ВЕРНУТЬСЯ

       Хамит пен Өтеш
көрші тұратын. Екеуінің
қызмет істейтін мекемелері де Гоголь
және Абай көшелерінің қиылысқан жеріндегі бір үлкен үйде. Сондықтан олар
таңертең қызметке бірге барып, жұмыс біткен соң да бірге қайтатын. Олар бүгін де троллейбусқа бірге
мінді. Келесі кідірісте ішке алдыңғы есіктен үстінде көнетоз шинелі бар бір
қартаң адам кірді. Алдыңғы орындардың бірінде отырған оқушы қыз ұшып тұрып,
қартқа орындығын нүсқап еді, ол қолын сермеп, отыра бер дегендей ишарат жасады.
Сосын троллейбус ішін жьштындаған көкшіл көздерімен тез шолып шықты да, тамағын
кенеп алып, қырылдаған жағымсыз үнмен тез-тез сөйлей жөнелді.

- Мырзалар мен сұлулар! Менің қымбатты жанашыр азаматтарым?
Сөзіме құлақ салындар, халайық! Мен Балтық теңізшісімін, атақты
"Аврораның" өзіненмін, патшаның қысқы сарайына оқ атқан
зеңбірекшілердің бірі мен болам!...

Оның сөзін кондуктордың ашулы үні бөліп жіберді.

- Әй, пәле шал, тағы да келдің бе? Қанша рет
айтам мен саған троллейбустағылардың
мазасын алма деп?! Кеше ғана солдат
едің, енді бүгін теңізші бола қапсың ғой! Садаға кет сен "Аврорадан", ұялмауын қарашы суайттың!

- Қымбатты бекзадам, ұрыспа мендей ғаріп адамға, үш минутке мұрсат бер, үш-ақ минут, жарқыным! - деп шал мүләйімси қалды. Сосын қайтадан бұрынғы үніне салып, дауыстай жөнелді. - Ия мен сендер үшін
қанымды төккен жанмын! Ақтарға қарсы
соғыста күніне 17 реттен шабуылға шыққанмын!
Осының бәрі де сендер үшін істелген, жасы кіші
жарандар! Енді, міне, революционер-теңізші алдарыңда тұр: ол ғаріп, ол
қайыр-садақа сұрайды. Рақым етіндер, мырзалар!
Қайырым көрсеткендерің үшін құдай-тағала мың мәртебе рақмет айтар!

Ол осыны айтты
да, қолына ұстаған тымаған әркімнің алдына
апарып тоса бастады. Тиын тастағандарға оң аяғын көтеріп, басын иіп, тағзым етеді.

Хамит пен
Өтештің қарсысында орта жастағы бір әйел отырған
болатын. Қымбат бағалы ішігі мен көкшіл қаракөл елтірісінен тігілген тымағына қарағанда табысы мол Адам екендігі көрініп-ақ тұр. Ойлы да байсалды жүзінде әлдеқандай
жылылық бар. Ол жанына келіп, тымағын тосқан шалға ренішті пішінмен көз тастады да, басын шайқап қойды.

- Бекзадам, рақым етіңіз! Мен күтіп тұрмын, - деп шал да жабыса қалды.

- Деніңіз сау, қауқарыңыз бар адамсыз. Ұялсаңыз
етті! Бүйтіп жүргенше еңбек етсеңіз
қайтеді?! - деді әйел.

Енді шал басын
шайқады.

- Ай-яй-яй! Неткен сараң едің, бекзада!?
Мендей ғаріпке 15 - 20 тиынынды қимай
түрсаң, сен басқаға нендей опа келтірем
дейсің! Өзі тағы мені ұялтпақ болады, шіркін! Сендей песті көрсем көзім шықсын! Ай-яй-яй!! Өзі қандай бай, киімін қарашы! Сөйте тұра 15 тиынын қимайды. Ұят, ұят-ақ!

Іске ашу
шақыра бастаған кондуктор араласпағанда, бұл әңгіменің ақыры немен
тынары білгісіз еді. Ол мынадай өзін
тарпа бас салған сөздерге не дерін білмей, қып-қызыл болып ұялып отырған әйелдің жанындағы шалды арқасынан итермелеп,
есікке қарай айдай жөнелді.

- Мынау бір бермесіңе қоймайтын пәле ғой!
Қадалған жерінен қан алатын кене
сияқтысын өзінің! Ойпырай, өмірде алуан
түрлі адам бар-ау! - деді Өтеш өте таңданған үнмен.

Троллейбус ішіндегі жұрттың көпшілігі шалды сақалына қарамай сыбап, ұрсып жатыр.

- Міне, оңбаған!

- Арсыз арамтамаққа бекер берген екенмін!..
Біреулер өстіп ашуланып жатса, енді
біреулер шалдың жаңағы мінезін қызық
керіп қарқ-қарқ күледі.

- Ой, бұл қайыршылардың кепшілігі-ақ осындай қулар мен маскүнемдер! - деді, манадан бері үнсіз отырған Хамит те әңгімеге араласып. - Бұларға садақа
беру бекер. Мен де бұрын
қалтамда тиыным болса, қайыршы атаулыны құр жібермеуші
едім. Бір оқиғадан кейін мүлде бермейтін болдым. Былтыр қыста Шымкентке
командировкаға бардым. Поездан
түсе қалысымен жүгімді сақтау камерасына өткіздім де, өзім вокзалға ең жақын
деген асханаға тарттым. Жолда 25 _ 30-дар шамасындағы бір адам кездесе кетіп,
қайыр сұрады.

- Ағатай-ай, түрмеден шығып келе жатқан бетім еді.
Қазақ баласысыз ғой, жәрдем етіңіз! Елге жете алатын емеспін. Жақсылығыңызды
өмірімде ұмытпаспын! - деп зар қағып тұр.

Күн суық болатын. Әлгінің әбден ескірген көнетоз
шинелі мен жұқа шұлықтың сыртынан ғана киген галошсыз жыртық бәтіңкесіне,
үрпиіп кеткен жақ жүніне көзім түсіп,

қатты мүсіркедім. Өзім
командировкаға келгендіктен ақшам көп
емес адам екенімді айтып, 50 сом суырып бердім. Асханаға келіп, тамағымды енді
алдыма ала бергенде жанағы да есіктен
кірді. Қасыма жетіп келіп: "Ағатай-ай, тағы бір 50 сом беріңізші, олсем ұмытпаймын!" дейді.

- Қой, қарағым, басқа берерім жоқ. Өкпелеме,
- дедім мен оның мұндай
ынсапсыздығына ренжіп.

- Бермесеңіз, бопты, аярлау екенсіз! - деді
де, әлгі менің жаныма отырып алды.

Менің де
қай-қайдағы жындарым қозып, ашу шақырайын деп отырдым да "Әй, қойшы,
осыны! Есі ауысқан біреу болар"
деп үндемедім. Бір мезгілде ол официантканы шақырып алды да, арақ-сырасы, түрлі
тағамдары аралас үлкен заказ бере бастады. Басыма "Осы дәуде болса, мен төлейді деп отырған шығар!" деген ой келді де: "Ескертіп қояйын, бұл заказ үшін мен есептеспеймін" дедім официанткаға.

- Әй, қазақ! Қорықпай-ақ қой, өзім төлеймін! - демесі бар емес
пе сол жерде әлгінің. - Шіреніп отырсың ғой өзің.

Менің
табысымның қаншалық екенін білесің бе? Сенікінен он, жиырма, жүз есе артық! Сенбейсің бе? Мінеки!

Ол сөйтті де
ана қалтасынан да, мына қалтасынан да будақ-будақ
ақша шығарып, стол үстіне үйді. Кемінде бірекі мың сомдай бар... Мінеки, өмірде
қандай адамдар болады! Сенің ай бойы адал еңбек етіп жүріп тапқандарынды олар ең көп дегенде бір аптада-ақ жинап
алады. Елдің жомарттығын пайдаланып жүрген арамтамақтар арамызда әлі де аз емес.

- Оларға сол мыңдарды беретін де өзіміз
емеспіз бе?! - деді Өтеш.

- Жоқ, мен осы оқиғадан кейін ешқайсысына
сенбеймін де, бермеймін де! Қайтып
берерсің жаңағыдайларға!? - деп Хамит
терезеге қарады да, кенет орнынан ұшып тұрды. - Әңгіме бұзау емізеді, бұзау таяқ жегізедінің" кебін киіппіз ғой, Өтеке! Түсетіп жерімізден асып,
әлдеқайда алыстап кетіппіз. Қайыршылары да құрсын, әңгімесі де құрсын! Қызметтен қалатын болдық!...