайда жатсақ та, шала ойлы бала болсақ та, соғыс
атты сұрапыл күштің уытты демін айқын сезіндік. Бәлкім,
мен секілді отыздың о жақ, бұ жағындағы бүгінгі орта буынды
жасына жетпей ерте есейткен де сол
бір ауыр жылдар шығар...

Ой артынан ой
келеді. Бүкіл Батыс Европаны шайнамастан жалмап жұтқан фашизм біздің елімізге ауыз салғанда неге қақалып қалды?.. Қаһарман Қызыл Армия
үш ай бойына неліктен шегінді? Гитлер жеңіп кеткенде не болатын еді?.. Жо-жоқ, бұл мүмкін емес-ті! Сонда да... қайтер еді?.. Жоқ, жоқ! Мен мұндай қасиетсіз сұраққа жауап іздеп бас қатырғым келмейді. Өйткені, біз тірі
қалдық. Аға буынның, өз өмірлерін
біздің амандығымыз үшін, біздің жастығымыз бен
бақытымыз үшін пида еткен ер жүрек жандардың арқасында тірі қалдық! Бүгінде
аспанымыз ашық болса, төбемізде күн
күлімдеп тұрса, даламыз
жайқалған егін мен мыңғырған малға толы болса, мектеп табалдырығынан космос кеңістігіне дейінгі есік атаулының баршасы
алдымызда кеңінен ашулы тұрса, қысқасын айтқанда, біз
осыншама бақытқа емін-еркін ие болып
отырсақ, бұл үшін біз аға ұрпақтың алдында қарыздар емеспіз
бе?..

Мынау Брест
қамалында сол ұрпақтың мәңгі
өшпес ізі бар. Төгілген қаны бар. Қураған сүйегі бар. Ұмытылмас ерлігі бар. Мен соларға өз жолдастарымның,
құрбы-құрдастарымның атынан бас иіп тағзым етіп, батыр ағаларымыздың қаны
сіңген қара тастарды құшақтап,
сүю үшін келемін. Бұл қызыл
сөз емес. Бұл - шындық...

Қамалда арнаулы музей бар. Ол бұрынғы инженерлік казармаға орналасқан. Брест батырларының
дүние жүзін таңқалдырған ғажайып ерлігіне байланысты экспонаттар осында
жинақталған. Бұл музейді,
оның эскери тәртіпке тән ұқыптылықпен
өте қарапайым жабдықталған әдеттегі жарқыл-жұрқылсыз сұсты
залдарын аралағанда ағалар ерлігін суреттейтін
эпопеяны оқығандай әсер аласың. Бәрін айтып жату
мүмкін емес. Жеке штрихтср ғана.

Қираған
қоңыраулы сағат тот басып, әбден шіріп бітуге сәл-ақ қалған кезінде табылыпты. Бірақ тілдері аман. Сағаттың тілі
цифсрблаттағы әдетте "4" саны тұратын тұста да, минуттың тілі "10", мен "
11 "-дің аралығында тоқтапты. 1941 жылдың
22 июніндс, таң қараңғылығында тоқтаған бұл сағат, мәңгіліктоқтаған. Гитлершіл фашистердің СССР-ге шабуылы
басталған сәттің тілсіз куәсі
болу үшін тоқтаған.

"Өлеміз,
бірақ қамалды тастамаймыз!", "Өлсек те масқара болған жоқпыз", "Біз бесеу едік: Седов,
Грутов Г, Боголюб, Михайлов. Селизанов В. 22 VI. 1941. ж. Өлеміз, бірақ кетпейміз!", "Берілмей өліп барамын. Қош бол, Отан! 20. VII-41". Қамал қабырғаларында бұл жазулар мылтықтың найзасымен, қанжардың ұшымен жазылған...

Қамал
гарнизонының құрамына кірген әскер бөлімдерінің тулары. Мәселен, мынау 393 - жеке зенитті артиллериялық
дивизионның туы жер астында 15 жыл көмулі жатқан. Оны 1956 жылы P. К.
Семенюк тауыпты.

...П0957174
комсомол билеті. Алексей Федорович Нагановтікі.
Лейтенант Наганов бір топ жауынгерлерді
басқарып, қамалдың Терасполь қақпасын қорғаған. Оның сүйегі 1949 жылы қираған мұнараның астынан табылды. Жанында винтовкасы, қолында екі оғы қалған
пистолеті бар екен. Бұл -
ержүрек лейтенант ақтық демі біткенше атысып, алысып олдідеген соз еді. Алексей
Наганов біздің жерлесіміз, Семейде болған деген пікір бар. Қашан болған, не
істеген, кім біледі? Бүл сұрақтарға мен сшқандай нақты жауап таба алмадым.
Ульяновск облысында тұратын әкесіне, әйелі мен Қызына хат та жаздым. Бірақ, әлі
жауап келмей жатыр. Мүмкін бұл жайтты анықтауға газет оқушылары, семейлік жолдастар
көмектесер.

Музейде қамал
қорғаушыларының толып жатқан суреттері
бар. Олардың ішінде біздің казақ азаматтары да жоқ емес екен. Мәселен, бір залда пилотка киген уылжыған жас жігіттің суреті көзіме оттай басылды.
Суреттің астына "Қасым Ілиясұлы Жәрменов - кіші сержант, 75 -
жеке барлау батальонындағы броньды
машинаның командирі.

Брест
түбіндегі ұрыстарға қатысқан.
Қазір Шымкент қаласында дене шынықтыру пәнінен сабақ береді", - деп жазылыпты.
"Лениншіл жастың" Шымкенттегі меншікті тілшісі Еркінбай Әкімқүловқа шұғыл тапсырма берілді. Көп ұзамай-ақ газетте оның Қасым Жәрменов жайлы
жазған "Жоғалған есім" атты мақаласы да шықты.

Екінші сурет -
Нұрым Сыдықовтікі. Рас, бұл
кісі тікелей қамал ішіндегі ұрыстарға қатыспаған, бірақ... Нұрекенді қазақтың тұңғыш
партизаны десе де болады. Қалайша, неге?...
Тегінде, менің сонау қиырдағы Алматыдан Отанымыздың батыс шекарасындағы Брестке
келуімнің бір басты себебі де
омырауынан бес бірдей жауынгерлік орден, әлденеше медаль жарқыраған осы бір
қаһарман жанға жолығу еді. Ол кісі
жайлы арнаулы әңгімелейтін болғандықтан бұл арада көп созып жатуды
жөн көрмедік.

Брест
қамалының қорғанысына қатысқан Қазақстан азаматтары
аз емес екенін жоғарыда айттық қой. Олардың бірсыпырасының
есімдері бізге белгілі де: Әуелбек Сабырбаев, Иван Арыскин, Көпесбай Иманқүлов,
Ғаббас Жұматов, Саут Ушуров,
Владимир Фурсов, Мақсұт
Ниязов, Қасым Жәрменов, Петр
Карболин, Махмет Арсланов, Иманақын Қамалов,
Александр Сопиков, Қажымұрат
Сыздықов, Сергей Лебедев, Урушан Гаджиев және басқалар. Бұлардың әрқайсысының
өмірі жеке-жеке кітап етіп жазуға тұрарлық, ерлік пен батылдыққа толы өнегелі өмір.
Өйткені, жазушы С. Смирновтың
айтқанындай, "Брест қамалының қорғаушысы" деген аттың өзі ғана
"Батыр" деген сөзге пара-пар, орденге
немесе медальға татитын атақ.

Брест
батырлары! Мен, отыздың ішіндегі орта буынның бір өкілі, сендердің қасиетті қамалдарыңа өз замандастарымның
өмірін сақтап қалған ерліктерің үшін тағзым етуге келдім.

2. Казақтың тұңғыш партизаны

Жоғарыда
әңгімемізді "Нұрым
Сыдықов - қазақтың тұңғыш партизаны" деп аяқтаған
болатынбыз. Бұл жаңылыс
айтылған сөз емес. Бірнеше айға созылған зерттеулер мен көптеген документтерді ақтарғаннан кейін жасалған қорытынды. Рас, Ұлы Отан соғысы жылдарында
украин хуторлары мен белорус
ормандарында, шалғай түпкірдегі орыс
деревняларында жергілікті халықпен бірге партизан қозғалысына қатысып, мәңгі ұмытылмас даңққа бөленген қазақ азаматтары аз болған жоқ. Ел басына
күн туған шақта етігімен су кешкен
осындай ерлер жайлы партизан жазушылар
Жүмағали Саин, Қасым Қайсенов, Әди Шәріпов
жазған өлең-әңгімелер, естеліктер мен очерктер дүйім жұртқа
белгілі. Бірақ, солардың барлығы дерлік партизандық
күреске 1942 - 1943 жылдардан
бастап қана араласқан.

Менің алдымда
уақыт табы сарғайтқан кене документ жатыр.
Үлбіреген бір жапырақ сары қағаз. Соның бетіндегі тозуға айналған, командирдің бұйрығындай қысқа да дәл мағыналы
сөздерде қаншама сыр бар!

 

ЖАУЫНГЕРЛІК МІНЕЗДЕМЕ

 

Брест қурамындағы Чернак атындағы партизан

отрядының рота командирі Сыдықов Нұрымға.

Жолдас Сыдықов Нурым отрядта 1941 жылдың 25 июнінен бері болып, төмендегі
шаруаларды тындырды:

Оның есебінде жаудың жолдан құлатылған
үш эшелоны, әскер күшін тиеген 15 автомашинасы және
өлтірілген 73 неміс пен полицай бар. Дұшпан гарнизондарын талқандауга 25
реттей қатысып, 12 засадада болды.

Оның басіиылыгымен рота жаудың әскер мен техника тиеген 82 эиіелонын
қулатып, 25 автомашинасын қиратты.

Жолдас Сыдықов Нұрымды осындай жақсы жумыстары
үшін отряд командованиесі 4-ші реет мемлекеттік наградаға
ұсынып отыр.

 

Ол отрядтағы ең өнегелі және
тәртіпті партизан. Чернак атындағы партизан отрядының
командирі ХОМИЧ.

Чернак атындағы штаб бастығы ВЕДМЕНКО.

 

 

Сонымен Нұрым Сыдықов партизан соқпағына
1941 жылдың 25 июнінде, яғни соғыс
басталғаннан үш күннен кейін аяқ
басқан. Ал, бұдан ерте партизан болған қазақ бар деген сөзді мен ешқайдан оқи алмадым, ешкімнен ести де алмадым. Керек десеңіз, бұл да аз. Нұрекендер ұйымдастырған Чернак атындагы отряд Ұлы Отан соғысындағы еқ тұңғыш, ең бірінші партизан отряды емес пе деген де ой келеді. Өйткені мерзімді баспасөз бен
толып жатқан естеліктердегі негізгі
деректерге көз жүгіртсек дәл 25 июньнен ерте
ұйымдасқан бір де бір
отрядтың тарихын таба алмаймыз. Бұл
заңды да. Фашист басқыншыларының оккупациясына ұшыраған тұңғыш
совет территориясы - осы Брест қаласының
айналасы.

Яғни жаумен
жағаласқан партизандар да осы Брест маңының жау жүректері ғой. Ендеше Нұрым
Сыдықов пен оның жолдастарын Ұлы Отан соғысының ең тұңғыш парти-

зандары деуге толық негіз бар.

Нұрекеңнің өмірі мен ерлік істері,
тіпті оның жер бетінде тірі
жүргендігі жайлы хабар қазақ халқына тск соңғы жылдары ғана белгілі болып отыр.
Даңғойлықтан горі байсалдылығы басым, кеуде соғып көпіруді жаны сүймейтін кішіпейіл абзал ағамыз өзінің жігіттік шағы,
жалынды жылдары лаулап өткен сол Брест қаласында күні бүгінге дейін тұрады. Қазақстанға терт рет келіп қайтты. Тек соңғы жолы, өткен жазда келген кезінде ғана ол өптеген
жолдастарының қолқа салуымен журналистер қауымына азын-аулақ әңгіме айтып берді. "Социалистік
Қазақстан", "Жетісу", "Қазақстан
пионері" газеттеріндегі бірсыпыра мақалалар да осыдан соң
жарияланып, Нұрекең бұдан аттай 23 жыл бұрын қан майданда қапылыс
ажырасқан, өлдіге санап жүрген жолдасы, Әйіп Қонысбаевпен Алматы
телестудиясында кездесті.

Бірақ, осы
материалдардың бәрінде де бір жайт ескерусіз қалған сияқты. Нұрым
Сьщықов жайлы жазған менің қаламдас жолдастарым түгелдей дерлік ол кісіні Брест
қорғанысының батыры есепті барынша толық суреттейді де, партизандық өмірін
айтуға келгенде сьщыртып өте шығады. Рас, Нұрекең қамал үшін қақтығыстардың да
қалың ортасында болды. Бірақ, ол
тікелей қамал ішінде соғысқан жоқ және ондағы
шайқастарда бір-ақ күн, 22 июнь күні ғана болды. Ал соғыстағы қалған үш жылы партизандық орманда өтті, омырауындағы
бес жауынгерлік орден мен медальдарды сонда жүріп алды. Әрине,
"Брест батыры" деген үлкен атақ. Алайда тұңғыш
партизандарымыздың қаһарман істері сол батырлықтан бір мысқал да кем емес.

Байтақ
Отанымыздың батыс шекарасындағы батырлар қаласы, батырлық қамалы - Брестке мен, мінеки, осындай адамды
іздеп бардым.

 

3. Қамалда

 

Нұрекең екеуміз көне қамалдьтң кең территориясын
аралап жүрміз. Қалың ағаш қаулай өсіп, соғыс салған сансыз жараны қанша
жасырайын десе де, қираған қызыл кірпіш, от пен оқтан қап-қара болып, қара
тастай қатып қалған қамал қабырғалары, бір кездегі от құсқан қаһарлы көмейлерін
көкке созып, енді жоқтау айтқандай сорайып тұрған тот басқан зеңбіректер, құшағында
қай қыршынның жатқанын өзі ғана білетін сұрқай да сұсты құлпытастар Бұл арадан ажалды
селдің арқырап откенін, темір мен тасты қорғасын-

дай балқытып, нелер боздақты күл мен топыраққа көміп кеткенін үнсіз жария
етіп тұрғандай. Ардагер ағалардың қасиетті қаны сіңген мына қамалдың әр сүйем
жері, әр уыс топырағы, әрбір тасы маған қасиетті тәбәріктей көрінеді.

 

Күн де бұлыңғыр еді. Алабұртқан көңілге ол да әсер
ететін сықылды. Әйтеуір, мен мынау қасиетті қамалдағы қасиетті тыныштықты бұза
алатын емеспін. Талай сұрақ тіл ұшына тілемсектеніп келеді. Бірақ, әңгімені Нұрекеңнің
өзі бастасын деймін.

Ал ол кісі үнсіз. Бейне менің бар-жоғымды мүлде ұмытқан
сияқты. Тек анда-санда сол аялдап, әлде нені есіне түсіргсндей болып айналасына
ойлана көз жіберіп алады да, тағы да ширақ адыммсн жүріп кетеді. Мінеки, тағы
да тоқтадық.

- Анау қираған үйіндіні көрдің бе? - деп ол
терістік жақтағы әр жерінен қызыл кірпіштін. сынығы корініп жатқан шөп басқан төбешікті
нұсқады. - Үш жүз отыз үшінші

полк казармасының қалдығы ғой.

"Қалай?" дегендей ол менің бстіме
сұраулы пішінмен барлай қарады. Мен одан әрі не боларын күтіп, үнсіз қалдым. Дегенмен
ішімнен: "Бұл полктың қандай ерекшелігі бар "екен?" - деп ойлап
қойдым.

- Е-е, сен білмейді екенсің ғой, - деді ол енді
жымиып.

- Сенің Әшім ағаң осы полктан еді. Осы казармада
жатқан. Саған айтпаған екен ғой полкінің номерін... Мұнда жүрерде жолықпап па
едің? - Мен басымды шайқадым.

- Онда түсінікті. Біз Әшім екеуміз әскерге Нарынқолдан
бірге алынып, Брестке бірге келген болатынбыз. Қырқыншы жылдың февралінде. Мұнда
келген соң оны 333- полкке жіберді де, мен 125-полктің пулемет ротасына кеттім.
Соғыс басталғанша бір-бірімізді күн сайын дерлік көріп жүрдік қой. Ал 22-июньде
Әшім барлауға шығыпты да, қамалға қайтадан кіре алмай қалыпты. Содан ол
шегінген әскерлермен бірге шығысқа кетіпті де, мен осында қалып қойдым емес
пе...

- Ал сіздердің казармаларыңыз қайда еді?

- Ілгеріде... Жүр, солай қарай аяндалық.
Бірақ, соғыс басталған сәтте біз
қамал ішіндегі казармада емес, Оңтүстік қалашықтағы
лагерьде болатынбыз.

Бағанадан бері
сәті түспей келе жатқан әңгіме тиегі осылайша ағытылып кетті. Кейіннен мен Нұрекеңнің
1940 - 1944 жылдардағы тікелей жауынгер командирі Сергей Сергеевич
Шикановпен кездесіп, бұл
әңгімені одан әрі толықтыра түстім.

 

4. Боздақтар

 

Нұрым ол кезде Алматы облысының
Нарынқол ауданындағы "Жолдықолат" колхозында мұғалім еді. Ақ финдермен айқастың қызып тұрған шағында ол Отан қорғауға өзінің тікелей үлес қосқысы келетінін білдіріп,
әскери комиссариатқа арыз жазды. Бірақ, жас жітіттің тілегі қабылданбады.
"Асықпа, аттанар күн алыс болмас!" - десті ондағылар.

Шынында да сәл солай болып шықты.
Келесі жылы-ақ, 1940 жылдың басында Нұрым Қызыл Армия қатарында қызмет етуге шақырылды да, Алматыдан аттанғандарына тура жарты ай өткенде 9 февраль күні Брестің
орталық вокзалынан бір-ақ түсті. Ал апрель айында бұған дейін Оңтүстік қалашықта арнайы дайындықтан өткен жас жауынгерлер қамал гарнизонына келіп қосылды. Нұрым Сыдықов өзі сияқты Алматы түбіндегі "1 Май"
колхозынан келген Әйіп Қонысбаевпен
бірге Қызыл Тулы 125-ші полктің 3-ші пулемет ротасына жіберілді. Ауылшаруашылық
техникумын бітірген, аз да болса
орысшасы бар Әйіп дереу отделение командирі
болып тағайындалды да, Нұрым
пулемет расчетіндегі 2-ші номердің
міндетін атқарды.

- Шыны керек
сол кезде Әйіп маған көмек көрсетті, - дейді
Нұрекең. - Орыс тілін
үйренуде болсын, қару-жарақты меңгеруде болсын мен ең алдымен Әйіпке алақан жаятын едім... Бірлесіп көтерген жүк жеңіл
болады дегендей, 41-ші жылдың май айында екеуміз де "Отличник РККА" значогымен наградталдық...
Осыдан екі ай өтер-өтпестсн
бір кісінің егіз баласындай боп кеткен біздің бақандай 23 жылға айырылысып
кетерімізді кім білген!..

Әскерге бірге
алынып, значокты да бірге тағынып, өмірлеріндегі
тұңғыш ұрысқа да бірге катысқан екі дос партизан
сүрлеуіне де бірге шығып еді. Бірақ, июль айының ішінде лейтенант Шикановтың
тапсырмасы бойынша барлауға кеткен
Әйіп қасындағы көмекшісімен бірге қапылыста жау қолына түсіп қалды да,
түтқындық өмірдің азаптозағын аяусыз тартуға мәжбүр болды. Құлдық, түрме, конц лагерлер... Қанша рет қашсада қайта ұстап, Германияға қайтарып
отырды фашистер. 1944 жылы совет әскерлері азат еткенше Әйіп ауыр құлдықтан
құтыла алмады... Міне, құзғындар ұясы - рейхстагқа жеңіс туы да тігілді...
Енді Қонысбаев шығыстағы жапон
милитаристерін талқандауға аттанды...
Согыс бітті. Әйіп туған жерге қайта оралды. Нұрыммен ажырасқалы бері жиырма
жылдан астам уақыт өтті. Қазір ол
"Қорам" совхозында агроном болып істейді.

Өткен жылдың
27 авгусы. Алматыдан, телестудиядан телефон соғып, Нұрым Сыдықовпен кездесу үшін тез жетуін өтінді. "Уа, не дейді?! Нұрым, Нұрымжан-ау!.. Бауырымай, сен тірі екенсің
ғой, тәмпіш мүрын, шәнтік Нұрым!!" Теле-студияның сол күнгі хабарын көрушілер
сондай бір жүрек тебірентерлік ыстық
кездесудің куәсі болды. Талай уақыттан
бері бірін-бірі өлдіге санап, енді өз көздеріне сенерін де, сенбесін де білмей, қайта-қайта жалтақтап, бірін-бірі әлсін-әлі құшақтап, арқадан қағып отырған екі дос та, хабарды жүргізуші
журналист Мақсүт Әубэкіров те, сол шақта студия залында отырған жастар да үлкен
бір толғаныс үстінде еді...

- Қамал гарнизонында Қонысбаев екеуіңізден басқа
тағы кімдср болғаны есіңізде жоқ па,
аға? - деймін мен.

- Жалпы қазақ жігіттері өп болды. Бірақ
қайсы бірін тани бересің және одан
бері талай жыл... Сонда да бірсыпырасы
есімде. Әбдіманап Жанақов, Шәріп Керімбаев, Шәнту
Үйқасбаев, Аппаз Қамбаров... Соғыс басталғаннан кейінгі тағдырлары маған белгісіз. Мүмкін Әйіп пен сенің Әшім ағаң секілді тірі шығар.

Әңгіменің осы
арасына келгенде екеуміз тағы да үнсіз қалдық.
Аздап ақ кіре бастаған басы бір түрлі мұнды кейіппен салбырап
кетіпті. Қолындағы сигаретінің жарым-

жартысы жанып біткенше күлін де
қақпастан, шұбатылған сұрқыл түтінге тесіле қарап ұзақ отырды. Мен де ойланып отырмын.

Иә, кімді күйзелтпеді бұл соғыс! Қаншама боздақ қыршынынан қиылды, қаншама ана аңырап қалды,
қаншама бала әкесіз, қаншама жар жесір
қалды! Қаншама! Әке, есінде

ме, майданға кетерден бір күн бұрын
мені алдыңа алып отырып: "Мә, құлыным, мынаны жоғалтпа! - деп бір
тал шашынды жұлып беріп едің ғой. -
Жоғалтпа, тығып қой. Басыңа
үлкен бір қиындық түсіп, құтылудың жолын таппасаң, осы шашты тұтат. Сонда мен
Ер-Төстіктің Шалқұйрық аты қүсап жетіп келемін!" - деп едің ғой, әке. Мен сенің
шашынды 1943 жылдың қысына дейін ғана сақтай алдым. Сен білмейсің ғой, сол
қыста біз қатты ашықтық қой. Біздің семья ғана емес, бүкіл ел
болып ашықтық. Қарным қатты ашқан сондай күндердің бірінде мен үй артындағы
төбенің астына барып, шақпақ тұтаттым.
Бір тал шаш лып етіп жанып кетті,
бірақ сен уәденде тұрмадың.
Мен сені ымырт үйірілгенше күттім,
алыста ғой жете алмай жүрген шығар
деп ойладым, бірақ сен келмедің... Сөйтіп шаштан да айырылдым, сенен де айрылдым, әке!.. Анау Нұрекең атаған адамдардың да мендей балалары
бар шығар. Енді олар да тұтататыны таусылып, тауы шағылып
отыр ма, кім білсін?!

 

5. Соғыс соқпағында

 

21 июнь сенбі
болатын. Қамал гарнизонындағы әскерлердің
дені сыртта, жазғы лагерьлерде еді. Ертең көлемді тактикалық жаттығу өткізілмек. Өптеген белімшелер қаружарақтарын
айырбастап, арнайы тексеруге түсулері керек. Ірілі-ұсақты
спорт жарыстары қаншама!.. Осындай беймаза күннің
қарсаңында жақсылап демалу үшін командирлердің басым өпшілігі өздерінің қаладағы пәтерлеріне кеткен-ді. Бір сөзбен айтқанда, Бугтың арғы
жағасында біраз уақыттан бері баспаналап отырган залым жаудың арам ниеті бүгін түнде
жүзеге асатындығы жайлы хабар келіп жатқанына қарамастан, бейқамдық өте күшті
еді. Шекарашылардың дегбірсіз деректері мен сұрауларына жоғары жақ үнемі: "Арандатушылық
болмасын. Бақылауды күшейтіндер", - дегеннен басқа жауап қатпады.

22 июннің таң қараңғылығында, тірі жан атаулы шырт
ұйқының құшағында жатқан тәтті тыныштықты неміс бомбалары мен снарядтарының
алғашқы жарылысы қақ айырған кезде көптеген жауынгерлсрдің бір аунап түсіп,
қимылсыз жата берулері де сол бейқамдықтың салдары еді. Өйткені олар мынау
тарсыл-гүрсілді әлгі үлкен жаттығудың артиллериялық дайындығы деп ойлаған.

- Айтып едім ғой, біз Оңтүстік қалашықтағы жазғы
лагерьде болатынбыз, - дейді Нұрекең. - Орнымнан атып тұрып, палаткадан далаға
жүгіріп шықсам, айналамыз астан-кестен болып барады екен. Қайта жүгіріп келсем,
жігіттер бастарын бүркей түсіп, қимылсыз жатыр.

- Тр-ревога! Соғыс! - деп айғай салдым.

- Жат, Сыдықов. Қайдағы соғыс? Бұл артподготовка, жаттығу, - деді отделенис командирі басын
да көтерместен.

Дәл сол сәтте
палаткаға жап-жақын жерде шағын калибрлі бір
снаряд шаңқ ете түсті. Брезент үстіне ұсақ
тас, қиыршық құм жауды.
Жігіттер де түгелдей тұрып үлгеріпті...

Бұл кезде қаладағы пәтерінде жатқан лейтенант Шиканов та бір бос машина ұстап алып, қиқар шоферді өз дегеніне пистолеттің күшімсн көндіріп, ротасына қарай ұшыртып келе жатқан еді. "Халдері нешік екен?.. Пулеметтер майлаулы, Тақадай сай тұр... Бірақ оқ жоқ. Бар оқты кеше ғана полк командирі майор Дулькеевтің бүіірығы
бойынша қоймаға қайта өткізіп
жіберген. Старшинада дүйсенбі күні қарауыл атамыз
деген екі мындай оқ бар. Екі-ақ мың, екі!...

Мухавец
өзенінен өтетін өпірге келгенде Шиканов біздің танк колоннасын қуып жетті. Үстеріне оқ салған жәшіктерді тиеп алып тартып барады екен. Сергей
Сергеевич қуанғаны соншалық машинасы
тоқтап үлгерместен кабинадан қарғып түсті
де, танкистердің командиріне жүгірді. Сөйтіп соғыстың басталғанына 15-20 минут өтпестен-ақ жас лейтенант жиырма мың оқты қанжығасына байлап, өз ротасына жетіп те келді. Басшысыз қалып, орі оқтары жоқ,
аз да болса сасыңқырап тұрған қызыл әскерлер оны көргенде
әкелері келгендей қуанды... Дереу
пулеметін дайындап, қорғанысқа бекінді.
Көршілес екі ротаның командирлері жоқ екен, олар Шикановқа бағынды. Шегінген бөлімдер бірінің соңынан бір ағылып өтіп жатыр. Шені үлкен
командирлер Шикановқа осы арадан жылжымауды, сөйтіп біздің әскерлердің қоршауда қалып қоймауын қамтамасыз етуді
тапсырды.

Көп ұзамай жаттығу алаңындагы
мергендік машығын енді тікелей ұрыс
даласында көрсететін шақ туды. Фашистердің алдыңғы
шолғыншы отрядтары Бугтың бергі бетіне етті. Нұрымдардың қырағы көздері атқа мінген, мотоциклмен заулаған жау солдаттарын қарауылға алды.
Бір пулеметтің өзі әлденеше жүз
адамды жусатып салады. Ал бүтіндей рота ше?
Және біреу ғана емес, бақандай үш рота! Сонау батыстағы Бавариядан,
Саксониядан, Рейн бойынан, Шлезвиг жерінен,
Пруссиядан ажал айдап әкелген "асыл тұқымды" арийліктердің
арам қаны судай шашылды.

- Қаншасы қырылды?

- Кім білсін, оны есептеуге уақыт болды ма!
- дейді Нұрекең.

- Әйтеуір әбден қараңғы түскенше
шабуылдаумен болды ғой... Бізді де ондырған жоқ, үштен бір бөлігіміз ғана аман қалдық... "Қан сасыған"
деген сөздің дәл мағынасын мен сол
күні, соғыстың ең бірінші күні ұқтым...

- Арам да болса адам қанын ағызу оңай емес
шығар, аға? Қырғын қинаған жоқ
па?

 

Нұрекең өшіп қалған темекісін қайта тұтатып, бір-екі рет сорды да, бір
аяғын екінші аяғының үстіне айқастыра салған қалпы былғары етігінің тұмсығына
ойлана қарап біраз отырды. Сонан соң орнынан тұрып, екі қолын шалбарының қалтасына
салып, бөлме ішінде әрлі-берлі жүре бастады. Міне, менің алдыма келіп тоқтады.
Бетіме тура қарап тұр.

- Адам қаны дейсің, е? Солайы солай ғой. Адам тұрмақ айуанның
қанын шашу да оңай болмаса керек. Ал жау ше? Адам да емес, айуан да емес - фашистер ғой олар. Түсінемісің, шырағым, фашистер!.. Ал сен қиналған
жоқпысың дейсің. Қиналатын, ойланып отыратын
шақ па еді ол?! Өлтір! Өлтірмесең
өзің өлесің. Бұл - соғыс философиясы. Айқын да қатал философия. Рас, олардың ішінде
бізге жақтастар да, адасқандар да,
алданғандар да тіпті қаруды қолдарына қорыққанынан
ұстағандары да болған шығар. Бірақ оларды қалың
нөпірдің ішінен талғап, таңдап жатуға мүмкіндік болды ма? Соғыстың сұрапыл заңдылығы мен адам айтқысыз алапат сұмдығы да осында ғой. Мен өлтірмесем, ол өлтіреді. Өмір сүргің келеді екен, өлтір,
өзіңе қару алып, қарсы шыққанды қалт жібермей желкесін қи!.. Мен соғыс
аяқталғанша осы философиямен өмір сүрдім... Қызық-ау өзі, басыма кейде мынадай
ойлар келетін: "Неміс армиясындағы фашист партиясының белсенді мүшелерін,
эсэсшілер мен гестапошыларды, неше алуан ірілі-уақты "фюрерлер" мен
басқа да нацистерді соғыс басталған күні-ақ қырып тастаса, соғыс тоқтар ма еді,
жоқ па? Әй қайдам!.. Соғыс машинасының дөңгелегі бір айналып кеткеннен кейін оны жойқын күшпен талқандап барып тоқтатпаса, бой бере
қоймас, сірә!.. Меніңше, біздің
заманымызда адам баласы соғысты қалаған уақытында бастай алғанымен қалаған
уақытында аяқтай алмай ма деп
қорқамын...".

Осылайша күні
бойы кескілескен атыста болып, әбден қалжыраған
лейтенант Шикановтық пулеметшілері Кеш түсе
позицияларын тастап, кейін шегінді. Ротаға жетер-жетпес адам қалған, оқ-дәрі де
таусылған. Бұл түнді олар Франополь деревнясының түбіндегі орманда өткізді. Жол бойы тоқтаусыз ағылып жатқан неміс
колонналары, Москва тас жолы да,
Влодава тас жолы да жау қолында, рота қоршауда қалды.

24 июнь күні
Старое Село орманында келе жатқан отряд сақал-шашы
күмістей жылтыраған, бастан-аяқ аппақ боп киінген
қарияға жолықты. Бейне халық ертегілеріндегі жылы орнынан тұрып
мынау қара орманға қызыл әскерлерге көмектесу үшін келген жомарт жүректі
ақпейіл қарт секілді. Жігіттер
жөн сұрады.

- Бұл орманда мен білмейтін соқпақ жоқ, - деді шал
күміс сақалын күректей алақанымен сыйпап қойып. - Ал өздерің, ше?

- Біз бе... біз... келе жатырмыз ғой, - деді
Шиканов "шегініп келеміз" деуге аузы бармай, тілі күрмеліп. - Неміс болса
Бресті алып қойды... Ал біздің қолымызда оғы таусылуға тақау пулемет қана,
ата...

- Ештеңе етпейді, шырақтарым. Жасымаңдар! Бәрі де табылады,
табамыз ғой...

Қарияның сөзінде үлкен астар жатқанын түсіну қиын емес
еді. Николай Кулишек.  Шал өзін
осылай деп таныстырды, - саспаңдар, бәрі де табылады, деп тұр. Яғни бұларға "қашқындар" деп күлмейді, қолынан келген көмегін аямайды деген сөз ғой бұл.

- Рақмет, әке!
Көп рақмет!

Сол түні
Старое Село орманында рота коммунистері жабық жиналыс өткізді. Іштерінде Нұрым да бар еді. Коммунистер былай
деп шешті: Қоршауды бұзып
шығу әзірге мүмкін емес. Оның үстіне
Қызыл Армияның фашист қарақшыларын қайыра қуып, қайтып оралар шағы да алыс
болмаса керек. Майдан шебін жарып өтеміз деп бекер қырылғанша, осы Старое Село
орманында қалып, партизан отрядын құру керек те, Қызыл Армияның шабуылы
басталған кезде фашистерді желкеден
соғып, жұлынын үзу керек. Біздің
әскерлер үш-төрт күнде, әрі кетті дегенде бір-екі аптада немістерді Брест
маңынан түріп айдап шығары сөзсіз. Басқаша болуы мүмкін емес!.. Ал оған дейін
мынау орманды паналап, азық-түлікті жергілікті халықтан ала тұру қажет.

Лейтенант
Шиканов Старое Селоға барып, сельсовет председателі
Михаил Чернакпен, активистермен байланыс орнатты.
Жас та болса өз жұмысын жақсы білетін, жігерлі, қайратты жігіт Михаил Чернак лейтенантпен бірге отрядты ұйымдастыруға қызу кірісті.
Көптеген елді пункттермен байланыс орнатылды, селолардағы қызметіне лайықты

адамдар іріктелді, партизандардың
оқ-дәрі, азық-түлік базалары жасалды. Кейінірек Чернак отряд барлаушыларының
бастығы болып істеді. Ал 1943 жылдың май айында жау қолынан ерлікпен қаза тапқанда қарулас жолдастары отрядты Чернактың есімімен атады.

 

6. Жалғыздық

 

Қалың орман.
Аспанмен тілдескен алып шыршалар да, ағаш
арасындағы ойдым-ойдым алаңқайлар да ақ мамыққа қымталып, мүлгіген тыныштық құшағында. Айнала ақ кебінге
оранып, мәңгі ұйқыға ден қойғандай. Анда-санда шырт сынған қу бұтақтардың болар-болмас әлсіз ызыңы мен ағаш төбесінен төмен құлаған қар
дыбысы мынау тылсым дүниенің түкпір-түкпіріне жөңкіле таралып, алысқа-алысқа
кетеді. Соғыс та жоқ, неміс те жоқ, жалпы тіршілік атаулы түгелдей құрып біткен сияқты.

Жоқ, мына бір
қалыңның ішінде тіршілік тынысы сезілетін секілді. Айналасы ит тұмсығы
өтпейтін қалың бұта аралас кіреуке сауыт көк шыршалар қаптай
өскен кәрі еменнің түбінде әлде кім
мылтығын алдына кәлденең caп қойып жүресінен
отыр. Суық сорып, қарақошқылданып, жарылып кеткен
тырбиған етсіз саусақтарын тарбита жайып, алдындағы көп түтін бермей, маздап
жанған кішкентай отқа қақтай түседі.
Есіл-дерті отта болғанымен орман ішіндегі дыбыстарға да құлағын түріп, тырс
еткен жаққа мылтығына жармаса жалт бұрылып, тесіле көз тігеді. Кейде бір
тізерлеп отыра кетіп, құлағын жерге
төсеп, тың тыңдап та қояды.

Кенет ол елең
етіп, орнынан ұшып тұрды. Алыстан, орман шетінен шық-шық еткен дыбыс келді құлаққа.
Белгісіз біреу ағаш кесіп жатқан
сияқты. Бір, екі, үш... Бір, екі, үш...
Бір, екі, үш... Иванко ғой белгі беріп жатқан... Әлгі кісі көңілі орнына түскендей тынышсыздануын қойып, асықпай қар
шашып, отты ебден өшірді де, беліндегі "ТТ"-сын кейінірек сырып қойып, мылтығын қос қолдай
ұстап, қалыңнан шықты. Бір басып, екі басып, үлкен сақтықпен асықпай жылжып,
орман шетіне жақындап келеді. Белорус ормандарында тартпа батпақтар, неше түрлі
жылғалар, көлшіктер мен саздар көп болады ғой. Сондай сулы жердегі бір өткелге келгенде мылтықты адам тоқтап,
қалың бұтаның арасына жасырынды...

Көп ұзамай
арғы беттен қолында кішкене сөмкесі бар кісі
көрінді. Дәл өзі - Иванко. Шын аты Иван Валюкевич, Люсовец деревнясынан 3 километр
жердегі екі үйлік хуторда тұрады.

Валюкевич
өткелдің бергі бетіне шықты да, жан-жағына қарап
біраз тұрды. Сосын оқшаулау өскен еменнің түбіне барып, қолындағы сөмкесін соның қалың бұтағына ілді. Сосын
беліндегі балтасын алып, дүмімен еменді үш ұрды да, келген ізімен кейін қайтты.
Бұтаға жасырынған мылтықты адам оған ілесе жылжып орманның шетіне дейін бірге келіп,
әбден ұзап кеткенше қарап тұрды, ешқандай қауіп-қатердің жоқтығына көзі
жеткеннен кейін ғана қайта айналып келіп, еменге ілінген сөмкедегі тамақты
алды. Мылтықты адам Нұрым
Сыдықов еді. Ол неге жалғыз? Мынау қай
жүріс? "Иванко" кім? Ол неге тамақ тасиды?..

1941 жылдың жаз, күз айларында отрядты ұйымдастыру, оған жергілікті халықты  тарту, скі арадағы байланысты нығайту, оқ-дәрі,
азық-түлік қоймаларын жасау, жалпы күрес тәртібін белгілеу, ұсақ-түйек
операцияларды жүзеге асыру сияқты жұмыстармен
шұғылданған Шикановтың отряды қыс түсе
өте-мөте үлкен қиыншылықтарға ұшырады.

Пулеметшілер
ротасынан өз адамдарының үштен бірі ғана қалғанын,
ал отрядтағы 280-ге тарта жауынгердің басым көпшілігі
әр жақтан жиналған әр түрлі жандар екенін жоғарыда айтқан болатынбыз.
Бірте-бірте олардың біразы партизандық күрестің тұрлаулылығына сенбей майдан шебін бұзып өтпек боп шығысқа кетті, енді бірсыпырасы
ормандағы өмірдің қиын-қыстау ауыртпалығына
шыдай алмайтындығын сезіп, деревняларға барып паналады, ал үшінші біреулер немістердің жалған листовкаларына сеніп,
жау қолына өздері берілді. Сөйтіп
Шикановтың отрядында 65 адам ғана қалды. Бұлар
лейтенанттың өз жауынгерлері мен шекарашылар еді.

Қар түсе
жағдай қиындап кетті. Жылы киім жоқ. Азық-түлік те аз. Қалың орманды паналап,
жеркепе қазып, лагерь құрып жатып
алуға күш те жетпейді. Немістер сезіп қалса,

шағын отрядты не жойып жібереді,
не жылы орнынан бәрібір айдап шығады.
Ақыры ақылдаса, кеңесе келе адамдарды елеусіз-елеусіз
хуторларға бірден-екіден бөліп орналастырып, тек аса қажет кезінде ғана жинап
алып тұру, сөйтіп отрядты іс
оңалғанша немесе әрі кетсе көктемнің өзіне дейін аман-есен сақтап қалу жөніндс шешім қабылданды.

Нұрым бұрын
орыс тілін жөнді сөйлей
алмайтын болса, енді дәл осы арада өзінің
ерекше түр-тұлғасымен жергілікті халық
арасына сіңісіп кете алмады. Heгe десеңіз сырт көзге байқалып қалатыны анық. Орыстар, украиндар, белорустар жергілікті халық арасында оп-оңай
араласып, туыстарындай болып, көзге
бадырайып түсе қоймаса, қараторы өнді, қара шашты,
қабағы томпақтау біткен қиық көзді "азиат" Нұрымға мынау қызыл әскер, сырттан келген
адам, "не партизан, не барлаушы" деп маңдайына баттиып тұрып жазып қойғанмен бірдей еді. Ақыры оны Лясовец
деревнясынан үш шақырым жердегі ең
елеусіз деген Иван Валюкевичтің орман
жиегіндегі хуторына әкеп орналастырды.

Нұрым сондай
ауыр шақта онсыз да шаруасы мандымай жүрген
кедей шаруаның мойнына масыл болып, даярға тап болып отырудан ұялып, шамасы келгенше "Иванко ағайға" қолқабыс етіп, көп істің бір жағын
тындырып жүретін. Бір күні таңертең
отағасының үлкен ұлы Володя екеуі отын кесіп
жатыр еді, кенет бала араны тастай беріп, Нұрымның иығынан асыра көз жіберді де:

- Нұрым аға, немістер! - деп шошына
дауыстады. Нұрым жалт бұрылып, бұлардан
70 метрдей жерде қаннен-қаперсіз әңгімелесіп
келе жатқан полицайларды көрді де, мылтығын алып
қашуға оңтайланды. Бірақ бұл
көпе-көрнеу өлімге ұмтылумен бірдей
еді. Валюкевичтер де қиылып тұрып алды: "Қашсаң
бәрібір көріп қояды. Сосын
бәрімізді де құртады. Мылтығыңды қораға тығамыз, өзің үйге жасырын. Құдай сақтасын. Ал, алда-жалда тауып алса, біз
де тірі жанбыз ғой... Бірдеме
етерміз, ойлап тұрар шара жоқ, әйтеуір бір өлім
ғой..." Сонымен Нұрым пеш үстіне келіп жасырынды да, "қожайындар" оны үйдің төбесіне дейін нығарлап кендірдің сабағымен бастырып тастады.
Полицейлер келіп те қалды.

- Жаңағы отын кескендер кім? Қайда?

- Өзіміз ғой, мырза, - деді Валюкевич
жарамсақтанған кейіппен тымағын алып.
- Баламыз екеуміз.

- Өтірік айтасың, қақпас!

- Садағаң кетейін, мырза, өмірімде жалған
айтып көрген жан емеспін. Құдай
ақына, өзіміз!

- Жап аузынды алжыған ит! Шыныңды айт, арағың бар ма?

Валюкевичтің
анадай жерде состиып тұрған әйелі иіліп тағзым
етті де, әңгімеге араласты.

- Айналайындар-ау, ол не дегендерің! Біздегі
бардың бәрі сендердікі ғой. Үйге
жүріндер. Тек менің жаман
шалыма тимей-ақ қойыңдаршы, бір аяғы жерде, бір аяғы көрде тұрған сорлы ғой!..

- Иә, иә, мырзалар, үйге кіріңіздер, - деп
Валюкевич те құрақ ұшып, қалбалақтап
қалды.

- Жарайды, анау қора-қопсыны қарап шығындар,
- деді алғашқы полицай мұртын сипап. - Бөтен адам болса,
ешқайда кете алмас. Бізден тірі тышқан да қашып құтылған емес! Әйда кеттік! - Сөйтті де өзі бастап үйге кірді.

- Ештеңе таппадық! - деп сырттағылар да
келді.

- Әуелі үй ішін тінтіп шығындар. Тұңғышпен содан соң танысамыз, әйтпесе...

Полицейлер тінтуге кірісті. Төсектің асты,
көрпе-жастықтың қуысы, еден астындағы ұра, капуста салған бөшке - бәрін де
қарады.

- Мына пештің үстінде не бар?

- Кептіруге қойған кендір ғой...

- Осынша үймесендер құдай ұра ма?! Мұны қай уақытта ақтарып боламыз?

- Адам арқан емес қой, кендірдің ішіне тықса
көрінбей қалатын! - деп жекіді басшы
полицай өз жендеттерінің оралымсыздығына ыза болып, әрі стол үстіне мөлдірей
кеп қалған "тұқаңнан" тезірек тартып салуға асығып.
- Басып-басып көрсе болмай
ма?

Нұрым бомбаның
үстінде жатқандай. Тегі, расында да солай
еді. Пеш түбіндегі әңгіме басталысымен-ақ ол беліндегі "лимонканың" шүріппесін ұстап тұратын аша темірді жазып, сақинасын сұқ саусағына салып алған болатын.
Тартып қалса бітті, езі де, үйдің ішіндегілер де ойран-топыр болады. Міне, әлдекім кендірдің үстіне екі
қолын салып, бар салмағымен
басып-басып көре бастады. Нұрым денесінің кішкентай
боп біткені мұндай жақсы
болар ма, кендір түгелдей басылған болып, астында бақандай бір партизанның жатқаны білінбей кетті...

Астынан өткен
ыстық қызуы ма, әлде еркін тыныстай алмай,
өкпесі қысылғандықтан ба, жоқ, жүйкеге түскен жүктің ауыртпалығы сондай ма, әйтеуір Нұрым ішімдік пен шошқа майына аузы-мұрындарынан шыға тойған полицайлар үйден
кеткенде пеш үстінен іш киімі сығып алғандай болып, қара терге шомылып түсті.

Мынау тұрған
жазықсыз жандарға да, өзіне
де артық қатер төндірмеу үшін енді
дереу кету керек бүл жерден. Бірақ,
қайда барады? "Занды азиат" үшін енді орманнан басқа пана жоқ. Бүнысын
"Иванко" да мақүлдады. Тамақты екі-үш күнде бір рет өзі әкеліп
белгіленген жерге қойып кететін болып
келісті.

Нұрым ертеден
қара кешке дейін ит тұмсығы тұрмақ, күн сәулесі де өтпейтін қалыңның ішінде
отырады да, қараңғылық түсе оңашалау батпақты алаңқайлардағы жазда

салынған маяларға келіп, шөпті
үңгіп кіріп түнейді. Таң елең-аланда
қайтадан қалыңға кетеді. Ол осылайша қара орманның ішінде жападан-жалғыз жалтаңдап,
күндіз отпен,түнде шөппен ғана сырласып, аштықтың да, жалаңаштықтың да азабын
тартып он күн, он түн өмір кешті.

- О-о-ой, өтпеуші еді-ау күндер! Өтпеуші
еді-ау! - деп Нұрекең көзін жұмып, басын шайқады. - Түнде ештеңе емес, маяныңжылы құшағына кіріп, ұйқыға кетесіңде бәрін ұмытасың. Ал күндіз!.. Өз жүрегіңнің
дүрсілі мен мұрныңның
шуьілына дейін құлақ түре тындап, "қай жағымнан кеп қалар екен?" деп отырғаның. Әлгі мылтықты оқтап, затворын
тартып, басып қалсаң, тарс ете түсетіндей етіп қоюды не деуші еді қазақша? Боевой взводқа қоюды айтамын?

- Құлағы қайырылулы тұр дейтін шығар.

- Солай болса, солай-ақ болсын. Мылтығымның құлағы күндіз-түні қайырылулы болды ғой. Мылтық
емес, өзің де сол боевой взводта
жүргендейсің. Тіпті, соғыстың төрт жылы да
түгелдей солай өтті десем
артық болмас.

- Сонда не ойлаушы едіңіз, аға?

- О-о, бір нәрседен таршылық көрмесем, ол со
бір күндердегі ой ойлау мен соған
кететін уақыттың молдығы болған
шығар! He келмеді дейсің мына басқа,
бәрін де ойладық қой. Тегі өмірімде бұрын-сонды оншалық ойға беріліп көрмеген шығармын. Соғысты да ойлаймын.
Қызыл Армияның осы уақытқа дейін немістерді қуып шыға алмай жатқанына да
қиналып дал боламын. Көз алдыма ауыл, туған-туысқандар, жора-жолдастар келеді.
Олар не күйде екен?.. Ең бастысы жатсам-тұрсам естен шықпайтыны - жау қолына түсіп қалмау, қайткенде де тірідей түтқын болмау. Жығылар болсам,
жастығымды ала кетуім керек. Халқыма, қазақ атына кір келтірмей, ата-ана, аға-қарындасты жерге қаратпай өлермін... Түу, не келмеді дейсің ғой! Қарын
шүрқырағанда ауылдың дәмін көксеп, неше түрлі тамақты көз алдыма елестетуші
едім.

- Сонда нені сағынушы едіңіз?

- Е-е, қазақтың асқан еттен артық дәмі бар ма,
шырағым! Кейде қазы-қарта мен қымызды да ойлап қоясың. Дегенмен мен
ашытқан бидай көжені көбірек көксеуші едім...

Бірақ сен мұны жазып қойып
жүріме, жарай ма?

- Пәлі, жазса қайтеді?

- О-ой, ауылдағы адамдарды өзің білесің ғой, - деді Нұрекең әлде неге ренішті үнмен. - Анау бір жылы барғанда ашыған көжені сағындым, десем,
кейбіреулер: "Әлгі Сыдықтың орыс
қатын алған Нұрымы бар ғой, жарымаған неме
емес пе, сонау жер түбінде жүріп ашыған кежені аңсайтын көрінеді.
Татқан-білгені сол болса, қайтсін бейшара!" - Деп келемеждеп күлетін көрінеді. Сен жазсаң тағы да.

- Ағатай-ау, айтса, айта берсін. Ауыз
өздерінікі,- дедім мен не ренжірімді,
не күлерімді білмей. - "Ит үреді, керуен көшеді" деген мәтел бар.

 

7. Қат-қабат қақтығыс

 

- Әй, сол қыс
көрген азапты айтпасаңшы! - деп әңгімесін жалғастырды
Нұрекең. - Үйірінен айрылған
көкжалдай боп, орман ішін он күн
паналаған соң шыдам таусылды. Үстімде жаздың
киімі. Сақылдаған сары аяз болса сай сүйегіңнен өтіп, қысып барады. "Иванко" да тамақ тасуын сиретті. Күз бойы ана жерде бір солдатынан, мына селода
полицей постысынан айырылып, ана жолда азық-түлік тиеген арбасын жоғалтып, мына
жолда қару-жарақ, оқ дәрісін алдырған немістер қар түсе қаһарына мініп, құтырынып кетті. Елді пункттерді тіміскілей тінтіп, жол-жолды, орман ішін
тынымсыз торуылдайтын болды. Мұндайда орманға тамақ тасымақ түгілі үйіңнен ұзап шығуыңның өзі қатерлі еді.

Қалыңның іші
қауіпсіз болғанымен аштықтан бұралып, аяздан үсіп өлуің мүмкін. Нұрым енді
Старое Село орманын айнала орналасқан кептеген деревнялар мен хуторларды
жағалап, әне жерде бір қонып, мына жерде бір қонып жүрді. Жергілікті халыққа сіңісіп кеткен өзінің партизан достарымен бірге бірнеше рет жол торуға,
полицейлер мен сатқындарды өлтіруге
де қатысты. Бірақ бір жерде табан тіреп
тоқтай алмады.

Ақыры
немістердің жазалаушы жендеттері қара құрттай қаптап, жұрт
көзіне көрінуге мүмкіндік болмай қалған кезде Нұрым өзі сияқты "ешкімге
сыймай қалған" Саша және Федя
деген екі жігітпен бірге Хабовичи деревнясының маңында екі айдай інге тығылып,
жер астында жатуға мәжбүр болды. Олар
су ағатын каналдан тік жарып үңгіп, тізерлеп отыруға және жатуға жарайтын ұра қазды. Астына тақтай төсеп,
сабанмен жапты. Екі шүқыр ойыдцы: бас жақтағысы су алатын бастау да, аяқ жақтағысы - әжетхана есепті. Ұраның үстін шіл шыммен жауып, анда-санда ауа
жаңартатын кішкене тесік қадцырды да, індеріне кіріп, жым-жылас жоғалып кетті.
Олардың дәл үстіне келген адам да табан астында үш партизан жатқанын сезбес
еді.

- 60 бөлке нан пісіртіп алып едік. Көп ұзамай-ақ
онымыз сыздан көкпеңбек болып көгеріп, тастай боп қатып қалды. Шошқа
майы да бұзылып кетті... Бағана кежені сағындым деп ем ғой. Енді бір үрттам
таза суға, бір жұтым таза ауаға зар болдық. Бастау мен
туалеттің арасы тым жақын ба, кім білсін, судың түсі де, дәмі де бүлінді.
Биттеп те кеттік бүрге дейтін бәле
біржағынан. Бірақ, амал қанша, осының
бәріне де төзуге тура келді. Бар бітіретініміз - ұйқы мен әңгіме. Жігіттер маған орыс тілін үйретеді, әдет ғұрыпын түсіндіреді, ал мен оларға Қазақстан жайлы, ауыл туралы айтамын. Кей-кейде бірігіп ән де
саламыз. Көбі жалғыздық, жетімдік дәрменсіздік туралы мұнды әндер еді. "Изза острова на
стержень" деп басталатын Стенька Разин туралы әнді мен тұңғыш рет сонда үйрендім.

1942 жылғы
февральдің аяқ кезінде көгерген тас нан да таусылды.
Аштық аясын ба, апаннан айдап шықты. Ұраның сасық иісінен әбден
уланып, жарық дүниеден пәс болған жігіттер
таза ауаға шыққанда талып түсіп, біраз уақыт естүссіз есеңгіреп жатты...
Тәуекелге бел байлап, таяудағы Бельск
деревнясына келді. Немістер жоқ екен. Полицейлер де көрінбейді. Жігіттер бір полицейдің үйіне кіріп азық-түлік алды. Үй иесінің зәресі ұшып,
қалбалақтап жүрген әйелі қорыққанынан
бар дүниесін партизандардьщ аузына тосты.
Арағын әкеліп, жалпаң қағып, жарамсақтанып жүр.

- Қорықпай-ақ қой, біз саған тимейміз, -
деді Нұрым, - бірақ күйеуіңе айт:
жазықсыз жандардың көз жасын төкпесін.
Ал арағыңның керегі жоқ...

Бірақ Федя мен Саша тындамады.
Тіпті аздап қызып алғаннан кейін
деревнядан шығып барып, әлгі үйге қайта айналып
соқты да, тағы ішті. Амал жоқ, Нұрымның үйге кірмей, көшені барлап, сыртта күзетте тұруына тура келді.

- Ақыры жігіттер де шықты. Саша да, Федя да
қатты қызу. Боран соғып, жапалақ-жапалақ
дымқыл қар жауып түр еді.

- Мына алай-түлей шақта салпақтап жүреміз
бе! Біреуден көлік алып, шанамен
барайық, - деді Федя.

- Есің дұрыс па өзіңнің? Біреу-міреу байқап қалса қайтесің? - деп Нұрым көнбеп еді, анау:

- Эх, су жүрек! - деп қолын бір сілтеді де,
теңселе басып кете барды. Былқ-сылқ
еткен Сашаны иығына салып алды да деревнядан
біраз ұзап барып, үюлі тұрған маяның ішіне жасырынды. Ұйтқи жауған жас қар оның ізін лезде жауып
тастады.

Шырт ұйқыда
жатыр екен, гүрс еткен граната даусы мен автомат
тырылынан шошып оянды.

- He боп қалды?! Біз қайдамыз? - деп Саша да
басын көтерді. Әлгі дыбыстар канал
жақтан естіледі.

- Тыныш жат. Федяны құртты... Іннен су шықты деген
осы, - деп Нұрым бармағын тістеді. - Айттым ғой мен оған... Әй, Федя!..
Әй, Федя!..

- Енді қайттық, қайда барамыз?..

Дегенмен бұл кезде немістердің жазалау
экспедициялары аяқталып, едәуір
еркіндік туып қалған еді. Фашистер "партизан атаулыны тұп-тамырымен отап тастадық" деп
бөскенімен, Шиканов отрядының негізгі
тобы аман-сау еді. Көп ұзамай-ақ партизандар қайтадан орманға жиналды. Нұрым
мен Саша өз ортасына қосылды.
Партизандардың қимылынан селолардағы
полиция учаскелері бірінен соң бірі талқаны шықты.
Немістердің ірілі-ұсақты колонналарына шабуылдар жиілей түсті. Жол бойы
партизандар тосқауылы. Облыс территориясында
толып жатқан темір жолдарда жаудың әскер тиеген, техника тартқан, киім-кешек,
азық-түлік тасыған ауыр эшелондарының күлі көкке ұша бастады.

Партизан
қозғалысының кең қанат жайып, күшейіп алғаны соншалық, енді немістер орман
ішіне бас сұғудан қалып, бірлі-жарым боп шашау шығуды мүлде қойды.
Жеңіл танкеткалар, транспортерлер мен броньды машиналар өте алатын үлкен
жолдардың бойындағы көп әскер сиятын ірі деревнялар болмаса, ұсақ хуторларға
жолай қоймайды. Олар былтырлары партизандарды
бір теуіп ұшырып жіберіп жүре беретін
шәуілдек қанден құрлы санамаса, енді алысқанын алып соқпай қоймайтын алғыр да айбарлы арландай сезініп, зәрелері ұшады. Партизандар да бұрынғьщай емес; енді олар дұшпанның аяғынан шалып, етегінен тартуды қомсынып, жаудың желкесіне мықтап тұрып мінген еді.
Белорус ормандарының шын қожасы мың сан қолды басқыншылар емес, даңқты партизандар еді және олар бүл
қожалықтан соғыс аяқталғанша
айырылған жоқ.

Нұрым бұл кезде взвод командирі болатын.
Қайда барса да қолынан он атар
карабинін тастамайды. Бір қызығы - бұл оның әскери ант (присяга)
бергенде алған қаруы еді. Нұрым
оны кезінің қарашығындай сақтап жүріп, Совет Армиясы Бресті азат еткеннен кейін
ғана тапсырды.

- Нұрым мұндай мәселелерге келгенде өте ұқыпты,
адал болатын, - дейді С. С. Шиканов, - жауынгерлік абырой, әділеттілік,
шыншылдық деген ұғымдарға асқан сезімталдықпен қарап, шаңжуытпай сақтайтын.
Соғыстың аты соғыс емес пе, кейбір ашынған, жаңылған адамдар қажетсіз
қатыгездік жасап, көрінгенге күш көрсетіп, асыра сілтеп те жіберетін. Жасырып
не керек бірен-саран ұрлық-қарлық та кезігіп қалатын. Әрине, біз ондайларды
қатаң жазалайтынбыз. Ал Нұрым болса мұндайдың біріне барған жоқ, өзінің
азаматтық арын соғыс атты алапаттың ішінен дақ түсірмей, кіршіксіз таза алып
шыға білді. Біз, командирлер, Нұрым Сыдықовты әрқашан жұрт алдына сондықтан да
өнеге етіп ұсынатынбыз.

- Жаман ағаңа мен де сол кезде ғашық болғанмын, -
деп күледі Нұрекеңнің жүбайы Мария Иванова Мединская. - Ел арасында ол туралы
гу-гу әңгіме өп болушы еді. "Ромка дейтін бір қазақ бар. Во,
партизан деп соны айт! Ештеңеден қорықпайды,
ешкімді жазықсыз жәбірлемейді. Неткен әділетті, батыр жігіт десеңші!
Айтар арызың барларың соған барыңдар", - десетін жұрт. Осындай алыпқашпа сөздерге мен мұны екі иығына екі кісі мінетіндей денелі, тұлғалы,
батыр жігіт деп ойлайтынмын. Кейін
есік пен төрдей үлкен аттың үстінде торғайдай
томпиып отырған, озім сияқты тәпелтек бір жапырақ ағаңды "Ромка-Нұрымка
деген осы болады!" - деп таныстырғанда едәуір көңілім суып қалғаны рас...

Сөз арасында айта кеткен жөн, Мария
Ивановна кейбір жолдастарының
жазғанындай белорус та емес, партизан отрядында медсестра да болмаған. Ол
украин қызы, қарапайым ұста
семьясында өскен. 1939 жылы Батыс Белоруссия поляк пандарының езгісінен азат етілген кезде белсенді комсомолка, іскер
кітапханашы Маша Брестің облыстық кітапханасына методист болып жіберілгсн-ді. Неміс оккупациясы басталысымен ол
қаладан деревняға кетті де, өп ұзамай Шиканов партизандарымен табысып, снді солардың тұрақты байланысшысы болды.
Соғыс аяқталғанша астыртын күрес өмірінің ыстық-суығын
қатар тартып, өз міндетін абыроймен орындап шықты. Ал Нұрекең екеуі 1944 жылы
қосылыпты. Содан бері өзінің сүйікті ісі - кітапханашылықты қоса атқарып,
тату-тәтті тұрып келеді. Сыдықовтар семьясының үлкен қызы - Галя өзіміздің Алматыда, халық шаруашьшығы институтында
оқиды, ал Болат Горький қаласындағы әскери училищенің
үздік курсанты.

Сонымен Нұрым
взвод командирі болатын. Тамылжыған май түні. Нокеріне сансыз жұлдызды
жымындата ерткен ақерке ай толықси жүзеді. Қыс көрпесін әлдеқашан Қағып тастап, кокірегін кокорім көктемнің
сиқырлы жылы лебіне тосқан табиғат маужырап
тұр. Ауада қаулай өскен қалың жапырақ пен сансыз гүлдердің жұпар
иісі аңқиды.

Влодава тас
жолымен екі арба келе жатыр. Бұлар Нұрымдар еді. Сычев хуторына барып,
азық-түлік пен жаралы жолдастарын
алып қайтқан беттері. Нұрымның өзі бастаған төрт
партизан алдыңғы арбада да, қалған екі сау жігіт пен жаралылар артта, алда, екі жүз метрдей жерде, салт шолғыншы бар. Ол
әлсін-әлі тоқтап, қолындағы ақ орамалын бұлғап, бұларға белгі
береді де, ілгері кетеді. Арбалылар орындарынан сонда ғана қозғалады.

Жол бойында ұзыннан-ұзақ созылған деревня
бар-ды. Міне, шолғыншы қауіпті
ештеңе байқалмайды деп хабарлады да, көше көлеңкесінің қараңғылығына кіріп
көрінбей кетті. Нұрым оң қолына граната алып, сол қолымен карабинін қыса ұстап,
аяғын арба қорабынан сыртқа салбыратып жіберіп сақ отыр. Жүрегі
лоблып, алда қауіп барын сездіргендей. Нұрым көшірге тоқта деп қол көтеріп белгі берді. Қайшылап келе жатқан құлақтарын алға тікірейтіп, аттар
да тоқтай қалды.

Сол-ақ екен,
түн тыныштығын тырылдаған пулемет үні тіліп
түсті. Нұрым арбадан жол үстіне етбеттеп, құлай беріп алдағы шоқ бұтадан жарқылдай шыққан ажалды отты байқап үлгерді.
Немістер онсыз да жарық аспанға самсаған ракетаны жамырата атып, жер бетін
күндізгідей жарқыратты. Нұрым
гранатаның сақинасын жұлып алып, бір тізерлеп көтеріле берді де, жаңағы от
шашқан бұтаны көздеп, құлаштай лақтырды. Гүрс еткен қопарылыс пулеметтің
көмейіне кептелгендей болып үні өшті. Енді тым-тырақай беталды атылған
автоматтар ғана тыр-тыр етеді.

- Кетіндер! Кетіндер! Мен ұстай тұрамын.
Тез! - деп Нұрым енді онатарын
оңтайлады.

Дәл тасталған
бір граната мен өзі оқталатын карабиннің атылған
отыз оғы немістерді бас кәтертпей, жерге жабыстырып тастапты. Нұрым да кейін
шегініп, өз тобына қосылды. Жаралылар
да осында, түгел аман екен. Тек жаңа ғана шегінгенде
отрядқа жаңа келген жігіттердің біреуі мылтығын, екіншісі оқтаулы дискісін жол
үстінде қалдырып кетіпті. Немістер әлі де пытырлатып атып жүр.
Аңца-санда:

- Партизан, сдавайс! - деп айқайлап қояды.
Онысына өздері де сенбейді. Әншейін
сес керсету үшін ғана айтады.

-  Бес
минут уақыт беремін. Барындар да, қаруларынды алып келіндер! Өлсендер жау қолынан өліңдер, - деп Нұрым әлгі екеуге жол жақты нүсқады. Бұдан артық
кешірім болмасын түсінген болуы керек екеуі ләм деместен жер бауырлап жорғалай
жөнелді...

Бұл оларға мәңгі-бақи ұмытылмас
сабақ еді. Ал немістер болса, Нұрымдар
оң жақтағы қалың орманға кіріп, мылтық даусы
естілмейтін жерге кеткенше түнгі ауаны автомат тырылымен тілгілеп, бас-көз жоқ
тарсылдатып жатты...

Тегі, немістер
таң атқанша осылай отыра беруге де бар-ды. Өйткені олар түн баласы түсті
дегенше әр бұтаның түбінде партизан отырады деп қорқатын. Шабуыл жасаған немесе
жаңағы Нұрымдар сияқты кездейсоқ үрынып қалған партизандардың күші өздерінен
әлдеқайда аз екенін анық, біліп отырса да, оларды қуып орман ішіне кіруге жүректері дауаламайды.

 

8. Жеңіс жолы

 

1942-1943
жылдардың барысында Шикановтың отряды талай
табыстарға жетті. Влодава, Ковель тас жолдарының, Брест - Москва, Брест - Ковель темір жол линияларының бойында
жаудың көптеген колонналарын талқандап, эшелондарын қиратты. Озяты деревнясындағы 60 адамдық полиция гарнизоны,
Старое Селодағы қара бидайды жинап, Германияға
жөнелтуге келген 300 адамдық отряд, Ходасы деревнясындағы
50 адамдық гарнизон жөне тағы басқа ірілі ұсақты
дұшпан топтары құртылып,
партизандар қару-жарақ пен
азық-түлікке әбден кенеліп қалды. Нұрым осы операциялардың бәріне де қатысып,
бірсыпырасын өзі басқарды.

1943 жылдың
май айында Старос Село орманындағы Чернак атындағы отрядқа Брест облысы
партизан құрамасының командирі,
астыртын обкомның секретары Сикорский жолдас келді. Өте ұлғайып өсіп кеткен Шикановтың отряды екіге бөлініп, Нұрым рота командирі болып тағайындалды. Осыдан былайғы үш айдың ішінде
Сыдықов ротасының қопарғыштары дұшпанның әскер күші мен техника тиеген отызға
тарта эшелонын, ал командирдің жеке өзі үш поезды жаһаннамға жіберді. Белорус
партизандарының атақты "рельс соғысы" да осы кезде басталған еді.
1943 жылғы Октябрь мерекесінің қарсаңында Фрунзе және Чернак атындағы екі отрядтың
мың жауынгері Брест Ковель линиясына шығып, жалпы ұзындығы 5000 метр рельсті қопарып
тастады.

- Ой, қызық болды ғой! - деп рақаттана күледі Hұpeкeн,
"рельс соғысын" есіне алғанда. - Тарсыл-гүрсілден құлақ тұнады.
"Алыстағы тылға орыс артиллериясы қайдан кіріп кетті?" деп
немістердің де зәре-құты қалмапты.

1944 жылдың көктемі. Майдан шебіне жақындап қалған
кез. Немістер өздерінің негізгі күштерін тыл жағынан қамтамасыз ету үшін
партизандарды жер бетінен жойып жіберуге тағы да шындап кірісті. Олар енді
техниканы да аямай, дала жандармериясы мен жазалаушы отрядтардың орнына тұрақты
әскер күштерін әкеп төкті. Бірақ, партизандарды ұстау қиын еді. Орман алқабы өз
алдына, батпақты жерлер мен саздар да партизандарды ең бір қысылтаяң сәггерден
аман сау құтқарып қалады. Өйткені олар жалғыз аяқ тар соқпақтарды, енсіз
өткелдерді жақсы біледі де, бұдан кірсе, одан шығып, емін-еркін сырғи береді. Ал
немістер болса, қорсылдақ батпаққа аяқ басудан қорқып, аласұрып қалып қояды.

Осындай аума-төкпе аласапыран күндердің бірінде Нұрым
қасына саяси жетекші Агаевты ертіп, Уланувка деревнясына барлауға келді де,
сонда түнеп қалды. Таңертең аяқ астынан шыға келген немістердің қолына түсіп
қала жаздап, әрең қашып құтылды. Ормандағы лагерьге келсе, отряд жоқ.
Өзі сияқты әр түрлі себептермен қалып
қойған бірнеше адам бар екен. Отряд
қоршау қаупі төнгендіктен тас жолды кесіп өтіп, арғы беттегі Черняры
орманына кетіпті. Нұрымның қол астына 80 адам жиналды, жолдан отпек боп
арылы-берілі барлау жүргізіп көріп еді, немістер бұлардың алдын орап үлгерген
екен. Өстіп айналсоқтап жүргенде кеш те түсіп қалды. Нұрымдар енді ту сырттағы батпақ арқылы кетуге беттеді.

Міне, өздері
жаңа ғана өткен өткелге жақындады. Нұрым ат
үстінде, алда болатын. Оның жіті көзі өткел жанындағы ағаштарға
жабысып, үнсіз тұрған адамдарды шалып қалды. Кім болды екен? Партизандар ма, әлде немістер ме? Нұрым күдікті ойын аяқтап та үлгерген жоқ:

- Хальт! - деген өктем дауыс саңқ ете түсті.

- Баяғы "боевой взводта" жүру бар
ғой, соның пайдасын осы арада тағы да көрдім, - дейді Нұрекең. - Аттан қалай қарғып түсіп, мойнымдағы автоматтан оқты қалай жаудырып жібергенімді өзім
де білмей қалдым. "Мынау аңқау
партизандарды қазір түгелдей қолға түсіреміз!" - деп тұрған немістер де оқыс қимылдан қатты
сасып қалса керек бір оқ шығармастан
бәрі де жата-жата қалды. Бізге де сол керек,
жігіттер ағаш-ағаштың арасына сүңгіп, лезде жоқ болды. Дискіні түгелдей тырылдатып біттім де, мен де

жөнелдім. Тура кейін қашпай, бір
бүйірге бұра тарттым.

Мұным да
сондай жақсы болар ма, естерін жиған немістер оқты қардай боратып, қуғынға түсті. Жігіттер болса - бәрінің аттары бар, ұзап кеткен, ал мен бір
бүйірде қалып қойдым. Сөйтіп
фашистерді тағы да жер соқтырып кеттік. Біздің жігіттерді екінші бір откелде
қуып жеттім де аттарды осын да тастап, кеңірдектен келетін тастай лай суды
кешіп отырып, қоршаудан шықтық. Черняры орманындағы отрядқа үш күннен кейін
ғана қосылдық.

Майдан шебі бұрынғыдан да жақындай түсті. Алыстан соғатын ауыр артиллерияның күркіреген
сарыны да естіле бастады. Немістер
танкілер төгіп, зеңбіректен
төмпештеп, тұрақты армиясын шабуылға салды.
Партизандардың майданға қарай шегінуіне тура келді. Бір ауыр шайқастан кейін отряд совет әскерлерінің алғы бөлімшелеріне қосылды. Қатардағы
партизандар армия қатарына алынды да, 25 командир Припять өзенінен қайта отіп, Старое Село орманына жаңадан отряд ұйымдастыруға
оралды.

Бұл жерлерде енді табан тіреп тұра алмасына көздері жеткен
немістер деревнялардағы мал атаулыны станцияларға айдап әкеп, Германияға асығыс жөнелтуге кірісті. Нұрымдар олардың бұл пиғылдарын жүзеге асырмауға бұйрық алды. Сөйтіп
партизандар жиналған малды фашист бақташыларынан тартып алып, баяғы бейтаныс
жанға өткел бермес Белоруссия батпақтары арқылы майдан шебінен асырып, біздің әскерлерге
жіберіп отырды. Шегінген жауды желкелей ұрып, бүйірдеп соғып, тұмсықтан түйреп,
айнала жүлмалап, әбден берекесін қашырды. Нұрымның жаңа ротасы бірде артиллериялық
болімнің барлаушылар мінген екі броньды машинасын өпірден құлатып, сол бөлімнің
штаб бастығы генерал-майорды барша документтерімен қолға түсірсе, Анто-

нова деревнясының түбіндс Старое Село орманын кесіп өтіп, жол қысқартпақ
болған жаудың үлкен колоннасын тосқауыл болып алға жылжытпай қойды. Ақыры немістер
ондаған солдаты мен алтын уақыттан айырылып, алыстағы айналма жолмен кетуге мәжбүр
болды.

1944 жылғы 28 июльдс түп-тура үш жылға ну орманға "қоныс
аударған" Нұрымдар совет әскерлерімен бірге Брест қаласына келіп кірді.

Белорус деревняларын өзінің туған ауылындай
қорғаған, талай-талай тар жол, тайғақ кешуден өтіп сыналған, сенімді партизан Нұрым
Сыдықов жергілікті партия органдарының шешімі бойынша өзінің жалындаған жастық
шағы өткен осы қалада милиция жұмысына қалдырылды. Қазір пенсияда. Омырауында
бір Қызыл Ту, бір Отан соғысы, екі Қызыл Жұлдыз ордені мен көптеген медальдар
жарқыраған Нұрым атты кісіні бүл күнде Брест қаласында білмейтін адам шамалы
шығар. Алыстағы ардагер азаматымыздың, қазақ партизанының ерлігіне поляк достар
да қанық... Жақында Поляк Халық Республикасының үкіметі совет партизаны Нұрым Сыдықовты
Қаһармандар Кресімен наградтады.

Осы очерюің басындағы арнайы хат Алматы қалалық
партия комитетінде тоқтаусыз қаралды. Іле-шала Қазақ ССР әскери комиссариаты Н.
Сыдықовты Жеңіс күнінің 20 жылдығын туған жердің топырағында, ез жерлестерімен
қосыла тойлау үшін 1965 жылдың 9 майына Алматыға қонаққа шақырды. Сөйтіп, Нұрекең
республика астанасындағы ұлы салтанаттардың бәріне бастан-аяқ қатынасты, қазақ
халқының атақты батырларымен бірге Абай атындағы опера және балет театрында
өткен салтанапы жиынның төрінде отырды. Сол сапарыңда оған қалалық Совет атқару
комитетінің арнайы шешімі бойынша қаланың ортасынан пәтер берілді. Ұзамай
Сыдықовтар семьясы Брест қаласынан өзіміздің Алматыға көшіп келді. Нұрекеңнің
өзі милиция органьша қызметке алынып, сонда жеті жылдан астам істеген соң майор
дөрежесінде пенсиясына шықты.

Сышықовтар астанамызға қоныс аударғаннан кейінгі
келесі жылы "Лениншіл жас" өзінің 1 майдағы номерінде "Үш ұрпақ
- үш Май" деген рубрикамен революция мен азамат соғысының ауыртпалығын
арқалаған аталар әулетінің, Ұлы Отан соғысының ойран-опатын қайыспай көтерген
орта буын-аға ұрпақтың және кейінгі толқын "жастар тобының" үш
өкілінен әр кезеңдегі Май мерекелерін қалай қарсы алғандары туралы арнайы
интервью алып басты. Редакция қызметкерлері өзара ақылдаса келіп, орта буын
атынан сөзді қазақтың тұңғыш партизаны Нұрым Сыдықовқа беруді жөн көрді. Сондағы
интервью мынау:

- Бүгінде орта
буын - біздің ұрпақ та көп
қиыншылықты бастан кешірді ғой, - деп бастады әңгімесін Нұрекең. - Соның ішінде ең бастысы - соғыс
ауыртпалығының күллі зілбатпан
салмағы негізінен менің тең-тұстарымның иығына
түскен. Соған орай соғыс жылдарындағы үш Бірінші майды, атап айтқанда 1942, 1943, 1944 жылдардың май мейрамдарын жау
тылында қан кеше жүріп қарсы алуыма тура келді.
Солардың ішінде, әсіресе, жадыма өшпестей боп сақталғаны - 1943 жылдың Бірінші
майы.

Ол кезде
біздің партизан отрядымыз Старое Село орманында болатын. Қатарымыз өсіп,
қару-жарағымыз молайып, қаһарлы күшке айналған кезіміз. Әлі есімде, отряд командирі Сергей Сергеевич Шиканов 30
апрель күні барлық командирлерді жинап алып, мерекені ойдағыдай қарсы алу жайлы арнайы мәслихат құрды. Ақылдаса
келіп, Жабин ауданының Өтечино поселкесіндегі
жау гарнизонын талқандауды ұйғардық.
Өтечино шап-шағын ғана, Брест пен Кобрин арасына орналасқан елді пункт. Ең
маңызды объектісі - спирт заводы. Дұшпан гарнизоны да сол заводты
қорғау үшін қойылған. Өйткені спирт
дегенің көп нөрсеге пайдасы бар
бағалы зат қой. Әсіресе соғыс кезінде.

Сонымен алдағы
операцияның жоспары белгіленді де, отрядымыз
кеш түсе бірнеше топқа бөлініп, ағаш арасымен Өтечиноға қарай жылжи жөнелдік. Менің ротам шабуылдауға тиіс еді.

Қойшы,
қысқарта айтқанда, дәл белгіленген мерзімде түн қараңғылығын жамылып, жан-жақтан лап қойдықта, ұйқыда жатқан немістердің естсрін жиғызбай
жайғастырып салдық. Бірді-екілі
жаралы болмаса, біздің жақтан басқа шығын болған жоқ. Арақ-шараппен сауда
жасаған жерде жоқшылық болсын ба, байлыққа аузы-мұрындарынан шыққанша батқан
ексн иттерің. Олжаға шаш-етектен кенелдік те қалдық. Сонымен, несін айтасың,
200 литрлік 80 бөшке спирт пен 120 ту қабанды қанжығаға бектеріп ап, спирт
заводын өртедік те, орман қайдасың деп тартып отырдық.

Ертесінде 1 Май мерекесі құрметіне және түнгі
жорығымыздың сәтті аяқталуына орай қалың нудың қақ ортасындағы алаңқайда митинг
еткізіп, азын-аулақ той-томалақ та жасадық. Әлбетте қарақұрым қас дұшпанның қоршауында
отырып қызу думан құруға болмайтыны өзінен-өзі түсінікті. Дегенмен олжа
спирттен түк татпадық десем, өтірік болар еді.
Әрине, аздап тастап алуға тура келді. Ыдыс жоқ. Бар қызық та, міне, осында. Барының өзі алыстағы тұрақты жұртымызда қалып қойыпты. Амал жоқ,
бөшкені басыңа көтере алмайсың. Қуыс
қурай не камыс салып, тура бөшкеден тартатындар да табылар еді-ау, бірақ оған рұқсат
жоқ.

Беталды
ішіп-ішіп, тырайып жатсақ не болғанымыз? Сондықтан норма керек? Ол үшін ыдыс
керек. Ал ізде, ал ізде!..

"Адамнан
амал артылмайды" деген рас екен. Неміс гарнизонынан ала шыққан бірнеше жәшік шикі жұмыртқа бар еді. Қолымызға бір-біреуін алып, бір шетін
ойып, уызын іштік те, қабығын рюмкеге
айналдырдық. Сөйтіп ыдыс та табылды,
белгіленген норма да сақталды, мерекені "кәдімгідей атап өтіп" көңіл де көншіді.

Бұл бір, 1943 жылғы майдың есте
қалар екінші жағы және бар. - Осы арада
Нұрекеңнің жаңа ғана жайнаң қағып күлімдеп отырған көңілді жүзі
күңгірт тартып, ашық ажарына әлде бір көлеңке
түскендей түрге енді. - Содан екі-үш күн өткен соң біз қарулас достарымыз, қаһарман партизан Михаил Николаевич Чернак
пен Хамит Смағұловтан айырылдық...
- Чернак - бұрынғы совет қызметкері,
біздің отрядты ұйымдастырушылардың бірі, әрі оның барлаушылар тобын басқарушы
еді. Хамит болса отрядқа 1942
жылдың көктемінде тұтқыннан қашып келіп қосылған жаужүрек жігіт еді. Отрядта
екеумізден басқа қазақ жоқ болатын. Міне, сол екі дос та мейрам күндері жау
оғынан қапылыста қаза тапты...

Ал 1944 жылдың майын мен майдан шебінен өтіп,
совет жауынгерлері арасында қарсы алдым. Сол жолғы азын-аулақ еңбегім
ескеріліп, кейін Қызыл Жұлдыз орденімен наградталдым.

Сөз соңында айтарым: мен армияға 1940 жылдың
басында алынған болатынмын. Содан былтыр жазға дейін Брест қаласында
болғанымызды өздеріңіз де білесіздер. Міне, сонымен түп-тура 25 жылдан кейін 1
Май мерекесін мен тағы да Қазақстан топырағында, өзіміздің Алматыда қарсы алайын
деп отырмын. Бұл мен үшін үлкен қуаныш. Сол қуаны-

шыма сіздер сияқты жас қауым,
ізбасар інілерім де ортақтасса, төбемнің көкке жеткені емей немене?!

Мерекелерің құтты
болсын, айналайындар! Жарқын Майды осындай нұрлы күнде, соғыс бұлты торламаған ашық аспан астында, біз сияқты қан кешіп жүріп емес, гүл кешіп

жүріп қарсы ала беріндер!